ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН

МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

 

Қазақ тіл білімі кафедрасы

 

 

                                                                                                          «Бекітемін»  ____________

                                                                                                          Оқу ісі және ақпараттық

                                                                                                          технологиялар жөніндегі       

                                                                                                          проректор Ө.Үмбетов

                                                                                                          «      »               2009 ж.                                                     

 

 

 

 

 

 

 

Тілдік қатынас негіздері пәнінің

оқу-әдістемелік кешені

 

 

 

 

050117 – ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ  МАМАНДЫҒЫНА АРНАЛҒАН

 

 

 

 

 

 

 

 

Шымкент, 2009 ж

 

 

 

Пәннің оқу-әдістемелік кешені 2005 жылғы 11 мамырда ҚР Білім және Ғылым министрлігінің  № 289  бұйрығымен бекітілген және енгізілген  ҚР МЖМБС 11.05. 2005ж. сәйкес – «050117 – қазақ тілі мен әдебиеті» дайындау бағыты мамандығы бойынша әзірленген типтік оқу бағдарламасы ( – Алматы, 2005ж. ҚазҰПУ) бойынша  түзілді. 

 

 

Құрастырған:     п.ғ.к.,  аға оқытушы  Тұрмаханова Сапаржан Әкімқызы

 

 

 

         Қазақ тіл білімі кафедрасының  мәжілісінде талқыланды.

         № 1   хаттама «  27  »     тамыз        2009 ж.

 

         Кафедра меңгерушісі ф.ғ.д., доцент                             С.Р.Боранбаев

                     

 

 

 

     

        Филология факультетітің  әдістемелік комиссиясында  мақұлданды.

        №  1 хаттама      «  28  »    тамыз      2009 ж.

 

        Төрағасы                                            С.Ә.Тұрмаханова

 

 

 

Пікір білдірушілер: ф.ғ. д., профессор  С.Р. Боранбаев – М.Әуезов атындағы ОҚМУ

                                   п.ғ.д., профессор   А. Жапбаров      -  М.Әуезов атындағы ОҚМУ

                                   п.ғ.к., профессор   Б. Ысқақ                 -  ХҚТУ

 

 

 

 

 

 

 

 

1.      ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖАСАҒАН: педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ф.Ш.Оразбаева.

МАҚҰЛДАҒАН: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жанындағы оқу әдістемелік бірлестігі.

 

 

2.             Қазақстан Республикасының Білім және ғылым  министрлігінің

 

«11»   05.  2005ж., № 289  бұйрығы бойынша

Бекітілген және пайдалануға рұқсат етілген.

 

3.             Бірінші рет енгізілген

 

 

4.Типтік оқу бағдарламасы магистратураның 6N0117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандартына сәйкес жасалған. Пр. №7. 03.03.05ж.

 

 

4.             Бұл типтік бағдарлама  Қазақстан Республикасының Білім және ғылым  министрлігінің рұқсатынсыз таратылмайды.

 

 

 

Алғы сөз

Тіл адамзаттың ойлау, пайымдау процесімен бірлікте іс жүзіне аса отырып, тілдік қатынастың негізі, басты құралы болып табылады. Осы қарым-қатынас құралы болып табылатын тілді ғалымдар әр қилы ерекшеліктеріне қарай жан-жақты зерттеп келеді.

Тілдің қарым-қатынас құралы қызметін атқаратыны туралы көзқарастар ертеректе болғанмен, тілдік қатынастың (языковая коммуникацияның) тіл білімінін жеке мәселесі ретінде зерттелуі соңғы жылдардың үлесіне тиеді. Бүгінгі таңда коммуникативтік лингвистика — әр түрлі бағытта терең де жан-жақты дамып келе жатқан ғылым саласы. Сондықтан тілдік қатынас филолог мамандардың әлемдегі өркениет пен білім жүйесіне сәйкес студенттердің сөйлеу мәдениетін қалыптастыратын, ой-пікірін дұрыс, сауатты жеткізуге ықпал ететін, адам мен адамның түсінісуіне мүмкіндік беретін сала ретінде оқу жүйесіне енгізілді.

