Атанбаев Сапар Атанбайұлы

Ғылыми дәрежесі: 
Физика-математика ғылымдарының докторы
Білімі: 
М.В.Ломоносов атындағы ММУ (1963ж.)
Туылған жері және жылы: 
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы,1941ж.
Мамандық бойынша қорғаған диссертациясы: 
01.01.07- Есептеу математикасы (2001ж.)
Диссертация тақырыбы: 
Орынды қойылмаған есептерді квазикерілендіру әдісімен шешу
Қысқаша еңбек жолы: 
1963-1965 жылдары М.В.Фрунзе атындағы Совет армиясының бас штабының есептеу орталығында инженер-программист. 1965- 2008 жылдары Әль-Фараби атындағы КазҰУ аға оқытушы, доцент, профессор, "Есептеу" кафедрасының бөлім меңгеруші. 1968-1969 жылдары аспирант. 1970 жылы – 01.01.07- Есептеуіш математика мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады. 2001 жылы 01.01.07- Есептеуіш математика мамандығы бойынша докторлық диссертациясын қорғады. 2008- 2010 жылдары Т. Рыскұлов атындағы ҚЭУ-нің "Қолданбалы информатика" кафедрасының профессоры. 2011 жылдан бастап М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің информатика кафедрасының профессоры.
Жарық көрген еңбектерінің саны: 
70
Атақ және марапаттары: 
Доцент(1972 ж.), Профессор(2001 ж.), ҚР жаратылыстану ғылымының академигі(2011 ж.), Қазақ ССР білім беру ісінің үздігі(1990 ж.), ҚР ғылым және білім министрлігінің мақтау қағазы(2001 ж.), ҚР ғылым және білім министрлігінің мақтау қағазы(2011 ж.).
Негізгі ғылыми еңбектері: