№11 лекция

ТІЛДІК ҚАТЫНАС ПЕН СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІ.

Жоспар:

            1.Тілдік қатынастың ойды жүйелі жеткізу мен сөйлеу мәдениетіне тығыз байланысты екендігі. Тілдік қатынасқа сәйкес сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптар, оны меңгеру жолдары.

            2.Тілдік қатынасқа байланысты сөйлеу мәдениетінің басты ұстанымдары.

            3.Сөйлеу мәдениетін игеруде қолданылатын әдістер, оны іске асырудыі тиімді амал-тәсілдері.

            4.Сөйлеу мәдениетінің қоғаммен байланысы, оның әлеуметтік жағы. Сөйлеу мәдениетіне негізделген тілдік қатынастың тәрбиелік мәні мен рөлі, оның маңызы.

            5.Оқушылардың, студенттердің сөйлеу мәдениетін қалыптастыруды тілдік қатынастың алатын орны. Тілдік қатынаста берілетін хабарды меңгеру. Ойдың түсінікті болумен қатар нақты және тартымды болуы.

            6.Тілдік қатынас пен шешендік өнер. Ақпартты әдемі, образды тілмен жеткізудің тиімділігі.

 

Тіл- адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастыратын өзгеше қатынас құралы. Тілмен сөйлесу адамзат баласы үшін тысқары бір дүние емес, ол ішкі құбылыс. Сөйлеу тек адамға ғана тән. Адам тіл арқылы бір-бірімен қатынаса алады. Тілді үйрету әдісі үнемі заман талабына, уақыт ағымына қарай өзгеріп, дамып, жетіліп отырады.

 

 

                                              Тілдік қатынас

 


Ауызша тілдік қатынас                           Жазбаша тілдік қатынас

 

 

Дыбыстық қатынас                                   Таңбалық қатынас

 

 

Айту           Тыңдау                                   Жазу                Оқу

Қазіргі уақытта орыс тілді аудиторияларда қазақ тілін оқытуда тиімділігі жоғары түрлі оқыту технологиялары қолданылады. Олардың ішінде проблемалық оқыту, интерактивтік оқыту, модульдік оқыту, ойындық технологиялық оқыту, коммуникативтік оқыту тағы басқа технологиялар қазақ тілін екінші тіл ретінде үйренушілердің белсенділігін арттыруда қолайлы болып табылады. Оқыту технологиясы деп педагогика ғылымында «педагогикалық үрдістің жүзеге асу жолы» (В.Юдин, В.П.Бесполько) деп танылады. «Педагогикалық технология-оқушы мен оқытушыға қолайлы жағдайда оқу үрдісін жоспарлау, ұйымдастыру, өткізудің және оқушымен оқытушының бірлескен педагогикалық әрекетінің әрбір жеке бөлшегіне дейін ойластырылған моделі» (В.М.Монахов).

Тілдесімге себепші жағдаят дегеніміздің өзі не? Ол тілдесуші адамдар арасындағы тілдік қатынас. Егер тілдесушінің бірі өзге бір адамның теріс қылығы туралы сөз ететін болса, екіншісі ол адамның қылығын ақтайды немесе бірінші тілдесушіні жақтайды. Бұл, әрине, тек тілдесімнің негізі. Бірақ, осы негізің арқасында ғана айтылым әрекетіне итермелеуші тілдесімге себепші жағдаят туындайды. Тілдесуші екі адам біріне бірі сұрақ қойып, бірін- бірі тыңдай отырып, ойларын толықтырады. Осылайша тілдесім процесі жалғаса береді. ТСЖ үнемі өзгеріп отырады, оның бағыты тілдесушілердің тілдік әрекеттеріне байланысты. Тілдесім барысында кез- келген тілдесуші тақырыпты өзгертетін сөзді айтып, әңгімені мүлдем басқа тақырыпқа ауыстырып жіберуі мүмкін. Олай болса, ТСЖ тілдесушілер арасындағы қатынастың динамикалық жүйесі. Осы жүйе адам санасында тілдесімге деген қажеттілік оятып, әрекет жасауға жетелейді. Тілдесімге, сөйлесуге деген қажеттілік белгілі бір ниеттен ( мотивтен) туындайды. Соның арқасында айтылым әрекеті жүзеге асады.

Тіл оның ішінде біздің ана тілі еліміздегі халықтардың барлық іс-әрекетінің, қарым-қатынасының құралы болуы тиіс, оның мәдениетін жоғары сатыға көтеру әрбіріміздің борышымыз. Тіл байлығын игеру – ана тілін қадірлейтін, тіл мәдениетінің шыңына қол созатын адамның әректі. Ана тілін жақсы білу - әркімнің азаматтық борышы, қоғамда атқаратын қызметінің тірегі. Еліміздің тәуелсіз мемлекет болып, егемендік алуы тілі мен психологиясына оның өз мәнінде дамуына мүмкіндік берді. Бүгінгі күні мемлекеттік тілді қоғам өмірінің барлық саласына тереңдете енгізу мәселесі үлкен маңыз алып отыр. Соңғы кезде мемлекеттік тілдің өрісін кеңейтуге, оның өркен жайып дамуына ықпал ететін басты-басты қадамдар жасалуда.

Сөйлеу-адам санасының басты белгісі. Сөйлеу ежелден бері жеке адамның, қоғамның ой-санасын дамытып, жетілдіруге аса маңызды рөл атқарады. Сөз ойлы да, нәрлі болуы тиіс. Әйтпесе, көздеген мақсатына жете алмайды. Халқымыздың мәнді сөйлейтіндерді «Сөзі мірдің оғындай екен» деп дәріптейді.

