№14 лекция
ТІЛ МЕН
ОЙЛАУ
Жоспар:
1.Тіл мен ойлаудың ара қатысы.
2.Ойлаудың сөйлесім әрекетіне
әсері.
3.Ойлаудың танымдық және
қатысымдық қызметтері.
4.Ойлаудың сана мен тілге қатысы.
5. Тіл мен ойлаудың лингвистика
ғылымында алатын орны.
№14
Тіл мен ойлау
Тіл
мен ойлаудың арақатынасы жөніндегі мәселелер
көптеген ғалымдарды ойландырды.
Мәселен,
Б.В.Беляев «Очерки по психологии обучения иностранным языкам» деген
еңбегінде тіл мен ойлауды қарастыра келе, осы екі процесс бірлікте
болу керек деп есептейді. Ол барлық адамдардың сөйлеу мен
қабілеті бір-бірімен байланысты дейді: «...если язык и мышление едины, и
если языковые средства разных языков не одиноковы, то же могут быть
рождественными и мысли»
Б.В.Беляевтің
пікірінше, барлық адамдардың ойлау жүйесі: ұғым,
пайымдау, тұжырымдау мен ойлау процесі: салыстыру, қорыту, талдау –
бірдей; тек ойлау мазмұны ғана әр халықта әр түрлі.
Осыдан шығатын қорытынды: тілге үйрену керек емес, керісінше,
осы тілде ойлауға үйрету керек. Және ұғымды
түсіндіру қажет.
В.А.Артемов
ойлау мен тілдің айырмашылығы сөздердің
семантикалық шеңберінің бір-бірімен сәйкессіздігінен,
олардың мағыналарының түрліше қабылдануынан деп
санады. Ол адамдардың әр түрлі сөйлеуі
сөздердің түрліше аталуынан деген тұжырымға
келеді.
Бұл
автор тіл мен ойлаумен болмыстағы заттар мен құбылыстар
арқылы байланыста болады,
өйткені адам осы құбылыстарды кездестіргендіктен, оларды
белгілібір сөздермен атауға тиіс деп есептейді. Оның
пікірінше әр ұлт, әр халық заттарды, табиғат
құбылыстарын т.б. әр түрлі сөзбен атайды,
сондықтан тіл де әр түрлі болады.
Н.И.Жинкин
ойлау, әрине, сөз арқылы бейнеленеді дей келіп, екінші бір
бөтен тілді үйренгенде ойлау
ана тіліне де, ұлттық тілге қатысты емес, ол әр
адамның өз жеке басына
байланысты ерекшелікте дамиды деп түсіндіреді.
Н.И.Жинкиннің
пікірі шет тілін үйрету үшін сөйлеуге үйрету керек., ал
оқушы (үйренуші) өз тілінде ойлай берсін, ең бастысы
ойлау емес, сөйлеу дегенге саяды. Бұл автор, негізінен,
болмыстағы объективтік құбылысты өз бетінше
қабылдауға көңіл аударады.
Психологиялық
тұрғыдан ойлау дегеніміз - әлеуметтіе жағдаймен
ұштасқан, тілмен тығыз байланысты психикалық процесс,
сол арқылы болмыстың, дүниедегі нәрселердің жалпы
және жанама бейнеленуі [1,69].