Тілдік қатынас пәнінің мақсаты — студенттерді тілдік қатынас (языковая коммуникация) мәселесінің басты қағидаларымен, ережелерімен, заңдылықтарымен, ұстанымдарымен таныстыра келіп, оларға адам мен адам арасындағы, бір ұлт пен екінші ұлт арасындағы пікір алмасудың, сөйлесудің, түсінісудің негізгі бағыттары мен жолдарын меңгерту.

Аталмыш пән тілдік қатынастың негізгі сипатын, құрамы мен басты қағидаларын, оны қолданудың әдіс-тәсілдерін қарастырады. Тілдік қатынас негіздері жеке пән ретінде ұсыныла отырып, студенттердің теориялық білімі мен тәжірибелік дағдысын тереңдетіп, сөйлеу мәдениетіне байланысты іскерлігін қалыптастырады.

Тілдік қатынас негіздері мынадай мэселелерді камтиды:

·        Тілдік   қатынастың  ерекшеліктерін,   оның  методологиялық   негізін білу;

·        Тілдік қатынасты іске асырушылар мен   хабардың ерекшелігін білу, оны қабылдаудың әдіс-тәсілдерін меңгеру;

·        Тілдік қатынастың құрамын, олардың қолданылу ерекшелігін игеру;

·        Қатысымдык   тұлғаларды    ажырата    білу    және    оларды    дұрыс пайдалану;

·        Сөйлесім әрекеті және оның түрлерін жан-жақты меңгеру.

Тілдік қатынастың ғылыми негіздері психология, философия, социология, әдістеме, педагогика ғылымдарымен тығыз байланысты. Тілдік қатынастың лингвистикалык негізі қарым-қатынас құралы тілге байланысты. Лингвистика тіл туралы ілім болса, тілдік қатынас сол тілдің қатысымдық ерекшеліктерін қамтиды. Оның педагогикалық негізі тілді оқытуға қатысты білім жүйесіне, оның мазмұны мен сапасына, қатысымдық тұлғалардын тәрбиелік мәніне суйенеді. Олар әдістеме ілімінің басты принциптері мен оқытудын әдіс-тәсілдеріне сай дамиды, жетіледі. Тілдік қатынастың психологиямен байланысы тіл, ойлау және сөйлеу процестеріне келіп тіреледі.

Пән жүйесі лекциялардан және практикалық сабақтардан құралады. Оның мазмұны төмендегідей құрылымнан тұрады.

 

ТЕОРИЯЛЫҚ КУРС

КІРІСПЕ

Тілдік қатынас негіздері пәні. Тілдік қатынас, оның ережесі мен ерекшеліктері, құрамы, тұлғалары, ғылыми негіздері, сондай-ак сөйлесім әрекеті және оның түрлері. Басқа ғылымдардың ішінде тілдік қатынастың алатын орны, оның басқа ғылымдармен байланысы.

Тілді оқыту мен тілді үйретуді мәселелерінің ара қатысы. Олардың
айырмашылыктары.     Тілдік     қатынас     мәселесінің  лексикалық және грамматикалық минимумдарды меңгерумен тығыз байланыстылығы.

 

ТІЛДІК ҚАТЫНАС МӘСЕЛЕСІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ.

Қазақ  тіл  біліміндегі   ертеректе   шыққан  оқулықтардан   бастап,   қазіргі кезеңдегі еңбектерге дейінгі тілдік қатынас мәселесінің ғалымдар тарапынан практикалық жағынан сөз болуы. Әр кезеңде баспадан шыққан еңбектердегі тілдік қатынас мәселесі туралы пікірлер.

Қазақ лингвистикасындағы тілдік қатынас мәселесінің зерттелу тарихы тіл білімінің жеке салаларын оқытуды сөз ете келіп, ғылыми-теориялық жағынан емес, тілдік единицалар мен тіл білімінің сапаларын    практикалық-әдістемелік тұрғыдан меңгертуді көздегендігі.

