№9 Лекция. Орфографияны оқыту әдісі.
Орфографияны оқытудың ғылыми-практикалық
маңызы, міндеттері мен принциптері. Орфографиялық
іскерлік пен дағдыларды қалыптастьрудың психологиялық
негіздері. Орфографиялық ережелерді оқыту әдісі. Орфография
бойынша жаттығу жұмысы мен талдау. Орфографиялық
қателермен жұмыс. Орфографияны оқытуға көрнекі
құралдар мен техникалық құралдарды пайдалану.
Орфографиялық талдау.Орфографияны оқытуда
көрнекіліктер мен қосымша
оқу
құралдарын колдану әдістері.Сөздерді дұрыс
жазудығы тыныс белгілерінің маңызы өте зор.
Нүкте
кейде сөйлемдерді бір-бірінен бөлумен бірге күрделі ойды
білдіретін бірнеше сөйлемді біріктіреді. Сөйлемдердің жігін
айырып көрсетумен бірге дауыс үзілісін (пауза) де ажыратады.
Проф. С. И. Абакумов нүкте
жөнінде: «Точка ставится там, где пишущий находит нужным ее поставить,
чтобы наиболее точно и ясно выразить свою мысль, чтобы читатель понял именно
то, что хотел сказать писавший» деп, пікір айтқан.
Бұл айтылғаннан жазушы ойын
жазып келе жатып, қай жерге тыныс белгісін қоямын десе, сол жерге
қоя салуына болады деген ұғым тумайды. Бұл
жөнінде А. М. Финкель, Н. М. Баженов өз еңбектерінде
жақсы айтқан.
Нүкте кейде сұрау, леп
белгілерінің орнына да қолданылады. Леп пен сұрау белгісі
ойдың аяқталуымен бірге сұраулық, лептік мағынаны
білдіреді. Ал нүкте аяқталған ойдың хабарын ғана
білдіреді.
Ойымызды жазба түрде бергенде,
нүктені дұрыс қоя білмесек, кейде сөйлем
түсініксіз боп шығады не нүктенің қойылмауына
байланысты басқа мағына туады. Мысалы, «Он бес жылға таяу әскери өмірінің денін ірі
қалаларда, үлкен командирлердің маңында штаб
қызметінде өткізген Кунцианов стройдағы командирлерді онша
жоғары бағаламайтын» (Т .А. ) дегенде, «штаб қызметінде
өткізген» деген жерде сөйлемді аяқтап, нүкте
қоюға болады. Егер нүкте қойылмаса, ол сөздер
«Кунцианов» сөзінің анықтауышы боп кетеді.
Кең түрде баяндау алдында
келетін жеке сөйлемнен не сөйлемге татырлық сөздерден
кейін нүкте қойылады.
Мысалы:
Б е к е ж а н.
Қанды қолмын, жасырман.
Құс ұшырман басымнан.
Қаны тамған қанжармын.
Қыз алдында бас ұрман.
Қ а с е н.
Қарағым, сирақ емес Бақай едің.
Бақайға жақын бір мен топай едім.
Бақайды Топай қақса, қайтер еді
Жолыңа
басты құрбан етер едім.....(А.Т.)
Әріптер немесе цифрлар арқылы
санамаланып айтылған сөйлемдерден кейін нүкте қойылады.
Лев Толстой деревняда өткізетін екі
жылдың ішіндегі өзінің мынадай жоспарын келтіреді: 1)
Университеттегі емтихандарды тапсыру үшін, заң
ғылымдарының толық курсын меңгеріа алу. 2)
Практикалық медицинаны және теориялық медицинадан біраз
үйрену. 3) Француз, орыс, неміс, итальян және латын тілдерін
үйрену.
Драмалық шығармаларда
әр сөйлеуші кейіпкердің атынан кейін ремарка (автордың
түсіндірме сөздері) келсе, ол кіші әріппен жақша ішіне
алынады да, нүкте жабылған жақшадан кейін қойылады: Жұмат (есіктен басын
сұғып). Уәй, жігітім, бері жақындашы! (Есен жақын
барады). Танисың ба мені? (Ш. Х.).
Адамның қысқарған
аты-жөнінен кейін нүкте қойылады: А.
Тоқмағамбетов, Қ. Аманжолов т.б.
Нүкте сөйлемнің иесі
көрсетілген жақшадан кейін қойылады:
Білім – бақтың жібермейтін қазығы,
Білімсіз бақ әлдекімнің азығы (М. Ә.).
Нүкте атаулы
сөйлемдерден кейін қойылады: Абажадай
кең қора. Қараңғы. Жұлдыздай жалтырап
әр жерден қораның есігі көрінеді (Б. М.).
