Кіріспе

 

Қоршаған ортаны қорғау проблемасы, жылдан-жылға шешімін таппай, барлық адамзат баласын ойландырып келе жатыр. Сондықтан қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ізденістер, мүмкіндігі болғанынша өмірдегі болып жатқан қиыншылықтардан адам баласын алдын ала қамтамассыз етіп, адамзат пен қоршаған ортаның арақатынасын қамтитын, сонымен қатар нақтылы ұсыныс жасауға, табиғат байлығын 2-ші рет қолданылатын шикізат қорымен энергетикалық қорларын үнемді пайдалануға септігін тигізу керек.

Табиғат байлығын үнемді пайдалану мен оған қамқорлықпен қарау адам баласына бұрыннан келе жатқан табиғи мәселе. Ғылыми техникалық ғасырдың дамып тұрған уақытында қоршаған ортаны қорғауды жеткілікті дамытпай, оны ары қарай өркендету мүмкін емес.

КСРО-ның 1986-1990 және 2000 жылы экономикалық және социалдық негізгі бағыттамада көрсетілгендей, «барлық халықтарға табиғат байлықтарын көбейтуге және оған үлкен қамқорлық пен жауапкершілікпен үнемдей қарауға тәрбиелеу керек» деп көрсетілген.

 

 

1948 жылы құрылған «Бүкілхалықтық табиғатты және табиғат байлығын қорғау қоғамында» былай делінген, «ең негізгі мәселе болып табиғатты қорғау жөніндегі білімді дамытып және оны сақтап орнына келтіре білу». 1950 жылы осы көрсетілген бүкілхалықтық қоғамда табиғатты қорғауға байланысты білім жөнінде тұрақты комиссия құрылды, бұл қоғам көптеген елдерде ортаны қорғау жөнінде өте жарқын ғылыми қызметін атқарып келеді.

1968 жылы сол комиссия «Табиғатты қорғау» курсы туралы мамандарымен дайындалған программаны басып шығарды, бұл программаның негізгі курсы болып көптеген елдергедегі жоғары оқу орындарында әртүрлі бағыт пікірлері кірді.    

1972 жылы Стокгольм қаласында БҰҰ (ООН) конференциясы болды, онда табиғатты қорғау жөнінде ашық мәселелердің негізгі сұрақтары қаралды. Конференция барлық елдерде 5 июнь күнін әр жылда ортаны қорғау күні деп атап өтілсін деген шешімге келді.

1972 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассемблеясында БҰҰ отаны қорғау туралы программасының резалюциясын қабылдады. (ЮНЕП). 1977 жылы Тбилисиде  ЮНЕСКО мен ЮНЕП бірлесе отырып ортаны қорғау жөнінде халықаралық конференция болып өтті. Конференцияның негізгі мақсаты қоршаған ортаны қорғау жөніндегі дүниежүзілік жұмыстарға баға беру, сонымен қатар оны ары қарай дамыту регион бойынша және халықаралық  деңгейде болуын атап өтті.

        Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі білім беру, биосфераның жағдайын жақсарту және оны қорғау болып табылады, ол сонымен қатар адамзаттыңда жағдайын жақсарту деп түсінуге болады, конференцияда әр мемлекетте қоршаған ортаны қорғау жөнінде жетекшілер дайындап оларды одан әрі жетілдіре беруге, олардың оқу программасын жасауда осы туралы кітаптар, түрлі мәселелерде жеңілдік беретін оқулықтар, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау жөнінде білімдерін арттыра беруге, оқу құралдарын көбейте беруде, сол мәселе жөнінде экологиялық тәрбиені көбейту мәселелері қаралды.

        Қазіргі уақытта көптеген жоғарғы оқу орындарында оқу бағдарламасына және пән ретінде қоршаған ортаны қорғау курсын кіргізу, оған қосымша «Жалпы химиялық технология» пәнін кіргізумен қатар қоршаған ортаны қорғау туралы оқулық программасын кіргізді.

        Сонымен қатар қошаған ортаны қорғау курсын екі бөлімде қарау: жалпы жене негізге деп, ол пәндер жоғарғы білімді мамандар даярлап шығаратын кафедраларда оқылуға тиіс.

        Қоршаған ортаны қорғау курсының негізгі мәселесінің бірі ретінде табиғатпен адамзат арасындағы қарым катынасты студенттер қауымына түсіндіре білу арқылы экологиялық ой мәселесін дамыту деп түсінуге болады.

        Барлық мамандықтар бойынша оқитын студенттердің оқу бағдарламасына кіретін жалпы бөлім ретінде «Химия технологиясы және өндіріс экологиясының негізі» табиғатты қорғау оның негізгі ой мақсаты  химия технологиялық өркендеу жөніндегі: жаңа проектіні жасауда экологияның құрылысты түсіндіру өнім беріп жатқан өндірісті жаңарту және кеңейту; шығынсыз технологиялық процесстерді кіргізу, өндірісте болған өнімдерді шикізатты екінші рет қолдану энергетикалық тұрғысындада; табиғат байлығын пайдалана білу; өндірістерді жинақтау мен қатар күрделендіру т.б. Өндіріс экологиясын білу келешек инженер қоғамына қоршаған ортаның өзгеру мәселесін дұрыс бағалау және шаруашылық бойынша адамдардың қоршаған ортаға тигізетін залалымен  келісе отырып оған ақылмен тиянақты қарауына тиянақты тәрбие бере алады.

СССР одағының жоғарғы советінің он бірінші шақырылуындағы үшінші сессиясындағы «табиғат байлығын тианақты пайдалану және қорша{ған ортаны қорға⪧» заңkS;ылығ⫷нcң негі '9;гі тілекϲерін сақтай білуінде (Правда 3 июль 1985ж) қаралған; Көпшілік мемлекеттерде, еңбек коллективінде, мектепте, жоғарғы оқу орындарында, техникумдарда халқымыздың табиғат байлығын және оның үнемдей білуіне тәрбиелеу керек екендігін айғақтайды. Бұл жөніндегі лақаптауда негізі роль ретінде. Бүкіл одақтық білім беру қоғамы, білім орталығы, республикалық табиғат қорғау қоғамы, сонымен қаеар телекөрсеткіш, кино және баспа орталықтары болу керек.

Негізгі оқу құралының негізі болып өндірістегі жағдайды бір қалыпқа келтіпе отырып кейбір әрекеттеріне баға бере отырып, өндіріс ластарын тиімді жағдайда тазарту, табиғат байлығын үнемді пайдалану екінші рет қолданылатын энергетикалық және материалдық, сонымен қатар технологиялық процесстерді тұйық жүйеге келтіру.