№6 Лекция. Лексиканы оқыту әдісі.

       Лексиканы оқытудың маңызы, міндеттері, орны, принциптері. Лексиканың мазмұны. Лексикалық негізгі ұғымдарды меңгеруде оқушыларға кездесетін қиыншылықтар. Лексиканы оқытудың әдістері мен тәсілдері. Лексикаға арналған жаттығулардың түрлері. Лексиканы оқытуда көрнекі құралдар мен техникалық құралдарды пайдалану.

      Қазақ тілінің жүйесінің  құраушы  кіші  жүйе  ретіндегі  лексиканы  және ара  деңгей  ретіндегі  фразеологияны  оқытудың  мақсаты мен міндеттері. Берілген  білім  мазмұнының  көлемі мен  минимумы.

Қарастырылатын мәселелер:

1.Лексиканы оқытуда қойылатын талаптар

2.Лексикалық құралдарды іріктеу ұстанымдары   

3. Сөздік жұмысын жүргізу әдістемесі

     Лексиканы оқытудың білімдік, танымдық маңызы тіл білімі туралы ұғымды терең меңгертумен қатар, тілідң ең кіші бөлшегі- сөздің фонетикамен, морфологиямен, синтаксиси және стилистикамен байланысын түсіне білуге, яғни, бүкіл тілдік жүйені меңгерумен орай оқушының ана тілі арқылы материалистік көзқарасының қалыптасуына мүмкіндік жасайды.

   Алайда ана тілінде сөйлей білетін адамдардың барлығы да сол тілдің заңдылықтарны, қыр-сырын, сыр-сипатын толық біле береді деуге болмайды. Сондықтан лексиканы оқытудың практкиалық маңзы зор. Оқушы сөз жүйесін түсіну арқылы оның айтылу (орфоэпиялық) және жазылу (орфографиялық) нормасын саналы түрдеәр сөздің орныды қоладнылуы арқылы ойдың толық және дәл жеткізуге, қызмет ететін сан лауан мағыналы сөздерді түсініп, талдап, таңдап қолдана білуге, мәнерлі сөйлеуге, көркем әдеби тілдің бейнелі әуезділігін, әсерлілігін түсінуге дағды алады.

     Лексиканы оқытудағы қойылатын мұндай талаптар жастарды дұрыс сөйлеу, ойын жеткізіп айта білуге тәрбиелеу мақсатын қояды.

        Қазіргі кезде әдістемеде қолданылып жүрген лексикалық құралдарды  іріктеу ұстанымдары үш топпен қарастырдық; статистикалық, әдістемелік, лингвистикалық ұстанымдар [1].

Бірінші, сөздің  қолданылу жиілігі және оның көп тарағандығы. Сөздің қолданылу жиілігі деп оның бір мәтінде немесе зерттелген мәтіндердің бәрінде кездесу санын айтамыз. Оның көп тарағандығы дегеніміз – зерттеген мәтіндерде сол сөздің жиі қолданылуы. Бала тілін дамыту үшін қажетті лексикалық минимум беруде бұл екі ұстаным жеке-жеке емес, кешенді түрде пайдаланылады.

Екінші, тіл дамыту  мақсатын ескеретін, яғни жиі қолданылатын лексика  мен сирек қолданылатын лексиканы бөлек-бөлек іріктеуді талап ететін  ұстанымдар:

а) Бағдарламада белгіленген тақырыптарға сәйкестік ұстанымы. Бұл ұстаным бойынша лексикалық білім беруде қазақ тілі пәні материалдарына, тақырып мәселелеріне сәйкес келетін сөздер енгізіледі. Мысалы, 5-сынып оқушыларына сөздерді  ұсынуда  сөздің көп мағыналылығы мен ауыспалы мағыналардың жасалуы сияқты күрделі ұғымды сөздер таңдалынбайды. Өйткені бұл күрделі ұғымды,  сөздің мәнін, мағынасын біршама игергенмен, оны оқушылардың сөйлеуде қолдана білу дағдысы әлі дұрыс қалыптаспағаны  байқалады. Сөздің ұғымын жалпы сол сөйлемдегі ойға байланысты түрде ғана түсінеді де, оның стилистикалық реңін  меңгере бермейді. Мәселен, шақ, құйып қойғандай  деген сөздің киімге байланысты  жалпы мәнін  ұғынуы  мүмкін, ал құйып қойғандай деген  тіркес ұғымы  адам мүсінін жасау өнеріне байланысты екенін қабылдай бермейді.

ә) Ұғымды  бейнелеу ұстанымы. Бұнда  ұғым мәні бойынша сөздердің бейнелегіштік және көркемдегіштік қасиеттеріне байланысты сөз таңдап  енгізу ұсынылады. Бұл ұстаным өз ойын бейнелеп, көркемдеп жеткізу үшін сөзді  стилистикалық тұрғыдан дұрыс қолдануға  үйретуде негізге алынады. Мәселен, бала сипаттау  мақсатында  мәтін құрастыру үшін онда тілдің  көркемдегіш және  бейнелегіш құралдарын қолдана білу  дағдыларының болуын талап етіледі. Бұл құралдар туралы қазақ тілі пәні бойынша 5-8 сыныптарда  таныстыру, дағды беру қарастырылмаған. Тек жүйелену үшін 9-сыныпта ғана стилистикаға байланысты  мәліметтер беріледі. Дегенмен, 5 сыныптан бастап-ақ әдебиеттік оқу сабағында болсын, жаттығуларда болсын сипаттау мазмұндағы мәтіндер енгізілген. Біздің зерттеу жұмысымыздың нәтижесі   бойынша  баланың тілін дамыту үшін сол тілдің бейнелегіш құралдары ұсынылатын лексикалық минимум тізбесіне қосылу керек. Оны лексикалық материал ретінде «бейнелі сөздер» тақырыбымен, грамматикалық материалдар ретінде әр сөз таптарындағы (әсіресе, сын есім, үстеу т.б.) сөздердің қолданылуы бойынша минимум сөздікке ендіріледі.

б) Семантикалық ұстаным бойынша минимумға бағдарламалық материалдарға байланысты  аса маңызды  сөздер іріктелініп алынады. Мысалы, тіл білімін игеру үшін терминдер ұғымы игертіледі. Олай болса, оқушыға сол сыныпта  оқытылатын пәндер бойынша терминдік сөздер таңдаулы қажет.

Үшінші топқа жататын ұстанымдар  мыналар:

а) Сөздердің бір-бірімен тіркесу қабілетін ескеру. Бұл ұстаным бойынша минимумға неғұрлым көп сөздермен  тіркесіп, грамматикалық мағынада жиі көрінетін сөздер енгізіледі. Бұл туралы тіл білімінде  тіркестердің түрлері (есімді, етістікті), байланысу тәсілдері сияқты  ұғымдар бар. Оқушының сөздік қорын дамыту үшін лексикалық минимум ұсынудың жиілік ұстанымының өзі осы сөздің тіркес құрау қабілетіне байланысты. Олай болса, сөздердің бір-бірінің тіркесу қабілеті лексикалық  минимум ұсынудағы сөздерді сұрыптаудың ең маңызды өлшем бірлігі болмақ.

ә) Сөз тудыру құндылығы немесе сөздің туынды сөздерге негіз болу қабілеті. Бұл ұстаным бойынша  неғұрлым көп туынды сөздерге негіз бола алатын, сөйтіп жаңа сөздің мағынасын болжауға, өз бетімен  түсінуіне мүмкіндік беретін сөздер алынады. Бұларға қоса б) сөздің көпмағыналылығын  ескеру, в) стилистикалық шекті мәнді сөздерді енгізу ұстанымдары да бар.

Адамның сөйлеу әрекеті, оның құрылымдық типологиялық ерекшеліктері жоғары лингвистикалық шамалар – лексикалық, морфологиялық, семантика–синтаксистік ерекшеліктер нәтижесінде қалыптасады.

Мектепте сөздік жұмысы бес бағытта жүргізілді:

1) Балалардың сөздігін байыту, яғни оқушыларға бұрын сөйлеуінде қолданылмаған жаңа сөздер үйрету, олардың мағынасын, ұғымын  түсіндіру;

2) Сөздіктерін анықтау, яғни бұрыннан білетін сөздерінің мағына, ұғым түсініктерін тереңдете түсу;

3) Сөзді сөйлеу әрекетінде орынды қолдануға мүмкіндік жасау, яғни әрбір оқушы сөйлегенде, сөйлем құрағанда, мүмкіндігінше, ыңғайына қарай  сөздік қорын молайту;

4) Әдеби тілге жатпайтын сөздермен таныстыру, тіл мәдениетін арттыру.

5) Сөзді сан жағынан және сапа жағынан байту .

