4.2 Кодалау схемасы. Алфавитті  кодалау

 

 алфавитінің әріптерімен және  алфавиттің кейбір сөздері арасындағы сәйкестікті қарастырамыз:

а1 – В1

а2 – В2

                                                            . . . . .                                                  (S)

 ar – Вr.

 

Бұл сәйкестікті S арқылы белгілеп, схема деп атайды. S схемасы алфавитті кодалауды келесі түрде анықтайды: әрбір  сөзге () оның коды деп аталатын   сөзі сәйкестікке қойылады.  сөздер қарапайым кодтар деп аталады.

Кодтарды таңдау түрлі жағдайларға байланысты. Атап айтқанда:

– кодтарды берілу ыңғайлылығына. Мысалы, екілік код техникалық тұрғыдан қолдануға жеңіл;

– қабылдау ыңғайлылығын қамтамасыз етуге. Мысалы, машиналық кодтар процессордің жұмысына ыңғайлы;

– каналдың максимал өткізгіштік мүмкіндігін қамтамасыз етуге;

– кедергілерге төзімділікті қамтамасыз етуге;

– кодалау алгоритмдердің белгілі қасиеттерін қол жеткізуге. Мәселен,  кодалау ықшамдылығы, кодтан бір мәнді шығару мүмкіндігі.

Байланыс каналын бір кіруі және бір шығуы бар құрылғы ретінде қарастыруға болады (сурет 2).

 

 

 

 

 


Сурет 2

 

Бұл құрылғының кіруіне ақпараттың коды В түседі. Шығуда -ті – ақпараттың шығуда кодын алады, мұнда  – қандай да бір  алфавитіндегі сөз және  

.

Ең қарапайым жағдайда (кедергілерсіз тепе-тең канал), яғни идеалды байланыс сызығы жағдайында (немесе ), демек, . Жалпы жағдайда байланыс каналы кодтарды түрлендіруді өзіне алады (ЭЕМ-де сияқты).

Кедергілер көзі  байланыс каналына қателерді ендіріп, шығудағы кодтарды бұзылуын туындатады. Кедергілер көзін сипаттау үшін екі тәсілді қолданылады:

1) логикалық-комбинаторлық сипаттау әдетде бірлік қателердің санына қойылатын шектеулерді көрсетуге байланысты;

2) статистикалық сипаттау көздің ықтималдық сипаттамаларын беру арқылы іске асырылады.

Шығудағы ақпарат коды тепе-тең канал жағдайында  алфавиттегі қандай да бір сөз болады. Бірақ, кедергілер көзі  жағдайға келтіру мүмкін.

Шығудағы ақпарат кейбір  алфавиттегі сөз болады. Тепе-тең канал жағдайында .

Шығудағы ақпараттардың кодтарынан шығудағы ақпараттарға өту екі түрлендіруден тұрады.

Шығудағы ақпарат кодын түралау (коррекция жасау). Бұл түрлендіруді тек қана ақпараттардың арнайы кодтарына қолданалуы мүмкін.

Кодтан шығару бұл коррекциядан кейінгі ақпарат кодынан алынған кодтан шығудағы ақпаратқа өту. Барлық кодтарды емес, тек ақпараттың арнайы кодтарын ғана кодтан шығаруға болады. Ақпаратты тікелей беру жағдайында, егер  кері бейнелеуі бар болса ғана кодтан шығаруға болады.