№13 лекция
ТІЛДІК ҚАТЫНАСТЫҢ ҒЫЛЫМИ
НЕГІЗДЕРІ.
1.Тілдік
қатынас күрделі
қоғамдық – әлеуметтік
құбылыс бола келіп, көптеген ғылым салаларымен тығыз байланысты екендігі.
2.Тілдік
қатынастың педагогикамен
тығыз байланыстылығы.
3.Тілдік
қатынастың адам
тәрбиесіне әсері.
4.Педагогиканың
адам тәрбиесіне қатысы, оның адамдар арасындағы қарым-қатынасқа ықпалы.
5.Тіл
арқылы оқушылардың
танымын кеңейту, іскерлігін арттыру, сөйлеу дағдыларын жетілдіру, әдептерін қалыптастыру.
6.Тілдік
қатынатың психологиямен
байланысын жетілдіру. Тілді оқыту барысында оқушының сана-сезімін дамыту, ой-өрісін тереңдету, оның көңіл-күйіне, мінезіне,
қабілетіне назар аудару
Тілдік қатынас күрделі қоғамдық-әлеуметтік құбылыс бола кліп, көптеген ғылым салаларымен тығыз байланысты.
Тілдік коммуникацияның лингвистикалық
негізі қарым-қатынас құралы
тілге байланысты екені анық. Лингвистика тіл туралы ілім
болса, тілдік қатынас сол тілдің қарым-қатынасқа
қатысты ерекшеліктерін
қамтиды.
Тілдік қатынас қатысымдық
тұлғалар арқылы
жүзеге асады.Оның қоғамда
алатын орнын тілдің атқаратын қызметінен көруге болады. Қатысымдық тұлғалар тіл ғылымының салалары-
лексикология, семасиология, грамматиканың зерттеу объектілерімен қатар қолданылады. Қатысымдық тұлғалар
мен тілдік тұлғалардың
өзіндік ара қатысы,
байланысы бар.
Сонымен қатар тілдік қатынастың негізі- сөйлеу, адамдардың сөйлеу процесі. Осы сөйлесу, ұғынысу
тікелей тілдік бірліктердің қатысымен
іске аса келіп,
қатысымдық тұлғалардың
қызметі нәтижесінде
болады.
Сөйлеу процесінде басты орын алатын- сөз бен
сөздің байланысы,
грамматикалық формалар
мен мағынылар, сөздің
тіркесі., сөзжасам- осының бәрі тіл білімінің салаларында қарастырыла келіп, грамматиканың дамуына қанша әсер етсе, тілдік қарым-қатынасқа,
сөйлеуге де сонша ықпал етеді.
Лингвистикалық
заңдылықтар мен грамматикалық
ережелерді үйренбей тұрып, адам өз ойын дұрыс жеткізе алмайды, сол тілде
сөйлей алмайды. Бір-бірімен байланысқа
түспесе, белгілі бір сөздердің тобы қаншама көп болғанымен, ой түсініксіз болады. Айтайын деген сөз
ұғынықсыз болса,
оны екінші адам түсінбесе, тілдік коммуникация да жүзеге
аспайды.
Адамдар арасындағы тілдік қарым-қатынас сөздік құрам
мен сөздік қордың
мол болуына қарай еркін жүзеге асады, түсінісу тез жүзеге асады. Лексикалық қор тілдің өсуімен бірге тілдік қатынастың
мүмкіндігін арттырады.
Қазақ
тілінің қатысымдық
ерекшелігін зерттеуде оқушылардың дүниетанымын
қалыптастырудың, қазақ
тілінің қоғамдық
мәнін жете түсіндірудің ерекше маңызы бар. Бұл-біріншіден, жалпы дүниеге деген танымдық көзқарастың
негізінде танылса, екіншіден, қазақ тілінің қоғамдық-әлеуметтік
қатынас құралы
ретінде алатын орнына байланысты қарастырылады.
