6.3 Түтін газдарын зиянсыздандыру
проблемаларын шешу
Жоғарыда көрсетілгендей, шығынсыз технологияны орнату үшін, технологиялық қалдықтарды кеміту,оның көзі болып технологиялық ластау процестері, ішінара рециркуляцияны қолдану арқылы құралдардың дамыған түрін қолдана отырып қоршаған ортаға кететін заттарды кеміту және мәдениетті пайдалану(жұмыс істеуде) санымен қатар автоматтың басқару жүйесін еңгізу арқылы қол жеткіземіз.
Шығынсыз өндіріске қол жеткізудің негізгі факторларына түтін газдарындағы зиянды заттарды кеміту және оларды зиянсыздандыру болып табылады.
Қазіргі кездегі химиялық өндіріс электроэнергия мен отынды көп мөлшерде қолданатын тұтынушылар қатарында. Жылу энергиясы негізінен шикізаттың физико-химиялық қасиетін өзгерту үшін немесе жартылай фабрикаттың, сонымен қатар химиялық реакцияны жылдамдатуда.Бұндай энергияны әртүрлі отынды жағу арқылы алады; көмірді және оны өңдеу арқылы алынатын коксты,доменді және кокс газдарын,сұйық және табиғи газдарды,солардың арқасында түтінді газдар пайда болады,ауаны «ластауда» үлкен орын алатын лақтырмалы газдарда. Әртүрлі отындарды жағу кезінде әруақытта толық жану процесі жүре бермейді, осының қорытындысы арқасында өнімді жағуда негізгі компоненттерге(СО2жәнеН2О)қоса толық жанбау өнімдері және пиролиздер қоршаған ортаны ластаушыларға айналады. Жағу кезінде зиянды заттарға күкірттің қос тотығы,азот тотықтары;СО, көмірсутектер, цианды қосылыстар, фенолдар,пиридинді негіздер, металл шаңдары және басқалар.
Отынды жағу арқылы қоршаған ортаны ластайтын заттарды жылулық жіне химиялық деп бөлуге болады,айта кететін жағдай соңғысы үлкен қауіпті және көп іздестірілген болып қаралады. Химиялық ластаушылармен күресу лақтырылмалы зияндығының пайда болу механизмін білуге міндеттендіреді.
Отынды жағу арқылы алынатын жылу өндірісі бірінші ресурстарды пайдалануда төменгі эфектілі болып табылады: Энергияның 70% деуір отынды жаққанда алынған қалдықтармен таралады. Осыған орай биосфера ылғый ластанады әсіресе олардың ішіндегі қауіптісі азот тотығы және күкірт.
Қазіргі кездегі белгілі әдістермен қалдық газдарымен жылу агрегаттарынан пайда болатын зиянды заттардың мөлшерін азайту үшін үш топқа бөлуге болады:отындағы зиянды заттарды кеміту әдісі (байыту және газификациялау қатты отындарды күкіртсіздендіру) отынды ең төменгі мөлшерде зиянды заттарды тұтырмау әдісімен жағу және лақтырылып жатқан газдардан зиянды заттарды ұстап алу әдісімен.
Отынның құрамындағы күкірт әсіресе технологиялық,халықшаруашылық бағасын төмендетеді.Оренбургтен шығатын табиғи газ – 4 % Н2S және жоғары көлемде меркаптан болады. Органикалық отынды күкірттен тазарту үшін Н2S-дан тазарту газдарда, гидрогенизациялау десульфурациялық бөлінген күкірттісутегін пайдалануда күкірт қышқыл және элементарлы күкірт өндірістерінде; күкіртті сұйық қосыластарды күкіртті сутегіне және күкірт өндірісінде пайдалануда. Отынды десульфурациялау әдістерінде тиімдісі және іске асырылғаны болып мазутты және қатты отынды газификациялау.Үлкен ТЭЦ- тарда газификациялау есептеу бойынша 2-3 есе азайтады еңбек ақыны, SO2 ден тазартумен салыстырғанда десульфурациялау арқылы.
