№12 Лекция. Оқушының
сөздік қорын байыту, сөздік жұмысының
маңызы мен міндеттері, принциптері. Тіл ұстарту
оқушылардың ойын, байқағыштығын, эмоциялық
әдептігін дамытумен
байланысты, әдебиет сабағымен байланыстылығы жайлы.
Тілдің ғылыми
курсын оқыту барысында
оқушылардың
тілін дамыту,оқушылардың тілден
теориялық
деңгейде білім алуының
жемісі екендігі.Тіл дамытудың ауызша
және жазбаша жұмыс
түрлері жүйесі.
Мазмұнмен шығарма жазу
әдістемелері.Оқушылардың тілдік
қарым – қатынас
жасауда сауаттылығын қалыптастыруда қатысымдық әдістердің үлкен
орын алатындығы. Орфография-сөздердің дұрыс жазылу ережелерін қарастырады.
Қазақ тілін оқыту барысындағы міндеттерді іске
асыру үшін оқушыларды жаттықтыру мен
дағдыландыру керек. Ол үшін қазақ тілінен ауызша да,
жазбаша да жаттығу жұмыстары
орындалады.
Жазу, жаттығу жұмыстары бастауыш кластан
бастап-ақ жүргізіледі. Әсіресе, бастауыш кластарда дұрыс жазуға үйретуден бастап
жазудың күрделенген түрі шығармаға дейін
ұласады.
Соның ішінде дұрыс
жазуға үйрету жұмысы - оқуға үйрету
жұмысымен қатар жүргізіледі. Оқушылар таныған,
білген дыбыстарының әрпін жазуға үйреніп қана
қоймайды, сол әріптерден сөз, сөйлем құрап
жазуға жаттығады. Мұғалім жазуға үйрету
кезінде әрбір әріптің дыбыстық
ерекшелігімен таныстырады. Тақтаға жазылған әрбір
әріп, буын, сөз, сөйлем
оқытылады да, оны анықтап көріп әрі іштерінен
оқып, мәнін түсінеді.
Оқулықта берілген
жаттығулардың 70-80 проценті жазбаша орындалады десек, әр тапсырманың өзіндік ерекшелігі, мақсаты
бар. Оқушылар ол жаттығулардағы сөздер мен
сөйлемдерді талдай отырып жазуға
машықтанады. Себебі жазу мен емле ережелерін меңгерту бір-бірімен тығыз байланысты жүргізіледі.
Орта мектепте оқытылатын қазақ тілі пәнінде тілдің білімдік, танымдық
сипаттармен коммуникативтік және эстетьикалық қызметтері қатар
қарастырылады. Білімдік жүйені балаларға
тілдің ғылыми негізібойынша олардың жас ерекшелігін ескере
отырып сабақтастық ұстанымын басшылыққа алу
қажет.
Танымдық бағытта тілдің
ойлаудың формасы кез-келген танымдық әрекеттің басты
сипаты болады. Танымдық тәрбиелік бағыт беру үшін:
1. Оқушылардың лингвистикалық дүниетанымын қалыптастыру керек.
2. Тілдің қоғамдық
әлеуметтік мәнін игерту.
3. Қазақ тілінің ұзақ
ғасыр тарихы бар екенін таныту.
4. Оқушылардың тілдік
шығармашылық қабілетін жеткізу.
5. Оқушылардың танымдық
белсендіктерін арттыру.
6. Халықтың өзін-өзі
тану құралы - этнолингвистикалық атаулармен
ұғымдарды меңгерту.
7. Тіл
фактілері арқылы, отан
сүйгіштік
ұлт жанды қабілеттерін таныту.
8. Ақыл-ой
интеллектуалды
қабілетті арттырып, дұрыс қарым-қатынас жасауды
үйрету.
9. Қоғам, тіл, табиғат туралы
білімін кеңейту
Практикалық бағыт бойынша
1. Оқушыларға әдеби
тіл нормаларын таныту.
2. Оқушының тілдік сауаттылығын
арттыру.
3. Оқушылардың эстетикалық
талғамдарын жетілдіру.
4. Ана тілінде қарым-қатынас
жасау біліктілігін арттыру.
5. Сөйлесу
әрекетінің
формаларына сай заңдылықтармен талаптарын меңгерту.
6. Қазақ тілінің көне
түркі заманында қолданылатын лексикалық байлығын
меңгерту!
Тіл сабақтарын оқытудың
дидактикалық материалдары ана тілінің
әдеби үлгілерінен алынуы тиіс қазақ тілінен мектепте
сабақ оқытудың аса жауапты кезеңі оқушыға
жаттығу талдау материалдарын таңдауға мынадай талап
қойылады: Біріншіден, жаттығу материалдары
мазмұнды бов^ тиіс. Материалдағы жеке дыбыстар, әріптер,
буындар сөз ішінде, сөздер, сөз тіркесі сөйлем ішінде
алып талданады. Осы мақсатпен алынған мысалдар мен мен диктант текстері ойдан шығарылған
сөйлемдерден құралмай, мүмкін болғанша,
көркем әдебиеттен алынған сөз, сөз тіркестері,
сөйлем, үзінділер болуға тиіс. Алдымен солардың тиімді,
мазмұны дұрыс болу жағын ойлауға тиіспіз. Қалайда
олар балаға дұрыс тәрбие нысанасын
бағдарлауы керек.
