4.1   Газ түріндегі қалдықтарды өңдеу

 

Химиялық өндірістердің газ түріндегі қалдықтарға реакцияға кірмеген газды компоненттер жатады, бастапқы шикізаттардан;газ түріндегі өнімдер; тотыққан процестердің пайдаланған ауалары; ауа, өнімдерді тасымалдауға керекті, кептіруге, қыздыруға, суытуға, катализаторлады бастапқы қалыпқа келтіруге, фильтрдегі қалдықтарды үрлеуге; ауа, аппараттарды толтыруға керекті ; газдар, суырып тарту үшін керекті және т.б. Бұлар жеке түріндегі газдар болуы мүмкін(аммиак, сутегі, күкірттің қостотығы); бірнеше компоненттердің қоспасы(азотсутегі қоспалары, ауа аммиак қоспалары, фосген мен күкірттің қостотығы); газдар қатты затпен ластанған (шаңдар), газдар, құрамында тамшы ылғалы бар (тұмандар).

Газ түрінде қалдықтарды өңдеу үшін оның құрамындағы пайдалы компоненттерді және оларды зиянсыздау үшін әртүрлі технологиялық тәсілдер қолданылады. Солардың ішінде іс жүзінде көп тараған түрлерін қарастырамыз.

Абсорбция (газдарды сұйықтар мен қабылдау сіңіру). Физикалық абсорбция дегеніміз, газдардың сұйықтарда еруі, және химиялық сорбция, негізінен химиялық реақция газбен сұйық жұтқыштардың арасындағы. Абсорбент ретінде қолданылатындар су, аммияк ерітінділері, негіздер, этаноламиндер, органиклық еріткіштер және басқалар. Сұйықтармен (абсорбциялық) тазалауға газды қалдықтарды, оларда ішінде тазалануға жататын бір немесе бірнеше компонент болуы мүмкін, қолданылатын абссорбентке және оның селлитивісіне байланыста газ ішіндегі бір немесе бірнеше компоненттерді бөлуге болады.

 

        

 

 

Абсорбцияның арқасында тазаланған газ алуымызға және газбен қаныққан ерітінділер алуымызға болады, бұл қаныққан ерітінділерден келешекте оңай жолмен таза пайдалы газдерді бөліп алуымызға болады және ол ерітіндіні қайтадан абсербент ретінде қолдануымызға болады.

Керісінше жағдай болғанда пайда болған қалдықтарды басқа жолмен қайтадан өңдеуге мәжбүр боламыз және ол газ қалдықтарын абсорбциялық жолдармен тазартуға қарсылық білдіреді.

Адсорбция - газдарды қатты денелермен сіңіріп қабылдау олардың сыртқы беті қабаты неғұрлым кең болғаны дұрыс (активтенген көмір ауадағы улы затты өз бойына тартып, ауаны тазартатын көмір, силикагель, целоиттер және т.б.) Қатты заттармен қабылдаған газды өнімдерді десорбия арқылы бөліп алуға болады-парлау арқылы, немесе ауа арқылы, сол сияқты адсорбенттің жұмыс қабілетін арттырады.Адсорбциялық тазалау абсербциялық сияқты жалғыз газдарды қабылдап сіңіру мен қатар десербция сатысы да жатады. Адсорбция процессі жүрген кезде ең аз дегенде 2 қалдық пайда болады: конденцат-қоюландыру (ластанған су) және адсорбент өз қасиетін жойған.

Сіңіру арқылы тазалаудың (абсорбциялық, адсорбциялық) негізгі кемшіліктеріне олардың тазалау үшін бірнеше рет регенерацияға түсуі немесе қатты жұтқыштарды бөлшектеп алмастыру, мүмкіншілігінше технологиялық схемалық жұмысын ауырлатады, капиталдық шығындарды көбейтіп қабылдау арқылы тазартуды қымбаттатып жібіреді.

