№8 Лекция. Синтаксисті оқыту әдісі.
Мектепте синтаксисті оқытудың мазмұны, міндеті,
маңыз мен принциптері. Синтаксистік ұғымдарды
қалыптастыру ерекшеліктер және оны оқыту әдісі.
Сөз тіркесінің әдісі. Сөздердің байланысу
тәсілдері мен түрлерін оқушыға меңгерту жолдары.
Синтаксистік жаттығу мен талдау. Синтаксис сабақтарында
қолданылатын көрнекі құралдар мен техникалық
құралдар. жинағы; қызықты грамматика
материалдары; лингвистикалық танымдық есептер
жинағы; сынақ,
емтихан сұрақтары,
деңгейлік тапсырма жинағы т.б
Синтаксис -
грамматиканың көлемді құраушы бөлігі екендігі.
Синтаксис жүйесінің ішкі құраушылары - сөз
тіркесі синтаксисі және сөйлем синтиксисі. Сойлем синтаксисінің құраушылары - жай сөйлем
синтаксисі және құрмалас сөйлем синтаксисі.
Мәтін синтаксисі. Қатысымдық синтаксис мәселесі.
Мектепте оқылатын синтакистік
ұғымдар жүйесі және синтаксистік ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі.
Синтаксистік байланыстар мен синтаксистік
қатынастар туралы ұғым қалыптастыру. Синтаксистік
тіркесімділік пен лексикалық
тіркесімдік ұғымы. Синтаксис бойынша оқушыда қалыптасуы
тиіс машық-дағдылар мен
іскерлік жүйесі. Синтаксистік таллау және оны жүргізу
логикасы. Синтаксис тілдің басқа деңгейлерімен тығыз
байланыстылығы және оқушыларға осы
мәселені нақты ұғындыру жолдары
1.Синтакисис туралы түсінік
2.Синтаксисті оқытудағы біліктер мен
дағдылар
3. Сөз тіркесін оқытудағы
біліктер мен дағдылар
4. Сөйлемді оқытудағы біліктер
мен дағдылар
5. Синтакистік талдаудың жолдары
Тіл
білімінде қарастылатын үлкен салалардың бірі- синтаксис.
Синтаксистің зерттеу объектісі- сөз тіркестері мен сөйлем
мүшелері, сөйлем.
Тіл
білімінен білім беруде мектептегі қазақ тілін оқытудың
зор маңызы бар. Баланың өз ойын жеткізуде сөздерді
дұрыс тіркестіре алу дағдысын қалыптасса , білім
дәрежесінің сапасы артады, қарым-қатынас біліктілігі
мен сөздерді дұрыс байланыстыра алу арқылы
оқушының шығармашылық
қабілеті дамиды. Грамматикалық білім
дағдысын қалыптастыру арқылы баланың сөздік
қорын байыту, түрлі әдіс-тәсілдердің
ұйымдастыру жолдарын ұсыну.Тіл дамыту мақсатында түрлі
әдістер қолданылады.
Мектеп оқушылары
сөздердің тек лексикалық мағыналарын игеріп, оларды
ретімен дұрыс қолдануы жеткіліксіз. Сонымен қатар
сөздік қорындағы сөздерді дұрыс тіркестіре білуі тиіс.
Тіл
білімінің синтаксис саласында сөздердің жалғаулар
арқылы, шылау арқылы, орын тәртібі арқылы, интонация
арқылы тіркесу тәсілдері және сөздердің тіркесу
түрлері: қиысу, меңгеру, матасу, қабысу, жанасу
қарастырылып, олардың еркшеліктері зерттеледі.