Екіншіден, әрбір мысал,
үзінді, әңгіме, өлең, сөз, яғни
диктант текстері тіл /стиль/ жағынан мүлтіксіз; әдеби норманы
ұстануы тиіс. Сонда олар баланы әдеби тілдің жүйесін меңгеруге,
өз тілін дамытуға көмекші бола алады. Мұндағы
басты талап - балаға грамматикадан, орфографиядан білім беру кезінде
оның тіл мәдениетін де арттыруды көздеу тиіс. Сол үшін оқушылар
дұрыс құралмаған жасанды
мысалдардан аулақ болып, әдеби тілдің жақсы
үлгілері бойынша, әдеби тілге тән басқа да мысалдар бойынша
тәрбиеленеді.
Үшіншіден ,
алынған жаттығу, жазба жұмыс текстері тағы басқа материалдар
құрамынан керекті сөздер, дыбыстар, әріптер,
грамматикалық тұлғалар, сөйлемдер жиі кездесетін
болсын. Сондай-ақ практикалық жұмыстардың тірегі де, мөлшері білім көлемін баянды ететін де
«жаттығу» деген атпен беріледі; екіншіден, бағдарлама бойынша
мектептехқазақ тілі 1. «Сауат ашу мен тіл дамыту»; 2. «Оқу мен тіл дамыту»; 3. «Грамматика, емле және тіл дамыту» деген
тарауларға бөлінеді, яғни тіл
дамытуға байланысты жүргізіледі.
Мектепте жаттығу. Жазба жұмыстарына
мынадай талаптар қойылады:
- жаттығу, жазу жұмыстарын жүргізу
оқушылардың жас ерекшелігіне, түсіну қабілетіне сай,
балаларға қызықты, тартымды, оларға ой салатындай болуға
тиіс;
- жаттығу, жазба жұмыстарының
қай түрін орындауға блар оқушылардың
ой-өрісі мен тіл байлығын молайтуды қамтамасыз ету
қажет;
- жаттығу, жазба жұмыстарын
жүргізудің білімджік мәні болуы тиіс,
яғни саналы білім мен бекрік машықтануды көздеу керек. Ол
үшін дайын ережелерді жеке тұлғаларды жаттатып, соларды еске
түсіретіндей ғана жұмыс
жүргізбей, мүмкін болғанша, грамматикалық,
фонетикалық, орфографиялық қағидаларды
айқындауға оқушыларды белсене қатыстыру, талдау
қорыту жұмыстарына жетектеу керек;
- жаттығу арқылы баланы ойландыратын,
өз бетімен жұмыс істейтін талап, сұрақтар қойып
айтылуға тиісті қорытынды ережелерді
дұрыс, тез түсіндіруге болады.
Сонымен жаттығу әдісі
қазақ тілін практикалық жақтан үйрету
әдістері бола тұрып, ол дыбыс заңдылықтарының
өзіндік белгілерін практикалық дағдылар арқылы
меңгеруде үлкен қызмет атқарады. Дыбыс пен әріптің, буын мен сөздің, сөз бен
сөйлемнің ара қатынасын мысалдармен дәлелдеп саналы
түсінуде бұл әдістің пайдасы мол.
Ана
тілінің әдістемесінің үлкен де
күрделі бөлімі-тіл дамыту. Себебі тілдің өзі күрделі құбылыс. Ал қазақ тілі
мен әдебиеті пәнін оқытуға байланысты
оқушылардың тілін дамытудың әдіс тәсілдерін
анықтау күрделі мәселелердің бірі. Тіл дамыту
мәселелеріне арналған әдістемелік әдебиеттер орны,
баланың тілін дамыту тіл ерекшелігі туралы зерттеулер, ұсыныс,
пікірлер, тәжірибелер.
Тіл дамыту әрқашан
мектеп бағдарламасында арнаулы практикалық жұмыстың
түрі ретінде «тіл ұстарту» деп аталып, мақсаты, көлемі,
мөлшерң көрсетілген.
Тіл ұстарту - баланың ойлану процесімен
байланысты, әрі психологиялық фактор,
әрі тіл білімін зерттеу объектілерінің бірі болып саналады.
Сондықтан қазақ тілін оқытудың маңызды
мақсатының бірі болып саналады.
Сондықтан қазақ тілін оқытудың маңызды
мақсатының бірі-баланы жүйелі
сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету.
Психология ғылымында тіл дамытудың
негіздері зерттелініп, ойлау туралы тұжырымды
пікірлер қалыптасты. Бірақ лингвистикада тіл мен ойлаудың
теориялық қағидалары мен негіздері белгіленгенімен оны дамытудың
>;солдарын анықтауда педагогика, оның
ішінде жеке әдістеме ғылыми кенже қалып келеді.
Әсіресе қазақ тілінің
ерекшеліктері, заңдылықтары, грамматикасы орта мектепте
оқытылып, лингвистикалық білім мен оған байланысты практикалық
дағды беру көзделмегенмен, оның қарым-қатынас
құралы ретінде қолдануға, оқушыларды
сөйлеуге, жаза білуге, айтып жеткізе білу жолдарын үйретуге тиісті
көңіл бөлінбей келеді.