Кез келген тіл, сол
сияқты қазақ
тілі- "адам қатынасының аса маңызды
құралы" бола келіп, адамзаттың бір-бірімен түсінісу, пікір алысу , сөйлесуіне
жол ашып қана қоймайды. Сонымен қатар ішкі, сыртқы қоғамдық жағдайларға
әсер етеді, халыққа қажетті
әлеуметтік, экономикалық
істерді аңғаруға
мүмкіндік жасайды, бірлесіп еңбек
етуге
дәнекер болады,
қоғамдық-саяси күштердің
өз мақсаттары үшін күресуге қызмет ететін саяси құралы болады. Сөйтіп,
жалпы көпшілік қауым мен саяси топтар арасындағы көпір болып табылады.
Адамның ойы мен санасы қаншама күрделі
болғанымен, тілсіз ой
жүзеге аспайды. Сондықтан да тіл- қоғамдық объективті шындықты танудың, оны өмірде пайдаланудың құралы
болып табылады.
Қоғамдық-әлеуметтік
кезеңдердің қай-қайсысында болсын қазақ тілі қазақ халқының
ана тіліне тән әлеуметтік мәнінен айырылмауға тырысады. Басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқыту, үйрету барысында, біріншіден,
оның қазақ
ұлтының, қазақ
халқының ана тілі екенін, оның
ертеден дамыған тарихы барын, әдеби
тіл дәрежесіне көтерілген салаларын, жазба тілге тән
басты қасиеттерін түсіндіру қажет.
Екіншіден, қазақ тілінің сол халықтың өзіндік қатынас құралы болуымен қатар, басқа ұлт өкілдерімен қарым-қатынас жасауға негіз болатын, ұғынысуға,
пікірлесуге жол ашатын ұлтаралық қатынас құралы екеніне баса назар аудару керек.
Үшіншіден,
қазақ тілінің
қатысымдық сипаты
оның ел аралық қатынаста қолданылатын
қоғамдық мәнінен
және ресми іс-қағаздарда жұмсалатын әлеуметтік
қызметінен көрінеді.
Төртіншіден,
қазақ тілі- қоғамдағы барлық
салаларда пайдаланылатын мемлекеттік дәрежеге
жеткен қарым-қатынас
құралы.
Бесіншіден, ол- рухани мәдениет
пен өркениет, өнер
жолында қолданылатын,
адамның сезімі мен көңіл-күйін жеткізетін
құрал.
Сол сияқты қазақ тілінің ең басты қатысымдық қасиеті- адам мен адамның, үлкен менкішінің, жеке тұлға мен топтың
өзара түсінісуіне,
ұғынуысына жол ашу, қарым-қатынас
құралы ретінде бүтіндей қоғамға
қызмет ету.
Тілдік қатынастың педагогикалық
негізі- табиғаат пен қоғамдағы, оның
өмірдегі орнына, тілдік қарым-қатынасына
байланысты.
Тілдік қатынастың психологиялық
негізі тіл арқылы ойды аиту, жеткізу, қабылдау, сезіну құбылыстармен байланысты.
Сыртқы объективтік шындықтың
әсерінен адамның
есту, көру сезімдері дамып, адамның ойлау қабілеті артады. Ойлау тіл арқылы
сыртқа шығып, тіл адамның ойын жеткізуші құралдың
ролін атқарады. Тілдік қатынастың психологиялық негізі- тілді қыту барысында оқушының сана-сезіміне әсер етіп, оның
қажеттігі және маңызын түсіндіріп, пәнге деген дұрыс көзқарасты
қалыптастыру.
Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Ф.Ш. Оразбаева
"Тілдік қатынас негіздері", оқулық Алматы 2005 жыл.
2. Ф.Ш. Оразбаева
"Тілдік қатынас",
Алматы 2005 жыл.
3. Ә. Н. Нұрмаханова
«Қазіргі қазақ
тілі».Алматы «Мектеп» 1982 жыл.
4.Р.Рахметова, Ф. Оразбаева,
Б.Қасым, Ж. Көпбаева.
Алматы 2005 жыл.
5. К. Аханов «Тіл білімінің негіздері». Алматы 2002 жыл.
6.М.Ә. Қараев
«Қазақ тілі». Алматы «Ана тілі» 1993 жыл.