Баланың сөз игеру қабілеті әр сыныпта әр түрлі екендігін көрсетеді. Оның негізі оқушылардан сөзді белгілі бір қарым-қатынас түрі (ауызша, жазбаша) мен оның тіл стилдеріне байланысты қолдану ерекшелігі болатындығы байқалады. Мәселен, 5-6-сынып оқушылары тура мағынадағы сөздерді, яғни жаңа үғымдарды қалыптастыруға байланысты сөздерді игерудегі белсенділігі байқалса, 7-9 - сынып оқушылары сөздердің ауыспалы мәні мен бейнелі мәнін игеру қабілеттілігі байқалады. Сондықтан баланың сөздік қорын байтудағы лексикалық минимум беру екі бағытпен жүргізіледі . 1)Сөзді сандық жағынан жаңа ұғымдарды қалыптастыру 2)Сөздерді сапалық жағынан, қолданылуын игерту, яғни сөздің мәні бойынша сөздік қорын дамыту

Синонимдердің мағыналарының бір-бірінен айырмашылығын, және мағыналардың осы көріністері мәтіндегі қолданылатын сөзді таңдауды айқындайды, оқушылардың тіл дамуын жетілдіреді, сөзді дұрыс, нақты қолдануға дағдыландырады.

     Сабақ үлгісі: Оқушының игеретін икемділіктері мен дағдылары:

1. Етістіктің шақ категориясы бойынша сөздік қорын байыту:

а) лексикалық мағыналы сөздер бойынша;

ә) шақтың жұрнақтарының грамматикалық мағына жасау ерекшеліктері арқылы;

б) игерген сөздерін қолдана білуге жаттықтыру;

в) сөздерді тіркестіре білу дағдысын қалыптастыру;

г) сөйлем құрау икемділігін дамыту;

д) белгілі бір шақта тұрған баяндауыштың мәтінде қолданылудың балалардың омонимдердің өзіндік ерекшеліктері мен анықтамасы жөнінде түсінігін қалыптастыру.

а) Жаттығулар мәселелік ахуалдар негізінде түзіліп, оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға негізделуі шарт.

ә) Жаттығулар оқушылардың өздік жұмыстары арқылы іске асырылады.

б)   Жаттығулардың өтілген тақырыптарға негізделуі;

Жаттығулар стандарттық сабақтың құрылымы мен мақсатына қарай өтілген материалдарға негізделеді.

в) Жаттығулардың логикалық жүйелілігі; Жаттығулардағы тапсырмалар өзара логикалық байланыста болады.:

а) Сөз мағынасын ашу тәсілі;

1-тапсырма. Көрші ауылда болған жаманат сол заматта-ақ бізге келіп жетті. Мынау жаман ат. Асқар кешегі тірлігінен кейін жаман атқа ие болды. Осы үш сөйлемдегі «жаманат» сөзінің мағынасы «суық хабарға» сәйкес келе ме?

2-тапсырма «Жаманат» сөзінің түсінігін беріңдер. Бұл сөздің мағынасы оқиға, зат, құбылыс, әңгіменің қайсысына қатысты?

Оқушылар мұнда сөздердің мағынасын дұрыс түсінуге дағдыланады.

3-тапсырма «Жаманат» сөзін қандай сөздермен тіркестіре аламыз? адам, жануар, зат, құбылыс.

Бұл тапсырма арқылы шәкірттер сөздерді тіркестіру дағдыларын меңгерді.

ә) Сөздің көп мағыналығын түсіндіру тәсілі;

1-тапсырма. Сыртқа шықсақ даланы қараңғылық басыпты. Көңіл қараңғылығын кім ашады, кім сәуле шашар екен? Деген сөйлемдердегі «қараңғылық» сөзінің мағынасын ажыратыңдар.

2-тапсырма. “Қараңғылық басыпты” деген сөз тіркесіндегі «қараңғылық» сөзінің қандай мағыналық жағы «көңіл қараңғылығы» сөз тіркесінде қолданылып тұр?

Тапсырма арқылы балаларда сөздердің ауыспалы мағыналары туралы біліктері дамытылды.

3-тапсырма. Қараңғылық сөзі мына сөздердің қайсысымен тіркесе алады: тау, жолдас, жануар, түн. Себебін түсіндір.

Осы сияқты тапсырма арқылы шәкірттерде сөздерді дұрыс қолдану дағдылары жетілді.

Қорыта келгенде, оқу жүйесінің бағдарламасына байланысты жүргізілетін пән сабақтары балаларға білімнің алуан түрлі саласынан ақпарат берумен қатар, олардың сөздік қорын молайтып, сөзді өз мағынасында пайдалануға дағдыландырады, тәрбие алады.