Әсіресе, оқушылардың тілін
дамытуға қатысты қазақ тілінің стилистикасы мен
тіл мәдениетінің мектепте қашан, қалай, қайтіп оқытып, үйрету керек деген мәселелер
әлі де болса өз шешімін тапқан жөн.
Бұл құралдың мақсаты-ана
тілі пәнін оқыту арқылы
оқушылардың тілін дамыту жөніндегі теориялар мен практикасын
жинақтап, арнайы жүйеге келтіру, оның кейбір оқыту
мәселелерін жетілдіру болып табылады. Сондықтан бұл
құрал мектептегі қазақ тілі бағдарлмамасы мен оқулық
көлемінде тіл ұстарту жолодарын екі бағытта
анықтауға көңіл бөледі. Біріншісі,
грамматикалық материалдарды қюту , үйрету барысындағы
тіл ұстарту жұмыстарын жүргізудің және тіл
ұстартуға байланысты грамматикалық материалдардың
кандай ерекшелігіне назар аударудың теориялық жақтарын,
екіншіден бағдарлама талаптарына сай арнаулы тіл устарту жұмыстарын
тиімді ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін
қарастырды.
Қазақ тілі сабақтарындағы тіл
ұстарту жұмысын ұйымдастырып жүргізуді мектеп
бағдарламасы ұсынбайды, сондықтан тіл қстарту жұмысының
У-ІХ сыныптарда тұтас жүйесін жасап, оны
жүргізудің әдіо тәсілдерін анықтау басты
мақсат етіп қойылды.
Қазақ тілі сабақтарында тіл
ұстарту жұмысы негізінен екі салаға бөлінеді. Біріншісі, грамматикалық материалдардан білім беру
барысында сол материалдармен байланысты, яғни сол грамматикалық
материалдарды қоғамдағы адамдардың
қарым-қатынаста қолдану ерекшеліктерін таныту болса, екіншісі
арнаулы тіл ұстарту сабақтары болмақ.
Арнаулы тіл ұстарту жұмыстары бқл оқу құралында бірнеше мәселелерге
топтастырылып қарастырылады.
Мысалы, грамматикалық теориялық
материалдан білім берумен байланыстыра тіл ұстартумен қатар,
оқушының тілін дамытуда кейбір теориялық,
практикалық мәселелермен арнаулы мәлімет берудің
қажеттілігі анықталды. Олар: тіл байлығын арттыру.
Тілдің қарым-қатынастағы
кейбір формалары, тілдің көркемдегіш-бейнелегіш
құралдары, текстпен жұмыс , тәжірибелік жазба
жұмыстарды жүргізу т.б.
Сондыктан бұл оқу құралын
әрбір сынып көлеміндегі
бағдарламаның талап, мақсаттарына сай, сәйкес тіл
ұстартудың көлемі анықталып, үлгі жоспар берілді.
Әрбір клаксс оқушыларының жас ерекшелігі мен білім қорына
сәйкес арнаулы тіл ұстартудың кейбір формалары топтастырылды,
оларды жүргізудің әдіс-тәсілдері көрсетілді.
Қазіргі қолданылып жүрген
оқулықтарда тіл ұстарту, стилистика, тіл мәденитетіне
байланысты арнаулы жаттығулар мен текст материалдары аз берілген,
осыған байланысты арнаулы жаттығулар мен текст материалдары аз
берілген, осыған байланысты практикалық жұмыстардың:
жаттығу, тапсырма, мазмұндама іс-қағаздар,
текстер, шығарма жаздырудың үлгілері ұсынылды.
Оқу құралы мен мектегүғаліімдері
әже педагогика
институттарының студенттеріне арналды!
Қазіргі кезде мектеп оқушыларының
ойлау мен сөйлеу әрекетін дамыту күн тәртібіне
өткір қойылуда. Ал сөйлеу ауызша
және жазбаша болатыны белгілі. Сондықтан оқушының
жазбаша сөйлеу икемділіктерін дамытуда ұазаұ тілі мен
әдебиеті пәнін оқытудың
маңызы ерекше. Сондықтан баланы жазбаша сөйлеуге үйрету
мәтін құрастырудан басталады. Демек, сөйлеу тілін
дамыту үшін баланың мәтін туралы түсінігі мен оны
құрастыра білу икемділіктері мен дағдылары
қалыптастырылады.
Ой белгілі бір сөздер
мен сөз тіркестерін байланыстырып, сөйлем арқылы жасалатыны
белгілі. Сөйлем - синтаксистің қарастыратын нысаны.
Сөйлем жай және күрделі болады.
Яғни құрмалас сөйлемның анықтамасы: «Екі я
бірнеше жай сөйлемдерден құралып, күрделі ойды білдіреді» деген пікірмен анықталады. Ал, бірнеше емес,
ондаған сөйлемнің мәні де сол ізбен түсіндіріліп, оны қайырым (абзац) деп, мәтіннің
мәні ашылмай жүр. Сондықтан қазақ тіл ,білімінде,
ғылыми әдебиеттерде, мектеп оқулықтарында мәтін
туралы түрліше түсіндіру байқалады. Мәселен,
мәтін түзетін қайырымды белгілі бір
үзінді, жаңа ойдың басталуы десе, мәтін -сол
шығарманың формасы деп те жүр.
