№7 Лекция. Морфологияны оқыту әдісі.
Морфологияны оқытудың маңызы, міндеті,
құрылымы, принциптері. Морфологияны оқыту кезінде
оқушылардың іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру
жағдайлары, кезеңдері, әдістері мен тәслдері.
Морфологиялық жаттығулар. Морфологиялық талдау. Морфологияны
оқытуға көрнекі құралдарды және
техникалық құралдарды пайдалану.
Морфология - грамматика жүйесінің бір
бөлігі екендігі. Мектепте морфологияны
оқытудың жалпы білім берудегі және практикалық
маңызы. Морфологияның
жалпы білім берушілік құндылығы - тілдің
табиғатын терең қамтитын
сала екендігі, оқушылардың логикалық ойлауын дамытудағы
кемшіліктері мол екендігі, тілдік
фактлердің мәнін түйсіндірудегі көмегі зор. Морфологияны теориялық деңгейде оқытудың
практикалық іскерлікті дамытудағы
маңызы.Морфологияны
оқытудың практикалық маңызы қазақ
әдеби тілінің ұғымдарын оқушыларға
меңгертудегі үлкен орнымен, бала тіліне тән емес ұғымдарды
меңгерту арқылы оқушының тілін байыту
мүмкімдігімен басталады, сауатты жазудың ережелерін
меңгертудің негізі болып табылады. Морфологияны оқытудың
ұстанымдары. Негізгі морфологиялық ұғымдар. Сөз таптары
ұғымының ішкі мазмұнын таныту. Атауыштық
сөздер мен көмекші
сөздерді оқьпудың өзіндік ерекшеліктері. Морфологияны
оқытуды синтаксистік негізде
жүргізудің маңызы. Морфологиялық жаттығулар,
олардың ішкі жүйесі.
Морфологиялық талдау және оны жүргізу логикасы. Морфологияны оқытудағы көрнекілік пен
қосымша оқу құралдар жүйесін пайдалану
әдістемесі. Мектеп
бағдарламасында морфология материалдарын оқытудың өзіндік
мақсаты бар. Морфологиялық заңдылықтарды оқыту
дидиктикалық принцип негізінде іске асрылады.
Қазақ тілі
морфологиясының қарастыратын нысаналары тілідң бірден-бір
нақты, әбден қалыптасқан өзекті
мәселерелінің бірі болып есептеледі. Сондықтан
қазақ тілі морфология матералдарын оқытуды зерттелмеген
екіұшты мәселелер кездеспейді.
Морфология-сөз және оның
грамматикалық көрсеткіштері туралы ілім. Әрбір
сөздің контексте нендей өзгеріске түсіп,
грамматикалық қандай мағына мен қызметке ие болып
тұрғандығы ескертіледі. Морфологияны оқытуда
мұғалімдерден қазақ сөздерінің қандай
топқа бөлінетінін, ол топтардың
әрқайсысының өзіне тән қандай грамматкиалық
сыр-сиаптынң барлығын және контексте қандай
қызмет атқаратындығын оқушыларға білдіру талап
етіледі.тілідң заңдылықтарын тәжірибеде дұрыс
пайдалана білуге дағдыландыру, баулу жұмыстары әр сабақ
үстіндеүнемі ескеріліп, іске асырылып отырылатын негізгі
өөзек болады. Сондықтан тіл деркетерінің сапалы да,
тиянақты меңгертілуі мұғалімдердің
теориялық біліміне тікелей байланысты. Мұғалім тілдің
ішкі заңдылығын терең білсе, оқушыға берілетін
білім де. Тілдің жүйесі де, тараулары да өзара байланысып
дұрыс оқытылады. Қазақ тілі мен әдебиет
пәнінен оқытатан ұстаздарға ортақ
грамматкиалық бір тұлғаны екінші бір ұқсас категориялармен
шатастырып алушылық жиі ұшырасады. Сонымен қатар, кейбір
тақыптардың сыр-сипатын саралап, нақтылап беруде, кейбір
ұстаздар грамматикалық талдауға үстірт қарап,
оқулықта берілген ереже. Анықтамалар мен мысалдарды
қайталап айтып берумен шектелетін жайттар да бар, ұмндай кемшілік жірелімеуі тиіс,
Сөздің морфологиялық
құрамын талдау тәсілі. Кейбір жаңа
сөздердің мағынасын морфологиялық құрамын
талдау арқылы түсіндіруге болады. Бұл тәсілдің артықшылығы
сол морфологиялық талдау арқылы оқушы қазақ тілінің
ішкі заңдылықтарына, жаңа сөз жасау жолдарына
қаныға түседі. Сондықтан мұндай тәсілді
түбір мен қосымша, біріккен сөзде, жұрнақ пен
жалғау тақырыптарын өткеннен кейін кездесетін жаңа
сөздерді түсіндіруге кең түрде қолданылуға
болады. Мысалы, бастық, басшы, баспана, бастау т.б. сөздердің
түбір морфемаларын таптыру арқылы бұлардың
түбірлес сөздер екенін, бір сөзден тарағанын
танытуға болады.
