Негізгі түсініктемелер, терминдер,
анықтамалар
Экология ғылыми негізінен тірі организммен қоршаған ара қатынасын анықтайтын ғылым болып табылады. «Экология» деген термин ғылым өрісіне 1869 жылы неміс биологы Эрнстом Геккел кіргізген. «Экология» деген сөз негізінен грек сөзінен шыққан екі сөзден тұрады «ойкос»- үй, тұрмыс және «логос»- оқу, ғылым немесе толығынан алғанда экология дегеніміз-үй шаруашылығындағы тірі организмдерді зерттейтін ғылым.
Жеке ғылым болып экология ХХ ғасырдың бас кезінде кіріп, соңғы онжылдықтарда өркендей бастады. Қазір «Экология» деген сөзді көпшілік адам былай түсініп жүр. Адамдар мен қоршаған ортаның бір міндеті немесе жинағы. Мұндай таралған анықтама өте біржақты болып есептелінеді. Адам тіршілік табиғаттың кей бір бөлшегі ғана болып есептелінеді, сондықтан, тіршілік пен ортаның бірлестігі деген ұғым тек адамзаттың бастапқы тарихында айтылған, нағыз қалыптасқан кезі ХІХ жәнеХХ ғасыр болып түсініледі. Оның өркендеп дамуына нағыз еңбегі сіңген орыс және совет ғалымдары болып мына кісілер кіреді: В В Докучаев, Г Ф Морозов, В И Вернадский, В Н Сукачев және басқалар.
Экология бірнеше терминдермен қатар қолданылады. Популяция (жалпы түсінік) бір организмнің негізі немесе өсу, даму туралымәлімет деп түсінүге болады. Бірлестік немесе биологиялық бірлестік экологиялық түрінде барлық популяцияны (жалпы түсініктемені) бір деңгейдегіні кіргізуге болады. Өсіп өну ортасы деп сол кеңістікте аудан орталығын мекендейтін жерді айтады. Бірлестік және қоршаған ортада өмір сүру(мекендеу) экологиялық және экосистемалық біргеқалыптасады.
Соңғы жылдарда боисфера деген ұғымды экосфера деп атап жүр. «Экосистема», «Экожүйе» деген термин (ұғым) ағылшындық геботаник А Тенсли 1935 жылы кіргізген, ол туралы түсінік одан көптеген жылдар бұрын келген болатын. «Экосистема» деген ұғымға тиянақты арақатынас, өзара тәуелсіздік және компаненттер арасындағы себепті байланыстар кіреді.
Соңғы кездерде экологияға байланысты күшті ізденістерге қарай оған деген көзқараста атап айтқанда, табиғи ілім ретінде өзгерді, сондықтан адамдардың табиғат өзгерілуіне тигізетін әсерін және олардың келешекке қалдыратын кесірі табиғат пен тіршілік арасындағы байланыста ерекше орын алады. Соңғы кезде өндірістік немесе іс жүзіндегі экология деген жаңа ұғым қолданыла бастады. Өндіріс экологиясы деген ұғымды немесе ғылымды былай түсінүге болады - шаруашылық адамдарының өмір сүріп отырған ортамен арақатынасы немесе байланысы, басқаша мағнада ортаны қоршаудағы жиектігі технологиялық проблеманың негізін түсіндіретін ғылым. Өндіріс экологиясының негізгі тәсілі болып көптеген экономикалық, боилогиялық, әлеуметтік, ережелік, психологиялық, технологиялық және басқа байланыстар түрлері бағыныштылары болып табылады. Шығынсыз және аз шығынды өндіріс технологиялық процесстердің экологияға зиянсыз түрін жасау егін өнеркәсібі және жергілікті өндіріс түрлерінің жүиесін экологиялық талдап, қазіргі жұмыс істеп тұрған технологияның дамыту жолдарын қарастырады. Қоршаған ортамен әрекетін толық есепке алатын және тері әсерін толық болдырмайтын технологиялық процесстерді экологияландырған деп аталады.
Технологиялық процесстердің қоршаған ортамен байланысын мүлткісіз бағалауда экологиялық крибериясын табуда экологиялық әсер ету каэфиценті белгіленген (э.ә.к.) оны мына формула арқылы табады.
(1)
мұндағы Вт- өндіріске керекті теориялық әрекеті (әсері);
Вф - факті әсері;
Вп- өндірістің нақты тигізетін әсері.