Электростанциялардың түтін газын SO2 ден тазартуда, мамандардың айтуы бойынша, кейбір себептермен тиімсіз, сонымен қатар, SO2 концентрациясы салыстырмалы аз (0,25% жоғары емес) ал тазартылатын түтін көлемі өте көп. Күкіртті көмірді пайдалануда қоршаған ортаны күкіртті қосылыстармен ластамау үшін газификациялау эффектілі болып есептелінеді жоғары температуралы тазарту әдістерінде,жағатын қазбаларды пайдалану Институтының еңбектерінде. Көмірді газификациялау қайнау қабатындағы генераторда 1 Мпа майдадәнді көмірді пайдалануда. Жоғары температуралы (973-1973 К) күкіртті тазарту күкіртті сутегі реакциясына негізделген қатты реагенттерде (каьции тотығы,темір,марганец т.б.)
Азот тотығы қоршағанр ортаға SO2-ге қарағанда көбірек зиянын келтіреді.Азот тотығы ауада тасымалдауында азоттың қос тотығына,альдегидтер,қышқыл және басқа заттар, метериологиялық ыңғайсыз жағдайларға байланыстары, фотохимиялық смогтың түзілуіне душар етеді.
Осыған орай тез қарқында азот тотығын ауаға жіберу мөлшерін азайтуға жағдай туғызатын отынды жағу әдістерін қарастырған жөн болады.
Жағу немесе жұмыс агрегаттарында жағу өнімдерін рециркуляциялау NO түзіліуін төмендетудің ең эфектілі түрі болып саналады. Бұл жағдайда рециркуляцияның әсері реакция төңірегінде O2 және N2 температурасымен концентрациясының өзгерілуіне сонымен қатар жоғары температура зонасында өнімнің болу мерзімінде әсер етеді.Зиянды заттарды төмендетудің ең тиімді және процестің экономды болуына отынды жағуда рециркуляция еселігінің актималды түрі болуы керек.
Отынды сатылап жағуда эффектінің басқа әдісіне жатады, NOх қысқартудағы. Қысқартудың негізіне (NOх түзілуіне) температураның мүмкіндігінше төмендеуі және жағуда,жұмыс агрегаттарында температураның төмен болуы азот тотығының аз түзілуіне әкеледі, газды сатылап жағу эффектісі ауаны артық беру коэффицентімен анықалады, бірінші сатыда және топкада сол сияқты агрегаттардың жұмыс көлемінде араластыруда эффектіні көтеруге әсер етеді.
Лақтырылмадағы NOх мөлшерін (дәрежесін) азайтудың әдістеріне, газ түріндегі отындарды жоғары жылу пештерде жаққанда температурасы жоғары болмай, өнімдерді жағу төңірегінде аз уақыт болуы,және отындарды су мен су буымен жағу да көп әсерін тигізеді.
Газ тазарттуда қалдық газдарды іс-шараларды өз уақытында тек қоршаған ортаны қорғау мен қатар, улы заттарды пайдалануға да болатыдығын көрсетуде. Мысалға, құрамындағы SO2 бар қалдық газдардан, көптеген күкіртті өнімдер алуға, көз болып табылады: күкірт қыщқылы, сұйық күкірттің қос тотығы, күкірт, гипс және әртүрлі металдардың сульфаты, бисульфиттің ертінділері және басқалар.
Кей кездерде газдарды тазартуда табысты әдістер болып абсорбент ретінде кейбір өндірістердің қалдықтары қолданылады: Карбид өндірісінің іркінді сулары,марганецтің қос тотығының суспензиясы, темір купросының ертіндісі, металлургиялық өндірістердің қызыл шламы т.б.
SO2 және NOх түтін газдарындағы кеміту әдістерінің барлығы қосымша қаражат және жоғары электр энергиясын шығындайды. Алдын ала есептеудің көрсетілгендей, құрамында 3.5 % күкірті бар отынды көмірді пайдалану, газ тазартуда кететін энергия қуатын 2% артырады. Экономикалық бақылау зиянды заттарды кемітуде атмосфераға кетіп жатқан іс жүзінде жоғары орын алады. Экономикалық шығынды есептеу әдістемелігі де көрсетілген есептеулер әртүрлі іс-шараларын салыстыру ретінде және химия процестерінде экологиялық коэффицентін көтеруде де, қоршаған ортаны зиянды заттармен ластаудағы кемітуде үлкен орын алады.