Қожамжарова Дария Пернешқызы

Ғылыми дәрежесі: 
тарих ғылымдарының докторы, профессор
Білімі: 
1979 жылы №5 Жамбыл атындағы қазақ орта мектебін үздікке аяқтады. 1984 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Тарих» мамандығы бойынша үздік бітірді. 1990-1995 жылдары Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің аспиранты.
Туылған жері және жылы: 
1962 жылы 22 шілдеде Жамбыл облысы, Тараз қаласында көп балалы отбасында дүниеге келген.
Мамандық бойынша қорғаған диссертациясы: 
Тарих
Диссертация тақырыбы: 
«Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулауы: әсери-отарлық әкімшілік пен жергілікті халық арасындағы қатынас (ХІХ ғ.ІІ ж – ХХ ғ. бас кезі)»
Қысқаша еңбек жолы: 
1984-1989 жылдары Жамбыл педагогикалық институтында оқытушы. 1989-1990 жылдары Жамбыл педагогикалық институтында стажер-ізденуші. 1990-1995 жылдары Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің аспиранты. 1995-2001 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Тарих» кафедрасының доценті. 2001 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті Педагогика факультеті деканының орынбасары. 2001-2003 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Саясаттану және әлеуметтану» кафедрасының меңгерушісі. 2003-2008 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық, Жаратылыстану-әлеуметтану ғылымдары, Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеттерінің деканы. 2008-2010 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Тәрбие жұмыстары және қоғаммен байланыс жөніндегі проректоры. 2010-2013 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры. 2012 жылдың қыркүйек-қараша айларында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті ректорының міндетін уақытша атқарушы қызметінде болды. 2013-2018 жылдары Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры. 2018 жылдың 16 мамырында ЖОО ректорларын тағайындау жөніндегі Республикалық конкурстық комиссияның шешімімен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры қызметіне тағайындалды.
Жарық көрген еңбектерінің саны: 
208
Атақ және марапаттары: 
Дария Пернешқызы Қожамжарова – 3 мәрте ҚР Президентінің Алғыс хатымен, «Құрмет» орденімен, «Ы.Алтынсарин», «ҚР Білім беру саласының құрметті қызметкері» төсбелгілерімен, «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл», «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалімен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет Грамоталарымен және Жамбыл облысы Әкімінің Алғыс хатымен марапатталған. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Жыл патриоты – 2017» номинациясының, Жамбыл облысы әкімдігінің «Көшбасшы әйел – 2017» номинациясының иегері.
Негізгі ғылыми еңбектері: