№12 лекция
СӨЙЛЕСІМ ӘРЕКЕТІ, ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ.
Жоспар:
1.Сөйлесім әрекеті, оның
ерекшеліктері. Сөйлесім әрекетінің түрлері.
2..Айтылым әрекеті, оның меңгеру
жолдары. Айтылым әрекеті мен сөйлеу мәдениетінің
байланысы. Айтылым әрекетінің тілдік қатынаста басты роль
атқаратыны.
3.Оқылым әрекеті, анықтамасы.
Негізгі компоненттері. Оқылымның түрлері, оның
мағыналық ерекшеліктеріне қарай жіктелуі, формалары.
4.Жазылым әрекеті. Оның графикалық таңба арқылы
көрінетіндігі, бірліктері. Жазылымның лингвистикалық,
психологиялық, әдістемелік, физиологиялық ерекшеліктері.
Жазбаша жұмыстардың орындалу жолдары.
5.Тыңдалым әрекеті туралы түсінік. Тыңдалымның
факторлары. Тыңдалымды меңгеруге қойылатын шарттар.
6.Тілдесім әрекеті, оның
сөйлесім әрекетінде алатын орны, маңызы. Тілдесімді меңгеру
жолдары, оған қатысты факторлар. Тілдесімнің жіктелуі,
түрлері.
3.Сөзді дұрыс
айта білудің заңдылықтары мен қалыптасқан
қағыидалар
Тыңдалым,
яғни аудирование – соңғы жылдары көп сөз болып
жүрген және оқу
процесінде кеңінен орын алған маңызды
салаларының бірі.
Тыңдалым – “аудирование” деген
терминнің білдіретін мағынасы – есту арқылы түсіну .
Бұл термин айтылған не техникалық аппараттарға
жазылған аудиомәтіндегі сөздерді ,сөйлемдерді
тыңдай білудің нәтижесінде қабылдау және
түсіну деген ұғымды
білдіреді. Бұл атаудың ең басты мәні – адамдар
арасындағы қарым-қатынасты жүзеге асыратын тілдік
тұлғаларды тыңдау ,есту арқылы қабылдау
және ұғу.
Тыңдалымды жете меңгеру оған
қатысты мынандай белгілерді үйретумен байланысты:
1.
Басқа дыбыстардан
тілдік дыбыс толқынын, олардың ерекшеліктерін ажырата білу;
2.
Аудиолық тілдік тұлғалардың
мағынасы мен мәнін дұрыс қабылдай білу.
3.
Мәтіннен қажетті деректі тауып, пайдалана
білу.
4.
Тыңдалымға қатысты негізгі
көрсеткіштерді
жан-жақты меңгеру.
Тілді
үйренуде тыңдалымның маңызы мен ерекшелігін белгілейтін
ең басты көрсеткіш –тыңдалымға арналған
мәтін,яғни аудиотекст
Арнаулы мәтін арқылы
тыңдалымға тән мынандай басты белгілер: текстегі
қатысымдық және тілдік тұлғаларды
тану,қабылдау, түсіну және қолдану-іс жүзіне
асады және сөйлесім әрекетінде үздіксіз жетіліп
отырады. Тыңдалымға арналған мәтін әр түрлі
ерекшелігіне сай тыңдалады:
1/
Үйренетін тілдің айрықша белгілері мен тілдік ерекшелігіне
қарай;
2/
Тақырыбына қарай;
3/
Мазмұнына қарай;
4/
Қатысымдық тұлғалардың құрлымына
қарай.
Жалпы
аудиомәтінді дұрыс таңдап алу-бүкіл тыңдалым
процесінің сапалы өтуіне әсер ететін бірден-бір пайдалы
алғышарт.
Мәтінмен жұмыс хабарды түсіну дәрежесіне
қарай әр түрлі мақсатты көздейді:
1.
Мазмұнды толық түсіну.
2.
Ең басты ойды түсіну.
3.
Бөлшектеп түсіну. Ақпаратты өз қажетіне қарай нақтылап түсіну.
Тыңдалым процесінде оқытылатын мәтін мазмұны мен композициялық құрылым
жағынан жүйелі,тұтас түрде
ұсынылуы қажет.
