3.3  Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі

      халықаралық бірлесе жұмыс істеу

 

Қоршаған ортаны қорғау проблемасы негізінде халықаралық келісім арқылы шешіліп отырады. Совет одағы әркезде осындай бірлесе отырып жұмыс істеуге әзір екенін әсіресе социалистік мемлекеттермен сонымен қатар қалаған жағдайда біріккен ұлттар ұйымымен  халықаралық кәсіпорындармен немесе екі жақты келісім ретінде жұмыс істеуі.

1962ж Экономикалық бірлестік одағы (ЭБО) басшыларының мәслихаты жұмыс істей бастады, мұнда олар халықаралық сұрақтарды, жер беті суларының ластанбауы үшін ең керекті тиімді түрлерін, су шаруашылығы туралы ғылыми ізденістер үйлесімді келісімдер сондай ақ су байлықтарын әржақты тиімді пайдалану туралы әртүрлі ұйғарымдар, шешімдер қабылданып отырды - ЭБО мүшелерімен. Мәслихатта келісілген әртүрлі су тазалау жөніндегі түрлі тенологияларда өз жеріне байланысты барлық елде ЭБО мүшелеріне рұқсат берілді. Сонымен қатар «судың қасиетін іздестіру жөнінде біріңғай келісімге келді» онда химиялық, радиохимиялық, биологиялық және микробиологиялық анализ жасау социолистік елдерде іс жүзінде қолға алынып дайындалды. Совет Одағының ең бір әрекеті ЭБО мүше елдерімен халықаралық бірлестіккің арқасында қоршаған ортаны қорғауда БҰҰ және басқа да халықаралық мекемелермен қорғау жұмысына үлкен күш қосу. Негізгі мақсаты блып БҰҰ қоршаған ортаны қорғауда және жекелей қарағанда көлемді жүйесі болып қоршаған ортаның монотрингі, экологиялық технологияны дамыту және барлық ортаны ластанудан сақтау жөніндегі шаралар оның стротегиясы, тактикасы барлығы Совет одағының ортаны қоршау шараларына сәйкес келіп отырады.

1971ж халықаралық одақтың (қоршаған ортаны қорғау туралы ғылыми комитеті) эксперті коммиссиясының бірінші рет ең көлемді түрде биосфера жағдайының мониторингі және сол жағдайлардың көрсеткіші туралы үнемі бақылап қарастырып тұру қаралды. Осы көрсетілген принциптермен ұсыныстарды БҰҰ жанында ұйымдастырылған қоршаған ортаны қорғау туралы Стокгольм конференциясы 1972 июнь айында болған бекітті. Конференцияда табиғи ортаның ластану деңгейін бақылап тұратын мекемені тағайындады, ондай ортаға атмосфералық ауа, су оның ішінде теңіз суы, ластандыратын заттардың көздері және олардың жайылу тәртібі, сонымен қатар тірі организмге қалай әсер ететінін бақылау қарастырылады.

Совет Одағының белсенді рөл атқаратын су проблемалар Комитетінде БҰҰ  Эвропалық экономикалық коммиссиясында көптеген проблемалар қаралатынын, гидросфера мен атмосфераның ластануына қарсы әрекеттермен.Комитет Халықаралық бірлесудің әрі қарай дамуына ықпал жасап ортаны қоршау облысында көптеген ұсыныстар жасап отырады. Совет одағы халықаралық үкіметтер су жөніндегі ұйымының қатысушылар қатарында юолып халықаралық теңізді мұнайдан қорғау жөніндегі конвенцияда 1969жылы бекіттірді. Біздің еліміз халықаралық ассоциацианың мүшесі бола отырып су ластануының ізденісінде және сулардың ластануына қарсы және оны тазалаудың бірнеше түрін ұсынды. Совет одағының және басқа да елдердің ұсынысы, бойынша БҰҰда 1979ж Женева қаласында Дүниежүзілік конференция болды, ауа райы жөнінде.

Конференцияның қабылдау Деклорациясында көрсетілгендей: Жердің құнарлығын, жер жүзіндегі суларды, жайылымдарды, сондай ақ жерлерді құртпауға, мұқиттармен атмосфераның зақымданбауына бірлесе отырып ұиымшылдықпен қарсы тұру керек. Бұл жағдайда көптеген қаржы керек болады оны шешу үшін жер бетінде бейбітшілік тіршілігі болу керек. Осы деклорацияны қорғай отырып Совет Одағы қоршаған ортаны қорғауда әр уақытта халықаралық бірлестіктің және оларды өзара қарымқатынасы керек екенін түсіндіреді. 

Совет Одағы ортаны қоршау жөнінде сол сияқты Франциямен, Швециямен, Финляндиямен, АҚШпен, Ұлыбританиямен және де басқа да елдермен қатынаста екенін айту керек. Мұндай бірлестікті іске асыру үшін әртүрлі ізденістер керек, табиғатты қорғауда көптеген бағытта іздену керек. Адамдардың климатқа әсері антропогендік лақтырмалардың барлық ортаға зиандылығы, жаңа приборлар табу сол сияқтылар. Негізінен алғанда совет одағының қоршаған ортаны қорғау жөнінде бүкілхалықтық бірлестіктерде алып отырған орны ерекше.