Бұл
бейнелену адам ойының талдау және біріктіру әрекеттері
арқылы танылады. Бір сөзбен айтқанда, ойлау – сыртқы
дүниедегі болмыстың жалпы жанама жолмен біздің
санамыздағы ең биік сатыдағы бейнесі. Ойлау адамның
өмір тәжірибесі мен практикалық іс-әрекеттері
нәтижесінде пайда болып, тікелей сезім процесінің шеңберінен
әлдеқайда асып түседі.[2,150]
Адам
өзінің ана тілінде сөйлегенде, көп
қиналып,ойланып жатпайды. Өйткені, оның бойында кішкене
кезіненбастап қалыптасқан сөйлеу дағдысы бар, сол
сөйлеу жүйесінің тілдік құралдары – сөз бен
сөйлемді – дайын единица, дайын материал ретінде пайдаланады. Ана тілінде
сөйлеу үшін де, әрине, ойлау мен пайымдау керек,
өйткені объективтік шындық, яғни табиғат
құбылыстары туралы ұғым, сөз арқылы тілмен
жеткізіледі. Ойлау тілмен жарыққа шығады, сөйтіп, ой
тілдегі единацалар арқылы (сөз тіркесі, сөйлем т.б) екінші
біреуге түсіндіріледі.Басқа ұлт өкілдеріне ойлау мен
сөйлеудің екінші тілді үйретудегі ара-қатынасы
зерттеуші ғалымдардың көп пікірталасын туғызды.
Бұл ретте екінші бір тілді үйрету үшін, оның тілдік
единицаларын дұрыс қолдану үшін ойлау жүйесінің
де маңызды екені айтылады. Шет тілін үйретуге байланысты
ойлаудың алатын орнын Е.И. Пассов басқаша түсіндіреді.
Оның ойынша, тілге үйрету үшін алдымен ойлауға
үйрету керек, яғни белгілі бір тілді оқытудан бұрын
дұрыс ойлауды меңгеруге тура келеді. Өйткені, ол екінші
бөтен тілді үйрену барысында сөйлеуден бұрын ең
алдымен іштей сөйлеу әрекеті («внутреняя речь») пайда болады деген
пікірді жақтайды, сондықтан ойлау мен сөйлеуге қатысты
барлық процесті осыған әкеп тірейді:
«Внутреняя
речь» (ВР) присутствует и в рецептивных, и в продуктивных речевых процессах,
когда мы слушаем речь других, у нас возникают так называемые речевые кинестезии
(скрытые речедвижение); они падают сигналы в мозг, где возбуждаются
соответствующие стреотипы, что и приводит к пониманию» [1,70]
Іштей
сөйлеу дегеніміз – (внутренняя речь), автордың айтуынша,
адамның басқа, бөтен тілде сөйлер алдындағы
миындағы айтар ойын құрастыруы. Ол айтар сөйлемін ойда
жинап, іштей құрастырып алып, сонан кейін оны бір ғана
сөзбен немесе дауыс ырғағымен, кейде тіркеспен жеткізуі
мүмкін. Мұнда айтылар ой күрделі, сөйлем бірнешеу болуы
мүмкін, бірақ ерекше бөліп жеткізілген бір сөз, не
көп сөйлемнің орнындағы бір тіркес, не бір сөйлем
жеткізілер ең басты хабарды білдіріп, назардыөзіне бұрады.
Сөйтіп барып, күрделі ақпарат келесі адамға
түсінікті болады. «Іштей сөйлеудің» бір ерекшелігі осы.
Е.И.Пассовтың
пікірінше, ойлау екі түрлі қызмет атқарады: танымдық
және қатысымдық. Танымдық қызметте ойлаудың
қолданатын құралы – тіл. Сол сияқты ойлау сөйлеу
процесінде өзінің қатысымдық қызметін
атқарады. Демек ойлау тілмен де, сөйлеумен де тығыз
байланысты. Бұл процестердің бірінсіз бірінің күні
жоқ, олар өзара бір-біріментығыз байланысты.
Осындай
пікірлерді айта келіп, зерттеуші былай дейді: «Из многих функции языка здесь
можно упомянуть главную – коммуникативную, т.е. его способность служит
средствомобщения. Нужно заметить, что язык как средство общения не
полностью адекватен языка как орудию
мышления»
Сонымен
қатар, Е.И.Пассовтың ойлау процесі туралы мына тұжырымына да
көңіл аударуға болады:
«Мышление
вообще не связано с речью непосредственно, их связь осуществляется через
внутренную речь.