Қазақ тілін практикалық қатысымдық жағынан оқыту мәселесінің зерттелу тарихы. Қазақ тілін оқыту мәселесінің көрнекті тілші-ғалымдардың зерттеу еңбектері мен оқу құралдарында өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарынан бастап сөз болғандығы. А.Байтұрсыновтың "Оқу құралы", "Баяншы", "Әліппе», "Әліп-би астары" еңбектеріндегі тілдің қатысымдық табиғатының қарапайым түсіндірілуі. Ғалымның айтуы бойынша тілдік қарумен қарым-қатынастың екі түрге бөлінуі: жазумен сөйлесу және ауызбен сөйлесу процестері.

Жүсіпбек Аймауытовтың қазақ тілін жуйелі оқытуға арналған енбектері. «Тіл құралы» (1926), «Ана тілін қалай оқыту керек?» (1925), «Комплексті оқыту жолдары» (1929).

М.Дулатовтың "Кім оқытады?" (Еңбекші қазақ, 1923) "Мектеп-медреселер мәселесі" (1913), "Жаңа жазу ережелері" (1923) т.б. еңбектері арқылы қазақ тілін, оқыту, жазу мәселесіне қосқан үлесі.

Сол сиякты М.Жұмабаев, Т.Шонаиов, Ш.Сарыбаев, С.Жиенбаев тағы баска көптеген ғалымдардың тілді оқытуға арналған еңбектері олардың барлығының тілдік қатынастың практикалық маңызына басты назар аударғандығы.

Тілдік қатынас мәселесінің бүгінгі күннің өзекті проблемасы ретінде ғылыми – теориялық жағынан зерделеуді қажет ететіндігі, филолог мамандар мен педагогтар үшін бұл мәселені түсінудің, терең білудің алғышарттары.

 

ТІЛДІК ҚАТЫНАС МӘСЕЛЕСІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ

ТЕРМИНДЕР

Тілдік қатынас мәселесіне байланысты қолданылатын терминдер жүйесі. Оқулықтар мен бағдарламалардағы тілдік қатынас және оның басты мәселелері туралы терминдердің бірізді болмауы.

Тілдік коммуникация мәселесі. «Коммуникация» термині, оның қалыптасуы. Терминдердің әр түрлі сөздікте берілу үлгілері.

«Коммуникация» терминінің көп мағыналылығы. «Коммуникативтік» терминінің тілдік мәні мен мағынасы. «Коммуникация» терминінен пайда болған сөздер мен тіркестер. «Сөйлесім әрекеті» термині. Сөйлесім әрекетінің түрлеріне қатысты терминдер. «Оқылым». «Айтылым». «Жазылым». «Тыңдалым». «Тілдесім» терминдері туралы түсінік.

 

Студенттердің өздік жұмысы (СӨЖ)

1) Тілдік қатынас мәселесінің зерттелу тарихы жайлы реферат дайында-ңыздар.

2) А.Байтұрсынұлының «Баяншы» еңбегіндегі «баяншы» терминінің тілдік қатынастағы атқаратын қызметіне анықтама бере отырып, олардың өзара байланысын, ара жігін анықтаңыздар.

3) «Оқылым», «айтылым», «жазылым», «тыңдалым», «тілдесім» термин-дерінің бұқаралық ақпарат құралдарында қолданыс аясы жайында пікірсайыс өткізіңіздер.

Студенттер мен оқытушылардың өздік жұмысы

1)                      «Коммуникация» терминінің қоғамдагы қызметі, соның ішінде тілдік қатынастагы атқаратын қызметі туралы сұхбаттасу.

 

 

 

ТІЛДІК ҚАТЫНАСТЫҢ АНЫҚТАМАСЫ, ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Тілдік қатынастың қоршаған орта мен әр түрлі құбылыстардың санаға әсер етуінен пайда болатын ақпараттардың жиынтығы арқылы адамдардың өмірде бір - бірімен пікір алмасуы, түсінісуі екендігі. Адамдық болмыстың түп қазығы - тілдік қатынас болуы.

Тілдік қатынастың адамзатқа тән ойлау мен сөйлесім процесінің бірлігі нәтижесінде қоғамдық - әлеуметтік өмірде тіл арқылы жарыққа шыққан адам санасының көрінісі екендігі.

Тілдік қатынастың ой мен сананың және тілдің тұтастығы нәтижесінде қатысымдық тұлғалардың семантикалық бірлігі  мен  байланысу  қағидалары арқылы адамдардың өзара түсінісуін қамтамасыз ететін қоғамдық - әлеумет-тік күрделі процесс екендігі.

Тілдік қатынастың ерекшелігі жалпы адамзатқа тән күрделі де табиғи құбылыс болуы. Тіл мен сананың бірлігі. Тілдік қатынастың адамдардың қарым – қатынас құралы тіл арқылы жүзеге аса келіп, жалпы адамзатқа қызмет етуі; тілдік қатынастың қоғамдық - әлеуметтік басқа процестермен байпанысы.

Тілдік қарым - қатынас арқылы адамның қоғамдық рөлінін кеңеюі. Тілдік қатынастың барлық қоғамдық үрдістердің іске асу көзі екендігі. Тілдік қатынастың қоғамдық - әлеуметтік мәні, оның адамның жеке басының қабілеті мен қоғамдағы орнына байланысты болуы. Тілдік қатынастың қоғамнын дамуы мен әлеуметтік қағидалардың, адамның ой - өрісінің, идеялардың жүзеге асуына ықпалы.

Студенттердің өздік жұмысы (СӨЖ)

1) Тілдік қатынастың қоршаған ортаға тигізетін әсері, атқаратын қызметі жайлы пікірталас өткізіңіздер.

2) Тілдік қатынастың қоғамдық - әлеуметтік қызметі жайлы ойталқы жасаңыздар.

Студенттер мен оқытушылардың өзіндік жұмысы

1)                         Тілдік қатынастың қоғамдағы атқаратын қызметі жайлы брифинг өткізу.

 

ТІЛДІК ҚАТЫНАС НЕГІЗДЕРІ

 

Тіл мен адамның тұтастығы, бірлігі. Тілдік қатынастың басты зерттеу нысанасы - тіл мен адамның тұтас болмысы, оның табиғи жаратылысы, тіл арқылы адамды тану, адам арқылы тілді тану екендігі. Тілдік қатынас – қарым - қатынастың негізі болатын тілді кең ұғымда түсінумен бірге оны терең игеру. Тілдік қатынас негіздерінің басты шарты адамзат тілінің басты қағидаларын меңгеріп; адамның ішкі жан дүниесіне үңілу арқылы түсініс-тікке ұмтылу екендігі.

Тілдік қатынастың объектісі, ең алдымен, адам оның жеткізер ойы, талап –т ілегі, мақсаты, қатысымдық іс - әрекет пен қатысымдык жағдаяттар т.б. барлығын қамтитын адами қарым - қатынастар жүйесі екендігі.

Лингвистика ғылымының зерттеу материалы - тілдік бірліктер жиынты-ғы, тілдік қатынастың оған қатысы, одан айырмашылығы. Тіл арқылы ойдың, жеткізілетін информацияның түсінікті болуы. Информацияның көбінесе шағын мәтін, тиянақты ойды білдіретін сөйлем, дауыс ырғағымен ұғынықты айтылатын сөз түрінде жеткізілуі. Тілдік қатынаста қатысымдық тұлғалар -сөз, сөйлем, мәтін ерекше роль атқаратыны. Бір адамнан екінші адамға жеткізілетін информацияның (хабар, мәлімет), негізінен, мәтін арқылы әрі толық, әрі жан - жақты берілуінен, қатысымдық тұлғалардың ішінде мәтінге көбірек ден қойылатыны. Мәтінде айтылар ой, жеткізілетін ақпарат жүйелі, бір- бірімен сабақтас, тұтас болатындығы. Алғашқы сөйлемде берілетін мәліметтің, келесі сөйлемдерде жалғасуы. Содан жеткізілетін хабар туралы толық мәлімет алуға болатындығы. Тілдік қатынаста алдымен адамға, оның ой - пікіріне, жеткізейін деген ақпарат тізбегіне көңіл аударылып, содан кейін оны жеткізу кұралына - тілдік бірліктер жиынтығына - ден қойылатыны. Сондықтан тілдік қатынастағы басты мәселе: адам мен оның ойын жеткізуші қатысымдық тұлғаларды біріктіріп тұрған - информация (ақпарат, хабар) екендігі.