Бұл пікірлерге
қарағанда мәтін дегеніміз сөйлемдер арқылы
жасалған шығарманың толық түрі, немесе
мазмұнды бөлшегі екендігін байқаймыз. Олай болса,
оқушыларды мәтін түзе білуге жаттықтыру үшін
мәтін туралы жүйелі білім, теориялық негіз берілуі керек.
Демек: мәтін түзе білу үшін, ең алдымен,
мәтіннің мазмұнына сай сөйлемдердің
құралатыны туралы білім қарастырылады.
Қазіргі кезде ойды жеткізудің
функциялық жағына назар аударылып келеді. Осыған байланысты
мәтін лингвистикасы деген сала қалыптаса бастады. Сондай-ақ
мәтін стилистикасы деген атпен әр
түрлі жанрларды талдаудан бастап мәтін мәтін стилистикасын
зертттейтін ғылым пайда болды. Ал мектеп
оқушыларының сөйлеу икемділіктерін дамытуда мәтін
құрастыра білу - қажетті мәселе. Сондықтан баланы
шығарма жазуға үйретуден
бұрыны мәтін құрастыра білу икемділігі мен
дағдысы қалыптастырылады. Ол үшін:
• ғылыми
әдебиеттердің негізінде мәтіннің ерекшелігін ашу;
• мәтіннің құрылымын анықтау;
•
мәтіннің жасалуы үшін оны
құрайтын элементтерді, сөйлем, қайырым ерекшелігін
көрсету;
• мәтіннің түрлері туралы мәлімет
беру;
• мәтін
құрастыру
туралы икемділіктері мен
дағдыларын шығарма жаза білу шеберліктеріне ұластыру.
Сондықтан бұл
құралдың мақсаты баланың өз ойын
жүйелі жеткізе білу үшін сөйлеудің нәтижесі
мәтін құрастыру дағдылары мен икемділіктерін жетілдіру
болды. Сонымен бірге, жоғары сыныптарда тіл туралы білімдері мен
көркем әдеби мәтін туралы түсініктерімен байланыстырып,
жазбаша сөйлеу шеберлігі мен мәдениетін арттыру әдістемесі қойылды.
Бұл туралы
оқушының шығарма жаза білу дағдысымен байланысты. Сонықтан
бұл құралдың мақсаты қазақ мен
әдебиеті пәндерін оқытуда мәтін
түрлерін саналы түсініп оқу арқылы есте сақтап,
өз ой-пікірлері мен тұжырымы бойынша икемділіктері мен
дағдыларын дамыту, яғни мәтін құрастыру
икемділіктерін арттырып, ойын жүйелі жеткізе білуге
дағдыландыру болмақ!
Тіл - өзінше қалыптасқан
заңдары, орныққан жүйесі бар
қоғамдық құбылыс. Тіл жүйесін,
заңдылықтарын айқындап зерттейтін, соған орай анықтамалар,
ережелер шығаратын қоғамдық ғылымдардың бір түрі тіл ғылымы деп аталады.
Тіл дамыту дегеніміз не деген
сұраққа С.Рахметова “Тіл дамыту деп балалардың
сөздігін байытуға, сол сөздерді дұрыс
қолдана білуге, өз ойларын, пікірлерін екінші біреуге
сөйлемдер арқылы ауызша, жазбаша жеткізе білуге, яғни
балаларға тілді бір-бірімен пікір алысатын
қатынас құралы етіп, пайдалана білуге үйрету
жүйесін айтамыз”, - деп көрсетеді [3]. Демек тіл дамыту оқыту
үрдісінде тілдік құралдарды қарым-қатынас
ретінде орынды жұмсай бәлуге үйрету болып есептеледі. Ал,
А.Жапбаров: “Біз тіл дамыту жұмыстары деп баланың тілді қарым-қатынас құралы ретінде өз
тәжірибесінде пайдалана білуге қажетті іскерлік пен машығын
меңгеріп, белгілі бір тілдік заңдылықтар мен өнер
үлгілерін қолдана білу икемділігі мен дағдысын
қалыптастыра білу деп түсінеміз. Ал
қазақ тілі пәнін
оқытудағы тіл дамыту – бұл мұғалімдердің
оқушыларды лексикалық, грамматикалық, стилистикалық
және орфоэпиялық пен орфографиялық нормалары мен
заңдылықтарын үйретумен қатар,
қарым-қатынас жасау мен сөйлеу мазмұнына орай тілдік
құралдарды орынды пайдаланып, ойын ауызша жазбаша түрде
жеткізе білу дағдылары мен икемділіктерін қалыптастыру үшін жүргізілетін әрекет деп есептейміз”, - деп
көрсетеді [1].
Сабақты қызықты, тартымды
өткізе білу мұғалімнен ізденуді, білімділікті,
қабілеттілікті, тапқырлықты қажет етеді. Осы
мақсатта мұғалім әр
түрлі оқыту әдіс-тәсілдерін пайдаланып, тіл дамыту
жаттығуларын, ойын элементтерін және көрнекіліктер
қолданады. Басты назар аударатынымыз оқушылардың
сөйлеу, тыңдау, жазу жұмыстарына мұқият
көңіл бөлу.
Оқыту. Сөзді, сөйлемді, сөз
тіркестерін тақтадан, кітаптан, дәптерден
дұрыс оқыта білу – қазақ меңгертуге септігін
тигізеді. Мәтінді дұрыс оқыту – тілге үйретудің
аса қиын да күрделі түрі. Мәтінді оқыту
кезеңінде көптеген факторларды ескеру қажет.
