Қорытынды

 

Табиғи ресурстардың экономикасын үнемдеу және қоршаған ортаны қорғау барлық кезде жалпымемлекеттік жоспарда әлеуметтік – экономикалық өркендеуі болып табылады.

Тарихта қоршаған ортаны өндірістік ластаушылармен күресу негізінен қалдықтарды тазартумен өндіріс жүйесін заласыздандыру басым болып табылады. Өндіріс лақтырылмаларының көлемінің көбейуі, олардың лақтырылма нормаларының артуы тазарту дәрежесін кейбір кездерде талапқа сай болмауына әкеп тіреуде. Тазарту жүйесінің жаңа тәсілі, қазіргі талапқа сай, өте жоғары қаржы керек етеді; тазарту құралдарының орташа бағасы сол өндірістің өзінің бағасымен байланысты.

Айқын мысал ретінде көмірдің қос тотығын орнына келтіруге (регенерации) болады. Ең негізгі бақылау ретінде СО2 басқа ластаушы заттармен салыстырғанда СО2 көп мөлшерде екенін оның адам араласу арқасында пайда болып, мөлшері 20 млд. тоннаға жетеді. Көмірді өндірісте энергия ретінде пайдаланудың өсуі арқасында шикізат ретінде синтетикалық отын алуда алдағы кезде СО2 көбейуіне жол береді.

Сондықтан келешекте көмірдің қос тотығының пайдалануының шектелуі арқасында оны регенерациялауда шектелуі мүмкін. Есептеулерге қарағанда СО2 регенерациялауға кететін энергияның өзі осы мөлшерде СО2 ні бөліп шығарып сол мөлшерде ластаушы заттар түзеді.

Жаңа қалдықтардың пайда болуы қосымша энергия мен шығын әкеледі ол шығынсыз өндірісті ұйымдастыруда ескеріледі. Шығынсыз технологиялық процестердің өсуі және өндіріске ендірілуі экологияны экологизациялауға өндірісте ауыл шаруашылығына жәрдемін тигізеді.

Қазіргі кездегі қоғамды экологизациялау жанжақты қарастырғанда биосфераның ноосфераға ауысуына көмектеседі. Осы қасиетіне сүйене отырып өндірістік экология инженерлер даярлауда негізгі роль атқарады.

Экологиялық заңдардың негізін білмеу табиғатты үнемді пайдалануда, қоршаған ортаны сақтауда адам ролінің маңызы екенін көрсетеді.