Сұрау белгісі сұраулы
сөйлемдерден кейін қойылады. Мысалы, сен таңертең
нешеде тұрасың? Сабақтарың нешеде басталады? т.б.
Сұраулық мәнін ерекше
көтеру үшін кейде бірыңғай мүшенің
әрқайсысынан кейін сұрау белгісі қойылуы мүмкін.
Жазуда кейбір сөздің дұрыстығын түсінбегенде,
күманданғанда жақша ішіне сұрау белгісін қоятын
кедер болады.
Құрамында одағай
сөздер бар сұраулы, лепті сөйлемдердің
сұраулық, лептілік мағынасы одағай сөздерге
ғана қатысты болмай,
бүкіл сөйлемге қатысты болса, одағай сөздер
үтір арқылы ажыратылады да, сөйлем соңынан
мағыналық ерекшелігіне қарай не леп белгісі не сұрау
белгісі қойылады.
Салалас құрмалас
сөйлемдегі әр жай сөйлемде сұраулық мағына
болса, сұраулық мағынасы бар әр жай сөйлемнен
кейін үтір қойылып, сұрау белгісі сұраулық
мағынасы бар соңғы сөйлемнен кейін қойылады.
Мысалы, аяқ-қолың аман
ба, тамағың тоқ па, киім-кешегің бүтін бе,
қолғап тоқып берейін бе? – деп сұрады
(«Қ.Ә»).
Леп белгісі көтеріңкі
дауыспен айтылған лепті сөйлемдерден соң қойылады.
Ерекше мән бере көтеріңкі айтылған атаулы сөйлем
сияқты сөздерден кейін де леп белгісі қойылуы мүмкін:
«Иегі
ителгінің тамағындай» деп қызықтырған,
асықтырған қалыңдық! Ділда! Мұның
жары! (М. Әуезов).
Автор мәселенің талас
немесе күдікті екендігін көрсетіп, оқушының назарын
аударғысы келгенде, немесе бір пікірге келісе алмайтындығын білдіргенде,
цитаттың ішінде белгілі бір сөзден не сөйлемнен кейін
жақша ішіне алып не леп белгісін, не сұрау белгісін, не екеуін
қатар қояды, кейде бір белгінің өзін екі-үш
қайталап қояды. Бұл, көбінесе,
сын-библиографиялық шығармаларда кездеседі:
1.
Осы сөйлемді аудармашы
былай аударады: «Гүлді орамал жауып, төрт таған столға
қойылған суретке (?) телмеңдей қараған бадана
көзінде еміне тіленген жалыныш, үміт болғандықтан,
Левин соған қарауға да шошиып деді». Мұнда аудармашы
сөзге сөз тауып, сан жағын ғана сақтаған. Ломберный
стол-төрт таған стол(?), салфетка – орамал, образ – сурет (?),
выражение – болғандықтан, устремленных – телмеңдей, в больших
– бадана, страстная – еміне (Ә. Нұрпейісов, «Анна Каренинаның»
аудармасы).
2.
Поэмадағы кейбір
олақ құрылған сөз тізбектері мен әсерсіз
шумақтарда да қойылатынынайтпай кетуге болмайды. Мысалы,
Еңбек –
кеме, матрос – мен кемеде,
Оны сүймек
сыбаға пешенеме (?!)
(Қ.
Шаңғытбаев. «Ақын және өмір шындығы.)
Үтір – тыныс белгілердің
ішіндегі ең жиі қолданылатын тыныс белгі. Үтір негізінен
сөйлемнің құрылысына, мағынасына байланысты
қойылады. Жалғаулықсыз байланысқан бірыңғай
мүшелердің арасына үтір қойылады. Бірыңғай
мүшелер арасындағы мен, бен, әрі, да, де, та, те, не, я,
немесе, әлде, бірде, біресе, кейде жалғаулықтары екі немесе
одан да көп қайталанса бірыңғай мүшелер
үтірмен ажыратылады. Да шылауы әрбір бірыңғай
мүшелерден кейін қайталанып келгенде, одан соң үтір
қойылады т.б. Бірыңғай мүшелердің арасына
қойылатын реттері: мен, бен, пен, я, яки, әрі, немесе, әлде,
болмаса деген жалғаулықтарбірыңғай мүшелер
арасында қайталанбай бір рет келетін болса, үтір қойылады.
Қаратпа сөздерге үтір
негізінен интонацияға байланысты қойылады. Сөйлем
құрамындағы қаратпа сөз көтеріңкі
дауыспен айтылатын болса, леп белгісі қойылады да, ал жай баяу дауыспен
айтылатын болса, үтір қойылады. Қаратпа сөздің
сөйлемде орналасуына қарай үтірдің орны да
өзгеріп отырады. Бірыңғай қаратпа сөздер де зара
үтір арқылы ажыратылып отырады.
