№1  Лекция. Қазақ тілі әдістемесі туралы кіріспе. Қазіргі әдістеме ғылымының өзекті мәселелері.

Жоспар:

       Қазіргі әдістеме ғылымының өзекті мәселелері.

       Ғылым адам баласы ой-санасының, дүниетанымының өсуіне байланысты бірте – бірте дамып, қалыптасады. Ғылымның алуан түрі бар. Срның бірі қазақ тілін  оқыту әдістемесі.

Қазақ тілі әдістемесі  ғылымның бір саласы ретінде педогогика ғылымының құрамына енеді. қазақ тілі әдістемесі – тарихи жағынан дамыған, жетілген, теориялық негізі қалыптасқан, белгілі бір ғылыми жүйеге келген ғылым.

Әдістеменің зерттейтін объектісі, мақсаты зерттеу әдістері қалыптасқан жүйесі бар. бұл әдістеме ең алдымен оқушыға қандай тілдік категорияларды үйрету керек, қандай әдіс тәсілдер арқылы үйретуге болады деген мәселелерді қарастырады.сондай – ақ қазақ тілін оқыту әдістемесі – қазақ әдеби тілінің маңызын , әдіс – тәсілдерін, амалдардан оқушыларға ана тілінен білім берудің , оны меңгерудің жолдарын үйрететін ғылым. мұғалім ана тілінен теориялық білім беру арқылы өзін қоршаған ортаға көзқарасын қалыптастырылады, Отанына шын берілген нағыз патриот азамат етіп тәрбиелейді. сондай дағды мен білім тәрбие беру қазақ тілін дұрыс оқыту арқылы іске аспақ. Сонымен бірге, әдістеме мұғалімді педогогикалық қыр-сырымен жете таныстырып қана қоймай, қазақ тілін тиімді оқыта отырып, өзінің мамандығын құрметтеуге тәрбиелейді. Яғни ғылыми дәлелденген, мектеп тәжірибесінен саналған ең тиімді оқыту әдістері мен тәсілдерін қазақ тілін оқыту барсында пайдалануға мүмкіншілік жасайды. Сайып келгенде, әдістеме мұғалімнің шығармашылық жұмыс істеуіне бағыт берумен бірге сабақ, берудің тиімді әдіс – тәсілдерін меңгеруге көмектеседі.

Қазақ тілін оқыту әдістемесі лингвистика, логика, педогогика және психология ғылымдарымен тығыз байланысты.

Әдістеменің лингвистикаға байланыстылығы, біріншіден – ол оқылатын пәннен жеке дара қаралмайды. атап айтқанда, тіл білімі жөніндегі материалдардың мазмұнына  орай әдіс – тәсілдерді талдау, қолдану мен дидактикалық материалдарды таңдап, іріктеуге тікелей байланысты. Мысалы:  фонетикалық талдау әріптері дыбыстарды дұрыс айта білу, ал сөз таптарын оқыту барысында морфологиялық талдау түрлі, салыстырулар жалғау және жұрнақтың ара – жігін ажыраттыру сияқты әдіс – тәсілдер қолданылады .

Тіл ғылымның үздіксіз дамуды нәтижесінде әдістеме де жетіліп, байып отырады. мектепте оқытылатын қазақ тілі курсы лингвистика ғылымына жаңадан енген теориялар мен тілдік фактілер арқылы дамуда. Мысалы соңғы кезде қазақ тілі бағдарламасында елеулі жаңалықтар енді. Атап айтқанда синтаксис бөліміне сөз тіркесі туралы мәліметті енгізу қарастырылады. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің алдына үлкен міндеттер қойылды. осы тақырыпты ғылыми тұрғыда оқушыларға түсіндірудің  тиімді  әдіс – тәсілдері іздестірілу қажеттілігі туып отыр.

