№14 Лекция. Казақ
тілін окыту құралдары.
Окулық, оның оқыту ісіндегі басты құрал екендігі. Дидактикалық құралдар.
Оқулықтарга сипаттама беру. Бағдарлама мен
оқулықтың байланысы. Көрнекі
құралдар түрлері.
Қазақ тілі оқулығы.
Оқулықтың жасалу теориясы, оқулықтың
жүйелік-құрылымдық
сипаты. Қазақ тілі
оқулықтарының даму жолы
және олардағы теориялық
және практикалық материалдың берілуінде
сәйкестігінің
сақталуы. Жаңа
буын
оқулықтарының
ерекшеліктері. Теориялық материалдарының берілу
логикасы.
Лингвистикалық
теориялық материалды оқу
мақсатын
сипаттаудың
лингводидактикалық
негіздері. Жаттығу мен
түрлері; олоқулықтарда
орналастыру желісі.
Қазақ
тілін оқыту бойынша
жасалатын оқу-
әдістемелік кешен және
құрылымы. Бағдарлама
және соған негізделіп
жасалған
оқулықтан
басқа
әдістемелік
қосымша
құралдар;
мұғалімге
арналған әдістемелік
құрал диктанттар мен мазмұндамалар жинағы;
тест жинағы; тіл
теориясы оқушыларға
арналған
хрестоматиялар; түрлі
сөздіктер; дидактикалық
картинкалар кеспе
қағаздар жинағы; қызықты грамматика
материалдары; лингвистикалық танымдық есептер
жинағы; сынақ,
емтихан сұрақтары,
деңгейлік тапсырма жинағы т.б
Қазақ тілінің
жүйелі түрде оқытылуы мен ғылыми мазмұнын
нақты және дұрыс анықтау оның бағдарламасы
мен оқулығына байланысты. Орта мектептің 4-8 көлемін
белгілейтін және оқытуға басшылық жасап отыратын Білім
министірлігі бекіткен ең басты мемлекеттік құжат болып
саналады.
Қазақ тілінің
оқулықтарын жазу 1920 жылдардан қолға алына бастады.
Бірақ оқу жоспары мен бағдарлама сол кезде – ақ
жасалынған болатын. Дегенмен, кеңес мектебі тарихында
бағдарламаныңбірнеше түрі болды. Кеңес өкіметінің
алғашқы жылдарында кешенді және жоба бағдарлама
түрлері қолданылды.
ВКП (б) Орталық Комитетінің 1931
жылғы 5 қыркүйектегі, 1932 жылғы 25 тамыздағы
«Бастауыш және орта мектептер туралы» қаулыларында кешенді
және жоба бағдарламалардың кемшіліктері атап
көрсетілді.
Бастауыш және орта
мектептің оқу бағдарламаларына мынандай талаптар
қойылды: бағдарламаның мазмұны ғылымның
негізін берік және жүйелі түрде меңгеру, дұрыс
сөйлеу, жазу дағдыларын қамтамасыз ету, бағдарламадағы
оқу материалдарының аумағы мен сипаты балалардың жас
ерекшеліктеріне сай келуі, тіл мен әдебиет бағдарламалары арасында
байланыс болу керектігі баса айтылды. Мұндай талаптар негізінде 1936,
1938, 1958, 1967 жылдар аралығында қазақ тілі
бағдарламалары қайта жасалды.
Қазақ АКСР Халық
Коммисариаты бағдарламалар жасау, әдістемелік құралдар
жазу мәселелерін 1922 жылғы маусым айынан бастап қолға
алды.
5-7 сыныптарға арналған
қазақ тілі бағдарламасы 1930 жылдары жасала бастады.
Бұлардың 13-15 жастағы балалардың ұғымына
өте ауыр болғаны байқалады.
1936 жылы 23 тамызда Қазақ
КСР Оқу Комисариаты Қ. Жұбанов жасаған
қазақ тілінің 5-7 сыныптарға арналған
бағдарламасының жобасын бекітті.