5.Оқушыларға жаңа сөз
мағынасын меңгертудің тағы бір тәсілі –
логикалық анықтама беру. Бізді қоршаған заттар мен құбылыстар
негізгі және негізгі емес белгілерден тұрады. Қай
нәрсеге болмасын анықтама беру деген сөз оның
барлық қасиеттерін санап көрсету не қамту деген
сөз емес. Сондықтан заттарға не
құбылыстарға анықтама бергенде олардың басты
белгілерін қамтудың өзі де жеткілікті болады. Мысалы, адам
екі аяқты, екі қолды, тік жүретін деп анықтама берсек,
дұрыс болмаған болар еді. Ал адамның негізгі белгісі
оның саналылығы мен бір–бірімен тіл арқылы қарым–қатынас
жасайтындығында. Бұларсыз адамға толық қанды
анықтама беру жеткіліксіз. Мұғалім белгілі бір сөзге
(ұғымға) логикалық анықтама бергенде осы
мәселені естен шығармағаны дұрыс.
Сөз жасам туралы білім мен
дағдысына орай тіл дамыту жұмысы зерттеуімізде екі бағытпен
қатыстырылды:
1.Тіл
дамытуда қосымшалардың жұрнақ, жалғау мәні
мен қолданудағы қызметін танудың баланың
сөздік қорының толығуына ықпал жасайды.
Зерттеумізде ол үшін жұрнақтардың мына сияқты ерекшеліктер
туралы қарастырылады. Мәселен, сөзжасам жүйесіндегі
жұрнақтардың әрқайсысының мәнін
үйрету мына бағытта жүргізіледі:
1)түбір
сөздің лексикалық мағынасын өзгертеді; мысалы,
ән-ші, дәрі-гер, т.б.
2)жұрнақ
жалғану арқылы да көп мағына жасалады. Мысалы, шалма
(етістік), шалма (зат).
3)жұрнақ
жалғану арқылы көркемдегіш, бейнелегіш құралдар
да жасалады. Мысалы, үй-үйдей, т.б.
2.
Жұрнақтар сөз таптарының қызмет мәніне
қатысты болады. Сондықтан сөзжасам материалдарын оқыту
арқылы оқушылардың тіл дамыту бағытындығы мына
төмендегідей іскерлік пен дағдысы қалыптастырылыды:
а)тіл
дамытуда сөз құрамының түбір мен қосымшалар
туралы білімін, сөздердің құрамына қарай
түрлерін, сөзжасам элементтерін үйретуде
оқушылардың сөздік қорын байыту мақсатында
қолданылады. Ол үшін әрбір сөздің түбірін,
жұрнақ пен жалғауының, сөз формасының
тіліміздегі қолдану ерекшеліктері туралы білім мен дағды беріледі.
ә)
сөз үйрету барысында, сөздік жұмысы мен
оқушылардың сөздігін арттыру мақсатында сөзжасам
формаларының әр сөз табына қатыстылығы мен
байланыстылық мәніне орай топтастыра мәлімет беру мен
үйрету тиімді.
