№13 Лекция. Сынақ жұмыстары, оның түрлері.Сынақ жұмыстары,
олардың түрлері, оларды
өткізудің әдісі. Сынақ жұмысының мәтіні мен көлеміне қойылатын
талаптар. Оқушылардың тілін дамытуға
арналған сынақ жұмыстары. Оқушылар жіберген
қателерге талдау жасау.
Сынақ жүмысына қойылатын баға нормалары.
Мектепте жүргізілетін
сынақ жұмыстары мектеп оқушылраның қазақ тілінен бағдарлама
бойынша өтілген тараулардың
әрқайсысы өтілгеннен кейін олардағы материалдарға
сәйкес сөздік диктант, мәтіндік диктант, мазмұндама,
шығарма жұмыстары және
тестік бақылау тапсырмалары арқылы жүргізіелді. Сонымен
қатар сынақ жұмыстары тоқсан соңында және
оқу жылының соңында оқушылардың білімін
бақылау мақсатында жүгізіледі. Мектептегі сынақ
жұмыстары оқушылардың териялық ьілім деңгейі
мен жазу сауаттылығын
бақылау мақсатында жүргізіледі және бағалау
нормаларныа сай бағаланады. Сынақ жұмыстарны жүргізуде
басты назар тыныс белгілерніе аударылады:
Қазақ тіл білімінде пунктуация мәселелерінің
зерттелу тарихын баяндағанда, тыныс белгілері жөнінде
жазылған азды-көпті еңбектерді негізгі үш салаға
бөліп қарауға тура келеді: тыныс белгілері туралы
жазылған жеке мақалалар; тыныс белгілерінің мектеп
оқушыларына арналған оқулықтарда баяндалуы; тыныс
белгілеріне арналған жеке кітапшалар және олардың жетістік
жақтары мен кемшіліктері. Бұлардың
әрқайсысының қысқаша түрде жеке-жеке
тоқталайық.
Хронологиялық жағынан алғанда, қазақ
тілінің тыныс белгілері жөнінде жазылған алғашқы
еңбектердің бірі – Ш.Сарыбаевтың сөйлемде
үтірдің жазылатын орындары туралы шағын мақаласы. Автор
бұл мақаласында оқушылар тыныс белгілерін дұрыс
қоя білмейді, оның себебі қазақ тіліндегі
интонациялық қалыптың бір ізбен өріс алып кете
алмағандығынан деп көрсетеді. Автордың тыныс белгілерін
қоя білуде интонацияның ролін бағалауы, әрине,
дұрыс. Дегенмен, автор мұнда тыныс белгілерін тек интонацияға
ғана байланыстырып қарап, мәселені бір жақты шешеді,
интонация пунктуациялық негіздердің бір түрі ғана екені
ескерілмейді. Ш.Сарыбаевтың екінші мақаласы сөйлемнің
сөйлемнің тұрлаулы мүшелері арасына
қойылуға тиісті сызықшаға арналған. Автор
бұл мақаласында сөйлемнің бастауышын
сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерінен ажырата білу керектігіне,
яғни бастауыш мүшенің басқа бір мүше,
мәселен, не анықтауыш, не басқа бір тұрлаусыз
мүше ретінде танылу қаупі болса, ондай бастауыштан соң
сызықша қойып жазу қажеттігіне көңіл
бөлген. Бұл – дұрыс пікір.
Ш.Сарыбаевтың «Тыныс таңбалары» деген мақаласында
қаратпа сөздердің сөйлемнің басқа
мүшелерінен үтір арқылы ажыратылатыны жөнінде
дұрыс ереже беріледі.
Тыныс белгілері жөнінде С.Жиенбаевтың шағын
көлемді екі мақаласы бар. Оның екеуі де «Тыныс белгілері» деп
аталады. Автор бірінші мақаласында жалпы тыныс белгілерінің
маңызына тоқтала келіп, үтірдің қойылатын
орындары туралы ережелер береді. Автордың өз сөзімен
айтқанда, олар мыналар: «араларында демеу жоқ біртектес мүшелердің
үтірмен ажыратылатындығы; тектес мүшелер арасында «я»,
«немесе» сияқты демеулер тұрса да, үтір қою керектігі,
ал тектес мүшелер арасында «мен», «және», «тағы да» т.б. осы
тәріздес жалғау, демеулердің бірі қолданылса, олардан
соң үтірдің қойылмайтындығы; салалас
құрмалас сөйлемдер құрамына енген жай
сөйлемдерді бір-бірінен үтір арқылы ажырату керектігі;
қаратпа, қыстырма, оңашаланған мүшелерді
сөйлемнің басқа мүшелерінен үтір арқылы
бөлу қажеттігі» т.б.
Х.Басымов «Сөйлемнің тыныс белгілерін дұрыс жаза
білейік» деген мақаласында көп нүкте, нүкте,
сұрау, леп белгілерінің қойылатын орындары жөнінде
біраз түсініктер береді.
М.
Балақаев «Сауатты жазудың негізгі шарты – тыныс тыныс белгілерін
дұрыс пайдалану» деген мақаласында тыныс белгілерін дұрыс
қоюдың негізгі грамматикалық құрылыс және
дауыс ырғағы делінеді. Алайда, автор бұл дұрыс пікірін
тереңдетіп, нақты дәлелдеңкіремеген. Мақалада
сұрау мен леп белгілерінің қойылатын екі жағдайы
ғана сөз етіледі.
Қазақ тілі пунктуациясы жөнінде мақала
жазған авторлардың бірі - Ә. Хасенов. Тілші-ғалым
өз еңбектерінде қазақ тілі пунктуациясының
қалыптасуында бірнеше ғасырлық тарихы бар, замандар бойы
сұрыпталып, қалыптасу дәуірін басынан кешірген орыс тілі
пунктуациясының орасан зор роль атқарғанын дұрыс
көрсетеді. Еңбекте сөйлемнің оңашаланған мүшелері,
қыстырма сөздер мен сөйлемдер және бұл
категорияларды бір-бірінен ажырата білу, оларға қолданылатын тыныс
белгілері жөнінде бірсыдырғы дұрыс айтылады.
А.
Нұғмановтың «Пунктуацияның бір мәселесі» деген
мақаласында бастауыштан кейін қойылуға тиісті
интонациялық сызықша жөнінде айтылады, дегенмен, бұл
ұшқары, бірі-біріне қайшы пікірлері көп
мақаланың бірі.
Бұлардан басқа «Пунктуацияның кейбір
мәселелері», «Сызықша туралы түсінік», «Қазақ
жазбасында тыныс белгілерін қолдану тарихына қатысты соны деректер»
сияқты мақалалар жарық көрді. Бұл
мақалаларда пунктуацияның теориялық мәселелері
сөз етіледі.
Аталған мақалалар қазақ тілі
пунктуациясының әр түрлі мәселелерін баяндауға
арналған. Сондықтан оларда тыныс белгілері жан-жақты
зерттелмеді, қазақ тілі пунктуациясының ерекшеліктері
толық қамтылмады деп кіналау орынсыз болар еді. Мұнда пікір
қайшылығы, ескірген ережелер де кездеседі. Тыныс белгілері
жөнінде жазылған осындай азды-көпті мақалалар қазақ
тілі тыныс белгілерін әлі де зерттей түсу кере екендігін
аңғартады.