Грамматикалық
құрылымымен таныса отырып, сөздердің түрленуі мен
сөйлемдегі өзгерісін және қазақ тілі
грамматикасының ғылыми жүйесі мен оның әр алуан
фактілерін зерттеп біледі сол арқылы оқушыларда мынандай
дағдылар қалыптасатындығын атап көрсетеді:
«оқушылар өздерінің тілден алған білімін
толықтырып жазу, сөйлеу тілін дамытады, дұрыс
оқуға үйреніп, ұғу қабілеттілігін
жетілдіру, грамматикалық орфографиялық ережелерді үйренеді,
сауатты жазып, тыныс белгілерін дұрыс қоя білудің тиімді
дағдысын қалыптастырады» - дейді белгілі ғалымдар Ы.Маманов
және Әлімжанов.
Оқушылардың
өз ойын білдіруде тілдік материалдарды дұрыс қолдана алуы:
тілдік материалды тек лексикалық мағынасы тұрғысынан
емес, грамматикалық мағынасына қарай таңдай алу, яғни
сөзді лексика-грамматикалық мағыналық бірлікте
қолдануы; ойын толық жеткізуде сөздерді дұрыс
тіркестіре алуы; оқу бағдарламасына сәйкес
грамматикалық біліктіліктерді меңгеруі; сөздердің
сөзжасамдық қасиеттерін аңғаруы; өз бетінше
ізденуі арқылы танымдық қабілеттерінің артуы
баланың дұрыс сөйлеу қабілетін дамытады.
Мектептегі түрлі пәндерден
оқушылар білім алумен бірге, сол
пәндерге тиісті сөздерді терминдердің ұғымын
игереді. Сондықтан да тіл мұғалімі әрбір
жұмыста, білім беруде және сабақ
үстінде кездесетін қиыншылыктарды жою, болдырмау
мүмкіндіктерінінің алдын алады. Соның бірі - түсінуге қиын сөздермен
жұмыс істеу. Түсініксіз
сөздерді білім алу кездеріне, оқылатын
материалдардың жүйесіне қарай екі топқа ажыратуға болады: 1) көркем әдеби
мәтіндермен байланысты түсінуге қиын сөздер; 2) тіл
материалдарына байланысты түсініксіз сөздер. Біз алдымен
көркем мәтіндегі кездесетін түсініксіз нысандарға
тоқтап өтейік.
Оқушылардың тіліндегі
қателердің кездесуінің өзіндік себептері бар.
Олардың ең бастысы мыналар: оқушылардың сөздік
қорының тапшылығына байланысты жіберілетін қателер:
сөздің мағынасын білмеуден, түсінбеуден, оған
байланысты сөздің қолданылуындағы стильдік
реңдерін ескермеуден жіберетін қателер; баланың тілінде
қалыптасқан жергілікті тіл ерекшеліктеріне байланысты
қателер. Бұл дағдылар
мен икемділіктерді қалыптастыру үшін әрбір сабақ
үстінде жаттығу жұмыстары орындатылады. Бұл тапсырмалар
мен жаттығулар мәселелік
ахуал сипатында болып, оқушылардың дербестік қасиеттерін
жетілдіруге арналады. Мәселен, грамматиканы оқыту барысында
оқушыларға берілетін бірінші тапсырма сөздің
мағынасын ашуға, ұғындыруға негізделсе, екінші
тапсырма өтілген теориялық материалмен байланыстырылып,
үшінші тапсырма сөздердің мағынасын толық
түсінуге, оны өздерінің шығармашылық
жұмыстарында дұрыс қолдану дағдысын
қалыптастыруға негізделеді.
Баланың сөздік қоры екі түрлі жағдайда байып,
толысып, жетіліп отырады: бірі – сөзді актив қолдану, яғни
баланың күнделікті өмірде қолданатын сөздері,
екіншісі – сөзді пассивті қолдану – яғни баланың
бүкіл білетін сөздерін қолдану. Демек, бала
өзінің ауызекі сөзін жалпы тіл байлығын дамыту
үшін активті және пассивті сөздерді оған орай білетін сөздерін пайдалана білу
қажет. Баланың сөздік қорын, жалпы ой - өрісін
дамыту үшін сөзді үйретудің алуан жолдары бар.
