№2  Лекция.  Қазақ тілін оқытудың принциптері мен міндеттері. Қазақ тілін оқыту әдістері, ойлау тәсілдері. Оқыту әдістерінің әр түрлі топтастырылуы. Оқытудың проблемалық түрі.

          Қазақ тілі - мектепте оқылатын негізгі пәндердің бірі ретінде. Пәндер жүйесіндегі орны мен маңызы. Қазақ мектебіндегі қазақ тілі пәнінін ана тілі ретіндегі феномендік ерекшелігіне байланысты оқыту заңдылықтары. Қазақ тілі пәнінің білім берудегі, тәрбиелік, дамытушылық маңызы.

Қазақ тілін оқьпудың эмпирикалық және теориялық деңгейлері және олардың өзара сәйкестіктерін сақтау мәселесі. Қазақ тілі заңдылықтарын оқушының ойлауы мен тілін дамыту бағытында оқытылуының заңдылықтары.

     Мектептегі оқылатын қазақ тілі жүйесінің ұғымдарын терминдерді меңгерту барысында логикалық операцияларды қолдану жолдары. Ереже мен оның құрылымы.

Қазақ тілін меңгерту барысында оқушыда қалыптасуы тиіс машықтар мен дағдылар. Эмпирикалық әдістер мен тсориялық әдістерді қолдану дағдылары.

Қазақ тілі пәнінің басқа пәндермен байланысы: әдебиет, математика, шет тілі, химия, физика, биология, музыка, сурет, информатика т.б.

Оқушылардың жазба және ауызша тілі дамуындағы қазақ тілінің және барлық пәндердің алатын орны. Оқушылардың сөйлеу мәдениетіне, орфографиялық және пунктуациялық сауаттылығына қойылатын бір/й талаптар.

Тіл біліммен байланысы. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттейтін басты объектісі оқушыларға тілді меңгерту болғандықтан, ол ең алдымен тіл біліміне арқа сүйейді. Өйткені мектепте қазақ тілі пәнінен өтілетін материял тіл білімі ғылымның негізінде белгіленеді. Яғни, қазақ тілі пәнінің мектепте оқытылуы мазмұнын анықтау әдістемесінің міндеті болса, бұл міндетті шешуде ол тіл білімнің мағлұматтарына сүйенеді. Атап айтқанда, фонетиканы оқыту әдістемесі лексиканы оқыту әдістемесі т.с.с.аталудың өзі тікелей қазақ тіл білімі салаларының атаулары екені өз - өзіне  түсінікті. Сондай – ақ, мысалы, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік талдаулар - әдістемелік тәсілдер, ал бұл атаулардың өздері және мазмұны тіл біліміне тән. Ендеше қазақ тілін оқыту әдістемесі өзінің бұдан былайғы даму барысында тек педагогикалық қана емес, белгілі дәрежеде тіл білімдік ғылым болып та қалыптасуда. Мысалы, тіл белгімен берілетін фонетикалық мағлұматтар дыбыстарды дұрыс айту, жазу, дұрыс сөйлеу, мәнерлеп оқуға, емлеге үйрету сияқты әдістемелік мәселелермен тығыз байланысты іске асырылады.

            Ендеше әдістемелік негізде мектеп грамматикасы мен ғылыми грамматика бір – бірімен тығыз байланысты, тіпті біртұтас деуге де болады.

            Педагогикамен байланысы. Жалпы тұрғыда педагогика жас ұрпақтарға білім, тәрбие берудің мәні, мақсаты, мазмұны, әдістері, құралдары мен ұйымдастыру түрлері туралы ғылыми ретінде сипатталады. Дидактика педагогиканың маңызды бір бөлігі – оқытудың жалпы теориясы ретінде қазақ тілі әдістемесінің негізі болып табылады. Әдістеме дидактика ұсынған оқыту принциптеріне, оқыту әдістерінің теориясына сүйенеді. Мектепте қазақ тілін оқыту барысында ұрпақ тәрбиелеу проблемаларын талдап – шешуге қатысады, қазақ тілі сабақтарында берілетін тәрбиенің жолдарын ( бұл тәрбиеге мазмұны сәйкес материалды, мысалдарды, сұрыптау, көркем шығарма материалын пайдалануы т.б. ) тіл құралдары арқылы іске асыруды жан – жақты қарастырады.

            Психологиямен  айланысты. Психология оқушының психологиялық ерекшеліктерін сипаттайды. Жоғары нерв жүйесінің қызметі туралы ілімге сүйене отырып, ол оқытудың  әдісі мен тәсілін психологиялық тұрғыда дәлелдеуге көмектеседі. Сөйтіп, қазақ тілін оқытуға байланысты әдістемелік мәселелерді дұрыс түсініп, практика жүзінде шешуге мүмкіндік береді.

          Мұғалім өзінің әрбір оқушысын, оның психикасын, материалды қабылдау және есінде сақтау дағдыларының дәрежесін білуге жағдай жасайды, оқушыларды жүйелі зерттейтін әдістермен қаруландырады. Оқушының психологиясын білмей тұрып, қазақ тілі әдістемесі ұсынған әдістер мен тәсілдерді тиімді пайдалану мүмкін емес. Бұл әдістер мен тәсілдер оқушылардың жеке басының ерекшеліктерін, ойлау қабілетінің даму процесін, жалпы жетілуін есепке алмайынша, мақсатқа жете алмайды.