б)
сөз таптары бойынша сөздердің мәні мен ерекшіліктері,
түрлері қызметін үйрету арқылы сөздік қорын
байытуға болады.
в)
сөз таптары бойынша сөздердің грамматикалық
мағынасы, тіркеске түсу ерекшілігі мен сөйлем
құраудағы маңызын үйрету арқылы
қолдана білуге жаттықтырылады.
г)
сөз таптарын стилистикалық және функционалдық
жақтарын қамти оқыту арқылы сөздерді
шығармашылықпен өз тәжірибиесінде қолдана білуге
жаттықтыру жұмыстар жүргізіледі. Мысалы:
-берілген
үлгі бойынша сөз тіркесін немесе сөйлем құрау;
-сөздер
мен сөз тіркестерінің сөйлемдегі қолдану бойынша
салыстырмалы талдау жасау;
-белгілі
сөйлемдегі сөздерді мәндес, вариантты, синоним
сөздермен ауыстырып байқау;
-тірек
сөздер арқылы мәтін құрастыру, т.б.
Морфологияны
оқыту арқылы сөздік қорын байыту. Тіл дамыту жұмысының барысына қазақ тілі
грамматикасына байланысты және оның көлемінен тыс та
материалдар пайдаланылады. Атап айтқанда, лексикалық сөздік
қорының мол болуы, фонетикалық, морфологиялық
/сөз, сөз құрамы т.б./ және синтаксистік
құралдарды тиімді пайдалана білу, әдеби тіл нормасына
байланысты қолдана алу, осы тілдің құралдарды өз
ойын дәл, түсінікті беру тәсілдерін игеру, ойының
нақты әсерлі болуы т.б.
Бұл
жұмыстардың барлығы да мектепте ана тілі мен әдебиеті
сабақтарының бағдарламамалық грамматикалық
материалдармен тікелей тығыз байланысты болмақ. Ол туралы
А.Ысқақов: «Сөз тек мағынасы жағынан ғана
емес, сонымен бірге құрамы жағынан да аса күрделі
категория. Сөз қолданылғанда әр алуан
тұлғалық өзгеріске ұшырап, түрленіп
отырады. Ондай өзгеріс, әрине, ең алдымен сөздің
морфологиялық құрамында болып отырады»,- деп көрсетеді
. Сондықтан ойды жеткізуде тек сөз байлығы ғана емес
сөздің құрамы морфологиялық
тұлғаларда ерекше маңызға ие. Мәселен, атап
айтқанда мынадай сөздерден (саяхат, жолдас, шық)
құралған сөйлемдерді талқылап көрейік.
Бірінші сөйлем Жолдасым саяхатқа шығады. Бұл
сөйлемдегі мағыналық өзгеріс сол морфологиялық
тұлғалар арқылы туындады. Яғни, лексикалық,
мағыналық өзгерістің өзі белгілі жағдайда
синтаксистік жағдайды, сөздің формасын өзгерту
жағдайында болатыны белгілі. Олай болса, оқушылардың өз
ойын жеткізуде, қарым-қатынас құралдарын дұрыс
пайдалануда, тілін дамыту мен тіл мәдениетін жетілдіруде
морфологияның да маңызы зор.
Оқушының
тіл байлығын жасауда морфология үлкен роль атқарады, себебі
тілімізден сөздің баюуының өзі сөздерді
қосымшалар арқылы түрлендіру негізінде жасалады.
Түбірлес
сөздермен танысқан соң, оқушылар бір түбір
сөзден өрбіген сөздермен іс-тәжірибелік
жаттығулар жүргізеді. Мысалы, су, мал, бас, көз сияқты
сөздерден қосымша жалғау арқылы сушы, малшы,
бастық, көздер сөздерін жасаса, екінші, сулық, малды,
баста, көзілдірік, үшіншіде сулы, малсыз, бастау, көзсіз
сөздерін жасайды. Бұлардың арқайсысының
мәні бойынша сөйлем құрау жаттықтырылады.Осындай
түбірлес сөздерге арналған алғашқы
жаттығулар балалардың сөз жасау қабілетін
қалыптастырып, оларды пайдалану өрісін кеңейтеді. Сөз
тудырушы және түрлендіруші қосымшалардың тілдегі
атқаратын қызметімен танысу балалардың тілдік санасының
қалыптасуына және тілінің дамуына игі ықпалын тигізеді.
