Қалыбекова Асма Ахметқызы

Ғылыми дәрежесі: 
Педагогика ғылымдарының докторы
Білімі: 
Н.А.Некрасов атындағы Кострома мемлекеттік педагогикалық институты (1969 ж.)
Туылған жері және жылы: 
Павлодар облысы, Галкинск ауданы, Шанды ауылы, 1945ж.
Мамандық бойынша қорғаған диссертациясы: 
13.00.01- Педагогика теориясы мен тарихы (1986 ж.)
Диссертация тақырыбы: 
Болашақ музыка мұғалімінің оқушыларға эстетикалық тәрбие беруге кәсіби даярлығын қалыптастырудағы педагогикалық – психологиялық пәндердің ролі
Қысқаша еңбек жолы: 
1969–1988 жылдары Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтында педагогика, психология кафедрасының оқытушысы. 1988-1996 жылдары педагогика, психология кафедрасының меңгерушісі. 1996-1998 жылдары М.Әуезов атындағы ОҚМУ ғылым және сыртқы байланыстар жөніндегі проректоры. 1998-2011 жылдары М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Жалпы педагогика және этнопедагогика» кафедрасының меңгерушісі. 2011 жылдан бастап М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Жалпы педагогика және этнопедагогика» кафедрасының профессоры.
Жарық көрген еңбектерінің саны: 
300
Атақ және марапаттары: 
Академик Қ.И.Сәтпаевтың 100 жылдығына орай Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің премиясы (1999 ж.), Қазақстан Республикасының үкіметтік құрмет белгісі - «Құрмет» ордені (2001 ж.), Ғылым мен техниканың дамуына мол үлес қосқан ғалымдар мен мамандарға арналған мемлекеттік стипендия (2004 ж.), Ы.Алтынсарин атындағы педагогика саласындағы үздік ғылыми зерттеулер мен жұмыстар бойынша бірінші премия (2005 ж.), «Қазақстан Тәуелсіздігінің 20-жылдығы» медалі (2011 ж.), Бірлік Қазақстан халық ассамблеясының алтын медалі (2012 ж.), Оңтүстік Қазақстан облыс әкімінің алғыс хатымен және Білім меценаты-2012 дипломы (2012 ж.)
Негізгі ғылыми еңбектері: