№3 Лекция. Көрнекті ғалым - әдіскерлердің мұрасы.

Көрнекті ғалым әдіскерлердің мұрасы туралы. А.Байтұрсынов М.Жұмабаев, Х.Басымов, С.Жиенбаев, Ш.Х.Сарыбаев, Қ.Жұбанов М.Ұйықбаев, Ж.Аймауытов, А.Әбілқаевтардың әдістемелік құралдарына шолу жасау.

          Бастау тегі байырғы, мазмұн – мағынасы мейлінше төлтума қазақ мәдениеті жиырмасыншы ғасырда жойылып кетудің аз-ақ алдында қалды.Бұрынғы ұлылардың бірі тілді туындатушылар мен жоғалтушылардың  ортасында сол тілді ұқсата алмаушылар бар деген. Бұқара жұртшылық деңгейіндегі істі де икемді тіл, көшпелілір өмірінің сан ғасырлық және сан-сала тәжрибесін тал бойына сіңірген тіл, мәңгілік жұлдызды аспанның, ғарыштың суретін көкірегіне қондырған, көшпелінің қиялына қолғанат болған тіл тұтынуға жарамсыз болып қала жаздады.

        Бұған себеп – отарлаушылардың тұрақты, мақсатты жүргізілген ішкі-сыртқы саясатының күшімен ата-бабамыз қалыптастырған  отбасы тәрбиесінің, яғни тәрбие дәстүрі мәдениетінің бұзылуынан ба дейміз. Ата – бабасы сөйлеген аяулы ана тілі тұрғанда баланың өз әке – шешесімен, туған – туысымен өз отбасында өзге тілде  шүлдірлесуі қай дәстүрімізде бар? Егер әр қазақтың баласы жақындарымен өзінің ана тілінде сөйлессе қазақ тілі бүгінгідей  күйге ұшырар ма еді? Бұл арада тіл мәселесін отбасы шешіп тастайды деген ұғым тумаса керек. Мұнда мәселе бастау-бұлақтардың  суынан құралып, арналы ұлы дариялар ағатындай, қайнар көзі отбасы тәрбиесімен ашылып, бұлқына аққан бала бұлақтың ана тілі дариясын тасытар құнарлылығында  болып отыр. Тіліміздің тағдыры – өзіміздің тағдырымыз. Оған салғырт қарауға өзгені емес, өзімізді сыйламау.

        Бұл тұрғыдан мынадай жағдайда тоқтауға болады.

        Біріншіден, қазақ тілі өзінің барша құдірет-қуатымен әлемдік тіл  кеңістігінің құрамдас бөлігі болып табылады.

        Қазақ тілінің жетістігі – өзге халықтардың тілдерінің жетістігіндей бүкіл адамзатқа ортақ мән – мазмұндық байлықтың бір бөлігі. Әлем халықтарының бір де бірінің сөздігінде ұшыраспайтын. Тек қана қазақ тілінің мүмкіндіктері арқылы нақтылы құбылыстарының танып ьілуге болатын сөздер бар. Жалпы қазақ тілін дамыту дегеніміз гуманитарлық тұрғыдағы қуатты қаруды шыңдау, қоршаған ортаны бағалаудың бір құралын жетілдіру деген сөз. Өмірдің барлық белестерінде мейлі ол баланың немесе дананың сөзі болсын, болмаса күнделікті  өмірдің мамыражай тұрмысындағы сәттерден бастап филологиялық немесе философиялық  тұрғыда болсын бейнелеуде әрбір халықтың тілі өзінше орамды.

            Сондықтан да бұл жағдайды атамекенімізде, сол тілдің жан-жақты дами алатын туған жерінде әр кез есте ұстауымыз керек.

             Екіншіден, қазақ тілі – ұлт болмысының бір көрінісі. Қазақ санасының көзі көріп отырған проблемаларының бірі -  қазақтардың бір бөлігі өз ана тілін толық білмейтіндігі. Тілсіз ұлттық тұтастықтың болуы мүмкін емес. Ана тілін білмеудің негізгі себебі қазіргі таңға дейін орыс тілінің ақпараттық мүмкіндікте пайдаланылып отырылуы.

            Үшіншіден, қазақ тілі мемлекеттік тіл дәрежесін алып отыруына байланысты еліміздің барлық жерінде қолданылатын тіл болып табылады. Дегенмен Қазақстандағы барлық ұлт өкілдеріне қазақ тілін ана тіліндей  меңгеруін талап етудің қисыны жоқ шығар. Мемлекеттік тілдің қажеттілігін  туғызып, оны бірте-бірте меңгерту жалпы ұлттық кірігу  тетіктерінің бірі болса керек. Мемлекеттік тіл халықтардың өзара түсініктік негізінде жақындастыратын мәдениеттің шынайы мән-мағынасы болуы тиіс.

Қазақтың қарапайым тілін, дәстүрін, мәдениетін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін білмеген, домбыра үніне үйымаған , жүсанды даланың иісін аңсамаған қазақтың өзін қазақ деп айту қиын.

            Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Тәуелсіз мемлекетіміздің мәдениеті, өркениеті дамып жатыр.Осыдан келіп бәріміз  белгілі мемлекет аталудың негізгі бір тіреуі мемлекеттік тіл болса, өз ойымызды өз ана тілімізде әлі де болса айтып жеткізе алмай келеміз. Қазақстан аумағында тұрып жатқан барлық диаспоралар тіліне мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуде. Ал өзіміздің мемлекеттік тілімізде даму процесінде кешеуілдеп жатқан мәселелер көп. Тіл сөйлеген сайын жетіледі, жаөған сайын қалыптасады. Мемлекеттік тілді жетілдіру үшін  оны күнделікті өмірде жиі қолдану керек. Қалыптастыру үшін «Тілдерді қолдану  мен дамытудың  2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілгендей іс жүргізудің мемлекеттік тілге көшіру керек.

         Қазіргі уақытта мемлекеттік тілді білмеу – үлкен ұят, көпшілік алдындағы  сағың сынады. Өткені жарқын болашақ сол мемлекеттік тіл арқылы баянды болады. «Өлімнен ұяты күшті» екенін жете түсінген  әрбір азамат мемлекеттік тілді үйренуге міндетті. Онсыз келешегі жоқ.

         Әсіресе, мемлекеттік тілдің бүкіл нәрін жас ұрпақтың бойына сіңіру – үлкендердің басты борышы, үстаздардың қастерлі жұмысы. Шын мәніндегі мемлекеттік тіл қызметін атқару үшін әрбір оқу орны, әрбір ұжым қазақ тілін оқып- үййрену ісін жоғары деңгейде ұйымдастыруы керек. Сонда ғана ол бейбіт өмір, ел бірлігінің ұйытқысына айналады.

         Мемлекетіміздің ең негізгі тірегі  қазақ тілін қоғамдық өмірдің барлық саласында жан-жақты дамыту мәселесі бүгінде күн тәртібінде ерекше тұр. Мұны ешкімде тіреске шығара алмайды. Себебі тарих дөңгелегін кері айналдыруға  ешкімнің де құдіреті жетпейді.

         Мемлекеттік тілді оқып-үйрену үшін, оны жетік білу үшін әрбір оқу орнында, әрбір еңбек ұжымында сан алуан тақырыпты қамтыған қызықты іс-шаралардыжиі откізіп тұрса, жұрттың тілге деген ықыласы артып, ой-өрісі кеңейеді, мемлекеттік тілдің жасампаздық қуаты күшейеді. Тіл туралы заң бүкіл ел атқаратын жұмыс екенін, оны орындау әрқайсымыздың қасиетті  борышымыз екенін көкейімізден шығармауға тиістіміз.

           Қазақ тілі проблемалары мен оларды оқыту үлгілеріне ерекше мән беріп, көп еңбек сіңірген тілші ғалымдардың ең көрнектісі – Ахмет Байтұрсынов. Ахмет Байтұрсынов – қазақ тіл білімінің қай саласында болсын өз ісін қалдырған, оқулықтар жазған, тілдік проблемалар жайлы өзіндік пікір айтып қана қоймай, көп жаңалықтар ашқан әйгілі ғалым тілші. Ахмет Байтұрсыновты ұлт тілін оқыту әдістемесінің іргетасын қалаушы, негізін салушы деп танысақ, артық айтқандық емес.

         Көрнекті ғалымдарды қазақ тілін оқыту, оның әдістерін меңгеру. Оқу жүйесінде әдістеменің алатын орны  туралы жазған мақалалары, шығарған оқулықтары, ұлағат пікірлері мен тағылымдылық көзқарастары ұшан-теңіз.

          Тіл білімінің әр саласына қатысты нақтылы мәселелерді сөз еткен А.Байтұрсыновтың зетрттеу еңбектерін былай қойғанда, «Оқу құралы», «сауат ашқыш», «Тіл құралы» сияқты оқулықтарда қолданылатын әдіс тәсілдердің ерекшелігі – өз алдына арнайы қарастыруды қажет ететін өзекті мәселе.  Кез келген әдіскер мұғалім тілшінің еңбектерін оқу арқылы тілдік материалдармен  танысып қана қоймай,  сонымен қатар оқулықтардың әдістемелерін де үйренеді.

            Тілшінің оқулықтары оны оқытудың, үйретудің әдістемелік нұсқаулары мен жазылып, көрсетілген нақтылы үлгілермен қатар ұсынылады. Осының өзі-ақ ұстаздың оқу мен оқыту ісінің шеберіекенін көрсетеді.

           Ахмет Байтұрсыновтың, әсіресе, әдістеме жөніндегі пікірлері мен жазғандары – арнайы талдауды, саралап зерттеуді қажет етеді. Ғалым тілшінің  сапалы оқытудың кілті – іздену, тиімді әдістерді тауып, пайдалана білу, сабақ барысында үнемі түрліше әдістерге сүйеніп отыру керек деген ой-пікірі кез келген әдіскерге қажет. Бұл көзқарастар, әсіресе, қазіргі уақытта қазақ тілін қалайда мемлекеттік тіл есебінде барлық осында тұратын халықтардың , ұлттардың қарым-қатынас құралына айналдырамыз. Басқа ұлт өкілдеріне жедел үйретудің тиімді жолдарын табамыз деп сан – сала бағдарламалар, оқу-құралдары, кітапшалар шығып жатқан кезде пайдасы зор.

  Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 

1.Қазақ тілі мен әдебиеті №6 10-15 беттер.

2.Фаузия Оразбаева «тілдік қатынас» 2000ж

3.Қазақ тілі мен әдебиеті №8 18-19 беттер