№15 Лекция. Казақ тілі кабинеті. Қазақ тілінің оқу
жұмысын ұйымдастыру. Сабак -оқу
жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі.
Мүғалімнің сабакка дайындалуы. Сыныптан тыс жұмыстар. Қазақ тілі пәні
бойынша жұмыстарды жоспарлау
Жоспар:
Сыныптан тыс
жұмыстарды ұйымдастыру.
Сыныптан тыс
жұмыс түрлері.
Сыныптан тыс
оқу.
Мақсаттары мен талаптары:
-
қазақ тілінен
өткен материалды бекіту, нығайту;
- оқушылардың білімін
кеңейту;
- логикалық
ойлауын дамыту, жазбаша және ауызша тілін дамыту;
- қазақша
сөйлеуіне тілдік орта жасау, тілдік жағдаяттар жасау;
- сөйлеу дағдысын қалыптастыру;
Тәрбиелік
мақсаты:
- қазақ мәдениеті,
салт-дәстүрімен таныстыру арқылы қазақ
халқына сүйіспеншілігін ояту;
-
тілге қызығушылығын арттыру;
Талаптары:
-
оқушының жасына лайықты болуы;
-
білім деңгейіне сәйкес ұйымдастырылуы;
-
жалықтырмайтын, шаршатпайтын мерзімде өткізілуі;
- белгілі жоспармен жүйелі жүргізілуі.
Сыныптан тыс жұмыс түрлері
Сыныптан тыс
жүргізілетін жұмыстардың мынадай түрлері бар:
-
жинақталған
тіл материалына байланысты оқушыларды ауызша және жазбаша
түрде сөйлеуге дағдыландыру;
-
өткізу
тәсіліне байланысты үнемі жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар
және кейде уақытша жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар
болып бөлінеді;
-
оқушылардың қатысу
санына байланысты: жеке, топтық, көпшілікпен
жүргізілетін сыныптан тыс жұмыс түрлерібар.
Оқу
орыс тілінде жүретін мектептердегі бастауыш сыныптарда қазақ
тілінен сыныптан тыс жұмыстар ауызша тіл дамытуға
бағытталады. Оған "Ертегілер әлемі" сияқты
үйірмелер жатады. Мұндай үйірмелерде оқушыны қызықтыратын
ертегіні оқу, оны
ауызша әңгімелеу, ертегілерден қойылымдар ұйымдастыру, жұмбақтар шешу жарысын ұйымдастыру,
тақпақ,
өлең айту сияқты жұмыстың түрлері жүргізіледі. Бастауыш мектеп
оқушылары мұндай үйірмелерге
жақсы қатысады және бұл жұмыстың
түрлері оқушыларды қызықтырады. Ол оқушының
қазақша тілін дамытуға зор ықпал етеді. Сыныптан тыс жұмыстың жазбаша түріне дазаң тілінде
шығатын қабырға газеттері, қазақ тілінің беттері кіреді. Жұмыстың бұл түрі негізінен жоғары
сынып оқушыларымен
жүргізіледі.
Оқушылардың
қабілетіне, қатысу санына байланысты сыныптан тыс жұмыстар:
-
жеке түріне:
өлеңді жаттау, рөл бойынша жұмыс, тіл материалын іріктеу,
кітаптар оңу, альбом жасау жатады.
-
көпшілік түріне:
қазақ тілінің ертеңгіліктері, факультатив, әр
түрлі мейрамдар, балалар кітабының мейрамы, конкурстар,
қазақ тілінде берілетін радио бағдарламалар, олимпиадалар,
қазақ тілінің күні, апталығы, қуыршақ
театры және т.б. жатады.
Оңушыларды қызықтыру үшін
қабырға газеті де өте көркем безендірілген болуы керек.
Қабырға газетін үш бөлімге бөліп
қарастырған дұрыс:
1
"Тілге құрмет - елге құрмет".
2) "Біз қазақша
сөйлейміз"
3) "Халық ойындар әлемінде"
Әр
бөлімге қызықты материал енгізу керек:
қазаң тілі туралы, оқушыларының шығармалары, жарыс қорытындылары, ойын
шарттары, жұмбақтар, ребустар кіреді.
