№15  лекция

ТІЛ ЖӘНЕ СӨЙЛЕСІМ

Жоспар:

1.Тіл мен сөйлеу жөнінде лингвистердің пікірлері.

2.Сөйлеу процесінің ойға қатысы.

3.Тілдік амалдар. Тіл мен сөйлесім әрекетінің ортақ жүйенің екі бүтін құрамы екендігі.

    Тіл мен сөйлесім.  

    Тіл мен сөйлесім өзіндік тығыз байланысты. Тіл мен сөйлеуді ғалымдар кейде бірге алып қарастырса, кейде екеуін екі бөлек құбылыс деп таниды. Мысалы, немістің көрнекті, лингвисі Вильгельм фон Гумбольдт пен орыс лингвисі и.Э.Бодуэн де Куртэнэ  тіл мен сөйлеуді жеке-жеке ажыратып, олар адамның ойы мен қарым-қатынасына байланысты қажеттіліктен туған процесс деп қарастырады.

     Тіл мен сөйлеу туралы ерекше концепция- Фердинанд де Соссюрдің тұжырымы. Ол тілді қалыпты, сипаттамалы құбылыс ретінде тани келіп, оны дыбыстық материяның тұтас жүйесі түрінде қарастыру керек деп санайды.

     Сөйлесім- адамдардың ұжымдық тобына тән басты құбылыс. Себебі, сөйлесім болу үшін бірнеше адамдардың пікір алысуы қажет.

      Тіл және таңба.

   Тіл мен таңба екеуі екі басқа, тілдің элементтері сөз, сөйлем таңба болып саналады. Осы таңбалар адамның ойымен, пайымдауымен байланысты. Алғаш рет таңба мәселесімен көне ғасырда әйгілі философтар Аристотель мен Демократ айналысқан.

    XYII-XYIII ғасырларда таңба проблемасын философ Д.Локк, Г.Кондиляк зерттеді.

    Тілдің таңблық сипаты сөйлесімді құрайтын элементтердің жиынтығына және тілдік тұлғалардың құрылысына байланысты. Тілдегі таңбалық қызметті осы сөздердің дыбыстық жамылғышы атқарады. Дыбыстық таңбалардың бәрі бірігіп келіп бір жүйе- таңбалар жүйесін құрайды.

        Сөз-лексикалық жағынан да,грамматикалық жағынан да сөзжасам тұрғысынан да жан-жақты зерттеліп келе жатқан тілдік тұлға .Сондықтан біз сөздің бұл жақтарына тоқталмай , тілдік қатынасқа байланысты сипатын азды-көпті сөз етеміз.Жалпы бұл-арнайы зерттеуді ,жан-жақты талдауды қажет ататін мәселелердің бірі.

Сөз-сөйлеу ,пікір алысуүрдісіндегі ең басты тұлға .Сөз жеке тұрғанда ,заттың ,сынның ,қимылдың т.б атауы болып,номенативті қызмет атқарса ,тіл арқылы қарым-қатынастық қызымет атқарады..Тіптен контекіссіз дербес қолданылып ,грамматикалық тұлға ретінде әр түрлі дауыс ырғағымен айтылса да әрі хабарлау ,әрі қабылдау мәніне ие болады.

Сөз тілдік қарым-қатыната ауызша түрде қолданылғанда ,ондағы қатысымдық белгілерді дауыс ырғағы ,интонация атқаратын да ,жазбаша түрде жұмсалғанда ,қатысымдық қызметі таныс белгілері атқарылады.Сөйлеу процесіндегі сөздің ерекшелігі –ол обьективті шындыққа ,өмірге байланысты ұғымдарды сананың қабылдауы нәтижесінде ойды бейнелейді.Сонымен қатар іс-әрекет жүріп жатқан ортаның әсерін адамның көңіл-күйін де қоса білдіреді.Тілдік қарым-қатынаста жұмсалатын сөздердің бірнеше қасиеттері бар.

1.Сөз адам санасында бейнеленген ұғымның жарыққа шығуын қамтамасыз етеді.

2.Сөз басқа қатысымдық тұлғалардың жасалуына ұйытқы болады.

3.Сөз өмір шындығын нақтылы мағына арқылы түсіндіре келіп,адам ойының екінші біреуге жеткізілуіне әсерін тигізеді

4.Сөз адамдар арасындағы тілдік қатынасты жүзеге асыруға негіз болады.

Тілдік қатынастың ғылыми негіздері  Тіл мен ойлау,тіл мен сөйлеу ,тіл мен таңба.

Тіл мен ойлаудың ара қатысы жөніндегі мәселелер көтеген ғалымдарды ойландырады.Ойлау процесі іштей сөйлеуге ,яғыни ойды іштей жинақтауға  ғана байланысты емес,ол сана мен тілге қатысты күрделі процес.Демек ,тілді анықтау, оның негізгі белгілерін көрсету шартты ұғымдар арқылы іске аспайды .Оның оймен ,санамен байланысты қарастырылуының  өз тілдің ерекшелігін аңғартады.

Тілдік қатынасқа қатысты құбылыстардың ішінде тіл мен сөйлеуге соқпай өтетін мәселелер жоқтың қасы.Сондықтан бұл мәселелердіңбасын ашып алудың маңызы зор.

Сонымен сөйлесім дегеніміз –тіл арқылы дыбысталып айтылатын ;ойды жарыққа шығаратын;қатысымдық мәні бар ;әрі әлеументтік ;әрі дара түрлік құбылыс.

Тілдің таңбалық табиғаты сөз етілгенде ,сөздің дыбыстық жамылғышы  мен оның (сөздің)

Семантикасының өзара қатысының сипаты еске алынады.Тілдің таңбалық сипаты деп сөйлесімді құрайтын Элементтердің жиынтығы.

Сонымен тіл  мен таңбаның ара қатынасын қорытындылай келіп ,тілге таңбалық жүйе тұрғысынан мынандай анықтама беруге болады: Тіл дегеніміз –қатысымдық қызмет атқаратын материалдық таңбалардың тарихи тұрғыдан қалыптасқан әлеументтік жүйе

Пайдаланылған әдебиеттер.

1. Ф.Ш. Оразбаева "Тілдік қатынас негіздері", оқулық  Алматы 2005 жыл.

2. Ф.Ш. Оразбаева "Тілдік қатынас", Алматы 2005 жыл.

3. Ә. Н. Нұрмаханова «Қазіргі қазақ тілі».Алматы «Мектеп» 1982 жыл.

4.Р.Рахметова, Ф. Оразбаева, Б.Қасым, Ж. Көпбаева. Алматы 2005 жыл.

5. К. Аханов «Тіл білімінің негіздері». Алматы 2002 жыл.

 6.М.Ә. Қараев «Қазақ тілі». Алматы  «Ана тілі» 1993 жыл.

Глоссарий

1.Тілдік қатынас (ТҚ) –адамның ойлау ,пайымдау ,сөйлеу ,түсіну,айту, пікірлесу т.б әрекеттеріне тікелей қатысты құбылыстар.

2.Коммуникация-адамдар арасындағы тілдік қарым-қатынасты,яғыни тіл арқылы түсінісу ,пікірлесу .

3.Тілдік коммуникация –тіл арқылы сөйлеу ,ұғыну.

4.Қоғамдық коммуникация-қоғамдық байланыс,,қоғамдағы қарым-қатынас.

5.Саяси коммуникация-саяис өмірдегі байланыс,саясатқа қатысты қарым-қатынас

6.Сөйлеу-адамның ойын жарыққа шығару қасиеті.

7.Сөйлесім-тілдік қатынас жүзеге асу үшін ,айтылған не жазылған хабардың қабылданып, оған жауап қайтаруы ,яғыни істің ортақ атқарылуы.

8.Сөйлесім тілі-тек адамзатқа ғана тән әрекет.

9.Баяншы - сыртқы обьективтік әсерді ,өмірді сезінуден ,пайымдаудан туған санадағы ойды түрлі тілдік амал-құралдардың ,тұлғалардың көмегімен екінші біреуге баяндауды, хабарлауды жүзеге асыру үшін тілдік байланысқа қатысушы ,тілдік қарым-қатынасқа түсуші.

10.Тұлғалар-хабарлаушыдан шыққан дерек туралы басқа адамның санасында ұғым тудыратын ,оған ақпаратың түсінікті болуын қамтамасыз ететін ,адамдар  арасындағы  қарым-қатынасқа байланысшы ретінде қызмет атқаратын қатысымдық бірліктер

11. Қаблдаушы –белгілі бір хабарды қабылдап алып ,оның мәнін тілдік тұлғалар арқылы түсініп ,ой мен пайымдау арқылы өз санасынан өткізіп ұғынудың нәтижесінде тілдік қатынасты ары қарай іске асырушы.

12.Ауызша тілдік қатынас -өте ертеде пайда болған ,қоғаммен бірге өмір сүріп келе жатқан

құбылыс ,ойдың тілі арқылы сыртқа шығару.

13.Жазбаша тілдік қатынас –ауызша тілдік қарым-қатынастан кейін пайда болған құбылыс,тілдік тұлғалардың таңбалық көрінісі.

14.Тілдік тұлғалар – Адамзат тілінің жасалуы мен өмір сүруіне қызмет ететін сөйлеу мүшелеріне тікелей тәуелді ,фонетикалық ,лексикалық және грамматикалық қасиеттерге ие болатын ,таңбалық сипаты бар тілдің құрылымдық бірліктері .

15.Қатысымдық тұлғалар-Тіл арқылы қарым –қатынасты қамтамасыз ететін ,белгілі бір ортамен араласу жағдайында жүзеге асатын,тиянақты ойды хабарлау және қабылдау қасиеті бар ерекше деңгейге көтерілген тілдік тұлғалардың қатысынан тұратын, қарым –қатынасынан тұратын мәні бар бірліектер.

16.Сөйлем- Тілдік қатынастың орындалуына тікелей себепкер болатын ең қажаетті тұлға.

17..Мәтін-өзара мағыналық байланыста болатын сөйлемдердің жүйелі жиынтығы болу,адамдар арсындағы тілдесімдік қатынастың жемісі.

18.Оқылым- графикалық таңбалар арқылы қағаз бетіне түскен сөздер мен тіркестердің мағынасы мен мазмұның ой мен сананың нәтижесінде қабылдай отырып ,одан қажаетті деректі түсініп сұрыптап алу

19.Жазылым термині –ойыңды басқа біреуге түсінікті болу үшін ,қағаз бетінде сауатты жеткізе білу дегенді білдіреді

20.Тыңдалым – есту арқылы түсіну.

21.Тілдесім-сөйлесім әркетінің түрі

22.Ақпараттық – оймен,идеямен ,көңіл-күймен әртүрлі хабарлармен алмасу

23. Ықпалдық-тілдесушілердің бір-біріне әсері,өзара әсрершілдіктің болуы.

24. Қабылдамалық-адам мен адамның түсінісуі ,бірін-бірі түсінісуі.

25.Сөйлеуді меңгерту- оқушының айтайын деген ойын ауызша және жазбаша түрде екінші адамға түсінікті етіп жеткізуіне мүмкіндік жасау