Адам белгілі бір пікірін басқаға жеткізу үшін тілдік бірліктердің жиынтығынан тұратын қатысымдық тұлғаларды құрал ретінде пайдала-натыны, оның мәні мен маңызы. Тілдік қатынастың негізгі шарты белгілі бір информацияны екінші біреуге дұрыс, түсінікті жеткізу қажеттігі. Информацияны (хабарды) жеткізу жолында тіл басты құрал болып саналатыны.

Студенттердің өздік жұмысы (СӨЖ)

1) Тілдік тұлғалар мен қатысымдық тұлғалардың аражігін ажыратыңыздар.

2) Қатысымдық тұлғалардың тілдік қатынастағы қызметін көрсетіңіздер.

Студенттер мен оқытушылардың өздік жұмысы

1) Тілдік қатынастың қоғамдағы атқаратын қызметі жайлы брифинг өткізу

 

ТІЛДІК ҚАТЫНАС ЖӘНЕ ТІЛСІЗ ҚАТЫНАС

Тілдік қатынастың түрлері. Адамдардың белгілі бір информацияны қабылдауы мен ұғуы. Қоршаған ортаның әсеріне сәйкес реакцияның тілдік қатынас, тілсіз қатынас болып екі үлкен тармаққа бөлінуі. Тілдік қатынас пен тілсіз қатынастың айырмашылығы, ерекшеліктері, оларға тән белгілер: оларды қабылдау мен түсінудің жолдары.

Студенттердің өздік жұмысы (СӨЖ)

1) Тілдік қатынас пен тілсіз қатынастын атқаратын қызметі жайлы реферат дайындаңыздар.

2) Тілсіз қатынастың аясы неге шектеулі? Қандай жағдайда тілсіз қатынас жүзеге асады? деген сұрақтар төңірегінде пікірталас құрыңыздар.

Студенттер мен оқытушылардың өздік жұмысы

1) Тілдік қатынас пен тілсіз қатынастың айырмашылығы, ерекшеліктері, оларға тән белгілер жайында хабарлама дайындау.

 

ТІЛДІК ҚАТЫНАСТЫҢ НЕГІЗІ - ХАБАР (АҚПАРАТ)

 

Тілдік қатынастың негізі хабар (ақпарат, мәлімет) туралы ғалымдардың тұжырымдары мен пікірлері. Хабардың мәні мен маңызы, тілдік қатынаста

Хабардың алатын орны, оған қойылатын талаптар. Хабарды қабылдаудың жолдары мен амал - тәсілдері.

Тілдің қатынастың негізін калайтын хабардың өту кезеңдері.1.Хабардың пайда болуы. 2. Хабардың сыртқа шығуы. 3. Хабардың жеткізілуі. 4. Хабардың қабылдануы.

5. Хабардың жауабы (қайта шығуы).

Хабар арқылы тілдік қатынаста жүзеге асатын кезеңдердің сипаттамасы, олардың басты критерийлері, ерекшеліктері. Әр кезеңнің, ой, сана, тілмен қатысы; олардың психологиялық негізі. Хабарға қойылатын шарттар, хабардын функциялары. Тілдік қатынаста хабардың іс жүзіне асуы, тілдік қатынастың орындалу процесі, оған қатысушылар.

Студенттердің өздік жұмысы (СӨЖ)

1)       Хабар - дегеніміз не? Хабар қалай пайда болады? Хабардың сыртұа шығуына не түрткі болады деген сұрақтар төңірегінде ой толғадыздар.

 

ТІЛДІК ҚАТЫНАСТЫ ІС ЖҮЗІНЕ АСЫРУШЫЛАР

 

Тілдік қатынастың негізі болып табылатын мазмұн, мағынаның түсінікті болуы. Мазмұн мен мағынаның, яғни айтылатын ойдың берілетін хабармен (ақпарат, мәлімет, дерек) ара қатысы. Тілдік қатынастың негізгі мазмұны мен мәні болып табылатын хабарды іс жүзіне асырушылар туралы түсінік. Хабарға тікелей қатысушылардың белгілі бір ақпараттың, ойдың, мазмұнның екінші біреуге жетуі үшін қызмет етуі. Тілдік қатынастың іске асуына,   орындалуына қатысушылар: Баяншы. Қатысымдық тұлғадар. Қабылдаушы.