Адамның түрліше сезімін
білдіретін амал қанша, несін айтасыз, бәсе, әрине, рас,
мүмкін, сірә, тегінде, асылы, бәлкім, шамасы, айтпақшы,
бақытымызға қарай, соры қайнағанда, тәрізді
қыстырма сөздер мен сөз тіркестері сөйлемнің
өзге мүшелерінен үтір арқылы ажыратылады.
Айтылған ойдың кімнің
тарапынан шыққанын білідретін, жұрт айтқанда,
оның айтуынша, менің айтуымша, біздіңше, сеніңше,
сіздіңше, оларша, оның ойынша, әлі есімде, шынымды айтсам,
ұмытпасам сияқты қыстырма сөздерден кейін үтір
қойылады.
Қаратпа, қыстырма
сөздер тәрізді одағайлар да сөйлем
құрамындағы өзге мүшелермен синтаксистік
байланысқа түспейтіндіктен, тыныс белгілерімен ажыратылады.
Жай қалыпты дауыспен айтылған
одағайлар хабарлы сөйлем
құрамында қолданылғанда үтір
қойылады. Құрамында одағай сөздер бар
сұраулы, лепті сөйлемдердің сұраулық, лептілік
мағынасы одағай сөздерге ғана қатысты болмай, бүкіл
сөйлемге қатысты болса, одағай сөздер үтір
арқылы ажыратылады да, сөйлем соңынан мағыналық
ерекшелігіне қарай не леп белгісі не сұрау белгісі қойылады.
Екі одағай қатар келсе арасына үтір қойылады.
Үтір кейде салалас
құрмалас сөйлемде нүктенің орнына
қолданылады. Мысалы, Күннің
қызыл шұнақ аяз екенін де сезбесе керек,
құлақшынының бауы байлаусыз, дөңгелек
келген етті сарғыш беті нарттай (Ғ.М.).
Салалас құрмалас
сөйлемдегі әр жай сөйлемде сұраулық мағына
болса, сұраулық мағынасы бар әр жай сөйлемнен
кейін үтір қойылып, сұрау белгісі сұраулық
мағынасы бар соңғы сөйлемнен кейін қойылады.
Мысалы, аяқ-қолың аман
ба, тамағың тоқ па, киім-кешегің бүтін бе,
қолғап тоқып берейін бе? – деп сұрады
(«Қ.Ә»).
Үтір кейде оңашаланған
мүшені бөлуде сызықшаның орнына қолданылады: а) 1917 жылғы майда, конференциядан
кейін, Орталық Комитеттің саяси бюросы құрылады
(«С.Қ»); ә) Жақын
жерде, жолдың сол жағында – көгалды бұлақ
басында, жеті-сегіз үйлі қоңырқай ауыл отыр екен
(«С.Қ»).
Сызықша – жиі қолданылатын
тыныс белгілерінің бірі. Ол сөйлемнің синтаксистік ерекшелігіне
де, бүкіл сөйлемнің және ол сөйлемдегі кейбір
жеке сөздердің мағынасына, интонациясына байланысты да
қойылады. Кейде сөйлемнің белгілі бір мүшесін
басқа мүшелерден бөлу үшін де қойылады.
Оның сөйлемді ықшамдап жинақтап айтумен байланысты да
қойылады.
Сызықша - сөйлемнің мағыналық
әрі грамматикалық жағынан айқындаушы. Мысалы: «Ревизор»
- Гогольдің драматургиясының ең шыңы деген
сөйлемдегі «Ревизор» деген сөзден соң айтуда дауыс
үзілісін жасамай, жазуда ол сөзден кейін сызықша қоймай
жазсақ, онда оқырман «ревизор» деген сөзді «Гоголь» деген
сөздің анықтауышы ретінде қабылдап, сөйлемді
басқа (Ревизор Гоголь деп) мағынада түсінуі мүмкін.
Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен
болғанда, бастауыштан соң сызықша қойылады. Бастауыш та зат есемнен, баяндауыш емес емес
көмекші етістігінің
қатысуы арқылы жасалған бастауыштан соң
сызықша қойылады.
Бастауыш бірі, біреуі, біріншісі,
екіншісі деген заттанған сан есемідерден және көбі деген
сөзден болып, баяндауышы қосымшасыз атау тұлғалы зат
есемнен не заттанған өзге сөз таптарынан болып,
қосымшасыз тұлғада тұратын болса, баяндауыштан кейін
сызықша қоямыз. Ол, бұл деген сілтеу есімдіктерінен
болған бастауыш анықтауышпен шатастырылмас үшін
баяндауыштың қай сөз табынан болғандығына
қарамастан бастауыштан соң сызықша қойылады.