Сөйлемді дұрыс
құрай білуге жаттықтыру.
Байланыстырып сөйлеуді үйрету.
Еркін оқуға үйрету.
Оқытудың мақсаты –
оқушылардың сөздік қорын байыту, ойлау қабілетін дамыту, сөйлеуге үйрету. Оқыту әдістерінің түрлері:
Мәнерлеп оқу;
Қайталап оқу.
Сөйлеу. Сөйлеу әдісі
еркін сөйлеуге, сөздікпен жұмыс жасауға, ойды
қазақ тілінде жеткізуге
үйретеді. Сабақта мынадай сөйлеудің түрлері
қолданылады: сұраққа жауап, ситуация арқылы
сөйлеу, баяндау тәсілі арқылы сөйлеу, өз ойын
айту, ой алмасу, сұхбат туралы
айту, мәтіннің желісі бойынша өз ойын ортаға салу,
диалогтық сөйлеудегі ойды к көрсете
білу, салыстыра отырып әнгімелеу.
Сөйлеу әрекеттерінің түрлері – тыңдау,
сөйлеу, оқу, аудару.
Сұрақ – жауап әдісі.
Сұрақ – жауап әдісі тіл дамытудағы ең тиімді
әдіс болып саналады. Осы әдісті жиі
қолдана отырып, оқушылардың ойлау қабілетін
дамытуға болады.
Өз ойын айту әдісі.
Тіл дамыту жұмысының пайдалы тәсілдерінің бірі - оқушылардың ойын ауызша
жүйелі айтып беруге дағдыландыру.
Ситуация арқылы сөйлесу. Бұл
әдіс сөздер, сөйлем
құрастыруға, болған уақиға жайлы ойын
жеткізуге, еркін сөйлеуге жақсы.
Баяндау әдісі. Баяндау
арқылы тілімізді үйрету.
Сұхбаттасу әдісі.
Сұхбаттасудың мақсаты – сөздерді қайталау, еркін
де дұрыс қолдануға үйрету, грамматикалық
материалдарды, конструкцияны орынды қолдануға үйрету.
Сұхбаттасу оқушының дағдыландырады. Сұрақтар қою арқылы интервью алып жаттығады. Біреуден сұхбат алғанда оны тұжырымдап,
оның қызық және ұтымды жақтарына мән
береді. Сұхбаттың мақсаты – тыңдауды жақсы
дамыту.
Монолог, диалог құрау әдісі. Басты мақсат - өз білімі деңгейінде
өз ойын айтқызып, әңгімедегі немесе мәтіндегі
уақиғаны ілуге ұмтылдыру, ынталандыру. Ситуация немесе
мәтінге байланысты монолог, диалог құруға
үйрету. Екі жұп бір-біріне сұрақ-жауап тәсілі
арқылы өздерінің білген жауаптарын айтады.
Тыңдау. Басқа адамдармен сұхбаттасу,
өз жұптарын тыңдай отыра сөйдеу,
мұғалімнің айтқанын тыңдап түсіну
арқылы сөйлеу әрекетінің тағы бір түрі – тыңдаудыдамыта қалыптастырады. Сөйлеу
үлгілерін көрсету арқылы сұхбаттасу, магнитофон таспасымен жұмыс істеу – тыңдаудың басты
құралы.
Жазу. Сөйлеу және оқуды
меңгергеннен соң, жазу тілі қалыптастырылады. Тіл дамыту
барысында жазу жұмыстары, жаңа
сөздермен жұмыс ерекше орын алады. Сондықтан күнделікті
сабақ барысында бұл жұмыстарға
ерекше көңіл бөлінеді. Жаңа сөздерде
оқушыларға таныстыру барысында мынадай иәсілдер
қолданылады:
Жаңа сөздермен жұмыс.
Сөздік жұмыс.
Түрлі-түсті
суреттер.
Перфокарта, карточкалар.
Магнитофон таспасы.
Сөздермен жұмыс жасау жүйесін
мынадай тәсілдермен өтуге болады:
а) мұғалім оқушылар (хормен қайталау)
ә) оқушы оқушы
б) мұғалім жеке оқушы
в) жеке оқушы
сынып
Жаңа сөздерді меңгергеннен кейін,
әр түрлі дамытуғ арналған
жаттығулар үлкен рөл атқарады. Жаңа
сөздерді қолдану арқылы сөйлем құрастыру,
бірте-бірте күрделі сөйлемдер жасауды үйретеді. Олардың
сауатты жазуына мүмкіндік жасайды. Оқушылардан бірден жазба
жұмыстарын алмая бұрын, мынадай жұмыстар жүргізіледі:
Жаңа сөздерден сөйлем
құрастыру.
Сурет бойынша әр
түрлі жұмыс жүргізу.
Жаттығу жұмыстарын
жасау.
Берілген үлгі бойынша ситуация
құрастыру.
Осыдан соң мынадай жазба жұмыстары
алынады:
Сөздік диктант.
Мазмұндама.
Шығарма.
Бақылау жұмыстары (тест түрінде)
Жазу арқылы жүйелі сөйлеуді,
сөйлеу стилін үйретіп және ауызекі
сөйлеуге жұмыс жасатуға болады.