Каталикалық әдістер өндірістен шығып жатқан газдрдың құрамындағы зиянды заттарды химиялық жолмен алмастыру арқылы қатты заттардың сыртқы беті арқылы олардың зиянсыз немесе аз зияды компоненттеріне айналып реакция қоспаларынан арылуы. Мұндай тазартудың ең тиімді қасиеті, олардың жұмысынан үздіксіз жүруі, жұмыс кезінде католизаторларды ауыстыруының қажеті жоқтығы, газды берудің көлемді жылдамдығын мүмкіндігінше көбейтуге болатындығы, католизаторды ұзақ  уақытқа пайдалана отырып, оның жоғары деңгейде тазалау. Каталитикалық тазалаудың газ түрлеріне қолайлы түрде қолданылуы әсіресе мына газдарға озоттың тотықтарынан, көмір тотығынан (Со), күкірт тотығы SO2, ауаны көмір сутектірінен, азоннан, хлорорганикалық қосылыстардан және басқалардан; католистік әдістерді қолдана отырып күрделі мәселелерді шешуге әсірісе атмосфера ауасын ең зиянды заттардан тазарту.

Ең негізгі топқа жататын тазалау әдісіне газдарды католизаторсыз жұтқышсыз мыналар жатады, газтүріндегі қоспаларды Қысымдау арқылы немесе оларды қатты түрге келтіру арқылы (салқындату), мысалы; конвертирленген газдарды сұйық азотпен жуу арқылы көмір тотығын алу. Осы әдіске диффузионды процесстерді де жатқызуға болады (термодиффузия, тесікті бөлшектер арқылы айыру).

Қыздыру арқылы өңдеу. Газ түріндегі қалдықтарды қыздыру арқылы өңдеу газ құрамында болатын органикалық қоспаларды жағу (эфирлер, катондар, спирттер т.б.) арқылы оларды зиянсыз турде қолыпқа түсіру немесе келтіру. Бұндай түрдегі тазалау газ түріндегі лаетарды сол уақытта қолданылады, егер оларды өндіріске қайта беру экономикалық тиімсіз болса оларды бөліп алудан гөрі құртқан жөн.

Мысалы: газ құрамында көптеген түрлі зат болса, бірақ әр қайсысы аз мөлшерде болса, қоспадан оның әрқайсысын бөліп алу пайдасыз болып табылады әрине экономикалық түрде қарағанда. Бұндай қоспаларға мынадай газдар органикалық қоспаларды катикалық тотықтыру процесстер құрамына 20дан да көп әр-түрлі заттар болса.

Ең тиімді жолы болып барлық қоспаларды құрамында газ қалдықтары бар жағу болып табылады, СО2 суға деуір (СО2 және Н2О). Бірақ газдардың құрамында галогендер болса фосфар, күкірт, олардың тотықтарына айналуы мүмкін, сондықтан оларды ауаға жіберер алданда ол заттардан тазартуы керек.

Қыздыру арқылы өңдеудің негізгі әдістерінің біріне факелді жағу жатады, ол мына жағдайда қолданылады егер оның органикалық қоспасының концентрациясы төменгі оталу шегіне жақын болса. Егер қоспаның концентрациясы оның тұтыну шегінен кем болса оның жану қызуы факелдің температурасын қанағаттандырмайды және газ түріндегі қалдықтарға жанғыш газдарды араластырады сол кезде толық керекті жылу алуға болады. Мына 4.1 және 4.2  суреттерде факелді құрылғылардың сызбасы келтірілген.

 

1 – реактор; 2 – эжекционды жылжытқыш; 3 – электрлі зарал;

               4 – кезекші горелка; 5 – негізгі горелка; 6 – отұстағыш қондырғы.

 

 

 

Сурет 4.1 - Реакторда қарастырылған газдарды факелді толық құрылғылардың сызбасы.