Оқушылар оқытудан бұрын-ақ зат пен
құбылыстың атын, олардың белгілерін іс-әрекетін
сапа-белгісін, саны т.б. білдіретін сөздерді жіктеуғе
арналған жаттығулар жүргізуге болатынын зерттеу жұмыстары
дәлелдеп отыр. Сонымен бірге оқушылар нақтылы заттарды
білдіретін сөздермен бірге табиғат құбылыстарын (жаз,
қыс, көктем, жел, боран, кемпірқосақ т.б.)
заттанған абстрактілі сапа белгілерді (қайрымдылық,
жақсылық, сарандық, адамгершілік т.б.) - бірінен ажырату
машықтары қалыптасқан өте маңызды. Бала
көру, есту, дәм сезу, сипап сезу түйсіктермен сезінетін зат
пен құылыстардың өзіндік белгілерін (қызыл,
тәтті, тегіс, жағымды әуен т.б.) ажыратумен бірге
ақыл-сана белсенділігі нәтижесінде қабылданатын сапа-белгілерді
де (батыл, саналы, ақымақ, мейрімді, адал, құл )
тағы басқа тани білуге үйретілуі қажет. Осыларды ескере
отырып жүргізілетін жаттығу жұмыстары нәтижесінде
оқушылар грамматикалық категорияларды (зат есім, сын есім, етістік т.б.) тез әрі
жеңіл игереді.
Мынадай
грамматикалық жаттығулар жүргізіледі; 1)заттармен
құбылыстардың атауын жіктеу, топтастыру; 2)түбір
сөзден бірнеше түбірлес сөздер жасау; 3) заттың атын,
сапа-белгісін, іс-әрекетін білдіретін сөздерді жинақтау т.б.
1.Сөз
жасамды оқыту барысында сөздік қорды молайту. Мектеп
оқушыларының сөздік қорын молайту жұмыстарында
сөздердің жасалу жолдарына арналған жаттығулардың
алар орны ерекше. Себебі оқушылар сөздердің жасалу
тәсілдерін үйрену арқылы түрлі сөздердің,
мағынасын өзгерте алатындығын танып біледі. Бұл
оқушылардың сөздік қорындағы сөздерді
орынды қолданып , оларды белсенді пайдалануына септігін тигізеді.
Оқушылар сөздердің мағыналарын жеке дара ретінде
қолданбай, олардың күрделі грамматикалық
құрылыс негізінде жасалынған бүтіндік екендігін аңғарады.
Сонымен қатар әрбір сөздің грамматикалық
құрылысы әркелкі болатындығын, бұл
құрылыс грамматикалық заңдылықтар арқылы
жасалатындығын ұғынады. Сөз жасамдық тәсіл
арқылы оқушылар сөздің лексикалық және
грамматикалық мағынасын жете түсініп, өздерінің
сөз мағыналары жөнінде мағлұматтарын
кеңейтеді. Мысалы:
а) берілген
сөздерге жұрнақтар жалғау арқылы сөз
мағынасын өзгерту.
1-тапсырма. «Қазақ елі - азат ел»
сөйлеміндегі «азат» сөзінің мәнін түсіндіріп,
мәндес сөз ойлап жаз.
2-тапсырма. Берілген «азат» сөзіне
төмендегі жұрнақтардың қайсысын жалғанды
сөз мағынасын өзгертеді. Жұрнақтар: -тік,
-тық, -дық, -дік.
3-тапсырма
«азат», «егемен», «тәуелсіз» сөздерін пайдалана отырып сөйлем
құрастыр. Сөйлемдерден мәтін құрастыр.
ә)
Түбірлес сөздерді тауып жаз.
1-тапсырма.
«Малым-жанымның садағасы, жаным-арымның садағасы» деген
мақалдағы «ар» сөзінің мағынасын түсіндір.
Төмендегі сөздерден мәндес сөзді табыңдар:
ұят, намыс, ару.
2-тапсырма.
