№8 лекция ТІЛДІК ҚАТЫНАСТЫҢ ҚҰРАМЫ

Жоспар:

1.Тілдік қатынастың негізгі құрамы, оның бөліктері, олардың тілдік қатынасты іс жүзіне асыруда алатын орны, маңызы.

2.Тілдік қатынас құрылымының жіктелуі

3.Тілдік қатынастың құрамдық бөліктерінің әрқайсысына сипаттама, олардың бір-бірімен байланысы.

4.Тілдік қатынасқа түсушілердің атқаратын қызметтері. Қатысымдық қызмет. Байланыстырушылық қызмет. Экспрессивтік қызмет. Олардың бір-бірімен ара қатысы, тілдік қатынастағы рөлі.

5.Сөйлеу мүшелерінің бірлігі, олардың қимыл-қозғалысының жиынтығы.

 

Тілдік қатынастың басты белгілері мен түрлерін ажыратып алған соң, оның құрамдық бөліктерін саралаған жөн.

Бізді  ойымызша, тілдік қатынастың негізгі құрамы төмендегідей болып жіктеледі:

I. Тілдік қатынасты іс жүзіне асырушылар.

II. Тілдік байланысқа қатысушылардың қызметі.

III. Сөйлеу мүшелерінің бірлігі.

ІV. Қатысымдық т9лғалардың жиынтығы.

Тілдік қатынасты іс жүзіне асырушылардың қатарына Баяншы (Б), Тұлғалар (Т) және Қабылдаушылар (Қ) жатады. Олардың әрқайсысы туралы қысқаша мәлімет жоғарыда берілді.

Тілдік қатынасқа түсушілердің ең басты қызметі — қатысымдық, байланыстырушылық, экспрессивтік.

Қатысымдық қызмет бойынша баяндаушы мен қабылдаушылар тілдік қарым - қатынастың барлық түрлерін іс жүзіне  асыра келіп, хабар арқылы бір - бірімен қарым – қ атынастық қызмет атқарады.

Байланыстырушылық қызмет тілдік қатынасты жүзеге асырушылардың бір - бірімен пікір алмасуынан, бірінің айткан ойын екіншісінің жалғастырып, сабақтастырып отыруынан көрінеді. Мұнда негізгі қызмет атқаратын — хабарды жеткізетін тұлғалар. Ол баяншы мен қабылдаушыны өзара байланыстырады және тілдік қатынастың түсінікті болуын қамтамасыз етеді.

Экспрессивтік қызмет тілдік қарым – қатынасқа түсушілердің бір - біріне берілген хабарды қабылдап қана қоймай, оның айрықша мәнін, күшейту реңкін толық түсінуінің нәтижесінде орындалады. Баяншы хабарды жай айтып қана қоймайды, ондағы қандай ойға ерекше көңіл бөлу керектігін де, өзінің көңіл - күй, сезімін, көзқарасын да жеткізуге тырысады. Ал қабылдаушының осыны дәл танып, жете түсінуі қажет болады.

Сөйлеу мүшелерінің бірлігі олардың әрқайсысының өзіне тән қимыл - қозғалысынан және сол қимыл - әрекеттің тілдік тұлғаларды жасауға қатысуынан байқалады. Әр дыбыстау мүшесі әр бөлек қимылдаса, онда дыбыс та анык, айтылмайды, сөз де түсінікті болмайды, айтылар ой да дұрыс жеткізілмейді. Сондықтан тілдік қатынас үшін, сөйлеу мүшелерінің бірлескен, тұтас қимыл – қозғалысы маңызды орын алады.

Сөйлеу мүшелерінің қимыл - әрекетімен тілдік қатынасқа түсетін тұлғалардың мағынасы өзара байланысты. Жалпы тілдік қатынастың құрамындағы басты көрсеткіш – тілдік қатынасты тікелей жүзеге асыратын қатысымдық тұлғалар.

Тіл білімінде тілдік бірліктер, тұлғалар туралы мәселе мен осыған қатысты терминдер бұрыннан қалыптасқан.

Терминдердің қолданылу ерекшелігіне мән берсек, олар тілдік бірлік, кейде тілдік единица, кейде тілдік элемент деп те айтылады.

Тілдік бірліктер уақыт өте келе жаңаша қарастырылып, олар тек тілдік единицалар ғана емес, қарым - қатынастық единицалар деп те атала бастады.