«Тіл-сөйлеу, сөйлесу, оқып-үйрену, жазу арқылы өседі. Бұл үшеуінің бірді-біріне көңіл аудармау ең үлкен қылмыс» дейді акдемик жазушы Ғ.Мүсірепов.

Тіл мәдениеті – сөз қоры мен синтаксистің байлығы, дыбысталуының көп түрлілігі мен икемділігінде. Сөйлеу-адам санасының басты белгісі. Сөйлеу ежелден бері жеке адамның, қоғамның ой-санасын дамытып, жетілдіруге аса маңызды рөл атқарады. Сөз ойлы да, нәрлі болуы тиіс. Әйтпесе, көздеген мақсатына жете алмайды. Халқымыздың мәнді сөйлейтіндерді «Сөзі мірдің оғындай екен» деп дәріптейді.

 «Тіл-сөйлеу, сөйлесу, оқып-үйрену, жазу арқылы өседі. Бұл үшеуінің бірді-біріне көңіл аудармау ең үлкен қылмыс» дейді акдемик жазушы Ғ.Мүсірепов.

Тіл мәдениеті – сөз қоры мен синтаксистің байлығы, дыбысталуының көп түрлілігі мен икемділігінде.

Сөз мәдениеті - ойдың киімі, соған қарап бірден-ақ адамның білім дәрежесін анықтауға болады. Сөйлесе білу - талант.

Соңғы уақыттарда баспасөз беттерінде, радио және теледидарда адамдардың тәртіп мәдениеті, қатынасы, моральдық-адамгершілік қарым-қатынасы туралы мәселелер талқылағаңда сөйлеу мәдениетіне, сөз этикасына үлкен назар аударылуда. Сөз этикеті дегеніміз - барлық адамдарға құрметпен қарау, кішіпейілділіктің, мәдениеттіліктің белгісі.

Шын мәнісінде адамдармен қарым-қатынастың негізгі түрі — сөз. Дұрыс сөйлеу, сөйлесу — мәдениеттіліктің белгісі. Қаламыздағы мәдениет ошақтарының бірі- Қалалық орталық кітапхана жанынан құрылған «Инноватиктер мектебінде» интерактивті ойын өткізілді. Ойын элементтері араласқан лекция - «Сөйлеу мәдениеті» тақырыбына арналды. Сабақ барысында жұмыс уақытында кездесе жататын іскерлік қарым-қатынас мәселелері қарастырылды. Рөлдік ойындар ойналып, күнделікті жұмыс барысында кездесіп жататын кикілжіңдерден шығу жолдары, сыпайылық әліппесі талқыланды. Халқымыздың асыл мұрасы-сөз өнері бойынша тапсырмалар орындады. Шараға соңында Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханашылары сөйлеу мәдениетінің ережесін жасады. Барлық қатысушыларға «Сөйлеу мәдениеті» тақырыбына жасалған әдістемелік құрал таратылды.

 «Білім негізі – бастауышта» деп тегін айтылмаған. Қазіргі талап бойынша баланы басты тұлға деп есептесек, ұлттық тілімізді дұрыс меңгерту, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, сөзді орынды қолдануға үйрету басты парызымыз. Сөз мәдениетін жетілдіруде халық ауыз әдебиетінің маңызы зор. Қай халықтың болмасын рұхани қазынасы оның өмірінен, әдебиетінен танылатыны белгілі. Қазақ ауыз әдебиетіндегі мақал-мәтелдер, жұмбақ, жаңылпаштар, ертегі-аңыздар қазақ елінің таусылмас қымбат қазынасы, сөз мәдениетін дамытудың қайнар көзі. Оқушылардың орынды сөйлеу, тауып сөйлеу, тапқыр сөйлеу сияқты сөз мәдениетін жетілдіруде ауыз әдебиетінің осындай мол қазынасын пайдалана отырып оқытуда оқушылардың бойына ізгілік пен адамгершілік қасиеттерді де сіңіруге болады. Мәселен, оқушылардың ой-өрісінің дамуында, тіл шеберлігінің қалыптасуында мақал-мәтелдер, шешендік сөздер, жұмбақтар мен жаңылтпаштардың орны ерекше. Бастауыш сыныптың ана тілі оқулығын алатын болсақ, бірінші сыныптан төртінші сыныпқа дейін халық ауыз әдебиеті үлгілері оқытылады. Оның ішінде әсіресе мақал-мәтелдер, шешендік сөздер, жаңылтпаштарға көп көңіл бөлінген. Өйткені баланың ойы да, тілі де бастауыш сыныпта қалыптасады.

“Сөйлеу мәдениеті және іскерлік қарым-қатынас”, “Іскерлік қарым-қатынас мәдениеті” сияқты пәндердің оқу жүйесіне енгізілуін  Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының көрінісі, осы бағытты өрістетудегі  ортақ мүддеден туындаған  маңызды шаралардың нышаны деп тануымызға болады.

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

1.             Автореферат. Қ.Қ.Тоғасбаева. Орыс сыныптарындағы қазақ тілі сабқатарында М.Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясын қолдану

2.             Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде /Аударған Д.А.Қайшыбекова/-Алматы,2006.-180б.

3. Ф.Ш.Оразбаева. « Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі». Ы.Алтынсарин атындағы Қазақстан білім академиясының Республикалық баспа кабинеті. Алматы. 2000 жыл.