1939 жылы белгілі тіл маманы С.
Жиенбаевтың редакциясымен қазақ тілі бағдарламасы
басылып шықты. Онан кейін 1940 жылы Ғ. Бегалиевтың
редакциясымен басылды.
1950 жылдан бастап қазақ
тілінің бағдарламасы жаңадан жасалды. 1957 жылы
Қазақ тілі бағдарламасының түсінік хаты
жаңадан жасалды. Бағдарламалық материалдардың әр
сыныпта өтілуге тиісті көлемі нақты көрсетіліп,
әрбір тарау, тақырыпты өтуге сағат белгіленді.
Бағдарлама 12-14 жастағы балалардың жас ерекшеліктеріне сай жасалып,
теориялық ауыр материалдар ықшамдалып, ғылыми мәні
шамалы тақырыптарды енгізбеу ескерілді.
1960-1970 жылдар арасында
қазақ тілін оқыту мәселесі жаңа кезеңге
аяқ басты.
Мектепте оқытылатын
қазақ тілі пәні мен тіл ғылымы арасындағы
алшақтықты болдырмауды ескере келіп, мына мәселелерді іске
асыру қажет болды: грамматика мен лексика бөлімдеріне байланысты
қазақ тілі пәнін ғылыми – теориялық жақтан
жетілдіру керектігі атап айтылды. Мысалы, кейбір ерекше анықтамалар
тілдік категориаларды топтау, қайтадан құрастыру,
жинақтау. Сондай – ақ оқушылар түсінігіне ауыр келетін
кейбір ескірген материалдарды алып тастау т. б.
Міне, оқыту мазмұнына
осындай жаңалықтар енгізілді. Ал әдістемелік жақтан да
бірсыпыра өзгерістер болды. Атап айтқанда, мектеп
тәжірибесіне қазақ тілін тиімді, сапалы
оқытудың әдіс –
тәсілдерін іздестіру міндеті қойылды. Педагогика ғылымы мен
әдістемелерінің соңғы табыстарына, сондай – ақ
алдыңғы қатарлы мұғалімдердің іс –
тәжірибесіне оның ішінде қазақ тілін оқыту
әдістемесіне енгізу қажет болды. Мысалы, тіл дамыту, тіл
ұстарту, байланыстырып сөйлеу, лексика, стилистика
бөлімдеріне байланысты бірсыпыра енгізілді.
1966-67 оқу жылдарына қазақ
тілінің жаңа бағдарламасы жасалып, ол 1967 жылы
Қазақ КСР Оқу министірлігінің коллегиясында бекітілді.
Республикамыздың көптеген
мектептерінде жүргізілген эксперимент бақылау
жұмыстарының нәтижесіне сүйене келіп,
бағдарламадағы материалдарды былайша берудің орынды екені
дәлелденді: 4-7 сыныптарда фонетика мен лексикадан, морфология мен жай
сөйлем синтаксисінен терең білім, берік дағды беру жағы
қарастырылды. Ал 7 сыныпты құрмалас сөйлем
түрлерінің балалардың жас мөлшеріне ауырлығы
ескеріліп, оларға жеткілікті сағат бөлінеді. 8 сыныпта
тілдің тарихы практикалық стилистикадан мәлімет беру,
қазақ тілінің орфографиясы, орфоэпиясы және
пунктуациясынан оқушылардың төменгі сыныптарда алған
білімін қайталау, еске түсіру, қорыту
мақсатындағы материалдар берілді.
СОКП Орталық Комитетінің
сәуір (1984) Пленумы мен он бірінші сайланған КСРО Жоғары
Кеңесінің бірінші сесиясы партия мен кеңес
халқының өміріндегі аса маңызды оқиғалар
болды. Осы, Пленум мен сесияда мақұлданған «Жалпы білім
беретін кәсіптік мектеп реформасының негізгі бағыттары» атты
қаулысында оқу-тәрбие процесінің сапасын қазіргі
талаптарға барынша толық жауап беретіндей жаңа сатыға
көтерілу жолдары көрсетілді.