Егерде Вф,Вт , бұл жағдайда К>О бұндайда сол өндіріс қоршаған ортадан ештемені керек етпейді, мұндайда экологиялық қателікке немесе экологиялық «бумерангке» әкеп тірейді. Экологиялық қатілеттер негізінен мынандай көптеген азот тотығы, күкірт тотығының ұшқын көздерінен «қышқыл жауын» ретінде су қоймаларын орман массивін, жер асты суларын ластауын айтады. Қышқыл жаңбырлар арқылы жердің, судың, өзеннің қышқылдануы негізінен экологиялық проблема түзеді. Қышқыл жаңбырлар темірден және қағаздан жасалған бұйымдарды істен шығаруға әсер етеді. Өндірістен шашылатын улы заттардың жинағы биологиялық түрінде де қатты қауіп тығызады.
Экологиялық әрекет каэфициенті (э.ә.к.) неғұрлым жоғары болса К өндірістің нәтижелі жұмыс істеуіне қоршаған ортаға әсері аз, сонымен қатар шығынсыз технологияға жақындайды.
Шығынсыз технология жөнінде болған 1984ж халықаралық семинарда Ташкент қаласында: Шығнсыз технология дегеніміз өндіріс өнімдерінің шикізаттан энергияне ең тиімді жинақты жолдарын қолдана отырып шығарылуы: шикізат байлығы өндіріс - осы қолдану (пайдалану) - екінші рет қолдану байлығы сол сияқты оның тиянақты жұмыс істеуіне ешқандай қоршаған ортаға зияны тимеу керек деген ұғым қабылданды. Шығынсыз технология процессін жасау дегеніміз - шикізат пен энергия байлықтарын үнемді пайдаланып оның қоршаған ортаны қорғаудағы проблемасы ең басты мәселе болып табылады.
Сонымен қатар оның халық шаруашылығына тигізетін экономикалық зиянын білген де пайдалы. Экономикалык шығын дегеніміз құндық (ақшалай) берілген шығындардың түрлері (жоғалуы, кемуі) тірі жәндіктер өсімдіктердің сырттай болатын жағдайлардың әсері мен өзгерілуі.
Ол үш түрлі күштен немесе формадан тұрады:
а) атмосфераның ластану дәрежесі (әсер ету факторы),
б) ластардың негативтік әсер ету обьектісінің саны,
в) шығынды белгілейтін нормативті экономикалық көрсеткіш.
Экономикалық шығын бүгінгі күнде барлық ауаға шығарылып жатқан ластардың салмағына байланысты % алғанда мынандай түрлерге бөлінеді.
Халықтың денсаулығының әсеріне 36
Тұрғын үй тұрмыс шаруашылығы 32
Ауыл және орман шаруашылығы 12
Өнеркәсіп және көлік 13
Басқа сферадағы шаруашылықтар 7
Өндірісі өркендеп тұрған аудандарда әрбір лас көздерінен шығарылыпжатқан апластардың халықтардың денсаулығына тигізетін шығынын есептеу үшін мынадай формула шығарылды.
У = ев ·ха (2)
мұндағы У - әрбір 1000 адамға шаққандағы шығын халықтың тұрақты тығыздылығында, млн. т/жыл
е - натуралды логарифм негізі;
х - орта тәуліктегі ыпыластардың шектік мүмкіндік концентрациясы;
б, а - денсаулық органдарының аналитикалық талдау жасағандағы статикалық сандары.
Өндірісі өркендеп тұрған аудандарда бұл коффиценттер мынаған тең: SO2-3,13 және 0,36; CO-2,47 және 0,55; NOx-3,07 және 0,42 және шаңдар үшін - 3,13 және 0,57.
Бірінші кестеде 1 тонна мұнайды өңдегенде шығатын көпшілік ластардың шығыны келтірілген
Кесте 1 - 1 тонна мұнайды өңдегенде халық
шаруашылығына келетін ластардың шығын мөлшері
|
Заттар |
Сыбағалы (меншікті) қоқыс, кг/т. |
Қоқыстан пайда болған шығын, тн/кг |
Жалпы шығын, тн/т |
Жалпы шығынға шығатын үлесі, % |
|
Көмір сутектері |
8,7 |
27 |
234 |
82 |
|
Көмір тотығы |
1,5 |
10 |
15 |
5,2 |
|
Азот тотығы |
0,18 |
30 |
5 |
1,7 |
|
Күкірт тотығы және Күкіртті сутегі |
1,51 |
20 |
30 |
10,5 |
|
Шаңы |
0,51 |
18 |
1,8 |
0,6 |
|
Барлығы |
10,99 |
105 |
285,8 |
100,0 |
Өндірістердің халық шаруашылығына тигізетін шығынын есептеу, экономикалық эффектісін дұрыс бағалауға және өндірістің экологиялық қауіп қатерін талдауға шығарылған өнімді дұрыс пайдалануға көмегін тигізеді.