№ 10 лекция

ТІЛДІК ҚАТЫНАС ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ

Жоспар:

1. Тілдік   қатынас  пен   мемлекеттік  тіл   мәселесі.    

2. Тілдік   қатынас мемлекеттік   тіл   арасындагы   өзара   ықпалдастық   ұстанымы,   онын  басты критерийлері,  оны   іске  асыру  жолдары   мен   амалдары.  

3. Мемлекеттік қатысты коммуникативтік бағыт пен бағдарлар.

4. Мемлекеттік тілдік катынастың ұлтаралык, халықаралық   түсіністік пен ынтымақтастықта алатын орны, оның мәні мен маңызы.

5. Мемлекеттік тілдік қатынастың басты функциялары, оны іске игеру   жолдары.   Тілдік   қатынастың      мемлекеттік   тілді   жете   білу   үшін қажеттілігі, оған қойылатын шарттар, оның әлеуметтік жағы, қоғамдық мәні.

            6. Мемлекеттік тілдік қатынастың жаһандану процессімен байланысы. Жаһандану жағдайындағы мемлекеттік тілдің рөлі, орны мәні мен маңызы, өзгеруі мен дамуы.

      7. Мемлекеттік тілдік қатынасқа сәйкес сөйлесім әрекетінің түрлері, оның меңгерудің қажеттілігі. Тілдесім әрекетінің маңызды болу себебі. Тілдік қатынас нәтижесі, оның қоғамдық-әлеуметтік жағы, адамзатқа тән ең басты фактор екендігі. 8.Мемлекеттік тілдің қатысымдық сипатына байланысты экстралингвистикалық, интралингвистикалық факторлар.

Тілдік қатынас және мемлекеттік тіл

    Тілдік қатынас пен мемлекеттік тіл мәселесі.Тілдік қатынас пен мемлекеттік тіл арасындағы өзара ықпалдастық ұстанымы,оның басты критерийлері,оны іске асыру жолдары мен амалдары.Мемлекеттік тілге қатысты коммуникативтік бағыт пен бағдарлар.

    Республикадағы тілдік қатынастың негізі мемлекеттік тілді меңгерумен байланыстылығы.Мемлекеттік тілдік қатынас туралы ұғым ,оның түсініктемесі,мағыналық өзгешеліктері.Мемлекеттік тілдік қатынастың ресми және бейресми жақтары.Тілдік қатынасқа байланысты ауызша сөйлеу қағидалары мен нормалары.Мемлекеттік тілді меңгеруде жазбаша сауаттылыққа қойылатын талаптар.Олардың басты принциптері.

    Мемлекеттік тілдік қатынастың ұлтаралық,халықаралық түсіністік пен ынтымақтастықта алатын орны,оның мәні мен маңызы.

      Тіл адамның адамдық белгісінің зоры,жұмсайтын қаруының бірі.

Қазақтың діні,тілі,жазуы сұмдық пікір,суық қолдан тыныш боларға керек.Тіліміз бұзылмай сақталуын тілесек,өзгелерше әуелі өз тіліміз бен оқытып,сонан соң басқаша оқыту тиіс.

Бала өз ана тілінде тәрбиеленбесе өз халқына қызмет ете алмайды.Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт –тілі болуы.Ұлттың тілі құри бастауы ұлттың құри бастағанын білдіреді.

   Тілдің пайда болуы адамзат өркениетіндегі ілгерілеудің маңдай алдысы болып табылады.Тіл сөйлеудің ғана құралы емес,ол әркімнің және берша қауымның кемелденуіне ,озық тәжірибе мен жетістіктерді ұрпақтан ұрпаққа жалғастыруға,сөйтіп адамға ғана тән жасампаздық әлеуетті үстемелей түсуге жол ашатын ұлы байлық әрі әмбебап құдірет.Халықтың мәнді белгісі ретінде тілді ауызға алатынымыз осыдан.

   Тіл қоғамдағы немесе  нақты мемлекеттегі саяси-идеологиялық ,экономикалық,демографиялық тағы басқа ахуалмен тығыз байланыста өседі немесе өшеді.Жалпы адам баласының ұзына тарихына көз жіберетін болсақ,әлеуметтік дамудың екі-ақ моделі бар екенін байқаймыз.Бірі-әр халықтың табиғи ырғақты заңдылықтар аясы мен ортасында өмір кешіп,өзінің мемлекеттігін ,шаруашылық мәдени типін,идеологиясын,болмыс-бітімін диалектикалық байланыс және қатынастар желісінде айқындауы ,екіншісі өзінен күштінің қармағына ілініп,тәуелді отар халық ретінде бөтеннің айтқанына көніп,айдағанына жүруіне мәжбүрленуі.Қазақ халқы осы баламаның екеуінде басынан өткерді.

   Тілдік қатынастың ойды жүйелі жеткізу мен сөйлеу мәдениетіне тығыз байланысты екендігі.

   Мемлекеттік тілдік қатынастың басты функциялары ,оны іске асыру мен игеру жолдары.Тілдік қатынастың мемлекеттік тілді жете білу үшін қажеттілігі ,оған қойылатын шарттар,оның әлеуметтік жағы ,қоғамдық мәні. Қазақ сұрамасақ емес ұраншыл халық.Осы қайсар қасиетімізден де шығар ау,Патшалық Ресейдің қол астында ұлт ретінде жойылып кетудің аз ақ алдында тұрғанда Алаш азаматтарының ұлт деп белді бекем бууының арқасында «елдігіміз қайсы,тіл тағдыры не болды?»деп ұрандатқанының нәтижесінде аман қалдық.Өз елімізде,ата-бабаларымыздың «ақ білектің күшімен,ақ найзаның ұшымен»қорғаған жерінде ана тіліміздің өгейдің күйіндейкүй кешуіне қашанғы төзіп отыра беруге болады? «Мұртқа өкпелеп жүргенде сақал шықты»демекші ,балалар бақшаларына ренжіп жүргенімізде кейбір дерек көздеріне сүйенсек ,әлі 2 миллион қазақ ана тілінде оқып жаза алмайды деседі.Бұл ұлттық апат емей немене?