Сөздік жұмыс. Тіл
дамыту жұмысының негізгі түрлерінің бірі – сөзжік
жұмыс. Жаңа сабақ
сөздік жұмысынан басталады. Студенттердің тілін дамтыуда
сөздік жұмысының маңызы
өте зор. Себебі сөздік жұмысы – тіл
дамыту жұмысының бастапқы негізі болып табылады. Егер
оқушының сөдік қоры кедей
болса, ол айтайын деген ойын нақты жеткізе алмайды. Сондықтан да
сөздік жұмысының оқушыларға сөздерді,
сөйлемдерді дұрыс жазуына, сөйлеу
дағдыларын дұрыс қалыптастыруана тигізетін көмегі зор.
Тіл дамыту, тіл жаттықтыру жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру – оқушылардың
ойлау қабілетін, ойын дұрыс жеткізудің тиімді жолы екені
даусыз. Жоғарыда айтылған тіл дамытудың тиімді әдіс-тәсілдері оқушылардың оқыуна,
сөйлеуіне, жазуына, ойлау қабілетінің дамуына әсері
мол.
Өмір талабына байланысты тіл
дамытудың жалпы мәселелерімен
бірге, жекелеген бағыттары бойынша
А.Жапбаров пен Мусинаның «Қазақ тілі сабақтарындағы
тіл дамыту» еңбегін жатқызуға болады. Бұл
еңбекте алғаш
рет қазақ тілі пәнін оқытудағы тіл дамытудың ғылыми негіздерін,
салалары мен міндеттерін анықтауға қадам жасалды. Сондай-ақ фонетика, лексика, морфология және синтаксистен білім беруге байланысты оқушылардың
тілін дамытудың әдіс-тәсілдерін анықтап, сөздік қорды байытудағы оқушылардың
қызметі нақтыланды . Мәселен, қазақ тілін оқытумен байланысты тіл дамыту жұмысын ұйымдастырудың мақсатын: «оқушының ауызша және жазбаша ойын грамматикалық жағынан дұрыс бере білуге үйрету
мен сөйлеу икемділіктерін дамыту»,- деп, бұл жұмыстарды мынадай дидактикалық ұстанымдарға негіздей жүргізуді
нәтижелі деп табады: 1/сөйлеу мен ойлаудың
байланыстылығын негізге алу; 2/ ауызекі сөйлеу мен жазба тілін дамытуды бір-бірімен
байланысты ұйымдастыру; 3/ тіл дамыту жұмысын грамматика, орфография,
орфоэпиямен бірлікте жүргізу; 4/ тіл дамыту жұмысын
сөздік жұмысы негізінде үйрету. Ал Б.Жақина:
«Сөзді лексика тарауының негізгі бөлігі деп қарастырудың
өзі мына жағдайларды:
1/ лексиканың
міндеттерін айқындайтын негізгі ұғымдарды айқындау;
2/ лексиканы оқытудың лингво-әдістемелік ұстанымдарының ерекшелігін ашу;
3/ лексикадағы
сөз мағыналарын оқыту барысында дидактикалық материалдарды пайдалану”,- деп тапты. Сонымен бірге ол
лексиканы оқытудағы бала тілін дамытудағы негізгі мақсат
оқушылардың
өзінің сөйлеу қызметінде ”белсенді қолданылатын лексикалық құралдар беру қажет», - деп есептейді .
Тіл дамытудың
жоғарғы сапалық негізі – қатысымдық дағдылар мен икемділікті
қалыптастыру. Ал сөздік
қор қатысымдық дағдылардың қалыптасуына
негіз болады. Бұл жөнінде Б. Ысқақов:
«Жас балаға тіл үйреткенде дайын
сөздерді (мағына мен дыбыстар бірлігін) үйретеміз де,
оған біртіндеп мағынаны ажыратуды көрсетеміз. Екінші
сөзбен айтқанда, тіл үйреткенде әр
адам жаңа тіл немесе жаңа сөз жасамайды, ертеден келе
жатқан, ата – бабадан мұра болып берілетін даяр форманы
қабылдайды, біртіндеп оны қолдануға үйренеді», - деп
көрсетеді.
Тіл
үйренгенде бала сөздің жеке фонемалық элементтеріне,
сөздердің грамматикалық формаларына назар аудармайды.
Сөйлем құрап, оның ең жоғарғы
формасына көтерілгенде ғана сөздердің
тұлғасына, байланысу тәсіліне, сөздердің
сөйлемдегі орын тәртібіне, т.б. көңіл аударады. Сондықтан біз зерттеуімізде оқушының сөзді пайдалана білу мақсатында, мына мәселелерді
қалыптастыруға
тура келеді: 1/тілдік құралдар туралы
білім беру; 2/ сөз, ұғым негізінде сөйлеудің орфоэпиялық, лексикалық,
грамматикалық, стилистикалық
икемділіктері мен дағдысын қалыптастыру; 3/ сөз, ұғымды
қолдану негізінде сөйлеу әрекетінің
түрлері бойынша (ауызша, жазбаша) икемділік пен дағдысын дамыту.