Төмендегі сөздерден түбірлес сөздерді бір бөлек
жаз: ар, арлы, арбау, арба, арбакеш, ар-ұят, араб, ара.
3-тапсырма,
«ар», «ұят», «намыс», сөздерінен мағыналық реттеріне
қарай сөйлем құрастыру.
б) Берілген
сөзге жұрнақ не жалғау жалғанғанын ажырату.
1-тапсырма.
Мына сөйлемдердегі айбат сөзінің мағынасын ажыратып
көрсет. «Мысық күшікке айбат шекті». «Жанар жаңа киімін
көрсетіп: Менің киімім айбат», - деді. Түні бойы
шаршаған, жабыраңқы көңілде таң ата ай
батты.
2-тапсырма.
Айбаттану сөзіне жалғау не жұрнақ жалғанып
тұр ма? Себебін түсіндір.
3-тапсырма.
Ай тақырыбына мәтін ойлап жаз.
в) Берілген
сөздің қандай күрделі сөзге жататындығын
ажырату.
1-тапсырма.
Асан-бастаған ісін аяқсыз қалдыратын, жалқау бала,-
деген сөйлемдегі аяқсыз сөзінің «аяқ»
сөзінен қандай мағыналық айырмашылықтары мен
ұқсастықтары бар.
2-тапсырма.
Аяқ-қол, аяқ-табақ, аяқ-бас, аяқ-көз
сөздері қандай сөздер тобына жататындығын тауып, берілген
сөздердің ішінде қандай нұсқа жеке сөз бола алмайтындығын
түсіндір.
3-тапсырма.
Құрастырған сөйлемдерінде «аяқ» және «бас»
сөздерін ауыспалы мағынада қолданатындай етіп
сөйлем құрастыр.
г)Жұрнақтар
мен жалғаулардың жалғану заңдылықтарын білу;
1-тапсырма.
«Айғақ», сөзіне мәндес сөз тауып жаз. Керекті
сөздер: пікір, дәлел, қорытынды.
2-тапсырма.
Айғақ сөзіне жұрнақ не жалғау жалғап,
сөз тұлғасын өзгертіңдер.
3-тапсырма.
Өздерінің құқықтары жөнінде
мәтін құрастыр. Онда айғақ сөзі болсын.
д)Жалғауды
өзіндік заңдылықтарына қарай жалғау.
1-тапсырма.
«Кеше екі ақын айтысты», «Кеше екі кісі көшеде керілдесіп айтысты»
сөйлемдеріндегі «айтыс» сөзінің мағынасын
түсіндір. Қандай ұқсастықтары мен
айырмашылықтары бар.
2-тапсырма.
Айтыс сөзіне қандай жалғаулар жалғай аламыз.
Жалғаулар:
-қа, -ты, -пын, -сың.
3-тапсырма.
Айтыс тақырыбына мәтін құрастыр. Қазақ
халқының тағы қандай ұлттық
салт-дәстүрлерін білесіңдер.
е)
Сөйлемдерде берілген біріккен сөздерді тауып, мағынасын
түсіндір.
1-тапсырма.
Ажар сөзіне мәндес сөздерді тауып жазыңдар. Керекті
сөздер: көрікті, әдемі, көрім, әлпет, жүз,
сұлу, ебедейсіз, жаман, бет, көріксіз.
2-тапсырма.
Ботагөз сөзіне жоғарыдағы берілген сөздерді
тіркестіре отырып, сөйлем құрастыр. Ботагөз сөзі
қандай сөз ?
3-тапсырма.
Ботагөз сөзінің әр дыбысына сөз
құраңдар. Бұл сөздер қыздың мінезіне
қатысты болуы керек.
ж)
сөйлемдерде қолданылатын қысқарған сөздерді
тауып, мағынасын түсіндіру.
1-тапсырма.
Берілген сөйлемдегі «Айбын» сөзіне мәндес сөз тап.
Қазақ елінің айбыны жыл өткен сайын асқақатап
келеді.
2-тапсырма. Медициналық
институттың айбынын асқақтауға мамандар ат салысуда,-
деген сөйлемдегі медициналық институт сөзін басқалай
қалай жазуға болады.