Сөз белгілі бір заттың
атын, белгісін, сынын, сапасын, үлкендігін, кішілігін, тегін,
көлемін, бір сөзбен айтқанда соның табиғи
шығуын, атауын, ұғымын білдіреді. Сондықтан сөз
бен сол атаудың арасында өзара байланыс болады. Демек, сөз
жаңағы зат пен құбылыстың атауын білдіретін
қызметті атқарады. Сондықтан Ә. Болғанбаев “Тіл
адам баласының қол жеткен
табыстарын сөздер арқылы көрсетеді”, - деп тұжырымдағанындай оқушыларға
әрбір тілдің сөздік құрамындағы
сөздер сол халықтың
тарихы, тұрмыс – тіршілігі,
мәдени – рухани өмірі, тұрмыс – салтына, бүкіл
саяси-әлеуметтік, экономикасына байланысты болатындығы туралы
мәлімет беру керек.
Сондықтан өмірдегі, табиғаттағы заттар мен
құбылыстарды тану, білу арқылы балалардың да ой -
өрісі кеңіп жаңа атауларды сөздерді үйренеді.
Осыдан келіп баланың заты мен құбылысты тануы арқылы
өмір шыңдылығын кеңірік түсініп, оның
дүниеге көзқарасы қалыптаса бастайды.
Көптеген сөздер осы күнге дейін
әдеби тілден берік орын ала алмай жүрсе, бірқатар
сөздер екі-үш вариантта айтылып, солай жазылып жүр.
Бұлардың ішінде екіұштылары да жоқ емес. Мысалы,
аталмыш оқулықтарда кездесетін жиылыс
– жиналыс, әтеш – қораз, сұрау – сұрақ
сөздерінің қай сыңары да әдебиетімізде жиі
қолданылады.
Профессор М.Балақаев тіл мәдениетінің
маңызын айқындай келе, “Тілдің икемділік қасиетін
жойып, сірідей сірестіріп қоюды көздемейміз, тілдің икемділік
қасиетін арттыруды көздейміз. Тіл материалдары сұрыпталып,
бүкіл халыққа түсінікті әрі ұтымды,
дәл, анық ету арқылы ғана тілдің икемділігін арттыруға
болады” деген болатын . Ал филология ғылымының докторы
С.Мырзабектің айтуы бойынша “Тіл мәдениеті сөздердің
жазылуында бірізділіктің болуын қалайды. Мақсат арнайы
сөздіктерді басшылыққа алғанда ғана орындалады.
Әзірше жазуда бірізділік жетпей жатса, ол – сөздікке атүсті
қараудың нәтежесі” . Дублет сөздердің үлгі
ретінде бірін ұсыну үшін біз бағалау нормасының бірі
ретінде олардың статистикалық сипаттамасын есепке алдық.
Зерттеулер көрсеткендей, жиілік сипаттамасы – сөздердің
өзімен дублет болатын сыңарымен салыстырғандағы
фонетикалық, морфологиялық және лексикалық
жағынан басымдығының көрсеткіші болып табылады .
Мәселен біз баспа беттеріндегі кейбір дублет
сөздерді қарастардық. Соның ішінде баспа беттеріндегі
дублет сөздердің фонетикалық варианттары: Мысалы:бөлек
– бөлік, жәудіреу – жаудырау, сөйтіп – сүйтіп т.б.
Дублет сөздердің
бірін таңдауда олардың жиілік сипаттамасы ескерілсе деген
Ә.Ахабаевтың ұсынысын қолдау екенін айтқымыз
келеді. ,
Профессор
М.Балақаев айтқандай «сауатты деп есептелетін әдеби тілде
сұлулық пен ой тереңдігі, суреттердің дәлме –
дәлдігі, шешендік өнер, бейнелі әрі айшықты сөз
қолданыстар мен жоғары мәдениеттілік болу қажет» .