Байыптап қарасақ, мұнда негізгі мәселе олардың тілдік бірлік, тілдік тұлға (лексикалық, грамматикалық, синтаксистік) немесе қатысымдық бірлік, қатысымдық тұлғалар деп аталуы жөнінде емес, тілдік тұлғаға не жатады, оның қатысымдық тұлғалардан айырмашылығы бар ма, әлде тілдік тұлға мен қатысым тұлғалар бірдей ме деген сұрақгардың басын ашып алуға келіп тіреледі.

Тілдік және қатысым тұлғалары туралы мәселені қарастырғанда, біз «единица» терминінің баламасы етіп көбінесе «тұлға» сөзін пайдаланамыз.

Лингвистикада тілдік «единица» деген ғылыми айналымға түскен термин. Қазақ тіл білімінде болсын, орыс тіл білімінде болсын ол қарым –             қатынас құралының бөлшегі, яғни тілдің құрамы, ішкі бөлігі дегенді білдіреді. Осы тұрғыдан морфема, сөз тіркесі, тұрақты тіркес, сөйлем - бәрі тілдік бірлік деп айтылып жүр. Дыбыс пен фонеманы фонетикалық бірлік, сөзді - лексикалық бірлік, сөйлемді - синтаксистік бірлік деп нақтылы айту да кездеседі.

Кейбір әдебиеттерде буын, негіз, абзац (жаңа жол), контекст, дауыс ырғағы да тілдік бірліктер, тілдік тұлғалар деп саналады.

Тіл біліміндегі бір ізге түспеген мәселе: олардың бәрі түлға (единица) деп аталғанымен, нақтылы тілдік тұлғаға не жатады дегенде, ғалымдардың арасыңда пікір қайшылықтары кездеседі.

Мәселен, Ю.В.Фоменко фонема, морфема, сөз, сөз тіркесі, сөйлем бәрі тұлға (единица) деп аталғанымен, олардың арасынан тек сөз ғана тілдік тұлғаға жатады дей келіп, оны өзінше дәлелдейді.

Ю.В.Фоменко тілдік тұлға болу үшін мынадай ерекшеліктерге ие болу керек дейді: «...субстанциональность, дискретность, линейность, неоднород-ность, иерархичность, воспроизврдимость, цельность, двусторонность, номи-нативность, самостоятельность» (109,24).

Ол осы ерекшеліктер қай тұлғаға тән болса, солар ғана тілдік тұлға (единица) бола алады деп, фонеманы, морфеманы, фразаны, синтаксистік сөз тіркесін, сөзді, сөйлемді, тұрақты тіркесті жеке - жеке қарастырады.

Әр тілдік тұлғаға талдау жасай келіп, Ю.В.Фоменконың келетін тұжырымы: тек сөз ғана ең басты тілдік тұлға болып табылады, өйткені жоғарыда көрсетілген ерекшеліктердің бәрі тек сөзге төн жөне сөз басқа тұлғалардың жасалуына негіз болады деп көрсетеді:

Фонема — это кратчайший, неделимый элемент языковой материи, используемый для складывания и различения звуковых оболочек морфем и слов, т.е. выполняющий конститутивную и дифференциальную функции:

Морфема — не обладает признаком самостоятельности, т.е. не допускает изолированное употребление и всегда используется не сама по себе, а как компонент слова, что отражено в самом ее определении.

Фраза - это не единица языка, а свободная, индиви­дуальная комбинация единиц слова, выполняющая комму­никативную функцию.

Синтаксическое словосочетание есть не единица языка, а свободная комбинация единиц (слов) в составе предло­жения (фразы), отрезок предложенческой цепи.

Строительным материалом для предложения (фразы) являются не соче-тания слов, а слова.

После всего сказанного ясно, что основной единицей языка (или лучше единицей языка в строгом смысле этого термина) является слово, характеризующееся всем набором перечисленных ранее признаков, несущее в себе все существенные свойства языка (109,41).

Жалпы фонема да, морфема да, сөз де, тіркес те, сөйлем де тілдің құрылымдық бөлшектері болып табылады. Себебі, осы аталған тұлғалардың біреуі өз орнында тұрмаса немесе мүдде болмай қалса, тіл өз мақсатына жете алмайды. Сондықтан адамзат тілі өз қызметін атқару үшін әр тұлғаның өзіндік маңызы бар. Мәселе осы тұлғалардың қайсысы қандай дәрежеде қолданылуына байланысты. Рас, сөз барлық тілдік тұлғалардың кіндігі тәрізді, оған тілге және тілдік қатынасқа қажет қасиеттердің көпшілігі тән.