3-тапсырма.
«Менің елім - Қазақстан Республикасы» тақырыбына
мәтін құрастыр.
Оқушылардың
сөздік қорын байытуда сөзжасам оқыту тәсілі
арқылы жүргізілген жұмыстар барысында мынадай дағдылар
мен біліктері қалыптасады:
-жаңа
сөздердің жасалуындағы түбірдің қасиетін,
қызметін сезінеді;
-жаңа
сөздерді жасауда түбірдің мағынасына қосымшалар
жалғай отырып, үстеме мағына қосылатындығын
аңғарады.
-сөздердің
түрлі мағыналық қолданыстарын ажырата біледі;
-сөздің
тек лексикалық мағынадан тұрмайтындығын, оның
грамматикалық мағынасы да бар екендігін игеру арқылы
ұсынылған сөздер бойынша, мәтін құрастырып,
ауызша-жазбаша сөйлеуге жаттығады. Нәтижеде игерген сөздік қорын өз
тәжірибесінде қолдана білуге дағдыланады.
2)Сөз
таптарын оқыту барсында сөздік қорды молайту жұмыстары. 5-6 сынып оқушыларының
сөздік қорын молайту жұмыстары олардың сөз
таптары туралы білімдерді дұрыс түсіну, сөздерді дұрыс
тіркестіре алу дағдылары мен біліктерін қалыптастырып және
дамытуға негізделеді. Оқушыларға сөз таптарының
ерекшіліктері туралы арнайы құрылған жаттығулар
негізінде, олардың бойында грамматикалық
тұлғалардың құрылымын, құрылысын,
анықтамаларын, өзіндік белгілерін бір-бірінен дұрыс
ажыратуға дағдыландырады. Жаттығулар негізінде оқушылар
түрлі грамматикалық тұлғаларды игереді.
Салыстыру, жинақтау, талдау қарама-қарсы қою
ақыл-ой әрекеттерін үйренген оқушылар
өздерінің сөздік қорындағы сөздерді ауызша
және жазбаша сөйлеу үдерісі кезінде мағынасы мен
қызметіне қарай орынды қолдануға дағдыланады.
Сөздік қорды молайтуға арналған лексикалық 5 – 6
сыныптағы қазақ тілі бағдарламасында сөз тіркесі
туралы білім беру қарастырылмаған, бірақ сөз таптары
оқытылатын болғандықтан оқушыларға сөз
таптары бойынша білім мен білігін арттыру мақсаты сөз тіркесінсіз
игерілмейді.
Сөз үйретудегі ең
алғашқы жұмыс балаға дүниедегі заттар мен
құбылыстардың атаулары туралы мәліметтен басталады.
Мысалы, үйретілетін сөздің мағынасын,
ұғымын, этимологиясын қалай жасалған
тұлғасы туралы мәлімет беріледі. Соңынан
сөздердің алуан түрлілігі, ауыспалы мағыналары,
көп мағыналылығы, лексикалық топтардың
ерекшеліктеррі (омонимдік, синонимдік, антонимдік т. б.) сөз
жасамның тәсілдері бейнелегіш және көркемдегіш
тәсілде сөздердің қолданылуы т.б. синтаксис және
стилистикасымен байланыстыра үйрету болып күрделене береді.
Нәтижеде ұсынылатын, үйретілген сөз баланың
сөздік қорына еніп, актив сөзге айналуы тиіс. Сөздік
жұмысы жоспарлы, жүйелі жүргізілуі қажет. Ол үшін
мұғалім әр сыныптағы қазақ тілі мен
әдебиет оқулығындағы, сыныптан тыс оқуға
берілген көркемшығармалардағы сол сынып
оқушыларының түсінігіне қиын сөздердің тізімін алдын – ала
алып, әр тоқсанға бөліп, түсіндірудің
әдісін ойластырады. Сондай – ақ әр класта ауызша және
жазбаша жаттығу әдістерін қолданады. Тәжірибе
эксперимент жұмыстары бұл тұжырымдарымыздың
нәтижелі екендігін көрсетеді.