 

 

 

1 – факелді гарелка; 2 – мұржа; 3 – бөлгіш мембрана; 4 – отұстағыш; 5 – электрлізапал; 6 – кезекші жағу гарелка жүйесі.

 

Сурет 4.2  - Құрамында ацетилен бар газдарды

 жағудың факелді құрылысы

 

Органикалық қоспаларды жағуда бірнеше технологиялық схемаларды қалдануға болады, катализаторларды қолдану сол сияқты жылу алмағыштарды, түтін газдарды бастапқы қалыпқа келтіру үшін қосымша газ беру немесе атмосфералық ауа беру арқылы жану камерасына. Бұл процесстерді термиялық құрылғыларда 923-1173 К температурасына, термо-католикалық құрылғыда 533-813 К; бұл кездерде оның тазалану дәрежесі 95% ке жетеді.

Жоғарыда көрсетілгендей газ түріндегі қалдықтар аэрозольді болуы мүмкін-шашырау жүйесі, өз құрамында майда бөлшкетер, ауа мен газ түрінде, шаң, түтін, тұман түрлерінде. Шаңдар 10-100 мкм қатты түрінде, механикалық майдалану арқасында газ түріндегі арталықта (майдалау, бұрғылау, қопару) немесе аэродинамикалық күш арқылы(газдың, желдің т.б. күшімен) бөлшектерге айналады.Түтіндер (0.1-5 мкм) негізінен жанғанда деструктивті қуалау немесе айдау арқылы қатты заттарды, пары мен буын конденсациялау арқылы сол сияқты химиялық әрекеттесу арқылы газ түріндегі заттардың басқа фазаға айналуы. Түтіндер негізінен тамшылардан тұратын сұйық (размер 10 мкм) сұйықтардың шашырау конденсациялау арқылы пайда болатын. Аэрозольден тазалау үшін механикалық және физикалық әдістер пайдаланылады. Механикалық әдістер құрғақ және ылғалды болып бөлінеді.

Құрғақ әдістерге гравитационды, (пайдалы кендерді байыту) инерциялық, шаңдардың ортаға тартылу арқылы тұнбаға тусуі (әртүрлі тұнбаға түсу камераларда) жалюзді шаңтұнбалау және циклондарда, сүзгіштерде, майда тесікті қалқандарда. Шаң тұнбалау камераларда тазартылу дәрежесі 40-50 % тен аспайды. Ауырлық куштің әсерімен немесе ортаға тартылу күшінің әсерімен жұмыс істейтін циклондарда тазартылу дәрежесінің жоғары болуына ұмтылдырады. Сүзгіштерді қолдануда майда тесікті маталармен дәнді сүзгіштер қолданылады. Шаңдардың ірі дисперциялдық түрлерінен арылу үшін сүзгіштерді көкіспен, құммен және гравимен толтырылған сүзгіштерді қолданады. Қағазды және маталл сүзгіштерді шаңы аз газдарда пайдаланылады. Маталы сүзгіштер жүн мата пайдаланғанда температура 373 К, полимерлерді қолданғанда 523 К, аспауы керек. Сүзгіштерді пайдаланғандағы негізгі мақсат бөлініп шыққан заттың түрінің өзгермей тазаланудың жоғары деңгейі болуы, сонымен қатар жұмысы жоғары қысымда көтеріңкі температурада өткізуге болатындығында.

Ылғалды әдіске газды сұйықпен жуу тәсілі жатады. Негізінен шаңдарды ылғалды әдіспен тазартуға, газ түріндегі ортадағы қатты заттарды сұйық түрінде бөліп алып,газдарды аппараттарды қатты заттармен бірге аластату. Фаздардың бір-бірімен кантакталасуына байланысты шаңды тұнбалардағы ылғалды түрін мынадай үш түрге бөлуге болады:

А) сұйық түріндегі көлемде,

Б) сұйықтардың қабыршығында (пленка),

В) сұйықтардың газдардағы шашыраңқы түрлерінде бөлініп алынулары.