Жалпылауыш сөз сөйлемнің
бірыңғай мүшелерінен кейін келген жағдайда,
сызықша жалпылауы сөздің алдынан қойылады. Кейде
бірыңғай мүшеден кейін келуге тиісті жалпылауыш сөз
айтылмай қалуы мүмкін екені, ондай жағдайда жалпылауыш сөздердің
орнына сызықша қойылады.
Бірыңғай мүшелерден
кейін жинақтау сан есімі келсе, жинақтау сан есімінің алдынан
сызықша қойылады.
Оңашаланған мүше
сөйлемнің бірыңғай мүшелерінен болғанда,
жігін ажырату үшін оңашаланған мүшелердің екі
жағынан сызықша қойылады. Зат есімнен болған атау
тұлғалы оңашаланған баяндауыштар сөйлем
соңында келсе, айқындап тұрған оңашаланағн
мүшесінен сызықша рақылы ажыратылады.
Қарсылықты сен себеп-салдар
салаласты байланыстыратын жалғаулықтар түсіп
қалған жағдайда, екі жай сөйлемнің арасына
сызықша қойылады. Бағыныңқы сөйлемнің
баяндауышы осы, соншалық, сондай деген есімдіктермен және сонда,
себебеі деген сөздермен аяқталса, бағыныңқы
сөйлемнен кейін сызықша қойлады.
Жалғаулықсыз
ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемнің екі
сыңары да мағыналық жағынан тең келетін болса,
екі жай сөйлем арасына сызықша қойылады.
Мекен, уақыт, сан шендестігін
білдіретін сөздердің арасына сызықша қойылады (ол –дан жалғауы мен –шейін шылауының мағынасын
білдіреді): 1) Мойынты – Шу темір жолы.
2) Институтта күніне 6-8 сағат лекция болады. 3) Машина
сағатына 30-45 километрден жүріп отырып, жолдың жартысына
келіп қалды.
Бұларды белгісіздік-жалпылық
және болжалдық мағынадағы қос сөз бен сан
есімдермен шатастырмау керек. Олар дефис арқылы жазылады: 1) Кемеге төрт-бес ат қатар
байланыпты. (Мұндағы төрт-бес
– болжалды сан есім). 2)Екі-үш
күннен бері жаңбыр жауып тұр (мұнда да екі-үш болжалды сан есім).
Қос
нүкте сөйлемнің синтаксистік ерекшеліктері мен
мағынасына байланысты қойылады. Бірыңғай
мүшелердің алдынан жалпылауыш немесе жалпылауыш мәнді
сөздер келетін болса, жалпылауыш сөздерден соң қос
нүкте қойылады.
Қос нүкте сөйлем
мүшелерінің грамматикалық және логикалық
қарым-қатынасын білдіреі, ойдың жалпыдан жалқыға,
жалқыдан жалпыға қатысын көрсетеді.
Қос нүктенің
сөйлемдегі негізгі қызметі – сөйлем мүшелерінің
арасындағы түрлі қарым-қатынастарды көрсетуі.
Жеке сөздерден кейін
қойылған қос нүкте «былай дейді», «мынадай
оқиға», «мынадай жаңалық болып жатыр» деген
сияқты толып жатқан мағыналарды білдіреді. Мысалы: Ташкент:
Кездесу, танысу. София: Бірлік және таулық. Нюрнберг: Қылмыс
және жазалау т.б.
Салалас құрмаластағы
бір-біріне түсінік болып келген жай сөйлемдердің арасына
қос нүкте қойылады. Төл сөздің алдынан
келген автор сөзінен кейін қос нүкте қойылады.
Әрі қарай санамалап кететін
бірыңғай сөздердің, сөйлемдердің алдынан
келетін жалпылауыш мәнді сөйлемнен, сөздерден кейін қос
нүкте қойылады.
Бірыңғай мүшелерден
бұрын келген мысалы деген қыстырма сөзден кейін қос
нүкте қойылады. Мысалы: қазақ тілінде екі дауысты
дыбысты қатар айту қиын. Соны жеңілдету үшін
сөйлеу процесінде қатар тұрған екі дауысты
дыбыстың біреуі түсіріліп айтылады: Сарыарқа – Сарарқа,
келе алмады – келалмады т.б.