Викторина
- бұл сыныптар арасында өтетін сұраққа жауап ойыны. Сұраққа дұрыс жауап беру үшін оқушылар көп
оқуы және көп ізденуі керек.
Викториналарды әр
түрлі өткізуге болады:
- Сұрақтарды ертерек
беріп қойып, соған оқушылардың жазбаша түрде
жауап беруі.
- Сұрақтар ауызша
қойылады да, оқушылар сол арада жауап береді.
Дұрыс
жауапты әділқазылар бағалайды. Жауап ұпаймен
бағаланады. Көп ұпай жинаған
оқушы жеңімпаз атанады. Мазмұнына қарай викториналар екі түрлі болып келеді:
• әр сыныпқа
арналған қазақ тілінің бағдарламасы бойынша
сұрақтар;
• оқу бағдарламасынан тыс қосымша
сұрақтар.
Олимпиада. Олимпиада да викторина
сияқты сұраққа жауап болып
келеді. Викторинадан айырмашылығы: бұл мектеп
оқушыларының қазақ тілінен білімін жинақтау,
бекіту, тексеру.
Олимпиадалар: мектепаралық, аудан, облыс,
республикалық болып бөлінеді.
Мектеп оқушылары арасында жүргізілетін
олимпиадаға мынадай міндеттер қояды:
•
ұлттық мектептерде қазақ тілін оқыту
барысында оқушылардың
танымдық қасиетін дамыту;
•
мектеп оқушыларының сөздік қорын байыту, ауызша
және жазбаша тілін дамыту.
•
оқу орыс тілінде
жүретін мектеп оқушыларына қазақ тілін үйретуде
сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың ең тиімді
жолдарын іздестіру және үйірме жұмыстарының
жылдық қорытындысын шығару.
• қоғамдық әлеуметтік және
тәрбиелік қызметінің мәнін арттыру үшін
аталған пәннен олимпиада өткізудің барлық
кезеңдерінде халыққа білім беру жүйесінің
қызметкерлерін, ғалым-әдіскерлерді, жоғары оқу
орындарының оқытушыларын тарту.
Өткізу тәртібі:
- сынып ішінде, мектеп
ішінде, мектеп арасында, ауданда, облыста, республикада.
-
олимпиада тапсырмаларын
облыстың ұйымдастыру комитеті бекітеді, он бес
күн бұрын республикалық ұйымдастыру комитетіне
өтетін жері мен мезгілін хабарлайды.
Олимпиада екі турдан тұрады:
жазбаша және ауызша.
Қазақ
тілінің ертеңгіліктері
Ертеңгілік бұл маңызды да күрделі
сыныптан тыс мейрамның бірі. Ертеңгіліктің
маңыздылығы бүкіл оқушыларды қамтуы болып
табылады. Ертеңгіліктер бастауыш сыныптарда жиі өтеді.
Қазақ
тілінің апталығы
Бұл апталыққа алдын ала әзірленген
жөн. Ол үшін жабдықтау бөлімін мектеп
мұғалімдеріне бөліп берген дұрыс. Қазақ
тілі апталығы болған кезде мектеп бойынша қазаңтың
халық әндерін тыңдауға, қазақ тілінде
радиохабар беруге болады. Мектептің маңдайшасына апталық
туралы мәлімет жазып қою керек және қорытындысын
барлық оқушыларға жеткізу керек.
Сыныптан тыс
оқу
Сыныптан
тыс оқу сабағын ұйымдастырудың негізгі принципі - сыныптан тыс оқуды бағдарлама
бойынша өтілетін материалдармен байланыстыра жүргізу болып
табылады.
Мұндай оқу сабақтарында
оқушының сыныптан тыс алған білімдері бекітіледі, одан
әрі дамытылып, тереңдетіледі.
Негізгі
сабақтан айырмашылығы: сөз тек
талданатын мәселе төңірегінде ғана емес, соған
жанасымды бірнеше мәселені, адамгершілік, әстетикалық т.б.
мәселені қамтиды.
Оқушының өзіндік жұмысы басым
болып, көптеген әдіс-тәсілдер қолданылады. Сабақ
оқу, еркін әңгіме, сырласу түрінде етеді. Сыныптан тыс
оқу сабағы әдеттегі сабаққа қарағанда
мерекелік сипатта өтеді. Бұл мұғалімдерден үлкен
дайындықты, шеберлікті талап етеді.