Жоғарыдағы пікірлерге сүйене отырып, тіл дамыту деңгейін біз баланың тілдік бірліктерді,
тілдің жүйесін, құрылысын, заңдылықтарын
яғни білімді игеру мен оны
тәжірибесінде қолдана
білу икемділік пен дағдыларын
бірлікте қарастырудың
қажеттігін нақтыладық. Демек, тіл
дамыту деңгейі тілді қатысымдық
әрекет ретінде қарастырылғанда,
сөздік қорды игеру тек
лексикалық қана емес,
сөздің грамматикалық
жүйесі бойынша жүргізу қажеттігі ретінде
анықталды.
Бұл бағытта
есепке алғанымызда, игеру деңгейі
деп біз қарым-қатынас амалдарын орындауда оқушының лингвистикалық және қатысымдық
қабілеттілігі деп түсінеміз.
Демек, тілді игеру деңгейінің мәні мен көлемі
және сапасымен анықталады.
Сондықтан, баланың
тілдік білім мен оны өз тәжірибесінде қолдана
білу дағдысы мен икемділігінің деңгейі жалпы білім
беретін мектеп оқушыларының жас ерекшілігі мен әлеуметтік жағдайының дәрежесіне, сөздерді сандық және
сапалық жағынан игеруіне байланысты болады.
Мектеп көлеміндегі
оқытылатын тілдік теориялық мәліметтер мен материалдар
қазақ тілі пәнінің типтік бағдарламасымен
белгіленеді. Ал тіл дамыту сол бағдарламалық тілдік материалдарды игертуге негізделіп, нәтижесінде мынадай икемділік пен дағдылар қалыптастырылады:
баланың сөздік қорының бай болу, сол сөздердің мағынасына, стилистикалық мәніне байланысты дүрыс қолдана білу шеберлігі;
бір мағына,
ұғымды әртүрлі синоним вариант, тәсілдермен бере білу икемділігі;
ойына орай сөйлем
құрастыра алу қабілеті;
белгілі мазмұнға сай сөйлемдерді
байланыстырып, бір ой-пікір білдіретін қайырым құрастыра алу дағдысы;
бірнеше қайырымнан
мәтін түзе білу икемділігі;
мәтінді функционалды стиль түрлеріне сай қүрастыра білу машығы;
ауызша, жазбаша қарым-қатынас жасау
біліктілігі т.б.
Сөйлеу
икемділігі дегеннің мәні,
мына төмендегі мәселелерді қамтиды:
а/ қатысымдық
әрекеттің
белгілі жылдамдығы (оған ойына байланысты тез сөз таңдау, сөйлем құрауды жатқызамыз) мәселен
бала өз ойын сипаттап образды айтуға төселу үшін, белгілі бір жылдамдықта тілдің
көркемдегіш және
бейнелегіш құралдарын таңдай
білу дағдысы қалыптасқан болуы тиіс;
ә/ дағды жүйелі, біртұтас болуы яғни
бала белгілі бір тақырып,
мәселе жөнінде әңгімелеп бергісі келсе, сөздерді байланыстыра білу арқылы сөйлемдердегі
ойдың жүйелілігі түзелді. Бұл сапа оқушылардың
сөздерді тіркестіре білу, сөйлемдер мен сөйлемдерді
айтылатын ойға
сәйкес байланыстырып қайырым
құра білу дағдысы
автоматтанғанда ғана қалыптасады.
б/
сөздерді дұрыс таңдай білу. Сөйлеу әрекетіне қатысуға даяр болуы, мәселен диалогтағы
шақырушы сұрақка
жауап беру немесе әңгімені одан әрі жалғастыра білу дағдысы, тақырыпқа орай мәтін
құрастыра білу дағдысы
мен икемділігінің қалыптасуын талап етеді.
в/ ал бұл дағдылардың сапасы тұрақты
болуы керек, мәселен, бала бір мәтелдерді біледі, оны өзінің сөйлеу әрекетінде дұрыс
ыңғайлы қолдана алмайды. Бұл баланың
әлі де болса мәтел
мәнін, ондағы сөз тіркестерінің грамматикалық
мағыналарын өзінің сөйлеу әрекетінде тұрақты байланыстырып қолдану
дағдысының қалыптаспағанын
білдіреді.
г/ сөйлеу әрекетіне бейімділіктің қалыптасуы; бұл құбылыс жаңа ахуалға,
жағдайға байланысты сөйлеу әрекетіне бейімді болу
дағдысы және тілдік құралдарды жаңа
сөйлеу әрекетіне ыңғайлы түрде қолдана білу дағдыларының қалыптасуы негізінде жүргізіледі. Бұл
дағдылар неғұрлым тұрақты
және сапалы түрде
қалыптасса, соғұрлым баланың
сөйлеу-қатысымдық
әрекеті тез, нәтижелі
дамытылады. Бұл пікірлерді тұжырымдай
келгенде, тіл дамытуды сөйлеу қатысымдық-әрекет ретінде
қарастыруда белгілі бір икемділік пен дағдылардың
қалыптасу нәтижесінде жүзеге асыратындығын анықтауға
болады. Бұл іскерлік пен дағдылар
сөйлеу әрекетінің мынадай бөлімдері бойынша дамытылады:
а/сөйлеу әрекеті көлемінде сөздік қорының
болуы; ә/ айту икемділігі мен дағдыларды, яғни ауызекі сөйлеу
біліктілігін дамыту; б/ тыңдап түсіну, яғни
дыбыстап сөйлеуді түсіне білу, орфоэпиялық біліктілігін
дамыту в/ оқу икемділігі мен дағдылары, яғни ауызекі
сөйлеу біліктілігі я жазу икемділігі мен дағдылары, яғни ойын
жазбаша жеткізе білу мен орфографиялық біліктілігі. Ал
бұлардың барлығы да сөз ұғымын игеріп, оны тәжірибесінде қолдана білу икемділігіне
тәуелді.
