Гиперболалық типті теңдеулердің айырымды схемалары

 

Көптеген маңызды қолданбалы есептерді зерттеу үшін дербес туындылары гиперболалық  типті теңдеулер жүйелерінің шектік есептерінің сандық шешімдері талап етіледі. Оған квазитүзулік жүйе болып табылатын газдық динамиканың теңдеулер жүйесі мысал бола алады. Ондай жүйелердің шешімдері әр түрлі болуы мүмкін. Бұндай есептерді көп жағдайда моделі қарапайым есептердің үлгісінде шығарылады,  оны тіпті теориялық  және сандық тәжірибе жолымен оңай жүзеге асыруға болады.

Газды динамика есептерінің ақырлы – айырымды әдістерінің шешімінің сұрыптауы шығарылған қарапайым үлгідегі теңдеуі мына түрде беріледі:

и + аих=0                        (1)

және

                       (2)

Ал кейін (1), одан соң (2) теңдігінің кейбір анық аппроксимациялары қарастырылады.

Гиперболалық және параболалық теңдеулерге арналған Коши есебінің айырымды аппроксимациясы практикалық талдауда тұрақтылықтың спектрлік белгісі деген критеримен басқарылады.

Нүктелері -  (xm, tn) = (mh, п) болатын (m, п) торда қандай да бір аппраксимация тұрғызылсын. Мысалы түрі мынадай

    

                                                                       (3)

 

 

Lhuh = 0 теңдеуінің барлық дербес шешімдерін жазайық

Тұрақтылықтың спектрлік белгісі (ТСБ). Егер берілген заңдылықта τ және h нөлге ұмтылғанда

кез келген φ үшін                      (4)

орындалатын С < ∞ табылса, онда Коши есебіне сай сандық шешімге айырымды схеманы қолдануға болады.    

 

Ал болмаған жағдайда айырымды схеманы қолданбау керек­.

ТСБ -ның  дұрыстығын келесі есепті шығару барысында көз жеткіземіз.

Есеп  1. Қабаттық торда қандай да бір || · ||n норма анықталсын. Уақытына қарай қабатының нөмірі норманың анықтамасына кірмесін. 

Бұл шартты, мысалы, мына норма қанағаттандырады

||||n=                            (5)

||||n=                       (6)

ал мына норма қанағаттандырмайды

||||n=

Схема екі қабатты және айқынды болсын, яғни мына түрде 

          (7)

және ТСБ орындалмасын. Ешқандай Т > 0 үшін, кез келген пτ ≤ Т болғанда

 ||  ||n ≤ Q || || теңсіздігі орындалатындай Q < ∞ табылмайтынын дәлелдеу керек.

 

Есеп 2. τ/h = const, (3) айырымды схемасы екі қабатты және айқын, яғни (7) түрде болсын және бастапқы шарт финитті, яғни        | т | ≥ М  болғанда = 0 болсын.

(6) нормада пτ ≤ Т болғанда мына теңсіздіктің орындалатынын дәлелдеу керек

                                    

Егер шектік есеп орынды болса және (4) шарт орындалса, онда ереже бойынша, торлық есеп берік болатындай шекаралық шарт аппроксимациясын құра аламыз. Сонымен қатар тұрақтылықтың спектрлік белгісі орындалатын, ал торлық есеп орынсыз болатын Коши есебін (теңдеулер жүйесі үшін) мысал келтіруге болады.

Тұрақтылықтың спектрлік белгісі көмегімен t ≥ 0 жартылай жазықтығында   ut + аux =0 теңдігі үшін Коши есебінің торлық аппроксимациясының қатарын зерттейміз.

 

Мысал1. Айырымды аппроксимация

                       (8)

Бұған   қоямыз, сонда:

 қысқартылғаннан кейін

                           (9)

теңдігін аламыз.

Аппроксимациясы алынып тасталынатын түйіндер жиынтығы және 0 ≤ φ ≤ 2π шамасында φ өзгерісін комплекстік жазықтықта  нүктесі бейнелейтін қисық көрсетуге болады.

