Әмбебап және бос жиындардың ұғымдары

 

Бұл тараудың негізгі ұғымдары жиын және жиынның элементі ұғымдары болады (демек, олар анықталмайды). Егер а А жиынының элементі болса, онда «», ал кері жағдайда «» деп жазамыз.

Жеткілікті дәрежеде үлкен жиын бар делік. Барлық қарастырып отырған жиындардың элементтері бұл әмбебап деп аталатын жиында жатады. Әмбебап жиынын І деп белгійлеміз.

А – жиын болсын. Егер кез келген деп алсақ және бұл элементтің А жиынына тиісті болуы немесе тиісті болмауы белгілі болса, онда А жиыны берілген дейміз. Демек, І әмбебап жиынында анықталған келесі предикатты енгізсек болады:

.

 – тепе-тең ақиқат предикат екендігі айқын.

Әмбебап жиынның қарама-қарсылығы бос жиын болады. Бұл ешқандай элементтері жоқ жиын. Бос жиынын  деп белгійлеміз.  – тепе–тең жалған предикат екендігі түсінікті.

Анықтама 1. Екі А мен В жиындары тең (А=В жазылады) деп аталады сонда және тек сонда ғана, қашан олардың предикаттары тепе–тең  болғанда:

.

Мысал 1. А – 9дан үлкен емес теріс емес бүтін сандар жиыны, ал В – сандардың ондық жазылуы үшін пайдаланатын цифрлар жиыны болсын. А=В={0, 1, 2,…, 9} екендігі түсінікті.