Нүктелі үтір
санамаланып айтылған, мағыналары ыңғайлас
сөйлемдердің арасына қойылады. Мысалы: 1) – Мен демагогикадан
аулақпын – деді Жомарт, - мүмкіндік зайыр көрініп
тұр.... («ҚӘ»); 2) Егоров маған: - Бізге қарай
тез шегініңдер. Қоршауда қаласыңдар, - деді
(Ә.Ә); 3) Мұндағы әрбір өлеңде де,
әңгімелерде де - өнер-білімге шақыру, шыншыл
болуға үндеу («Өтірікші»), жетім-жесірлерді, нашарларды аяу
(«Жетім бала», «Жетімнің өлеңі» т.б.), қайырымсыз,
қатыгез байларды әшкерелеу («Арыстан мен тышқан») – сол шығармалардың
негізгі идеялық ой түйіні, басты арқауы болып отырады
(«СҚ»); 4) Түлкі айтты (іліп ала), - «өй,
сұлтаным: Кеше еді сізден жаман
ауырғаным.
Қасқырдың артқы аяғы сіңірін жеп,
Жазылды
сәлемет боп ғазиз тәнім (С.Д.);
Нүктелі үтір сонымен
қатар мағыналары, құрылыс ұқсас келетін
сөйлемдердің арасына қойылуы мүмкін.
Нүктелі үтір кейде
баяндауыштары бір тұлғада келегн сөйлемдер арасында
нүктенің орнына жүреді. Мысалы:
1)Соны айтып жаздың күні масатыдай,
Айырды
жерге жанша басатындай;
Кернетіп
кең даламен керуенін,
Асқардан асу бермес асатындай;
Сүрлеуден ұлы даңғыл арна салса,
Ертіспен
қатар ол да тасатындай (Ж.Т.).
2) Ауыр аптап ыстық ауа мүлгіп тұр; ыстық
өтіп күнсіген бетін ынтыға самал іздегендей, бірақ жел
лебі білінер емес; қарауытқан көкшіл аспаннан төгілген
күн нұры күйдіріп барады; өзеннің арғы
бетінде, қарсы алдымыздан сарғайып көлбеп, сұлы
егістігі жатыр; әр жеріне аралас жусан шығыпты; бір де бір
масағы селт етсейші (С.Т.).
Көп нүкте (...)
мағынаға байланысты қойылатын тыныс белгісі. Сөйлеуші
белгілі бір себептермен (қатты асып-сасу, ентігу, тұтығу,
әлсіреу т.б.) сөздерін, ойын бөліп-бөліп
айтқанда, сөйлем ішіндегі сөздердің арасына, ал ойы
бітпей қалғанда, сөйлемнің соңына көп
нүкте қойылады. Атап айтқанда:
1.Бір нәрсе жөнінде айтайын деген пікір,
ұмытылып қалғандықтан, оны үзілді-кесілді еске
түсіруде көп нүкте қойылады Мысалы, - Аға! Әлгі бір журналда
жазылған жетім бала бар ғой... Жетімге ...жетімді оқытып.....оқытады....ақша
беріп....деп.....деген журналдан оқып ем, мені сонда ала кетсең
қайтеді аға! (С.М.).
2. Айтылып келе жатқан кейбір
пікірлерді айтып жатудың артық екендігін білдіру үшін
қойылады. Мысалы: Отын, су, пәтер...тегін беріледі
(Ғ.Мұстафин.).
3. Кездейсоқ болған іске
таңдануды, сүйсінуді, назалануды көрсетеді: Құлыным, Қайырлы...
қайда жоғалып кеттің... – деп, әлсіз ғана
шыққан дауыс естіледі (Ғ.Мұстафин.). Аға, аға, осы
сөздеріңізді жазып қалдырса да болғандай екен... (М.Ә.).
4. Үзіндінің түгел
алынбағандығын білдіреді. Мысалы: Сауатсыз елде социализм жасауға болмайды... – деген
Лениннің сөзін Еркін айта келді де, әңгімесінің
бетін екінші жаққа аударды (Ғ.Мұстафин.).
Көп
нүкте кейде үш нүктеден
артық көлемде бірнеше жол бойы да қойылады,
бірақ ол қанша көлемде не себепті қалдырылғаны
белгісіз, қара сөз бен өлеңдерде кездеседі. Мысалы:
XIV
............................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
XV
Төсегінде жатса да
ұйықтап,
Оған әркім хат әкелер.
Бұл не? Шақыру? Айтқандай-ақ,
Шақырыпты кешке үш жер
(А.П.).
Сонымен қатар көп нүкте
алынған цитаттың бас жағынан, ара-арасынан және
соңынан сөйлем не сөздер қалдырылған жерге
қойылады.
Тырнақшаның қойылуы
кідіріске, интонацияға немесе сөйлемнің
құрылысына байланысты емес. Тырнақша мағынаға
байланысты қойылатын тыныс белгісі. Тырнақша – меншіктілікті,
шүбә-дүдәмалды, мысқылдау мен кекетуді,
сөздің тура мағынасында қолданылмай, ауыспалы
мағынада қолданлығандығын білдіру үшін
қойылады.