Язык как система знаков тем более
не идентичен мышлению, ибо он прежде всего орудие мышления»
Ойлау процесі іштей
сөйлеуге, яғни ойды іштей жинақтауғағана
байланысты емес, ол – сана мен тілге қатысты күрделі процесс.
Тіл мен ойлаудың
лингвистика ғылымында алатын орны мен өзара қатысын әр
ғалым өзінше қорытады. Мәселен, бұл туралы
Э.Бенвенист: «Углубляясь в природу языка, вскрывая его связи как с мышлением,
так и с поведением, так и с поведением человека... лингвистические исследования
начинают проливать свет на глубинное функционирование сознания в разнообразных
мыслительных операциях» - десе, көрнекті тілші, ғалым Фердинанд де
Соссюр былай деді: «Характерная роль языка в отношении мысли не заключается в
создании материального звукового средства для выражения идей, но в том, что он
служит посредником между мышлением и звуком и притом таким оброзом, что их
объединение неизбежно приводит к обоюдному разграничению единиц» [1,71]
Жоғарыдағы
авторлардың іштей сөйлеу процесіне ерекше мән беруі ойлау мен
тілдің өзіндік ерекшеліктерін көрсетеді. Жалпы ойлап
қарасақ, іштей сөйлеу деген ұғым да, процесс те
бар. Бірақ әр автор оны қандай деп атағысы келсе, ол -
әркімнің өз еркіндегі нәрсе.
Е.И.Пассов айтқандай, шет
тілін оқыту үшін, алдымен ойлауды үйретукерек дегенге
қатысты мынадай ой тұжырымдауға болады.
Біздіңше, бұл процесс
адамға ойлауды үйрету үшін ғана емес, сөйлесу
процесін түсінікті ету үшін, пайымдауды дұрыс
ұйымдастыра білу үшін қажет. Ол – дұрыс сөйлеуге
дайындық жасау. Мұнда ойлауды оқытудан гөрі әр
тілдің грамматикалық ерекшеліктерін, соның ішіндегі ең
қажеттісін қалай тиімді пайдалану керек – соны үйретуге ойды
шынықтыру қажет. Өйткені, әр тілдің өзіндік
ішкі құрылымдық өзгешелігін жете меңгермей, біз
сол тілде еркін сөйлей алмаймыз. Тіптен еркін емес, өз ойымызды
аздап болса да жеткізе алмаймыз. Сондықтан да әр ұлттың
тілдік ерекшелігі оның сөйлем құрау сипатынан
көрінеді. Мәселен, орысша оқыған
қазақтың баласы қазақша сөйлесе, ең
алдымен ойын «іштей сөйлеу» арқылы орысша құрастырып
алады да, оны сол қалпында қазақша аудара салады. Соның
нәтижесінде орысша ойлаудан шыққан құрылымы
қате қазақша сөйлемдер
пайда болады.
Сонымен қатар екінші бір
тілде сөйлеу мен ойлаудың арасындағы ерекшелікті мынадан
көруге болады. Мысалы, жаңадан тілі шығып келе жатқан
сәби өз ойын жеткізу үшін, сөйлемді толық айтып
жатпайды, сөйлемнің ішінен ең маңызды, айтар ойын
жеткізетін сөзді не тіркесті ғана айтады. Бірақ сол
сөзге қарап үлкендер баланың айтайын деген бүкіл
ойын түсінеді. Мысалы:
«Маған ана шайды
әпер,» - деп айтудың орнына сәби ыдысты көрсетіп, «шай»
деуі мүмкін, немесе «менің тәтті шай ішкім келді»
деудің орнына «шай ішем» деуі мүмкін т.б. Тіптен
алғашқы кезде сәби сөйлемге енетін
сөздердің кейбіреулерін білмеуі де мүмкін, сөз
байлығындағы «алам, ішем, кел,бар» т.б. деген сияқты
сөздер арқылы-ақ ойын дұрыс жеткізе алады.
Мұның өзі тілді меңгере бастаған баланың
ойлау қабілеті барлық сөз тізбектерін қатар білуге
байланысты емес, соның ішінде ең қажетті дегендерін іштей
сезіммен таңдап алып, соларды үйретіп, сосын осы сөздердіжиі
қолдана келіп, оны біресе сөз тіркесінің, біресе
сөйлемнің орнына жұмсайтындығын дәлелдейді.
Сондай-ақ ересек адамдар да
өз ана тілінен бөтен, әсіресе генеологиялық
жағынан басқа тілді үйренгенде, ең алдымен, күнделікті
тіршілікке қажет тіркестер мен сөздерді жаттауға тырысады. Ол
белгілі бір жағдайға байланысты жалғыз өзі шет жерде
жүріп қалса, тілі жетпегендіктен, айтар ойын сөйлем
арқылы емес, бір сөзбен, не өзі білетін бір тіркеспен
жеткізуге тырысады.Бұндай жағдайда адам ойын айтар тұтас
мазмұндық ұғымына емес, сол өзі жеткізуге тырысып
тұрған ортаның, ұғымның ең
маңыздысына, ең қажеттісіне бөледі де, соны дәл
бейнелейтін сөзді, не тіркесті ойлап, айтуға тырысады.
Тіл – табиғатпен
тығыз байланысты жаратылған ерекше құбылыс.Ол
өзіндік ерекшеліктері мен заңдылықтары тұрғысынан
табиғат пен қоғамның қалыптасуына, дамуына
әсер етеді.Тілдің өзіне ғана тән әлеуметтік,
қоғамдық сипаты бола тұра, ол жалпы табиғи
процестерден, табиғат пен қоғамнан тыс қарастырылмайды,
қайта сол жалпы заңдылықтармен тығыз бірлікте
қарастырылады.
Тілдің
қатысымдық қасиеті – оның барлық
ерекшеліктерінің ішіндегі ең маңыздысы және ең
бастысы. Сондықтан лингвистер тілдің мәнін айқындауда
оның әр түрлі жақтарын сөз ете келіп, соның
ең қажеттісін жіктеп шығаруға тырысады.
В.М.Солнцев тілдің
анықтамасын әр түрлі қырынан тұжырымдай келіп,
оның қандай қасиеті мен ерекшелігі қарастырылуға
тиісті болса, анықтаманы да сол өзгешелігіне қарай қорыту
керек деген пікірге келеді. Мәселен ол: «а) с точки зрения функции языка: есть язык средство общения людей и, как
таковое, есть средство формирования, выражения и сообщения мысли;б) с точки зрения устроиства (механизма)
языка: язык набор некоторых единиц и правил использования этих единиц, т.е.
комбинирования этих единиц; эти единицы «использования этих единиц т.е.
комбинирования; эти единицы «делаются» говорящими данный момент; в) с точки зрения существования языка; язык
есть результат социального, коллективного навыка «деления» единиц из звуковой
материи путем сопрежения некоторых звуков с некоторым смыслом; г) с
семиотической точки зрения: язык есть система знаков, т.е. материальных
предметов (звуков), наделенных свойством обозначать того, существующее вне их
самих;
д) с точки зрения информации: язык есть код, с
помощью которого кодируется семантическая информация», - дейді.
Бұл
анықтамалардың қай-қайсысы да тілдің
нақтылы ерекшеліктерін қорытындылай келіп, оның
жан-жақты, күрделі құбылыс екенін айқындай
түседі. Автордың қай тұжырымын алып қарасақ
та, орынды. Осы анықтамалардың ішінен тілді информация , яғни
хабарлау түрінде; ойды жеткізу құралы ретінде
сипаттаған анықтамасы тілдік қатынастың тағы бір
өзіндік ерекшелігін көрсетеді.
