6.1  Іркінсіз технологиялық жүйелерді

       қарастыру

 

Химия және мұнай өңдеу зауыттары жаңа және айналу суды пайдалануды өзіндік үлесінде үлкен тұтынушылар болып қарастырылады. Олардың қуаты неғұрлым артқан сайын соғұрлым суытушы суды жылуәкетуші көп пайдаланады, осыған қарай су қоймаларына кететін іркінді су көлемі де зор болады. Халық шаруашылығының тездеп дамуы ішкілік судың көп болуына үміт күттіреді. Өркендеген елдерде су мөлшері әр адамға шаққанда тәулік бойынша 1м3 су керек етеді, жалпы су керектілігі соған байланысты іркінді су өзендерде ағатын суға жақындайды. Сонымен қатар іркінді су қауіпті заттармен қорқынышты және ол су қоймаларын ластайтын негізгі көз. Технологиялық процессте мынадай іркінді сулар  түрі болады:

Реакционды сулар - реакцияға негізделеді, су тудыру арқылы; олар бастапқы заттармен, реакция өнімдерімен ластанған. Бастапқы шикізатта болатын су, бос немесе байланған өңдеу кезінде олар ір түрлі органикалық заттармен ластанады.

Жуынды сулар - кең көлемді шикізаттарды жууға өнімдерді жууға олардың қасиеті тазалығы жуу деңгейіне байланысты.

Маточные водные растворы - сулы ортада жүретін процесстерде түзіледі.

Сулы экстрактылар және абсорбциялы сұйықтар - суды абсорбент немесе экстракт ретінде қолданғанда пайда болатын су.

Салқындатуға арналған су - реагенттер мен аппараттарды салқындатуға қажетті су; бұл кезде су технологиялық өнімдермен араласпайды, тек жүйедегі су айналымына пайдаланылады.

Іркінді сулардың басқа түрлері - вакуум насостар арқылы, конденсаттарда, су буының конденсациясында, құралдарды жууда, сол сияқты ғимараттарды ыдыстарды және басқа.

Л.А. Кульскидің айтуынша іркінді суларды 4 топқа бөлуге болады.

1.  іркінді суларда 10-5-10 -4 см бөлшектер суда ірімейтін қоспалар болады.

2. іркінді сулар коллоитты ертінділер түрінде кездеседі.

3. іркінді суларда ерітілген газдар және малекулалық органикалық ертінді заттар болады.

4. іркінді суда ионға диссоциоланушы заттар болады.

Іркінді суларды фаза дисперциялық тазарту характеристикасына және химиялық құрамына қарай негізгі әдістері бойынша топтастыру мына 6.1, 6.2, 6.3, 6.4 суреттерде келтірілген.

                                           

Сурет 6.1 - Ірікті суды тазалау түрлерін топтастыру

                                                             

Сурет 6.2 - Ірікті суды суспендірленген және эмульгирленген

қоспалардан тазалау

                                                       

Сурет 6.3 - Ірікті суды еріген қоспалардан тазалау

                                                       

Іркінді суларды тазарту әдістерін және комбинациялау көптеген факторларға байланысты: Әртүрлі іркінді сулардың түрлері, олардың шығыны, олардан қоспаларды алудың мүмкіншілігі және экономиканың ыңғайлылығы, тазартылған іркінді суды қайтадан және айналмалы су жүйесіне берілгенде қойылатын талптарға сай болуы, таза судың қасиетіне, суқоймасының қуаттылығына, аудандық және қалалық тазарту құралдарының бар жоғына.

Іркінді су тазарту схемасы су қоймаларына іркінді суды ең төменгі мөлшерде беруге, технологиялық процесстерде тазартылған іркінді суды толық пайдалану, құрамындағы бағалы қоспаларды жеткілікті бөліп алуға икемді болу керек.

Іркінді суларды тазартуда негізінен 3 түрлі құралдар қолданылады; жергілікті (цехты), жалпы (зауытты), және ауданды немесе қалалық. Химиялық өндірістерде негізінен жергілікті және жалпы тазарту құралдары қолданылады.

Жергілікті тазарту құралдары іркінді суларды тікелей технологиялық құралдардан соң тазартуға және ол технологиялық схеманың жалғасы болып есептелінеді. Жергілікті құралдарда регенационды тазарту, флотация, экстракция, адсорбция, ионды алмасу, қайтымды осмос.

Ірі химиялық және мұнай өңдеу өндірістерінде жалпы тазарту құралдарымен жабдықталған бірінші (механикалық), екінші (биологиялық), үшінші (тазарту алдындағы іркінді суды тазарту құралдарымен).

Механикалық тазарту құралдарына мыналар жатады: құмұстарғыштар, тұндырғыштар, флакоциондық құралдар, сүзгіштер ж.б. Биологиялық тазарту құралдарына органикалық биологиялық заттардың бұзылуына арналған: аэротенттер, биологиялық сүзгіштер, іріленген құралдар, биологиялық бөгендер және басқалар.