Цитат тырнақшаға алынады.
Алынған цитат бірнеше жаңа жолдан құралған болса,
әр жаңа жол бөлек-бөлек тырнақшаға
алынбайды. Тырнақша цитаттың басталған жерінен ашылып, біткен
жеріен бір-ақ жабылады.
Диалог емес төл сөз
тырнақшаға алынады: Ол
«Түйедей қыз беріп, түймедей ет жемеді» деп, реніш білдіріп
отыр екен («Жұлдыз»). Киізі
қырық жамау күркесіне келіп: «Қайран менің
өз үйім, Кең сарайдай боз үйім» деп керілгенде,
Жиреншенің екі аяғы тізесіне шейін күркеден сыртқа
шығып жатады екен деседі («Жұлдыз»). Мен өзге сөзге емес, «құлынды қайтарам»
дегенге қатты елеңдеймін (С.М.).
Біреудің айтқанынан жеке-жеке
сөздер, сөйлемдер тырнақшамен жазылады: Белгілі өлшеуі, мөлшері жоқ бұл шығын
анық қараңғы
жолмен алатын жем болғандықтан, оның атын жұрт
«қарашығын» дейтін («ҚӘ»).
Ау, Ақбала-ау!...
Ақбалажан-ау, қарағым-ау! «Кел», «қатысып тұр»
дегенім қайда? (Ә.Н.). Камария балалары ешкімге ақысын
сіңірмейтінін білген соң, бұларға «сөйлеме»,
«жүрме», «тұрма» деп ақыл айтуды қойдым (Б.М.).
Колхоз, совхоз, ұйым, комбинат,
фабрика, завод, машина маркасы, самолет т.б. қойылған аттар
тырнақшаға алынады: Сарықопаның
бойындағы «Ұшқын» артелінің қасына
кеңсенің тұрақты үйлері биылғы
көктемнен бастап қана салынып жатыр (С.М.). Ойнаушылар «Жас қазақ»
ұйымының мүшелері еді (С.С.). «Ақсуат»
колхозының былтыр күз боранда ығып кеткен жүз
шақты қойын қасқыр түгел қырып кетті
ғой (С.М.). «Союз-4» кораблі
«Союз-5» корабіліне түйіскеніне дейін, ғарышта екі тәулікке
жуық уақыт болуына тура келді («ЛЖ»). Аудандық партия ұйымының секретары Насыров «Бостан»
колхозының осындай күйін көре білді («ҚӘ»).
Ойын, әдет-салт аттары
тырнақшаға алынады: Үлкендер
зор меженің бірі деп білетін өмір белі «ұрын бару» болса,
Абай содан асты (М.Ә.). Ұзақты
сары күнін балапан қуу, асық ойнаумен өткізген
балалардың түнгі ермегі – «ақ сүйек», «соқыр
теке», «бурақотан» сияқты ойындар (С.М.).
Пьеса, кино, музыкалық
шығармалар, газет, журнал, уітап, шығарма, өлең,
қаулы т.б. тырнақшаға алынады: Әлмағамбет «Тәңірі қосқан жар
едің сен» деген өлеңімнен «Татьяна» назын толқытып
жөнелді («Жұлдыз»). Күйеуі
«Ертіс» кинотеатрының алдына кілт тоқтап, сағатына
қарады («ЛЖ»). Аңқау
Жүсіп «Бір махаббаттың сыры», «Қош бол», «Кездесу»,
«Жолдастар» сияқты бірнеше шағын пьесалар көрсетті
(«ЛЖ»). «Соғыс және
бейбітшілік», «Тынық Дон»
романдарын уақыт өткізу үшін оқымаймыз ғой
(«ҚӘ»). «Ескендір», «Кім жазықты?», «Абай», «Миллионер»,
«Капитан қызық», «Ана», «Жас гвардия» эпостық
шығармаларға жатады («ҚМ»).
Объект етіп алынған жеке
сөйлемдер, сөздер не сөз тізбектері, әріптер, буындар
тырнақшаға алынады: Көпшілік
бас шұлғып, құптап жүрген жайды «шындық»
дейміз бе? (М.Ә.). Бұл
араның қазағы қысқы үйді «там» дейді екен.
Солардан үлгі алған қазақтар жазып жүрген
дәптерлерін «естелік» деп атайды (С.М.). «Агитация», «пропаганда» деген сөздердің «үгіт»,
«насихат» деген сөздермен төрт рет алмасқанын білеміз
(«СҚ»).