 

               А                          В                         С

 

А-сұйық көлемінде;

В-сұйық қабатында;

С-сұйықтық шашырығында.

 

Сурет 4.3 -  Ылғалды шаң ұстаудың негізгі түрлері.

 

Сұйық көлеміндегі әдісте шаңды газдардың ағымын біраз көлемдегі сұйықтар арасынан жіберіледі. Мұндай жағдайда түсірілмелі табақшаларда көбікті шаңұстағыштар пайдаланылады, немесе табақшалы спрубберлер, тазалау қабілеті 90-95% жететін егерде бөлшектердің размері 2мкм ке одан жоғары болса.

Сурет 4.4 табақшалы скрубберлер келтірілген.

Шаңдарды суық қабыршақтарында қабылдау, екі фаздың суық пен газдың контактасу шеңберіндеараласпаған түрінде өтеді. Қатты заттарды қабылдау газ ішіндегі аппарат құрылымына байланысты пайда болатын жұқа сұйық қабыршағында өтеді. Бұл топқа жататын құрылыстарға насадкалы скрубберлер, ылғалды циклондар, ротоколондылар т.б.

4.5 суретте шаңұстағыштың ылғалды желдеткішінің схемасы көрсетілген.

 

 

1 – тамшы ұстағыш; 2 - табақтар

 

Сурет 4.4 - Табақты скруббер

 

1 – корпус; 2,4 – қалқамалар; 3 – суұрғыш; 5 – тамшыұстағыш; 6 – тазартқыш; 7 – су деңгейін реттеуші

 

Сурет 4.5 - ПВМ шаңұстағыш

 

Аппарат корпустан тұрады, төменгі жағында су болады, екі жылжымайтын қалқа, оның біреуі азғана суға батырылып, екіншісі су беткейіне орналастырылады, суқайтарғыш, тамшықабылдағыш, желдеткіш. Сонымен қатар аппаратта су деңгейін ұстап тұратын және жиналған қоқысты араластырып тұратын керек жабдықтармен жабдықталған.

Суықтағы шашыранды шаңдарды қабылдау мынаған байланысты, қабылдаған сұйықты шашыраған бөлшектенген түрінде шаңды газдың көлеміне береді. Қабылдағыш сұйықтарды шашырату үшін әртүрлі форсункілер қысым күшімен немесе газдардың ағым энергиясымен шашыратылады. Бірінші әдіспен шашырату  бос скрубберлерде, екіншісі-турбулентті жуғыштарда және скруббер Вентуриде өтеді (4,6 және4,7 суреттер).

 

1 – шаңұстағыш; 2 – дифузор; 3 – горловина; 4 – конфузор; 5 – суберілетін жер

 

Сурет 4.6 - Форсункалы скруббер

 

Сурет 4.7 - Вентури скруббері

 

 

 

 

 

 

 

 

Физикалық әдістер - дегеніміз электрикалық алаңда, жоғары қуатты электрлі алаңда және акустикалық коагуляцияда тұнбаға газ бен ауаның малекулаға бөлшектенуінде қолданылады, қытты және сұйық бөлшектерге заряд беріп жерге қасу электродында тұнбалануы. Электрикалық тұнбаға түсуі шаңның 4.8 суретте көрсетілген.

 

 

1 – электр көзі; 2 – коронды электрод; 3 – отырғыш электрод; 4 – ионды газ; 5 – шаң бөлшектері.

 

Сурет 4.8 - Шаңдардың электрлі шаң отырғызу схемасы

 

Газдарды электр жүйесімен тазарту электрсүзгіш установкалары тамшыны сұйықтан, тұманнан және шаңнан, жекелеп айтқанда катализаторлық шаңнан катализаторлық крекинг қондырғыларында пайдаланады.

Акустикалық каогуляци дегеніміз газдарды ультродыбысты сәулелермен урғыштағанда майда заттардың агрегиравалық жолдармен күштенуі іріленуі.