Қазіргі педогогика, психология, логика ғылымдарының соңғы жаңалықтарына шолу жасай келіп, қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылымы ретінде дамуының басты ерекшеліктеріне ынта мәселелердің төңірегінде қарастыруға болады. әдістемелік зерттеу жұмыстары жетілдіріліп, олар кең өріс алады. эксперименттік бақылау жұмыстары жүргізілуде, мектеп тәжірибесі жан – жақты зерттеліп, жаңа факті дәлелдермен байытылуда. Сондай –ақ жалпы әдістеме ғылымындағы жетістіктері, әсіресе орыс тілі әдістемесіндегі, қажетті  тиімді, пайдалы деген іс – тәжірибелерді пайдаланып келеміз. атап айтқанда оқушылар үлгеріміндегі басты кемшіліктері, оны жоюдың нақты жолдары қарастырылуда. Мысалы, тіліміздің, фонетикалық, морфологиялық негіздерін  жетік білмеуден емлелік қате жіберу , функциялық және стильдік қателерінің кездесуі қазақ тілін оқыту әдістемесіне басты назар аударылды, талап етілді. Сондай-ақ мектептегі оқыту-жүйесінің деңгейін мұқият бақылау, зерттей отырып, әдістеме ғылымының жаңалықтарын, әсіресе қазіргі сабаққа қойылатын талаптардың  мұғалімнің үнемі хабардар болып, өсіп отыруын негізгі мәселелердің бірі деп санау керек, яғни қазақ тілі  білімі мен оның әдістемесін тығыз байланыста қарау, мұғалімдердің жан-жақты шығармашылық ізденістерін дамыту, ой туғызу, көмектесіп бағыт беру, қазіргі мектеп реформасы талаптарына сәйкес негізгі мәселелердің бірі болып есептеледі.

Қазақ тілін  оқытуда әдістемелік жетілдіру процесі әлі аяқталған жоқ, өйткені әдістеме озат мұғалімдердің тәжірибелерімен толығып,   мазмұны мен жүйесі құрылысы кеңейтіп, байып отырады. Әдістемеде қолданылып келген кейбір ереже, анықтама, түсініктер, терминдер нақтыланып, жетілдіріліп, дамытылып отырады. Мысалы, қазақ тілі әдістемесінің біраз проблемаларын зерттеген әдіскерлердің бірі И. Ұйықбаев кезінде диктанттың мына сияқты түрлерін ұсынған болатын : түсіндірмелі, терме, өздік шығармашылық, еркін, сөздік және бақылау диктанттарын ал әдіскер  Е Көшербаев шығармашылық диктант, ерікті диктант өздік, ескерту және бақылау диктанттарын ұсынса әдіскер К . Жолымбетов көру диктантының психологиялық жағынан тиімділігін айқындайды.

Бірсыпыра оқулық авторлары мен лингвист ғалымдар Ә Хасенов, А. Әбілқаев “түсіндірмелі салалас” “бұйрықты сөйлем” деген тілдік терминдерді қазақ тілін оқыту әдістемесіне ұсынады .

Ғылым ретінде қазақ тілін оқыту әдістемесінің дамуы ең алдымен, тәжірибеде жинақталған фактілер мен эксперимент, бақылау жұмыстарының деректеріне аса көңіл бөлініп, қолданылып жүрген әдіс- тәсілдердің кемшілік жақтары анықталып онан ғылыми қорытынды жасауға талаптар  қойылуында. Әсіресе, оқушылардың ойлау қабілетінің дамуына, жетілуіне, сондай-ақ олардың сөйлеу және есту қабілеттеріне, зейініне көңіл бөле отырып, тілдік материалдарды орынды қолдана білу сияқты іс- әрекеттердің арттыру негізгі мәселелердің бірі болып отыр .

Мысалы, қазақ тілінің фонетика, лексика, морфология, синтаксис, тіл дамыту бөлімдері ғалым- әдіскерлердің ұзақ жылдар зерттеу жүргізуі нәтижесінде, мектеп тәжірибесінде сыналып байқалды. Олардың кемшілік, жетістік жақтары нақтыланды.