Дублет
сөздердің бірін әдеби тіл нормасы ретінде ұсыну
мақсатында біз оқулық мәтіндері материалдарына
статистикалық талдау жүргіздік. Сөздерді сұрыптау
және оларды оқытудың өлшем бірлігі өзара
байланыста болғандықтан, дублет сөздердің белгілі бір
вариантын сұрыптап таңдап алу 5-6 сынып оқушыларын
оқыту барысында сөздердің фонетикалық, лексикалық
және грамматикалық
ерекшеліктерін талдау және жинақтаудың
нәтижесінде іске асырылды.
Жоғарыда
айтылған дублет сөздерді пайдалану – оларды орфография ережесіне
ендіруде, әдеби тілімізде қолдануда да қиындық
келтіреді. Мысалы, топталып – топтанып, үлгерді – үлгірді,
бөлек – бөлік, егін – егіс, сөзшіл – сөзшең,
қала – шаһар, кортинка – сурет, қожанәсір –
хожанәсір, тамақ – ас секілді сөздердің осы кезге дейін
қолданылуы.
Енді осы
пікірімізді тіл біліміне қатысты кейбір терминдердің
қарастырылған мәтіндердегі қолданылу ерекшеліктеріне
тоқталайық.
Тіліміздің байлығы оның өмірдің
түрлі саласына байланысты қолданылатын жан-жақтылығымен
сипатталады. Ғылыми ұғымдарды түсіндіру үшін
әдетте тіл байлығына сүйеніп, ғылыми терминдерді
түсіндіруге, дәлме-дәл беруге болатын сөздерді іздеп
табамыз.
Сөз үйретудегі ең
алғашқы жұмыс балаға дүниедегі заттар мен
құбылыстардың атаулары туралы мәліметтен басталады.
Мысалы, үйретілетін сөздің мағынасын,
ұғымын, этимологиясын қалай жасалған
тұлғасы туралы мәлімет беріледі. Соңынан
сөздердің алуан түрлілігі, ауыспалы мағыналары,
көп мағыналылығы, лексикалық топтардың
ерекшеліктеррі (омонимдік, синонимдік, антонимдік т. б.) сөз
жасамның тәсілдері бейнелегіш және көркемдегіш
тәсілде сөздердің қолданылуы т.б. синтаксис және
стилистикасымен байланыстыра үйрету болып күрделене береді.
Нәтижеде ұсынылатын,
үйретілген сөз баланың сөздік қорына еніп, актив
сөзге айналуы тиіс. Сөздік жұмысы жоспарлы, жүйелі
жүргізілуі қажет. Ол үшін мұғалім әр
сыныптағы қазақ тілі мен әдебиет
оқулығындағы, сыныптан тыс оқуға берілген
көркемшығармалардағы сол сынып оқушыларының
түсінігіне қиын
сөздердің тізімін алдын – ала алып, әр
тоқсанға бөліп, түсіндірудің әдісін
ойластырады. Сондай – ақ әр класта ауызша және жазбаша
жаттығу әдістерін қолданады. Тәжірибе эксперимент
жұмыстары бұл тұжырымдарымыздың нәтижелі
екендігін көрсетеді.