Баяншы - белгілі бір ақпаратты, мазмұнды хабарлаушы екендігі. Қатысымдык тұлғалардың - белгілі бір ақпарат, мәліметті жеткізуші екендігі.

Жеткізілетін ақпарат мазмұнының, мағынасының түсінікті болуы Қабылдаушы - берілген хабарды, яғни ақпаратты дұрыс түсініп, соған сәйкес іс - әрекет етуші екендігі.

Тілдік қатынасқа тікелей қатысушыларға, ягни хабарды іс жүзіне асырушыларға сипаттама, олардың өзіндік қасиеттері. Хабарға қатысушылар жөніндегі терминдер. «Трансмиссор», «Реципмент» терминдері туралы түсінік. «Баяншы», «Қабылдаушы» терминдеріне сипаттама. Ол термин-дердің ғылыми айналымға түсуі. Ғылыми лингвистикалық терминдердің шығу көзі, тарихы, қалыптасуы, өзгеру сатылары, дамуы.

Тілдік қарым - қатынасты жүзеге асырушы хабардың құрамды бөліктері, олардың жіктелуі, қызметі. «Баяншы», «Тұлғалар», «Қабылдаушы» ұғым-дары туралы түсінік, олардың ара қатысы. Тілдік қатынастың ауызша және жазбаша түрде іске асырылуы.

Студекттердің өздік жұмысы (СӨЖ)

1)     Хабардың жүзеге асу жолдары туралы реферат дайындаңыздар.

2)  Тілдік қарым-қатынасты жүзеге асырушы хабардың құрамды бөліктері, олардың жіктелуі, қызметі жайлы қысқаша баяндама дайындаңыздар.

Студенттер мен оқытушылардың өздік жұмысы.

1) " Баяншы", " Тұлғалар", "Қабылдаушы" ұғымдары туралы аннотация жазу.

 

ТІЛДІК ҚАТЫНАСТЫҢ ҚҰРАМЫ

Тілдік қатынастың негізгі құрамы, оның бөліктері, олардың тілдік қатынасты іс жүзіне асыруда алатын орны, маңызы. Тілдік қатынас құрылымының жіктелуі: 1. Тілдік қатынасты іс жүзіне асырушылар, яғни тілдік қатынасқа қатысушылар. 2. Тілдік қатынасқа қатысушылардың атқаратын қызметі. 3. Тілдік қатынастын жүзеге асуы барысындағы сөйлеу мүшелерінің бірлігі, сөйлеу аппараттарының ролі. 4. Қатысымдық тұлғалардың жиынтығы.

Тілдік қатынастың құрамдық бөліктерінің әрқайсысына сипаттама, олардың бір-бірімен байланысы.

Тілдік қатынасқа түсушілердің атқаратын қызметтері. Қатысымдық қызмет. Байланыстырушылық қызмет. Экспрессивтік қызмет. Олардың бір-бірімен ара қатысы, тілдік қатынастағы рөлі.

Сөйлеу мүшелерінің бірлігі, олардың қимыл-қозғалысыныц жиынтығы. Сөйлеу аппаратыныц тілдік қатынастағы орны мен қызметі; козғалыс жолдары мен бағыттары, үндестік әрекеттері. Сөйлеу мүшелерінің бірлескен қимыл-әрекеттерінің қатысымдық тұлғалардың жасалуы мен түсінікті болуына ықпалы, оның маңызы.

Тілдік қатынастың негізі - қатысымдық тұлғалар.

Студенттердің өздік жұмысы (СӨЖ)

1) Тілдік қатынастың кұрамына қандай бөліктерді жатқызуға болады?

2) Тілдік қатынасты іс жүзінс асырушыларға нені жатқызасызда?

3) Тілдік қатынастың жүзеге асуы барысындағы сөйлеу мүшелерінің бірлігі, сөйлеу аппараттарының рөлін қалай түсінесіздер?

