№7 лекция

ТІЛДІК ҚАТЫНАСТЫ ІС ЖҮЗІНЕ АСЫРУШЫЛАР

Жоспар:

1.Тілдік қатынастың негізі болып табылатын мазмұн, мағынаның түсінікті болуы.

2.Мазмұн мен мағынаның, яғни айтылатын ойдың берілетін хабармен (ақпарат, мәлімет, дерек) ара қатысы.

3.Тілдік қатынастың негізгі мазмұны мен мәні болып табылатын хабарды іс жүзіне асырушылар туралы түсінік.

4.Хабарға тікелей қатысушылардың белгілі бір ақпараттың, ойдың, мазмұнның екінші біреуге жетуі үшін қызмет етуі.

5.Тілдік қатынастың іске асуына,   орындалуына қатысушылар: Баяншы. Қатысымдық тұлғадар. Қабылдаушы.

Баяншы - белгілі бір ақпаратты, мазмұнды хабарлаушы екендігі. Қатысымдык тұлғалардың - белгілі бір ақпарат, мәліметті жеткізуші екендігі.

Жеткізілетін ақпарат мазмұнының, мағынасының түсінікті болуы Қабылдаушы - берілген хабарды, яғни ақпаратты дұрыс түсініп, соған сәйкес іс - әрекет етуші екендігі.

Тілдік қатынасқа тікелей қатысушыларға, ягни хабарды іс жүзіне асырушыларға сипаттама, олардың өзіндік қасиеттері. Хабарға қатысушылар жөніндегі терминдер. «Трансмиссор», «Реципмент» терминдері туралы түсінік. «Баяншы», «Қабылдаушы» терминдеріне сипаттама. Ол термин-дердің ғылыми айналымға түсуі. Ғылыми лингвистикалық терминдердің шығу көзі, тарихы, қалыптасуы, өзгеру сатылары, дамуы.

Тілдік қарым - қатынасты жүзеге асырушы хабардың құрамды бөліктері, олардың жіктелуі, қызметі. «Баяншы», «Тұлғалар», «Қабылдаушы» ұғым-дары туралы түсінік, олардың ара қатысы. Тілдік қатынастың ауызша және жазбаша түрде іске асырылуы.

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

1.Ғабитов Т. Мәдениеттану: оқулық / Раритет, 2006.-63 б.

2.Уәлиұлы Н. Тілемісұлы Н. Сөз мәдениеті: оқулық / Алматы, 2002.

3.«Қазақ тілін үйренейік» №3, 2008 жыл, 3 бет

4.Ф.Ш. Оразбаева, «Тілдік қатынас теориясы және әдістемесі», 2005, 272 бет

5.Ә. Әлметова, «Сөйлеу әрекеттері түрлеріне оқыту», А. Арыс, 2007

6.«12-жылдық білім беру журналы», №8, 2006, 4 бет

7.Ж. Аймауытов, бес томдық шығармалар жинағы «Ғылым», 1998, 30 бет

8.М. Жұмабаев «Педагогика» А. «Рауан», 102 бет.