Шығармалар ішінде алынған
хаттар тырнақшамен ажыратылып жазылады: ....Бұл дәстүрдің қандай екенін мына бір
күлкілі әңгімеден айқын түсіне аласыздар:
«Бір қазақтың бес
ұлы болыпты. Олардың аты көл, қамыс,
қасқыр, қой және пышақ екен. Бір күні
келіні суға барса, көлдің ар жағында,
қамыстың бер жағында қасқыр қойды жеп жатыр
екен. Сонда келіні ауылға жүгіріп келіп: «Сарқырыманың
ар жағында, сылдыраманың бер жағында, маңыраманы
ұлыма жеп жатыр, тезірек жанығыш пен кескішті жеткізіңіздер» - депті. Ы. Алтынсарин. (Б.С.).
Жақша мағынаға байланысты
қойылатын тыныс белгісі. Жақшаға алынатын сөздер
сөйлеммен тікелей байланыста жоқ, баяндап отырған ойды
анықтай түсу үшін, ескерту жасау үшін, ойдың
қайдан алынғандығын көрсету үшін
қолданылады.
Драмалық шығармалар
(автордың түсіндірмелері) жақшаға алынады: Н ұ р
б а л а. Жанының тәттісін
(Күледі). Қасен ағай өлгенше есінен қалмастай
етіп қорқытқан екен. Қасен ағайдан Мырзалы
бұрын келсе, қайтемін, келе берсін, қорқамын ба?
(Мырзалы келеді, состиып аз тұрады, үйрткен сөзді бастайды)
(Д.Е.).
Талас не күдікті пікірді
көрсетіп, оқырманның назарын соған аудару үшін,
біреуден келтірілген үзіндінің ішіндегі жеке сөздерге не
сөйлмге қойылатын леп, сұрау белгілері жақшаға
алынады: Ақын поэманың
арқау жібін босатып, ақау жіберіп ала береді, мысалы, «Өлімге
күліп қарайды (?), Оллаһи жұрттың барлығы»
деген жасанды пафостан туған жалған жолдар да жоқ емес....
Сондай «айбақтап (?) жазған қаламмен» деген тіркес те
сәтті емес («ЛЖ»).
Алынған мысал ішіндегі белгілі бір сөздерді не
сөйлемдерді санамалап көрсету үшін қойылатын
әріптер не цифрлар екі жағынан жақшаға алынады: Оқушыларды мәнерлілікке
үйретудегі жұмыстың негізгі кейбір түрлері мынадай
болуы керек: (1) оқығанда
оларды ойлауға, сезінуге үйрету, (2) оқыған шығармаларындағы кейіпкерлерді есіне
түсіре білуге әдеттендіру, (3) шығарманы жазушы авторға көзқарастарының
дұрыс болып қалыптасуын қадағалау... .(«ҚМ»). (1) Буырқанған
теңіз, (2) сылдырлап
аққан өзен, (3)
сұлу қайың сыбдыры, (4) тоғайдағы бұлбұл үні тізбектеліп
көз алдыңнан өтіп жатады («ЛЖ»).
Бастауыш пен баяндауыш арасына қыстырма сөйлем түссе,
онда ол жақшаға алынады да, бастауыштан кейін тұруға
тиісті сызықша жақшаны екінші сыңарынан соң
қойылады. Мысалы: Саудагерлердің
біреуі (көздері ойнақшыған сақалды бір
мұжық) – жауынгерлердің қасына жақындады
(Ә.Н.). Чапаев атындағы
колхоз (Алматы селолық ауданы) – мал шаруашылығы басым
колхоздардың бірі («ҚТ»).
Әрбір тыныс белгісінің
өзіне лайық қызметі бар, соған орай олардың да
белгілі орындары болады. Сөйлемдегі сөздердің белгілі
орындары болса, тыныс белгілерінің де сөйлем ішінде тиісті орындары
бар. Олай болса, тыныс белгілерін қалай болса солай қабаттастырып қоя
беруге болмайды. Сондықтан тыныс белгілерінің қабаттасып
келетін орындары туралы мынаны білген жөн:
1.Бір сөйлемде кейде екі
жақша да қабаттасып келеді. Оның
астындағы жарау көк биесі, қолындағы тобылғы
сапты бұзау тіс қамшысы, қызыл қайың сойылы,
желқом сияқты («желқом» деп қапталында (бір
нәрсенің жанын «қаптал» дейді) қалың киізі бар
тоқымсыз салынған ерді айтады) жыртылған киіз тоқымы,
кішкентай ері, ұзын қайыс қанжығалары, жіңішке
темір үзеңгісі, өрген жүгені, қара қыл
шылбыры – бәрі бір-біріне үйлесімді еді. (С.М.).