Халықтың тіл қазынасын меңгеріп,
тілді байытып, ұстарта білу – үлкен өнер. Ал тіл
мәдениетінің мәртебесін айқындайтын
көрсеткіштің бірі – жазудағы бірізділік. Осы талаптар
тұрғысынан алғанда, халықты тіл мәдениетіне
үйрететін баспасөзге, ғылыми-көпшілік әдебиет пен
оқулықтарға аса маңызды міндеттер жүктеледі. Қазіргі
қазақ тілін нормаландыру үрдісі әдеби тілдің
жергілікті тіл ерекшеліктерімен толығып жатқан халықтың
сөйлеу тіліне кеңінен ықпал етуі бағытында
жүргізіледі. Демек, сөз
қолданыстарды нормаға сай реттеу – бұл тіл фактілерін белгілі
бір жүйеге, ғылыми-практикалық жағынан бірізділікке
әкелу, қажетті материал ретінде ойды білдірудің ең
тиімді формаларын қалыптастыру болып табылады. Бұл зәрулікті
шешудің мектеп оқушыларының мәтіндерінде кездесетін
дублет сөздердің әдеби тіл нормасына сай тек біреуін
ғана қолдануды нақтылы
шешу және үлгі ретінде ұсынумен байланысты
біздің зерттеу жұмысымызға да қатысы бар.
Ә.Ахабаевтың айтуы бойынша дублет
сөздер формаларының қайсысы негізгі, нормаға
лайық деген мәселені
анықтау өте қиын, өйткені іс
жүзінде,практикада
қолданылуы бірдей дәрежедегі сөздердің
варианттары кездеседі де, тілдік норма ретінде олардың қай
вариантын қолдану керектігін анықтауға қажетті
бақылау өлшем бірлігі .
Мектеп оқушыларының мәтіндеріндегі
дублет сөздердің статистикалық сипаттамасын анықтау
барысында бізге де бұл мәселе кездесті. Бұл мәселені
шешуде әдеби шығармашылық
жұмыстардың озық үлгілерін кеңінен тарату
ерекше маңызға ие, өйткені жазушылық шеберлік,
жазушылар мен публицистердің тілі халықтың ғасырлар
бойы жасаған тілдік үлгілерінің сақтаушысы ғана
емес, сонымен қатар оның таратушысы да. Уақыт өте,
көптеген сөздер өздерінің семантикалық бояуын
әлсіретсе, ал енді біреулері жаңа мағанаға ие
болады. Бұл біз қарастырып
отырған мектеп
оқушыларының оқулық мәтіндеріне де тән.
Мәселен, баспасөз, кітап, оқулықтардағы
айрықша назар аударарлық нәрсе-ауызша және жазба
тіліміздегі дублет сөздер, олардың фонетикалық,
лексикалық және грамматикалық варианттары. Бұл
варианттардың біреуін ғана әдеби тіл нормасы ретінде
таңдап, қабылдауымыз қажет. Әсіресе орфографиялық
сөздіктер арқылы мұны реттеуге болады. Көптеген
сөздер осы күнге дейін әдеби тілден берік орын ала алмай
жүрсе, бірқатар сөздер екі-үш вариантта айтылып, солай
жазылып жүр. Бұлардың ішінде екіұштылары да жоқ
емес. Мысалы, аталмыш оқулықтарда кездесетін жиылыс – жиналыс, әтеш – қораз, сұрау –
сұрақ сөздерінің қай сыңары да
әдебиетімізде жиі қолданылады.
Профессор М.Балақаев тіл мәдениетінің
маңызын айқындай келе, “Тілдің икемділік қасиетін
жойып, сірідей сірестіріп қоюды көздемейміз, тілдің икемділік
қасиетін арттыруды көздейміз. Тіл материалдары сұрыпталып,
бүкіл халыққа түсінікті әрі ұтымды,
дәл, анық ету арқылы ғана тілдің икемділігін арттыруға
болады” деген болатын [6,28]. Ал филология
ғылымының докторы С.Мырзабектің айтуы бойынша “Тіл
мәдениеті сөздердің жазылуында бірізділіктің болуын
қалайды. Мақсат арнайы сөздіктерді басшылыққа
алғанда ғана орындалады. Әзірше жазуда бірізділік жетпей
жатса, ол – сөздікке атүсті қараудың нәтежесі” .