«Жалпы білім беретін жеке
кәсіптік мектеп реформасының Негізгі бағыттарында»
белгіленген орта білім жүйесіне сәйкес жалпы білім беретін
қазақ орта мектептерінің 5-9 сыныптарына арналып
қазақ тілі бағдарламасы жасалды. Онда қазақ
тілінің мазмұны, мақсаты, міндеті, құрылысы
анықталып, жүйеленді.
Қазақ тілі бағдарламасы
материалдарының орналасу тәртібі, әрбір бөлімнің
сыныптық бір – бірімен байланысы, теориялық материалдардан,
орфографиялық, пунктуациялық материалдардан білім беру
дағдылары сараланып көрсетілді.
Қазақ тілі
бағдарламасы ғылыми принцип негізінде құрастырылды.
Онда әр сыныпта өтілетін оқу материалдарының бір
жылдық көлемібелгіленді. Қамтылған материалдар
теориялық , практикалық әрі әдістемелік жағынан тексерілді.
Материалдарды іріктегенде әр сыныптағы оқушылардың жас ерекшеліктері, қабілет дәрежелері
ескеріліп отырды.
Бағдарламаға енген
оқу материалдары оқушылардың ғылым саласынан
мәлімет алуын, ақыл – ойын, ой - өрісін дамытумен бірге
оларды шынайы сапалылыққа тәрбиелеу мақсаты
көзделді. Сондай – ақ, қазақ тілі
пәнініңәр саласын бір – бірімен байланысты (лексика,
грамматика, фонетика) қарай отырып оқушылардың
қазақ тілінде шебер сөйлей білу дағдысын
қалыптастыру мақсат етілді. «Бағдарлама», «Түсінік
хат», «Пәнаралық байланыс», «Тіл мәдениеті», «Тіл
ұстарту», «Оқушылардың іскерлік дағдыларын дамыту»,
«Бағалау нормалары» және «Мұғалімдер пайдаланылатын
әдістемелік және лингвистикалық әдебиеттер тізімі»
деген бөлімдерден құралады.
Орта мектепке арналған
қазақ тілі бағдарламасы – оқушылардың мектепте
оқу мерзімі ішінде қазақ тілінен алатын білімдерінің
мазмұны мен көлемін, дағдыларын белгілейтін мемлекеттік
негізгі құжат. Бағдарлама оқу пәнінің тек
мазмұнын ғана емес, сонымен қатар оның көлемін де
белгілейді. Онда бұл пәннің өтілу тәртібі,
оның салаларының өзара қарым – қатынасы көрсетіледі.
Мұның бәрі теориялық материалды баяндаудағы,
емлелік және пунктуациялық дағдыларды қалыптастыру
жұмысындағы жүйелілік пен бірізділікті қамтамасыз
етеді.
Осы күні бейімділік мектептеріне
оқушы әр түлі сыныптардан қабылданып жүр. Кейбір
жерлерде 5-сыныптан, енді бір жерлерде 7-сыныптан, кейбір мектептер
9-сыныпты бітіргендерді
қабылдайды, 9-сыныптан бастайтындар да бар. Жобада бейімділік
мектебінң бастауыш сыныптан басталып, бұл бағдарлама білімді
тереңдетудің жалғасы екендігі айтылған.
Жобада көрсетілгендей қазақ тілінің пән
ретінде 5-11 сыныптарға бөлініп берілуі өте
құптарлық жай. Әдетте мектептерде қазақ тілінің
пән ретінде жүргізілуі 10 сыныптан аяқталады да,
оқушылардың жоғары деңгейде сауатты сөйлеп,
сауатты жазуына қиындық келеді. Қазірде бейімділік
мектептерінің 10,11 сыныптарына қазақ тілінен бір сағат
қосылып жүр. Бұған әр мұғалім
өзінше бағдарлама жасап өткізеді. Олай етпесіне болмайды да,
өйткені оқытып отырған оқушыларының тілден олқылығының
қай ережеге сайлығы сол мұғалімнің өзіне
ғана аян. Оның үстіне бейімділік мектебіне оқушы
әр жақтан, әр мектептен қабылданады,
олқылық – жетістіктері де әрқалай.