2.Кейде сызықша қойылуға
тиісті жерге сұрау, леп белгісі, көп нүкте, нүкте,
үтір қойылуға тиіс болса, сызықша да олармен бірге
қабаттасып қойыла береді. Сызықша осы белгілерден соң
ғана қойылады:
1) – Мен демагогикадан аулақпын – деді Жомарт, - мүмкіндік
зайыр көрініп тұр.... («ҚӘ»); 2) Егоров маған: - Бізге қарай тез
шегініңдер. Қоршауда қаласыңдар, - деді
(Ә.Ә); 3) Мұндағы
әрбір өлеңде де, әңгімелерде де -
өнер-білімге шақыру, шыншыл болуға үндеу
(«Өтірікші»), жетім-жесірлерді, нашарларды аяу («Жетім бала», «Жетімнің
өлеңі» т.б.), қайырымсыз, қатыгез байларды
әшкерелеу («Арыстан мен тышқан») – сол шығармалардың
негізгі идеялық ой түйіні, басты арқауы болып отырады («СҚ»);
4) Түлкі айтты (іліп ала), -
«өй, сұлтаным: Кеше еді
сізден жаман ауырғаным.
Қасқырдың
артқы аяғы сіңірін жеп,
Жазылды
сәлемет боп ғазиз тәнім (С.Д.);
5) Сенде қандай күйік болушы еді? – деп, Мәкіш
Абайға кіналай да, сынай да қарады (М.Ә.); 6) Сені ұялтып, соған мен семіреді
деген бақал өсекті қашан қоясыңдар, осы
түге!? – деп Қаражан мен Әзімбайға да суық
қарады (М.Ә.); 7) Солай
ма? – деді ол. – Солай ма!? Саған әлде жал біте бастады ма?
(С.Қ); 8) Сабыр, отағасы,
сабыр. Жыламашы балақай!... – деп, екеуінің үстіне
түсті (Ғ. Мұст.).
Тырнақша сұрау белгісімен,
нүктемен, леп белгісімен, көп нүктемен, үтірмен
қабаттасып қолданыла береді. Ал сызықша төл сөзге
қатысты болмаса, тырнақша сыртына қойылады. Мысалы: Оның қарамағындағы
«нағыз» анатом үшін «қажетті нәрселердің бірі» -
диплом, үй, инструменттер, шамадан тыс талаптар жеткілікті болған («СҚ»).
Жеке сөздер бірыңғай мағынада әрқайсысы
тырнақшаға алынып жазылса, бүтін сөйлемнің
құрылысына қарай басқа тыныс белгілері
тырнақшадан соң қойылады. Мысалы: Жиналғандардың бәрі, «даңқы арта берсін»,
«даңқы арта берсін!», «даңқы арта берсін!» - деп,
үш рет қайталады («СҚ»).
3.Тырнақша алдына
қойылған сұрау, леп, я көп нүкте сияқты
тыныс белгілері тырнақшаның жабылатын екінші сыңары
соңынан қойылмайды, тырнақшаның алдыңғы
сыңарының алдынан ғана қойылады. Мысалы: «Сен әрі суық, әрі
қатты мұқтаждық көрген кезімізде туып
едің», - деуші еді («СҚ»).
4.Сөйлем мен
сөйлемнің, не сөйлем мүшелернің арасында
жақша тұрса, жақшаның алдыңғы
сыңарынан соң қойылуға тиісті үтір ол жерге
қойылмайды, ол жақшаның екінші сыңарының сыртынан
қойылады. Мысалы: Ғимади
ағайыңыз алма ағашы химиялық
тыңайтқышсыз-ақ өсуге тиісті деп ойлайды (бұрын
өсуші еді ғой), екеуі тағы да айқайласып қалады,
мәселені басқарма мәжілісінің шешуіне қалдырады
(«Татар әңгімелерінен»).
5.Ремарка алдындағы
сөйлемнен кейінгі қойылуға тиісті нүкте ол жерге
қойылмай, ремаркадан соң қойылады: Совет Одағының шаруашылық
құрылысындағы осындай орасан зор өзгерістердің
нәтижесінді «...Біздің экономикамыз қазір жаңа,
социалистік экономика, дағдарыстар мен жұмыссыздықты
білмейтін, жоқшылық пен күйзеушілікті білмейтін және
азаматтардың ауқатты, мәдениетті тұрмысқа жетуіне
керекті мүмкіншіліктердің барлығын беріп отыратын экономика
болып отыр («Коммунист»).
6.Нүкте, сұрау белгісі,
леп белгісі, көп нүктелер жақшаның алдыңғы
сыңары алдынан қойыла береді: 1) Қанікей. Мес,
жоғалт мынаның көзін... (Мес тез жүретін адам еді);
2) Галя. Міне қызық. (Қолына ұстап тұрған
бұйрықтың көшірмесіне қарайды). Шынымен-ақ
кадр бөліміне апарып беремін бе? («ЛЖ»).