  Бізде бары   | |= ,

.

Егер  τ, h→ 0 болғанда  болса, онда

және (5) шарт орындалады; бұл жағдайда тұрақтылықты күтеміз (ожидаем устойчивости).

Егер                           болса, онда

 

 

 


және ешқандай С бойынша (4) шарт орындалмайды; сонда торлы аппроксимация тұрақты емес.

Бұл аппраксимация тұрақтылығы үшін қажетті  қадамына қатаң шектеу болған үшін іс жүзінде қолданылмайды.

Мысал 2. Айырымды аппроксимация:

a > 0 болғанда          .          (10) 

 

Ал (9) оңай

 шығады.

Егер  болса, онда орындалады және тұрақтылығы күтіледі. Егер  болғанда орындалса, онда                             және аппроксимацияның тұрақты болмауы ТСБ –дан шығады.

 

Схеманың тұрақтылығын оңай көрсетуге болады

                      (11)

 мұндағы а < 0 және  

 

Мысал3. Айырымды аппроксимация:

   (12)

 болғанда  

орындалады

және тұрақтылығы күтіледі. Егер де болғанда болса, онда                                  және аппроксимациясы тұрақты емес.

 

Бұл аппроксимацияны (8)-ге тұрақтылығы үшін қосылған «жабысқақтық» сияқты қайта қарауға болатынын байқаймыз;

 

 


Мысал4. «треног» аппроксимациясы. Жоғарыда келтірілген аппроксимациялар τ және h жинақтығы жағынан бірінші ретті құрайды.  Екінші ретті аппроксимация құрайық; қарапайым болу үшін (8) аппроксимациясына жүгінеміз. Тейлор жіктеуін қою арқылы и(х, t)  (mh, nτ) нүктесінде

 

орындалатыны шығады.

(1) дифференциалдық теңдеуінен utt=а2ихх аламыз. а2ихх-ті  жақындатамыз. Сонда сәйкес аппроксимация = 0 мына түрді қабылдайды

                               (13)

Алдындағыдай

 теңдігін аламыз.

Егер біз  λ(φ) = x + iy деп алсақ, онда оны

 

 


мына түрде жаза аламыз, яғни λ(φ) нүктесі у = 0 осіне қарағанда симметриялы орналасқан комплекстік жазықтықтағы эллипстардың біреуінде жатыр.

|аτ/h|>1болғанда λ(π) = 1 -2a2τ2/h2 < -1 орындалғандықтан,       |аτ/h| = const > 1 болғанда тұрақтылықтың спектральды шарты орындалмайды.

|аτ/h|≤1 болғанда (a2τ2/h2)2 ≤ а2τ2/h2 теңсіздігі орындалғандықтан; мына қатынастар тізбегін жазуға болады

Осылайша,  |аτ/h|≤1 болғанда тұрақтылықтың спектірлік шарты орындалады.

 

Ескертулер тізбегін құрайық.

1. Егер τ, h→0 болғанда aτ/h = орындалса, онда барлық жазылған аппроксимациялар үшін мына теңдік орындалады

,

мұндағы r—аппроксимацияның τ және h бойынша реті. Бұл шартты аппроксимацяның r –ші ретті дәлдігі орын алу үшін қажетті екенін көрсетуге болады.

2. Егер және а>0 орындалса, онда барлық қаралған аппроксимациялар мына түрге ие болады

                                

Есептің шешімі и = и0 (х — at) бар болған соң, бұл жағдайда  олар  өте дәл; сонымен қатар λ(φ)= ехр{— i(aτ/h)φ}=е-iφ.

3.      (10) – (13) аппроксимациялары ТСБ бойынша орынсыз болған жағдайда, онда оларды да Курант теоремасы бойынша жарамсыз етуге болады.

4.     Басқа жағдайда, яғни 0≤ болғанда (10) үшін, -1≤ aτ/h ≤0 болғанда (11) және (12) үшін,   болғанда (13) үшін олардың тұрақтылығы 2 есептің шешімінен шығады.