Жолдасбекова Сауле Абдразаққызы

Ғылыми дәрежесі: 
педагогика ғылымдарының докторы
Білімі: 
Шымкент педагогикалық институты (1986 ж.)
Туылған жері және жылы: 
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Келес совхозы, 1963 ж.
Мамандық бойынша қорғаған диссертациясы: 
13.00.08 – Кәсіптік білім берудің теориясы және әдістемесі
Диссертация тақырыбы: 
Жоғары оқу орындарында болашақ еңбек технологиясы және кәсіпкерлік мұғалімдерінкәсіби даярлау
Қысқаша еңбек жолы: 
1980-1981 ж Сарыағаш ауданы Әлімтау совхозында А.Молдағұлова орта мектебінде мұғалім. 1989-1996 жылдары М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтының «Еңбекке баулу» кафедрасында оқытушысы, аға оқытушысы. 1991-1994 жылдары Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің педагогика кафедрасының ізденушісі. Университеттерді қайта құру нәтижесінде 1996 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік қазақстан гуманитарлық университетінде«Кәсіпке баулудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасында доценті. 1998 жылдан бастап М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Кәсіпке баулудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасында доцент, профессор. 1994 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің педагогика кафедрасында «Бастауыш сынып оқушыларының сәндік қолданбалы өнерге эстетеикалық қызығушылығын қалыптастыру» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорады. 1997 жылы педагогика ғылымдары бойынша доцент атағын иеленді. 2006 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің педагогика кафедрасында педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясын қорғады. 2005-2006 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде педагогика ғылымдарының докторы. 2009 жылы педагогика мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы берілді. 2012 жылы Ресей жаратылыстану академиясының Ғылым мен білім беру ісінің еңбек сіңірген қайраткері. 2012 жылы Белорус Республикасының Минск қаласының Кәсіптік білім берудің Республикалық институтында Біліктілігін көтерді.
Жарық көрген еңбектерінің саны: 
250
Атақ және марапаттары: 
« ЖОО-ның үздік оқытушысы» грант иегері ( 2007 ж.) «ЖОО-ның үздік оқытушысы» ғылыми атағының иегері (2012 ж.)
Негізгі ғылыми еңбектері: