4  Химия өндірістерінің қалдықтары

 

Химиялық өндірістердің және сол сияқты халық шаруашылық салаларының негізгі ерекшелігі болып материал сиымдылығымен әртүрлі өнім шығаруға және технологиялық процесстердің ерекшелігі болып табылады. Химиялық өнімдерді шығаратын заводтар көптеген қалдық қалдыратын салмағы жағынан (1т өнімді өндіргенде шығатын ластықтың салмағы) құрамы және агрегаттық жағынан. Қалдықтар өзінің қасиеті мен құрамы жағына байланысты 3 түрге бөлінеді химиялық және мұнай өнімдерін өңдейтін заводтардың қалдықтары:Бастапқы шикізат түріне жақын қалдық негізгі өнімге жақын және басқа өндірістің салаларына ұқсас. Бірінші топтағы қалдықтарға жататыны, олардың құрамынан өндіріске түспеген заттарды бөліп алуға немесе өнеркәсіпке қайта беруге жарайтын өнімдерді айтуға болады. Екінші топтағы қалдықтарға оларды өңдеп товарлы өнім деңгейіне жеткізітін қалдықтар. Үшінші топтағы қалдықтарды басқа салада шикізат есебінде қолдануға болады. Қалдықтардың тағы бір түріне зиянсыз немесе зиянсыз етілген өндіріс қалдықтарын жатқызуға болады, оларды ауаға немесе көміп теңіз бен мұқиттарға да жіберуге болады.

 

        

 

Қазіргі уақыттағы өндірістен шығатын ластау көздерін жағдайына байланысты пайдалануға болатын немесе жарамайтын деп бөлуге болады. Пайдалануға жарайтын ластану көздерін үлкен 3 топқа бөлуге болады.

Технолологияның жетілмеген түрінен пайда болған ластарды 1ші топқа жатқызады. М: мұнай өңдеу заводындағы 1ші топтың құрамына ауаны ластайтын көздерге мына процесстерді жатқызуға болады: Күкірт өндірісін (күкірт сутегін жағу) битум өндіру (абгаздың кубтық тотықтарын жағу) синтетикалық қышқылдарды өндіру (сабындау газдарды жағу). Суды ластайтын негізгі газдар болып мына технологиялық қаықтарды жатқызуға болады: мұнайды электрлеу арқылы тұзсыздандыру (жоғарғы тұздықты су және мұнай) негізгі байланысты мұнайды күкірт қышқылы арқылы тазалау күкірт негізді арна; пар арқылы қуалау(перегонка) (мұнай өнімдері юар арна); алкильдер процессі (қышқылды арна)майды селективті түрде тазалау т.б. Екінші топқа жататын ластау көздеріне өндірістің негізгі және қосымша түрлеріне жататын технологиялық бөлімдердің құрал-сайман жабдықтары жатады. Бұл кезде ластандыруға технологиялық процесстер жатпайды. Оған себеп болатын құрал-саймандардың конструкциясының төмендігі, пайдаланудың ерекшеліктері.

Екінші топтағы ластандыру көздеріне мыналар жатады: технологиялық құрылғылардың пештері; конденсатты борометрлер, мұнай және мұнай өнімдерін сақтайтын ыдыстар, су суытқыштар, мұнай ұстағыштар, бөгеттер мен тұнба ұстағыштар, шлак жинағыштар, насостар мен компрессорлар, факел құралдары, құйып алу эстакадалары, фабрикалардың котоликалық кептіру пештері. Каталикалық кренинг құрылғыларының айналдыру жүйелері: Құрал-сайман топтары-ластау көздері ең көп ластандыру көздеріне жатады, сан жағынан алғанда сол сияқты ластандыру жағынан да.

Үшінші топқа жататын ластандыру көздеріне құрал-саймандарды дұрыс пайдаланбағандағы пайда болатын қоқыстарды жатқызуға болады. Оған құрал-саймандарда болатын авария, оларды жауапсыз күтіп қарағанда немесе нашар ұйымдастырылған жұмысты тағы да төменгі кадрлардың жұмысына байланысты пайда болады. Бұған мыналарды жатқызуға болады: мұнай және мұнай өнімдерін анализге алып жатқанда пайда болатын шығындар, ыдыстардан асып төгілу, сол сияқты эстакадағы құйып алу кездегі шығындар, арматура мен аппараттардың саңылауына немесе жұмысқа жарамсыздығынан, мұнай өнімдері мен реагенттерді ремонт кезінді немесе авария болғанда олардың арыққа төгілуі.

Сонымен зиянды лақтырмалар үш топқа бөлінеді:

- технологиялық қалдықтар, ластандыру көздеріне процесер жатады,

- құрал-саймандарды дұрыс немесе білімсіз қолданғанда пайда болатын қалдықтар,

- отындарды технологиялық құрылғалармен пештерде жаққанда пайда болатын түтін газдар.

Әр түрлі өндірістерде пайда болатын зиянды лақтырмалардың әр топтағы өзіндік салмақтары жалпы балланста әртүрлі болып кездеседі. Түтін газдарының зияндылығы ең алдымен отынның сапасына байланысты. Химиялық қалдықтарды өңдегенде әртүрлі әдістермен шаралар қолданылады. Сонымен қатар мынаны да ескере кету керек, өндірістің өркендеп өсуіне байланысты тек қана калдық түрлері көбеймей, оларды өңдеу түрлері де көбейе бермекші. Қалдықтардың агрегаттық түрлеріне байланысты, оларды өңдеп өндіру түрлерін қарастырамыз.