Тіл ұзарту жұмыстарына байланысты тіл дамыту жұмысының жүйесін анықтау, жазба тіл мен ауызекі сөйлеу, байланыстырып сөйлеу әдістемесі, лексикалық материалдарды сұрыптау, тілдік материалдарды стилистика осы әдістемеде  көрсетіліп отырады [13-6 ]

Атап айтқанда, оқушыларға берілетін білім қорын күнделікті өмір тәжірибесімен, әрбір сабақта мұғалімнің сөзімен ұштастыратын көрнекілікпен байланыстыра отырып, оның тиімділігін арттыру тек жақсы жабдықталған дұрыс ұйымдастырылған пәндік кабинеттер арқылы іске асырылады  Оқытудың кабинеттік жүйесіне көшу- мектептердің экономикалық , педагогикалық және ұйымдық тұрғыдан күрделі проблемаларының бір Республикамыздың көптеген мектептерінде озат мұғалімдер сабақты кабинеттік жүйе бойынша шығармашылықпен өткізіп, сыныптан тыс жұмыстар жүргізудің алуан түрлі тәсілдерін жетілдіруде, сондай- ақ, оқу кабинеттерін қазіргі заман талабына сай қалай жабдықтауды, сол арқылы тәжірибе мен оқыту процесін кешенді ұйымдастырып, қажымай- талмай еңбек етуде .

Алдыңғы қатарлы мұғалімдер мектептегі бүкіл оқу процесі арқылы оқушылардың білім алуға деген ынта- талабын оятып, олардың таным белсенділігін арттыруда көптеген жұмыстар атқарып отыр.

Оқушылардың саналы көзқарасының негізгі мектепте, қолданады. Мұның өзі бүкіл оқу- тәрбие жұмысы арқылы іске  асырылады. Сондықтан мұғалімдердің ғылыми- теориялық білімдерін үнемі көтеріп, мәдени және идиялық, саяси өрісін кеңейтіп, ұстаздық шеберлігін әрқашан жетілдіріп отыру қажет.

Мұғалім оқыту үшін ең алдымен өзі оқуға тексті. Ол сонда ғана мектептің алдында тұрған көп міндеттерді ойдағыдай шеше алады. Демек ғылыми әдістеме әр уақытта да, мұғалімдердің озат іс- тәжірибесімен байып, толысып отырмақ .     

Оқу- тәрбие ісіндегі ең қажетті мәселе мұғалімнің психологиялық жағынан дайындығы әсіресе, қазақ тілін оқытуда мынадай психологиялық, ерекшеліктерді меңгерту  қажет болады. біріншіден, сөйлеу процесіндегі ерекшелік екіншіден, жеке оқушының ана тілін меңгерту қабілеті ескерілуге тиіс. Сондықтан қазақ тілін оқытатын мұғалім өз пәнінің ерекшелігіне қарай психологияны жақсы білуі аса қажет.

Оқушылардың материалды меңгере алуының психологиялық негізі сабақтың әрі әсерлі әрі қызықты  өткізілуіне байланысты. Сабақ психологиялық жағынан  неғұрлым, әсерлі болса, оқу материалын олар соғұрлым терең түсінеді. Бұл мұғалімнің шеберлігіне де қатысты мәселе. Сабақты психологиялық жағынан өте тартымды етіп құру үшін, негізгі үш жағдайдың болуы шарта бірінші жағдай- сабақтың  педагогокикалық  тұрғыдан ойдағыдай болуы оған қатысты мәселелер шартты  түрде мұғалім мен оқушылардың сабақ кезіндегі  қарым- қатынасты, мұғалімнің өзін- өзі ұстау мәндері, оның өнегелі өнегесі, сыртқы келбеті- пішіні, сөйлеу мәдениеті,  оқушыларға қатаң талап қоюмен бірге , олардың  сыйлай да білу,  саналы адамгершілік пен  парасаттылыққа баулу т.б Мұғалімнің сабақта жеке оқушыны өзіне қаратып зейнін аудара білуі Сынып ұжымын тегіс меңгере алуын қамтамассыз етеді. Сабақтың теориялық жағы негізгі фактілерімен  дәлелденіп, оның ғылыми мәні көңілге қонымды болса, ол  оқушылардың логикалық ойлау ынтасын арттырады және сабақ оқушыларға әсерлі болады Үшінші жағдай- Сабақтың әдістемелік жағынан тиімді болуы, Бұл мұғалімнің материалды баяндау әдісін шеберлікпен игере алуында дидактикалық заңды принциптерді орынды қолдануына,  қажетті көрнекі  құралдар мен тәжирибе жұмыстарын тиісті кезінде  көрсете білуіне байланысты.[ 1,25-26]