Тілдің бірлігі болып келетін сөз
ойлаудың бір нұсқасы, формасы
болмақ. Ол үнемі ұғыммен тығыз байланысты болады,
ойлау ұғым негізінде жүзеге асса, ал ұғым
сөз жүзінде өмір сүреді, сөзбен білдіріледі.
Сондықтан ойлау сөз, сөйлем арқылы жарық
көреді. Ойлау мен сөйлеу әрекеттері біртұтас ойлау -
сөйлеу әрекетін түзеді. Демек, тіл әрекеті игерілген
тіл материалдарына, ойлауға сүйенеді. Баланың тілін дамыту
үшін ең алдымен сөздік қоры
арқылы ойлай білуге, соңынан сол ойға орай сөйлем мен
мәтін құрастыра алу икемділігі мен дағдысын
қалыптастыру қажетті шарт болып есептеледі.
А. Текучев:
«Оқушылардың өмірдегі тілі, кітаптер оқу және т.б. Осы үдерістің
ұйымдастырылған, бағытты болуын дұрыс ұйымдастыру
негізгі міндет болып табылады»,- деген пікір білдіреді .
Демек, мектеп
баланың тілінің даму үрдісін мақсатты, жүйелі жүргізудің ортасы болып табылады. Ол туралы
А. Петровский: « бала қоғамдық–тарихи
тәжірибені игеру үстінде дамитындығын айта отырып, бала адам
қоғам арасында, адам қарым-қатынастары
нәтижесінде қалыптасқан. Баланың дамуы дегеніміз осы
тәжірибені игерту үдерісі болып табылады.
Бұл үдеріс үлкендер жағынан
үздіксіз басшылық болған жағдайда яғни
оқытуда жүзеге асырылады»,- деп көрсетеді . Олай болса,
сөзді оның ұғымын игеру, сол ортадағы заттар мен
құбылыстарды атаулық ұғымын қалыптастырып
танудан басталады.
Н.
Оралбаева тіл дамыту ұғымының мағынасы, көлемі
кең ұғымда екендігін айта отырып, бұл
ұғымның мазмұнына мынадай мәселелерді енгізеді.
Тіл дамыту сөйлеуге жеткілікті сөздік қорды және сол
сөздерді сөйлемде бір- бірімен
байланыстыратын тілдік нұсқаларды қолдану
заңдылықтарын меңгерту болып шығады ,- деп
тұжырымдайды. . Ал Б
Құлмағанбетова; „Сөз тіркесі, сөйлем
құрауға үйрету жұмысы оқушы ойын
байланыстырып, айта білумен бірге, жаза білуге дағды беретіндігін айтады” . Олай болса,
сөздерді бір-бірімен байланыстырып, сөз тіркесін жасау
арқылы, оларды сөйлемде дұрыс орналастырып, сөйлем
құрау арқылы ойын басқаға
жеткізу икемділігін арттыру баланың тілін дамытудың негізгі
мәселесі болып табылады.
Тіл
дамыту оқыту үрдісінде тілдік құралдарды қарым- қатынас ретінде орынды жұмсай білуге
үйрету болып табылады. Олай болса, М. Балақаевтың:
”…сөз байлығын молайту, сөз тіркестерін, сөйлемдерді дұрыс түсініп, дұрыс құрай
білу, сөздерді орфоэпиялық нормаларын сақтап, дұрыс
оқу - қазақ тілін
оқушылардың бәріне ортақ, бәріне тиісті
талаптар,”- дегені орынды пікір .
Тіл-адамзаттың басты қарым - қатынас
құралы. Тіл арқылы ата –бабамыздың
асыл мұрағаттары, өмір тәжірбиелері, нақыл
сөздері ұғымдырылады. Сондықтан да тіл – ата-ана мен
бала арасындағы дәнекер. Бұл
жөнінде К.Д. Ушинский «Тіл халықтың ешқашан
өшпейтін және үнемі дамып отыратын оның өмірінің әрбір ұрпағына қалатын
маңызды нәрсесі»-деп, әрбір буынның өмір тәжірбиелерімен
жинаған білімдерінің жиынтығы тіл арқылы
ұрпақтан- ұрпаққа жететіндігінің
айғағы екендігін айтады .
Тіл – ұлттың қалыптасуы мен
өмір сүруінің, жеке ұлт ретінде өмір
сүруінің алғы шарты.Бұл
жөнінде М. Жұмабаев: «Тілсіз ұлт, тілінен айырылған
ұлт, дүниеде ұлт болып жасай
алмақ емес, ондай қлт құрымақ» -деген. .
Тілдің ата мен бала арасындағы дәнекерлік және басқа ғылымдарды
үйренуге болатындығын, басқа ғылымдарды үйретудегі аралық қызметінен басқа, оның
басты қызметінің бірі – қатысым құралы ретіндегі
қызметі. Себебі адам
сөйлеген кезінде тіл
арқылы белгілі бір ұғымдарды
білдіреді.