Жобаның екінші бір
құптарлық жері – қазақ тілінің тарауларына
байланысты ұғымдарды жинақтау, ғылымиландыру бағытында
сызбалардың берілгендігі.
Жобада сөйлем талдау оқушы
ұғымына сай, жас ерекшелігі ескеріліп, оңайдан
қиынға үйретілетіні мақсат етіліпті. Тыныс
белгілерінің қойылу себебі де бірге қарастырылып
отыратындығы айтылған.былайша сатылау комплексті талдау
жасаудың оқушы білімі үшін тиімділігі мол. Енді бір
«бұл қалай болар екен» дейтін нәрсе құрмалас
сөйлемдерге байланысты ұғымдардың 10 сынып
оқушыларының үлесіне қалуы. Бұл кезең
оқушының ой - өрісінің кеңейіп, тілінің
ұстарып қалатын сәті. Оқушы ойын
құрмаластың қай берілісі тыныс белгіге тікелей
әсер етеді. Сондықтан құрмалас сөйлемді 9 сынып
бағдарламасында қалдырса, қосымша тағы да сағат
берсе, синтаксистік байланысты ұғымдардың бәрі осы
сыныпқа кетер еді.
10 сыныптың бағдарламасына
5 сыныптан бастап берілген ұғымдарды жаттығулар мен тіл
дамыту жұмыстары арқылы тереңдетсе , 5 сыныптағы
оқушылардың ұғымына ауырлау болады-ау дегендерді
бағдарламадан алып тастап оны осы сыныпта берсе. Тіл дыбыстарының
жасалу жолдарына байланысты ұғымдардың кейбіреулері ауырлау
секілді.
Қорыта келгенде, жаңа
бағдарламамен жұмыс істеу мектептегі оқу – тәрбие ісін
жаңа сатыға көтеру мақсатын көздеді.
Оқулық
дегеніміз – белгілі бір оқу пәні бойынша ғылыми
білімнің негіздерін бағдарламаға сәйкес баяндайтын ,
оқу мақсатына арналған кітап.
Қазақ тілі
оқулығына қойылатын талаптар.
Оқулықтың
мазмұны мен құрылысы мектепте қазақ тілін
оқыту міндеттерімен және осы пәннің ерекшелігімен
белгіленген. Осыған сәйкес қазақ тілі
оқулығына мынандай талаптар қойылады: 1)
Оқушыларға тәрбие беруге , олардың логикалық
ойлауын дамытуға жәрдемдеседі; 2) Қазақ тілі бойынша
оқушыларға ғылыми жағынан нақты жүйелі
анықтамалар беріліп, мағлұматтар оқушылардың
жасына сәйкес, түсінікті баяндалуға тиіс; 3) Мазмұнды ,
тартымды , тиімді, әдістемелік тұрғыда үйлесімді
бірізділікпен орналасқан алуан түрлі жаттығуларды жеткілікті
енгізілгені жөн; 4) Оқулық мазмұн жағынан
қызғылықты ғана болып қоймай, өзінің
түр – тұрпаты жағынан тартымды болуға тиіс. Бұл
тұрғыдан оқушының сырт бейнесіне де көрнекті
болуының үлкен маңызы бар (әріптердің
көлемі, әр түрлілігі, қағазы, форматы,
түптелуі. т.т.)
Сабақ түрлері
және олардың құрылымы.
Сабақтың түрлері мен оның құрылымы сабақты жетілдіру жолындағы маңызды проблемалардың бірі. Әсіресе сабақтарды топтастыру туралы әр түрлі көзқарастар бар.