Іркінді суларды тазарту алдындағығыға реагентті әдістер: коагуляция, флокуляция, сол сияқты сүзгіштер, флотация, абсорбция, ион алмасу, кайтымды осмос ж.б.

Іркінді сусыз өндірісті қолдануда тазарту алдындағы құралдардың мағнасы көтеріледі. Технологиялық жүйедегі су айналу циклін ұйымдастыру үшін кейбір өндірістерде, цехтарды жалпы өндірістік комплекстерде негізгі бағытқа жататыны, шығынсыз өндіріс болып табылады. Бұл циклді өндірістерде суды бірнеше рет пайдаланумен қатар ластанған суларды су қоймаларына жібермеу. Айналмалы су жүйесін бірнеше рет қолданудың арқсында су қызады, оны салқындатады, шамалы буландырады, тұздандырады, сондықтан су жылу алмасу беттерінде тұздың отырмауына бактериалы заттардың жиналып корроция тудырмауға бейімді болуы мүмкін.

Айналмалы судың еселігін көбейту үшін оларды алдын ала дайындауына байланысты - қалқымалы заттардың тазарту, аппараттарды коррозиямалау үшін реагенттерді өңдеу және бактериалды жою керек. Осындай шаралардың арқасында 1980 жылы химиялық өндірістерде су айналымының арқасында өндіріске керекті судың 86%экономдалды. Химиялық өндірістерде суды үнемдеуге және су байлықтарын қорғауға үлкен көңіл бөлінуде. Осы деңгейге жету үшін ыңғайлы құрылымдар қарастырылуда суайналу циклдерінде, шикізаттарды, жартылай шикізаттарды өңдеу технологиялық процесстер, су шығынын кемітуге немесе оны басқа ертінділермен алмастыру қарастырылуда. Осы шаралардан басқа іркінді суларды үнемдеуге немесе азайтуға арналған құрылымдар дамыған іздестірілуде. 

Іркінді суларды қатаң өлшеуге тек қана агрегаттармен цехтарға керекті су мөлшерін өлшейтін технологиялық процесстерді автоматтандыру жүйесін қарастыруда. Мұнай өңдеу зауыттарының тазарту құралдарының тәжірибелік жұмысының арқасында іркінді сулардың мұнай өнімдерімен көптеп ластануы, тек технология жұмысынан басқа, құрылымдардың дамымаған түрлерін пайдалану, бақылау приборларын автоматтандырылмауы және құрылымдардың жұмысын мәдениетсіз қолдану да жатады.

Мысал ретінде «Күйбышев мұнай өңдеу» ӨБ-гінің жұмыс тәжірибесін алуға болады, устау-канализациялық шаруашылығының жұмыс істеу мәдениетін арттыру жұмыстарын. Бір топ бақылау опператорлары бір жыл ішінде іркінді судағы мұнай өнімдерін үнемдеу арқасында әр-түрлі технологиялық процесстерде 10-70 есеге азайтылды.

Мұнай ұстағыштарды 250 лақтырылма көздері өндірістік керексіз болып табылды. Мұнай өнімінің 5% әртүрлі құралдар мен коммуникациялардың саңлаулары арқылы жоғалынытаны белгілі.

Сондықтан көптеген шет елдік зауыттарда айналмалы суды градирлерді су салқындатуды ауа арқылы салқындату мен салқындату су мөлшерін 60-75%, ал іркінді су мөлшерін 25-40% ке азайтуға жетті.

6.2 суретте мұнай өңдеу зауытының (МӨЗ) су жабдықтау және канализациясы отын түріне бейімделген, іркінді су жіберілмейтін, келтірілген.

Осы зауытта ауа арқылы салқындататын аппараттар қолданылады, күкірт қоспаларынан тазарту үшін регенерация жасайтын реагенттермен жүзеге асырылып, авияциялық керосинді қолданбай сілтілермен өндірілетін. Іркінді су тазартуға 1 және 2 жүйеге беріледі.

Кейбір мұнай өңдеу зауыттарының жұмысына анализ жасай отырып және оларға есептеудің арқасында барлық мұнай өңдеу жұмыстарын шығынсыз немесе азшығынды технологияға айналдыруға қол жеткізуге болады. Мұндай іс шараларға мыналарды жатқызуға болады: іркінді суды едәуір азайтуға, қорытындысында толық; резервуалды толық қалқымалы қалпақтармен; жылжымалы борометрлік канденсаторларды ауыстыру; факелді шаруашылықты толық мұнай өнімдерінің факелін ұстап алумен; трубалы пештердің құрылымдарын ауа рекуператорлармен және кател-утилизаторлармен жабдықтау, отындарды трубалық пештерде жануын оптимизациялау; зауыттардың аппараттарын ауамен салқындатумен жабдықтау; насостардың, сальниктердің торцевті нығыздаумен алмастыру; технологиялық құрамдардағы клапондарды, мембранды клапондармен жабдықтау; табиғигаздарды және зауыт отындарын толық пайдалану және басқалар.