Әрине,
тілдің хабарлау қызметі мен қарым-қатынастағы
рөлін мағынаны жеткізу барысындағы (код) кілт, шешім деп
қарау – тек шартты түрде ғана аталған анықтау. Ол
тілдің барлық қатысымдық қасиеті мен
қызметін толық қамтып көрсете алмайды. Өйткені
сөз немесе тілдік тұлға белгілі бір мағынаны білдіру
үшін кодпен байланыстырылады дегенойға жүгінсек, онда
ең алдымен сол код деген ұғымның өзін
айқындау керек болады және тілдік тұлға мұндай
жағдайда кодпен қалай байланысады, соны шешу қажет болады.
Міне, осының бәрі әрі түсініксіз, әрі анық
емес.
Демек,
тілді анықтау, оның негізгі белгілерін көрсету шартты
ұғымдар арқылы іске аспайды. Оның оймен, санамен
байланыстыра қарастырылуының өзі тілдің ерекшелігін
аңғартады. [1,73-74]
Ойлаудың
тілмен тығыз байланысты болуы және оның
қоғамдық мәні адам ойлауы дамуының
қоғамдық-тарихи сипатта болатындығын көрсетеді.
Адамның дүниетанымы, білімі және өмір
тәжірибесінен
жинақтаған мағлұматтары
ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып ауысып отырады.
Бұл – тарихи фактор. Адам ақыл-ойының дамып жетілуі мен
білімінің өсуі әрбір ұрпақ жасаған білім
қорын меңгеріп, оларды әлеуметтік өмір
қажеттілігін қанағаттандырып отыруға пайдаланылады.
Сөйтіп, тарихи даму адам баласының қоғам
өміріндегі қарым-қатынасын нығайтады[2,151].
·
Әлемдік өркениет тарихында ерекше орны бар
ұлы испан ойшылы, Бальтасар Грасиан-и-Моралис: «Ойда-азбен, сөзде
көппен бол. Толқынға қарсы жүзу – жай ессіздік
емес, анық қатер» - деп ойымызда қанша көп нәрсе
болғанмен, кез-келген нәрсені жүзеге асыруда сөзімізге
абай болу керектігін айтады.
·
Әлдебір философ: «Мен-ойлаймын. Ойламаған
күні өлемін», - деген екен. Ойлай білу, жүзеге асырып,
сөйлеп, өз ойымызды жүзеге асыра білудің өзі бір
ғажап емес пе?
·
Кез-келген жан өзге бір тілде сөйлеу
үшін сөздікпен сөз жаттап, қайта қайталату емес,
сол тілде ойлап, сол тілде толғансақ, соның өзі
жеткілікті.
Қазақ тілі және әдебиеті
оқу-әдәстемелік журналдары
Тіл мен ойлау арақатысы туралы көптеген ғалымдар
тұжырым, зерттеулер жасады. Мысалы, Б.В.Беляев өзінің "
Очерки по психологии обучения иностранным языкам" деген еңбегінде
тіл мен ойлауды қарастыра келіп, осы екі процесс бірлікте болу керек деп
есептейді. Оның пікірінше, барлық адамдардың ойлау
жүйесі: ұғым, пайымдау, тұжырымдау мен ойлау процесі:
салыстыру, қорыту, талдау- бірдей, тек ойлау мазмұны ғана әр
халықта әр түрлі.
Б.В.Артемов
ойлау мен тілдің айырмашылығы сөздердің
семантикалық шеңберінің бір-бірімен сәйкессіздігінен,
олардың мағыналарының түрліше қабылдауынан деп
санайды.
Н.И.Жинкин ойлау, әрине, сөз
арқылы бейнеленеді дей келіп, екуінші бір бөтен тілді
үйренгенде ойлау ана тіліне де, ұлттық тілге де қатысты
емес, ол әр адамның өз жеке басына байланысты ерекшелікте
дамиды деп түсінтіреді.
Адам өзінің тілінде
сөйлегенде, көп қиналып, ойланып жатпайды. Өйткені
оның бйында кішкене кезінен бастап қалыптасқан сөйлеу
дағдысы бар.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Қосымша әдебиеттер:
Хасенов Ә Тіл білімі Алматы: «Санат» 2003. –
461 бет