Қатты қалдықтарға - реакцияға кірмеген қатты шикізаттың қалдықтары, жанама өнімдер, смолалар, айдау кезінде пайда болатын куб қалдықтары әр-түрлі қалдықтар және шламдар, адсорбентер, регенерацияға түспеген, пайдаланған катализаторлар, фильтрлі материалдар, қайта пайдалануға жатпайтын, ескі-құсқы нәрсе, тозығы жеткен, химиялық заттармен қаныққан, жалпы завод қалдықтары.
Қатты қалдықтарды өңдеу әдістерін таңдауда негізгі роль олардың қасиетіне және мөлшеріне байланысты болады.
Қатты қалдықтың мөлшері өте көп болып есептеледі мәселен тек США-да әр жылы 3,5 млрд. тн қатты қалдық пайда болады. Бұлардың ең көп түрі пайдалы заттарды қазудағы қалдықтар және сол шикізаттарды өңдеп жатқандағы пайда болатын қалдықтар болып табылады.
Қатты қалдықтарды өңдеу негізінен үш бағытта жүруі : пайдалы затты бөліп алу, зиянсыздандыру, құрту (уничтожение). Пайдалы компонентерді бөліп алуда негізгі әдіс болып экстрогирование және кристализация болады.
Экстрогирование дегеніміз қатты денелерден таңдамалы еріткіштердің жәрдемі арқылы (экстрагенттер) бір немесе бірнеше компоненнті бөліп алуды айтады. Қатты қалдықтардан сирек кездесетін металдардың қоспаларын, қолданылған католизатордан қымбат тұратын іскерлі (активных) компоненттерді, органикалық қосылыстар түрінде бөліп шығару үшін экстрогирование қолданылады. Экстрогирование жасау үшін әр түрлі аппараттар қолданылады - әр типті экстракторлар; колоналы, шнекті, ковшалы(табақшалы) ратационалды және басқалар.
Кристаллизация - бір немесе одан да көп компиненті қатты қалдықтарды бөлгенде (ажыратқанда) қолданылады. Мұндай жағдайда қолдықты еріткіштерде ерітеді қыздыру немесе балқыту арқылы.Соңынан салқындату арқылы ертіндіні немесе балқытылған затты тез ерігішті кристалдар тұнбаға түседі соңынан оны сүзу арқылы бөліп алады. Көп жағдайда бөлініп алынған кристалдарды пайдаға асырады да, фильтратты ары қарай өңдеуге жібереді.
Қатты қалдықты өңдеудегі көп тараған әдістің түріне қыздыру (термические) арқылы өңдеу жатады.Қалдықтың жану шамасын қарастыратын, өндірісте қолданатын қатты қоспаларды жан жақты өңдеуде қыздыру арқылы әр түрлі заттарды бөліп алады (қара және түсті металлдар, әйнек). Бұл процесстер әр түрлі конструкциялы пештерде (ошақтарда) жүреді (шахтылы, циклонды және қалқымалы деңгейдегі.) Бұл әдістің ең кемшілігі қыздыру арқылы өңдегенде жанама зиянды газдар бөлініп шығады, сол себептен пайда болған газдарды қосымша тазартуға тура келеді.
Кейбір жағдайда қыздыру арқылы қатты қалдықтарды, органикалық қоспа түріндегі, пиролиздеу(қыздыру) жолымен өңдегенде отын ретінде қолданылатын (сұйық немесе газ түрінде) өнімдер алынады.
Қатты қалдықтарды зиянсыздандыру үшін әртүрлі техникалық әдістер қолданылады, жекелеп айтқанда қалдықтарды капсулдау әдісі зиянды қалдықтарды инертті қабыршықтар мен бүркелеу арқылы, әйнектеу әдісі.
Химиялық әдістермен қатты қалдықтардан жаңа өнімдер алуға болады. Мысалы; қатты органикалық қалдықтарды гидрированиелеу арқылы сұйық немесе газды отындар түрінде айналдыру. Қатты қалдықтарды өңдегенде өте қамбатқа түсетін немесе зиянсыздандыру қиын болатын болса, ондай қалдықтарды теңіз астына сіңіру арқылы көміп тастайды. Көп тараған түріне қатты қалдықты жер астына көму де жатады. Бұны санитарлы көму деп атайды оны орындау үшін арнайы орлар, шұңқарлар қоршаған қабырғалар мен биіктігі 2,5 тен 14 метрге дейін қалдықтарды қалау үшін. Бұл сияқты қалдықтарды күнделікті топырақпен көміп отыру керек.
Олқылыққа орай химиялық және басқа өндірістердің қалдықтарын әлі күнге дейін жер бетіне көму қолданылып келеді. Бұндай жер бетіне көму галит өндірісінің қалдықтару (500млн.т), фосфогипс(120млн.т), огорк (28 млн.т), әртүрлі шлактар (500млн.т). Жер бетіндегі қалдықтарды қазіргі кезде әртүрлі жолмен өндіріске қолдану іске асырылып жатыр. Мысалы түрде галит қалдығынан техникалық ас тұзын алу жатады, «Уралкалий» деген өндіріс бірлестігін айтуға болады.