Сыныптан тыс оқу сабағы жақсы ұйымдастырылса,
көп мәселелер жайында тағы да біле түсуге
қызықтыра алса, сыныптан тыс сабағы
нәтижелі өтеді.
Сыныптан тыс жүргізілетін
оқу
Негізгі
принциптері:
-
Сыныптан тыс
жүргізілетін оқудың сыныпта жүргізілетін оқумен
тығыз байланысты болуы қажет;
-
Сыныптан тыс
оқудың бағдарламасы қазақ тілінің
бағдарламасымен үндесіп жатуы керек;
-
Сыныптан тыс оқуда
оқушыларды қызықтыратын мәселе бойынша тапсырмалар
беріледі;
-
Оқушылардың
өз еркі бойынша сыныптан тыс оқуға бейімдеу қажет.
Сыныптан тыс уақытта балалардың кітап
оқуын ұйымдастыру өте маңызды мәселе.
Оқырманмен тіл табысып, жүйелі
тақырыпқа сәйкес шығармалар оқыту. Мысалы: айына
бір рет "Сырласу сағаты" атты кітапханалық
сабақтарды жүргізудің маңызы зор. Бұл күнді
оқушылар кітап мерекесі ретінде күтіп жүреді. Оған
алдын аланақты жоспар, дайындықтар жасалады.
Мысалы: сынып арасында сайыс
жүргізудің жоспары.
Сайыстың мақсаты:
- өтілген
тақырыптарды қайталау, қорытындылау. Оқыған,
жаттаған сөздерін, сөз тіркестерін ауызекі сөйлеу
тілінде қолдану.
- қазақ
халқының ұлттық дәстүрімен таныстыру. Сайыс
өтетін бөлмеге киіз үй бөлігі қойылып,
дастарқан жасалады, даналық сөздер жазылып ілінеді. Олар: Тіл
өнері - дертпен тең. Халық пен халықты, Адам мен адамды
теңестірген нәрсе - білім (М.Әуезов)
Білекті - бірді жығады, Білімді - мыңды жығады, т.б.
Ойын тәртібі: оқушылар сурет бойынша жабайы, үй жануарларын топтайды,
атауларын атайды. Лексиканы меңгертуге арналған ойындардың
оқушыларды дұрыс сөйлеуге үйретуде маңызы зор.
Сабақ барысында алған білімдерін дұрыс қолдануға,
саналы меңгеруіне ыңпал жасайды.
Оқушыларды
қазақ тіліне тән дыбыстарды үйретудің түпкі
мақсаты — олардың айтылған тілде ойларының,
сөздерінің түсінікті жеткізілуі. Оқушыларды
қазақ тіліне тән дыбыстарды еркін меңгеруіне себебін
тигізетін ойындардың бірі - санамақ. Қазаң тіліне
тән дыбыстарды үйрету үшін санамақтарды пайдалануда
әрбір тіл үйретуші маман іскерлік танытуы керек. Мысалы, халық
ойыны "Қуырдуыр қуырмашты" сабақта пайдалану
барысында мұғалім оқушылардың ерекше дыбыстарды айту
дағдысымен бірге сөздік қорын байыту, қазақша
тілін дамыту мақсаттарын да жүзеге асырады. Ойынды не үшін
жүргізгелі тұрғаны мұғалімге белгілі.
Сондықтан мұғалім алдымен ойынның тәртібін
балаларға түсіндіреді де ойынды өзі бастап, ойнау
тәртібін көрсетеді.Ойынға екі оқушыдан кезектесіп
қатысады. Ойнаушы алдымен басбармақтан бастап шынашаққа
дейін саусақтардың атын түгел айтып беруі қажет. Сосын
саусақтарын түгел жұмады.
Қазіргі кездегі дидактикада
сабақтарды топтастыру мынадай белгілерге негізделеді: оқыту мен
нақты сабақтың мақсат – міндеттері және
сабақтың кезеңдері. Осыған орай сабақтардың
мынандай негізгі типтерін ажыратуға болады:
1)
Жаңа білімді хабарлау сабақтары.
2)
Жинақтау және қайталау сабақтары.
3)
Білік пен дағдыларды қалыптастыру
сабақтары.
4)
Білімді тексеру, бақылау сабақтары.