Осыған байланысты А. И. Смирницкийдің төмендегі тұжырымы көңіл аударуға тұрарлық: «...слово выступает как необходимая единица языка и в области лексики (словарного состава) и в области грамматики (граммати-ческого строя), и поэтому слово должно быть признано вообще основной языковой единицей, все прочие единицы языка (например, морфема, фразеологические единицы, какие-либо грамматические построения) так или иначе обусловлены наличием слов и, следовательно, предполагают существование такой единицы, так слово» (98,11).

Тілдік қатынаста сөз жеткізілер ойдың мазмұны, ұйытқысы ретінде маңызды рөл атқарады, бірақ сөз жеке тұрып тіл бола алмайды және басқа сөздермен дұрыс байланыспай адам ойын толық жеткізе алмайды. Әсіресе қазақ тілінде және басқа жалғамалы тілдерде сөз басқа сөздермен морфемалық байланысқа түсу арқылы сөз тіркесі мен сөйлемнің құрамында белгілі бір тиянақты ойды білдіреді:

Мысалы: «Бағың ескенше, тілеуіңді ел де тілейді, өзің де тілейсің, бағың өскен соң — өзің ғана тілейсің» (Абай).

Осы сөйлем құрамындағы бір ғана «тілеу» сөзін алып қарастырсақ, ол әр түрлі сөздермен әр түрлі грамматикалық байланысқа түсу арқылы нақтылы ойды білдіреді және сөйлем құрамында басты тұлға ретінде қолданылады.

Ю.В. Фоменко барлық единицалардың жасалуына сөз негіз болады деп, соны басты өлшемдердің бірі деп санаса, сөздің жасалуына басқа тұлғалар (мысалы: дыбыс, фонема, морфема) да әсер етеді. Мәселен: «Өнерпаз болсаң арқалан» деген сөйлемді алсақ, осындағы «өнерпаз» сөзі «паз» морфема-сының қосылуы нәтижесінде жаңа мағынаны білдіріп, ол жаңадан сөз жасау-ға себепкер болып тұр.

Сол сияқты «арқалан» сөзінің жасалуына түбір морфема мен аффикстік морфемалардың құрамы негіз болып тұр.

Осы сөйлем құрамындағы фонеманы да, морфеманы да тіптен сөздерді де жеке - жеке алып қолдансақ, онда олар тілдің дара тұлғалары болғанымен, қарым - қатынас тілі бола алмайды.

Бірақ фонемаға, дыбысқа т.б. қарағанда сөз ұғымды, мағынаны білдіру арқылы тілдің ең басты көрсеткіші болып табылады. Сондықтан да сөз — тек лексикологияның объектісі ғана емес, тіл білімінің сойлеу процесіне қатысты барлық салаларының объектісі.

Табиғат құбылыстарының ең күрделісі болып табылатын адамзаттың сөйлеу мүшелері (сөйлеу аппараты) тілдік дыбыстардың, фонемалардың жасалуына қандай ықпал етее, тілдік тұлғаның ең негізгісі - сөздің де пайда болуына соншама әсер етеді.

Лингвистикада тілдік тұлға туралы проблема қаншалықты күрделі болса, соңғы жылдары зерттеу нысаны бола бастаған қатысымдық тұлға жөніндегі мәселе одан да күрделі. Әсіреее, казақ тіл білімінде бұл  - ғылыми - теориялық тұрғыдан аз зерттелген мәселе.

Тілдік қатынасқа қатысты тұлғалар ғылыми тұрде сөз болмағанымен, қазақ тілін оқыту, үйрету процесінде, бардық сабақ жүйелерінде қолданылып отырады.

Жалпы лингвистика тарихында кейбір тілшілер қатысымдық тұлғаларға сөзді, сөйлемді жатқызса, кейбір ғалымдар тексті жатқызады (Кандинский Б., Наер В.).

Тілдік тұлға мен қатысымдық тұлға туралы мәселе тілдің тұлғалары мен сөйлеудің алғышарттарын ажыратып алудан басталуы қажет.

