№5 Лекция. Фонетикалық оқыту әдісі.
Мектепте фонетиканы оқытудың маңызы, міндеттері мен
негізгі принциптері. Фонетикалық жаттығу, оның негізгі
түрлері. Фонетикалық талдау, оны өткізу әдісі.
Фонетика сабақтарында
көрнекі құралдарды және техникалық
құралдарды пайдалану. Фонетикалық оқытумен байланысты
орфоэпиялық дағдыларды қалыптастыру
Мектепте фонетиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері. Фонетикаға берілетін білім
мазмұны мен меңгерілетін ұғымдардың жүйесі. Фонетика (грекше роnеtiкоs-дыбыстың) – дыбыс туралы iлiм,
тiлдiң дыбыс жүйесiн зерттейтiн тiл бiлiмiнiң бiр саласы.
Оның қарастыратын мәселелерiне мыналар жатады: тiл
дыбыстарының пайда болуы, олардың түрлерi, iштей жiктелуi,
сөз iшiнде бiрiне – бiрi ықпал етiп, үйлесiп, үндесiп,
тiркесiп тұрудың тетiгi, буын, екпiн, сөйлеу мен
жазудың ара қатынасы, орфография, орфоэпия сынды тағы
басқа дыбысталуға қатысты мәселелер.
Сонымен, фонетиканың
зерттейтiндерi – тiлдiң барлық жағдайларына және
қызметiнде кјрiнетiн
дыбыстың құрамдары мен тәсiлдерi және
тiлдiң дыбысталу түрi мен жазба түрiнiң
арасындаөы байланыстар. Ол лингвистика өылымыныә арнаулы
саласы бола отырып, тiлдiә лексикасымен де, грамматикасымен де байланысып
жатады. Бұлай болатындығы фонетикалық құбылыстар
мен процестер әрдайым сөздердiң iшiнде болады, ал
сөздер грамматикамен әрқашанда қарым-қатынаста
болады.
Дыбысты қарастырудың үш
аспектісі.
Біздің дыбыстық тіліміз-өте күрделі
құбылыс, сондықтан оны үш түрлі аспектіде
қарастырылады. Олар антономия-физиологиялық (немесе
биологиялық) аспект, акустикалық немесе физикалық аспект
және лингвестикалық (немесе функционалды аспект).
Фонетиканы оқыту ұстанымдары мен
әдіс-тәсілдер. Фонетикалық талдау. Фонетикалық жаттығу
және оның негізгі
түрлері. Фонетиканы
оқытумен байланысты орфоэпиялық және
орфографиялық
сөздік жұмыс
дағдыларын қалыптастыру.
Фонетикалық диктанттар. XIX ғасырда жазылған елеулi еңбек, академик Радловтың шәкiртi П.М.Мелиоранскийдiң грамматикасы
деуге болады. Ол қазақ елiнiң даласын аралап, қазақ тiлiн үйренедi. Оның “Краткая
грамматика казах-киргизского языка”
деп аталатын еңбектерiн жариялайды. Бұл -қазақ тiлiнiң дыбыстық, грамматикалық құрылымын бiршама толық баяндауға тырысқан алғашқы да соңғы еңбек деуге болады. Ол Радловтың iзiмен 9 дауысты, 20 дауыссыз бар деп есептейдi,
д, ж әрiптерiн қосады. Мелиранский дыбыстардың араб, орыс жазуында қалай таңбаланатынын, қалай айтылатынын жақсы түсiндiредi. Сингорманизм заңына үлкен мән берiп, дыбыстар үндестiгiн жап-жақсы, мысалмен көрсетедi. Мелоранский, Радлов
қазақ тiлiнде ерiндiк дауыстылардың қолданылуын теориялық жақтан шектегенмен, iс жүзiнде ерiн үндестiгi толық сақталған.