  Тіліміз төрге озды ма?Әлде кезек тимей тозды ма?Бұған жауап табу қиын.Рас тілдер мерекесі өтті.Анау өтті мынау өтті.Бірақ  мемлекеттік тіл аясын кеңейту ,қолданылу деңгейін арттыру жолында не істелді?Бұл жағы көмескі.Құдай қарасты,сонда да кейбір керітартпа пессимист саясаттанушылар « болашақта Қазақстан деген ұлы мемлекет болуы мүмкін,бірақ «қазақ деген ұлттың болуы неғайбыл» деп таласты.Осы әңгіме меді жарасты?Бұл дабылдың көтерілуіне еліміздегі ұлттық саясаттың түсініксіз тұстары да салқынын тигізбей қойған жоқ.Себебі атамекенде тіл тек қазақ ұлтының патриотымыз дейтін үркердей ғана топқа қажет сияқты көрінетін.Содан соң қазақ тілді басылымдардың басты қаруы ғана болып қалған жайы бар.

   Осы жерде ойымызды тағы сабақтай түсейік.Кезінде «тілді құртқың келсе тіл комитетін аш» деген әзіл шыны аралас сөздің салмағына үңіліп көрдік пе?Жалтақтығымыз басым –ау, сірә.

   Қазақстанда БАҚ-тың 60 пайызы орыс тілінде тарайды екен.Басқаны қайдам ,қазақтар көп шоғырланған Шымкенттің өзінде тек орыс тілінде хабар тарататын бірнеше арна бар.Соларды 50-де 50 деңгейіне жеткізу мүмкін болмай отыр.Әңгіме қозғалса,бірер күн қазақша бағдарламаларды теңестірген түр танытып,ат айнала бәз баяғы қалыпқа қайта түседі.Осы тығылмашақ тоқтамай тіл тағына мінер ме?

   Ал,енді Қазақстанда не көп ,шетел тілінде жазылған жарнама көп.Мейрамхана,мейманхана,сауда нүктелерінің көпшілігі өзге тілде.Осыған жергілікті биліктің әлі келмей-ақ қойды ғой әйтеуір.

   Мемлекеттік тіл ешуақытта ,өзімен көршілес халықтың тілдерінен сорлы болып ,қатардан қалып өмір сүрмегендігі ,өз сыбағасын ешкімге жегізбегендігі мыңдаған жыл тарихында айқындалған тіл емес пе еді.

  Тіл байлығы,тіл тазалығы –ұлт қасиетінің ,салт-санасының негізгі өнеге нағыз белгісі емес пе?

Қазақстанда,қазақ тілі заңның әділдігі бойынша мемлекеттік тіл болып саналып,өз орнына төрге шығарып отырғызылып,бұрыңғы қалпына кешікпей келтіру шаралары тездеп қолға алынып,тіл бұрмалау ежелден келе жатқанын ессссссскере отырып,іс жүзіне қатал төңкеріс түрінде асысрылуы жөн.

Қазақ ана тілінің беделін түсіріп,бұрмалап бүлдіріп халықтың халық болуына ұлттың ұлттық қасиетіне салт –санасына өте қауіпті зиянды болғандықтан барлық орыннан тіл құзғындарымен тіл сұңғыттары шүншіт болып кеткендер бетін бар жүзің бар демей мейрімсіз түрде масссқарлана қуылып,қолдарына таяқ ұстатып ,қой бақтырған көп олжа болар еді.

  Мемлекеттік тілді қатынастың басты функциялары,оны іске асыру мен меңгеру жолдары.тілдік қатынастың мемлекеттік тілді жете білу үшін қажеттілігі оған қойылатын шарттар,оның әлеуметтік жағы,қоғамдық мәні.Адамдарға ұлттық мақтаныштың ұшқын ойлары жүрекке тіл арқылы ұлайды.Мұқағалидай тас жүрегін тілімен тілімдеген адамдар ,ана тілін мақтаудан ешқешенде ұялмайды.Ал қазірше ата-бабаларымыздың тарыдай жинап алған қазақ тілін таудай етіп шығарудың орнына тауықтарға жем шашқандай шашып жүрміз.Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту бүкіл ата-бабамызды ұмыту деп түсінемін.

  Мемлекеттік тілдік қатынасқа сәйкес сөйлесім әрекетінің түрлері .

оны меңгерудің қажеттілігі.Тілдесім әрекетінің маңызды болу себебі.Тілдік қатынас нәтижесі,оның қоғамдық әлеуметтік жағы,адамзатқа тән ең басты фактор екендігі.Мемлекеттік тілдің қатысымдық сипатына байланысты экстралингвистикалық,интралингвистикалық факторлар.     

 

  Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Тіл туралы толғам» Д.Дүйсебай (58-59)
  2. «Тілдік қатынас»Фаузия Оразбаева (244-245)
  3. «Қазақстан тарих,тіл, ұлт» Ханкелді Әбжанов (76-77)
  4. «Өркен»газеті 2007ж 16 қараша 5бет
  5. «Оңтүстік Қазақстан» газеті 2006ж 5 ақпан 9бет
  6. «Абай» газеті 2008ж 14 желтоқсан 2 бет.