5)
Аралас сабақтар.
6)
Лекция сабағы.
7)
Пікірталас сабағы.
Сабақ біртұтас
құбылыс бола тұрып, бірнеше, түрлі дидактикалық
мақсаттардың орындалуын талап етеді. Мұғалім алдымен
оқушыларды сабаққа дайындау, одан кейін өткен
материалды еске түсіру, жаңа материалды түсіндіру, оны
бекіту, үй тапсырмасын беру сияқты мақсаттарды
көздейді. Осындай мақсаттарды орындауға
бағытталған сабақтың белгілі кезеңдері ,
құрылымды бөліктері болады, олар: сабақтың
басталуы, үйге берілген тапсырманы тексеру, оны пысықтау және
нұсқау беру. Сонымен сабақ құрылымы деп
сабақтың барысында оның құрамды
бөліктерінің , кезеңдерінің бір – бірімен ұштасып
, белгілі тәртіппен жүзеге асырылуын айтады.
Сабақтардың құрылымы оқытудың мақсат
– міндеттеріне , оқу материалының мазмұнына қарай
және қолданатын әдіс - тәсілдеріне байланысты
әртүрлі, көп түрлі болып келеді.
Қазақ тілі –
оқушының өмірлік қажетін өтейтін қатынас
құрады. Сондықтан мектептерде ана тілін арнаулы әрі
негізгі пән ретінде оқытуға ерекше мән береді.
Тілден алатын білім көбінесе
абстракциялы ережелер мен тілдік заңдарға негізделген
мәселелерге сүйенеді. Мәселелердің көлемі,
балаларға берілетін білім мөлшері олардың жас
ерекшеліктерімен, мәселелерді қабылдай білу қабілетімен
тығыз байланысты болады. Осы тұрғыдан, грамматикалық,
лексикалық, орфографиялық және тіл дамыту материалдарын
меңгертуді дұрыс әдісін табуда көп мән бар.
Қазақ тілін
оқытудың мақсаты – тек баланың сауатын ашу, ана тілі
пәнінің ғылыми негізін білдіру ғана емес , сондай –
ақ оларды игі қасиеттерге , тілді қарым – қатынас
құралы ретінде қолдана білуге тәрбиелеу.
Оқулықтағы
жүйелі білім беру жұмысы тиісті ережелерде басталмайды, баланы сол
ереже , түсініктерге қарай жетектейтін тілдік материал басталады.
Оқушы жаттығуларға берілген дидактикалық материалдарды
ұғына, тапсырмаларды орындай келе, солардан өздері
қорытынды шығаратындай кезең басталғанда,
жинақталған ережелер беріледі. Сонда олар тосыннан айтылған
қағидалар болмай, өздеріне бұрыннан түсінікті,
өздері – ақ қорыта алатындай болады. Тілден өтілген
материалдарды толық меңгертіп , оны тиянақты білгізу жолында
көбірек қолданылып жүрген өнімді әдістердің
бірі – жаттығу әдісі.
К.Д.Ушинский: «Оқушылардың
сөйлеу қабілеттілігін жетілдіруді ойлаған жетекшілер оларды
жаттықтырып отыру керек», - деген. Ы.Алтынсарин: «Жаттығу
әдісі оқушыларды білім алуға үйретеді,
дүниетанымын кеңейтетін әдіс.», - деп есептеген. А.В.Текучев:
«Жаттығуды грамматикадан өтілген теориялы материалдарды
түсіндіруді ғана сипаттайтын әдіс деп қарауға
болмайды, ол тілдің ұйымдастырылған сабақтың
өте қажетті білімі және айырып қарауға келмейтін
тарауы. Егер орыс тілін оқытуда жаттығуды қолданбай білім
берілетін болса, ол өмірден, практикадан, нақтылы тілдік
материалдардан қол үзген құрғақ
теориялардан болып шыққан болар еді.», - деп
анықтайды.Қазақ тілінен берілетін білім негізінен мынандай
мақсаттарды көздейді: «Тіл материалдары меңгерту барысында
оқушының ой - өрісін кеңейту, сөздік қорын
байыту, ауызша сөйлеу және жазбаша тілін жетілдіру, сауатты жазу,
әдеби тіл нормасында тіл мәдениеттілігін арттыру», - деп
көрсетеді.