Қатысымдық тұлға тілдік тұлғаларға қатысты болғанымен, онымен бір-дей емес. Қатысымдық тұлға туралы зерттеу тілдің тұтас қарым - қатынастық рөлімен тікелей байланысты ерекшеліктерді қамти келіп, белгілі бір ойды тиянақгы жеткізу, оған жауап алу, сөйлеу, сөзді қабылдау, оның мағынасын түсіну, әр түрлі экспрессивтік – эмоциональдық күйді таныту т.б. сол сияқты мәселелермен тығыз бірлікте қарастырылады.

Демек, коммуникативтік тұлғаның жұмысы жалпы сөйлеу процесімен тікелей байланысты.

Осы тұрғыдан келгенде, сөйлеудің шарты сөзге, тіркеске және сөйлемге байлаңысты. Сөз белгілі бір мағынаны білдіру арқылы басқа сөзбен байланысқа түседі де тіркестің құрамына енеді. Тіркестер грамматикалық байланысқа түсе келіп, сейлем құралады. Содан адам ойын екінші біреуге жеткізеді. Сөйтіп, өзара түсінісуге жол ашылады.

Тілдік тұлға мен қатысымдық тұлғаға қатысты В. Л. Наердің пікірі мүлде өзгеше. В. Л. Наер бірде - бір тілдік тұлға қатысымдық тұлға бола алмайды, өйткені олар өзара бай­ланысты болғанымен, әр бөлек құбылыстар дейді: «...ком­муникативным единицам нет места среди системных еди­ниц языка.         И наоборот. Эти единицы разноплановые, хотя и тесно взаимосвязанные».

Бұл автор жоғарыдағы тұлғалардың негізгі айырмашылығын олардың атаулық және қатысымдық және деректі ерекшеліктеріне байланысты деп тани келіп:

«...нередко отождествляются понятия информации и коммуникации и особенно информативности и коммуникативности. Эти две пары понятий соотносятся друг - другом как явление и свойство, и таким образом, являются понятиями различными, разноплановыми» — дейді (84,9).

В.Л. Наердің тілдік тұлғалар қатысымдық тұлға бола алмайды деген көзқарасын қуаттау қиын. Оның үстіне хабар, ақпарат (информация) тек бір нәрсені білдіреді деп кесіп айтуда біржақты.

Мәселен, кейде хабар баяндау мағынасымен шектеліп қана қоймайды, сол хабардың қабылдану дәрежесіне сай жауапқа да, әрекетке де ие болады. Онда ол бір мағынаны ғана емес, (В. Л. Наер атап өткендей) бірнеше мағлұматты әрі хабарлап, әрі оған қайыражауап беруді қажет етеді. Мұндай жағдайда информация коммуникацияға айналады.

Сөйте тұра, бұл автор «Өрт!» деген соз қатты айтылса, ол болған жағдайды хабарлау ғана емес, жәрдемге шақыруды да білдіреді деп, алдында өзі айтқан «сөз қатысымдық бірлік емес, тек тіддік бірлік», деген өз пікіріне өзі қайшы келеді. «Так еди­ница языка действительно обретает статус коммуникативной, но само по себе она таковой не является» (84,10).

Бірақ бәрібір хабарды жеткізу де, оған жауап күту де сол бір ғана тұлға  - сөз арқылы болып тұрғанын ескермейді. Сөз дербес қолданылғанда атаулық мағынаға ие болып, ал контексте қатысымдық рөл атқарып тұр.

Осы ретте қазақ тіліңдегі атаулы сөйлемдерді алсақ, оңда сөз жеткізейін деген хабарды баяңдап, белгілі бір ойды біддіреді.

Сонымен, бұл автордың пікірінше, қатысымдық тұлғаға жататын — адамның ойын толық, тұтас жеткізетін тек — мәтін (текст).

Қолданылған әдебиеттер:

1.Ғабитов Т. Мәдениеттану: оқулық / Раритет, 2006.-63 б.

2.Уәлиұлы Н. Тілемісұлы Н. Сөз мәдениеті: оқулық / Алматы, 2002.

3.«Қазақ тілін үйренейік» №3, 2008 жыл, 3 бет

4.Ф.Ш. Оразбаева, «Тілдік қатынас теориясы және әдістемесі», 2005, 272 бет

5.Ә. Әлметова, «Сөйлеу әрекеттері түрлеріне оқыту», А. Арыс, 2007

6.«12-жылдық білім беру журналы», №8, 2006, 4 бет

7.Ж. Аймауытов, бес томдық шығармалар жинағы «Ғылым», 1998, 30 бет

8.М. Жұмабаев «Педагогика» А. «Рауан», 102 бет.