Мазмұндық
ерекшелігіне қарай:
а/ берілген тақырып оқушыға таныс материалдан жинақталғаны жөн;
ә/ ойдың логикалық жүйесі сақталып отыру керек;
б/ мәтінге
қатысты орындалатын жұмыстар нақтылы, анық болып беріледі;
в/ көмекші
материалдар, көрнекілік қатар
қолданылады;
г/ негізгі ой түйінделіп, оның төңірегіндегі
қосымша, қосалқы
ойлар соған қатысты жүйелі түрде баяндалады.
Сол сияқты тыңдалым
нәтижелі болу үшін,
акустикалық ережелерді
дұрыс меңгеру
де аз роль атқармайды:
а/ Сөйлемнің фонетикалық
норманы сақтап айтылуы.
ә/ Сөз бен дауыстың ырғағы.
б/ Екпін мен дауыс ырғағын дұрыс қою.
г/ Сөйлем мен сөйлем аралығындағы үзіліс.
Сонымен қатар әртүрлі жағдайларға қатысты ерекшеліктердің
де әсері бар:
Тыңдалымды жете меңгеру үшін
қойылатын алғышарттар:
1.
Тыңдауға ұсынылатын мәтінде, әңгімеде, пікірде
айтылатын басбы ой түсінуге жеңіл болуы керек.
2.
Үннің ырғағы мен әуені
дұрыс естілу қажет.
3.
Тілді жақсы үйрену үшін, тыңдалым бірінші сабақтан
бастап, үздіксіз жүргізілуі тиіс.
4.
Оқушының тілге қатысты білімі мен дайындағы
ескерілгені жөн.
5.
Тыңдалымға қатысты жұмыстардың
бәрі бақылауға алынған
дұрыс.
Үйренуші мен үйретушінің көзбе-көз
не бірін-бірі көрмей қарым-қатынаста
болу ыңғайына қарай
тыңдалып екі түрге бөлінеді.
1. Тіке тыңдалым.
2. Аралық тыңдалым.
Тыңдау арқылы сөзді толық қабылдауға,
үйренуге кедергі келтіретін шарттар:
1.
Тілдік ортаның жоқтығы
немесе біржақты болу.
2.
Көмекші құралдардың /сурет,карта,жоспар, таблица, ым,
т.б./ болмауы немесе тым көп орын
алуы.
3.
Оқушының психологиялық ерекшелігі: қабылдау дәрежесі,
есте сақтау мүмкіндігі, ынтасы, ойлау қабілеті, т.б. ескерілмей қалуына байланысты.
4.
Хабардың ішкі мазмұнына ,ойды білдіру
амалдарына,құрылысына жете көңіл аудармағандықтан,оқушы
оны қабылдай алмайды.
Осыған байланысты тыңдалымды менгеруге ұшырасатын кедергілерді жоюдың жолдары :
1. Тыңдаушымен алдын ала
дайындық жұмыстар жүргізіледі ,сөздік жаттығулар
орындалады.
2. Тыңдалымға
қатысты сөздік минимум міндетті түрде таныстырылады .
3. Тілдік
артикуляциялық дағдысы күн сайын қалыптасып,
жетілдіріліп отырады.
4. Сөзіді сөйлеуді қабылдауға ерекше
көңіл бөлінеді: сөйлеушінің репликасын
дұрыс түсініп, есте сақтау талап етіледі
5. Кейбір қиын
тіркестер тыңдалымнан бұрын оқылым процесінде оқытылып,
қайталанып отырады.
Қолданылған
әдебиеттер:
1.Ғабитов Т. Мәдениеттану:
оқулық / Раритет, 2006.-63 б.
2.Уәлиұлы Н. Тілемісұлы Н.
Сөз мәдениеті: оқулық / Алматы, 2002.
3.«Қазақ
тілін үйренейік» №3, 2008 жыл, 3 бет
4.Ф.Ш. Оразбаева, «Тілдік
қатынас теориясы және әдістемесі», 2005, 272 бет
5.Ә.
Әлметова, «Сөйлеу әрекеттері түрлеріне оқыту», А.
Арыс, 2007
6.«12-жылдық білім
беру журналы», №8, 2006, 4 бет
7.Ж. Аймауытов, бес
томдық шығармалар жинағы «Ғылым», 1998, 30 бет
8.М. Жұмабаев
«Педагогика» А. «Рауан», 102 бет.