2.3 Қайталамалы орналастырулар, алмастырулар және терулер

 

Анықтама 1  Е = {а1, а2, …, аn} – ақырлы жиын болсын. Е элементтерінен k элемент бойынша орналастыру бұл Е жиынының k-элементті реттелген ішкі жиыны, мұнда әрбір элемент ішкі жиынға бірнеше рет кіруі мүмкін.

Қайталамалы орналастырулардың жалпы саны мына формуламен анықталады:

.                                            (1)

Есеп  1 4 және 5 цифрларының көмегімен әртүрлі қанша үш таңбалы сан жазуға болады?

Шешуі. Барлығы 4 және 5 екі цифрлар берілгендіктен іздеп отырған сандарды бірден жазуға болады: 444, 445, 454, 544, 555, 554, 545, 455. Барлығы  8 сан болады. Ал осы жауапты (1) формуласын пайдаланып та алуға болады

Анықтама 2 n элементтен алмастырулар дегеніміз бұл Е жиынының n-элементті реттелген ішкі жиындары, мұнда әрбір элемент ішкі жиынға бірнеше рет кіруі мүмкін.

Е жиындағы элементтерді k топтарға бөлейік. әрбіб топтағы элементтер өзара бірдей, ал әртүрлі топтардағы элементтер бір-бірінен бөлек. Енді әрбір топтағы элементтер санын сәйкес m1, m2 , . . .,  mk арқылы белгілейік, сонда

m1+ m2+. . . + mk=n орындалады, ал n элементтен қайталамалы алмастырулар жалпы саны

 .            (2)

Есеп 2  5, 3, 1, 5, 5, 1 цифрлардың көмегімен алты таңбалы қанша сан жазуға болады?

Шешуі.  Берілген цифрларды үш топқа бөлеміз: 1, 1, 3, 5, 5, 5. Есептің шарты бойынша (2) формуланы пайдалануға болады:

.

Анықтама 3 Е элементтерінен k элемент бойынша терулер бұл Е жиынының k-элементті реттелмеген ішкі жиындары, мұнда әрбір элемент ішкі жиынға бірнеше рет кіруі мүмкін.

n элементтен m бойынша қайталамалы терулер саны мына формуламен анықталады:

.                            (3)

Есеп  3 Гүл дүкенінде үш түсті гүлдер бар. Алынған 7 гүлден қанша әдіспен букет жасауға болады?

Шешуі. n=3, m=7. (3) формуланы пайдалансақ:

.