Дублет сөздердің үлгі ретінде бірін ұсыну үшін
біз бағалау нормасының бірі ретінде олардың
статистикалық сипаттамасын есепке алдық. Зерттеулер
көрсеткендей, жиілік сипаттамасы – сөздердің өзімен
дублет болатын сыңарымен салыстырғандағы фонетикалық,
морфологиялық және лексикалық жағынан
басымдығының көрсеткіші болып табылады .
Мәселен біз баспа беттеріндегі кейбір дублет
сөздерді қарастардық. Соның ішінде баспа беттеріндегі
дублет сөздердің фонетикалық варианттары: Мысалы:бөлек
– бөлік, жәудіреу – жаудырау, сөйтіп – сүйтіп т.б.
Дублет сөздердің
бірін таңдауда олардың жиілік сипаттамасы ескерілсе деген
Ә.Ахабаевтың ұсынысын қолдау екенін айтқымыз
келеді.
Профессор
М.Балақаев айтқандай «сауатты деп есептелетін әдеби тілде
сұлулық пен ой тереңдігі, суреттердің дәлме –
дәлдігі, шешендік өнер, бейнелі әрі айшықты сөз
қолданыстар мен жоғары мәдениеттілік болу қажет» .
Дублет
сөздердің бірін әдеби тіл нормасы ретінде ұсыну
мақсатында біз оқулық мәтіндері материалдарына
статистикалық талдау жүргіздік. Сөздерді сұрыптау
және оларды оқытудың өлшем бірлігі өзара
байланыста болғандықтан, дублет сөздердің белгілі бір
вариантын сұрыптап таңдап алу
Мектеп оқушыларын оқыту барысында сөздердің
фонетикалық, лексикалық және грамматикалық ерекшеліктерін талдау және
жинақтаудың нәтижесінде іске асырылды.
Жоғарыда
айтылған дублет сөздерді пайдалану – оларды орфография ережесіне
ендіруде, әдеби тілімізде қолдануда да қиындық
келтіреді. Мысалы, топталып – топтанып, үлгерді – үлгірді,
бөлек – бөлік, егін – егіс, сөзшіл – сөзшең,
қала – шаһар, кортинка – сурет, қожанәсір –
хожанәсір, тамақ – ас секілді сөздердің осы кезге дейін
қолданылуы.
Енді осы
пікірімізді тіл біліміне қатысты кейбір терминдердің
қарастырылған мәтіндердегі қолданылу ерекшеліктеріне
тоқталайық.
Тіліміздің байлығы оның өмірдің
түрлі саласына байланысты қолданылатын жан-жақтылығымен
сипатталады. Ғылыми ұғымдарды түсіндіру үшін
әдетте тіл байлығына сүйеніп, ғылыми терминдерді
түсіндіруге, дәлме-дәл беруге болатын сөздерді іздеп
табамыз.
Терминдер
сөйлеу практикасындағы ұғым-түсініктерді білдіріп
қана қоймайды, сонымен қатар олардың арасындағы
белгілі бір байланыстарды қалыптастырушы, өзара байланысты
терминдерге негізделген ақпаратты берудің және
қабылдаудың негізгі құралы болып табылады. Термин
жасаудың әр түрлі жолдары белгілі. Дегенмен де олардың
бәрі де жалпы халықтық тіл негізінде жасалған.
Мәселен, атап айтқанда мынадай
сөздерден (саяхат, жолдас, шық) құралған
сөйлемдерді талқылап көрейік. Бірінші сөйлем Жолдасым
саяхатқа шығады. Бұл сөйлемдегі мағыналық
өзгеріс сол морфологиялық тұлғалар арқылы
туындады. Яғни, лексикалық, мағыналық
өзгерістің өзі белгілі жағдайда синтаксистік жағдайды,
сөздің формасын өзгерту жағдайында болатыны белгілі.
Олай болса, оқушылардың өз ойын жеткізуде,
қарым-қатынас құралдарын дұрыс пайдалануда, тілін
дамыту мен тіл мәдениетін жетілдіруде морфологияның да маңызы
зор.