Студенттер мен окытушылардын өздік жұмысы

1)                                 Тілдік қатынасқа түсушілердің атқаратын қызметтері. Қатысымдык қызмет. Байланыстырушылық қызмет. Экспрессивтік қызмет. Олардың бір-бірімен ара қатысы, тілдік қатынастағы ролі жайлы сұхбат өткізу.

2)                «Тілдік қатынастың негізі - қатысымдык тұлғалар» деген тақырыпта хабарлама дайындау.

ҚАТЫСЫМДЫҚ ТҰЛҒАЛАР

Қатысымдық тұлғалар, олардыц жиынтығы. Тілдік тұлға мен қатысымдық тұлғалардың байланысы. Тілдік немесе қатысымдық құбылыстың   арақатысы өзіндік    ерекшеліктері.    Коммуникативтік    тұлғалардың     жалпы процесімен тікелей байланыстылығы. Тілдік тұлға  мен  қатысымдық   тұлға жөніндегі пікірлер мен көзкарастар. Қатысымдық тұлғалардың түрлері: мәтін тұрақты сөз тіркестері (фразеологиялық оралым), сөйлем, сөз.  Қатысым тұлғалардың   басты   ұстанымдары   мен   ерекшелігі,   кызметі.   Қатысым тұлғалардың ішіндегі мәтіннің мазмұндық тұтастығымен ерекшеленетін жүйе екендігі. Фразеологиялық оралымдардың қатысымдық мәні. Сөйлем -  тілдік қатынастың орындалуына тікелей себепкер болатын ең қажетті ұйытқы тұлға екендігі. Тілдік қатынастың басты тұлғасы және өзегі сөз екендігі.

Студенттердің өздік жұмысы (СӨЖ)

1)    Қатысымдық тұлғалардың басты ұстанымдары мен ерекшелігі, қызметі жайлы хабарлама дайындаңыздар.

2) Тілдік тұлға мен қатысымдық тұлға жөніндегі пікірлер мен көзқарастарға талдау жасаңыздар. Өз ойларыңызды білдіріңіздер.

Студенттер мен оқытушылардың өздік жұмысы.

1)                           Қатысымдық тұлғалардың түрлері: мәтін, тұракты, (фразеологиялық   оралым),   сөйлем,   сөздердің   тілдік   қатынаста атқаратын кызметіне талдау жасау.

2)             Тілдік қатынастың   басты тұлғасы   және өзегі   сөзге лексикалық  тұрғыдан талдау жасау.

ТІЛДІК ҚАТЫНАС ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ

Тілдік   қатынас  пен   мемлекеттік  тіл   мәселесі.     Тілдік   қатынас мемлекеттік   тіл   арасындагы   өзара   ықпалдастық   ұстанымы,   онын  басты критерийлері,  оны   іске  асыру  жолдары   мен   амалдары.   Мемлекеттік қатысты коммуникативтік бағыт пен бағдарлар.

Республикадағы тілдік қатынастың негізі мемлекеттік тілді меңгерумен байланыстылығы.    Мемлекеттік    тілдік    қатынас     туралы    ұғым, оның түсініктемесі, мағыналық өзгешеліктері. Мемлекеттік тілдік қатынастың және   бейресми   жақтары.   Тілдік   қатынасқа   байланысты   ауызша сөйлеу қағидалары     мен     нормалары.     Мемлекеттік    тілді     меңгеруде жазша сауаттылыққа қойылатын талаптар. Олардың басты принциптері.

Мемлекеттік тілдік катынастың ұлтаралык, халықаралық   түсіністік пен ынтымақтастықта алатын орны, оның мәні мен маңызы.

Мемлекеттік тілдік қатынастың басты функциялары, оны іске игеру   жолдары.   Тілдік   қатынастың      мемлекеттік   тілді   жете   білу   үшін қажеттілігі, оған қойылатын шарттар, оның әлеуметтік жағы, қоғамдық мәні.

            Мемлекеттік тілдік қатынастың жаһандану процессімен байланысы. Жаһандану жағдайындағы мемлекеттік тілдің рөлі, орны мәні мен маңызы, өзгеруі мен дамуы.

            Мемлекеттік тілдік қатынасқа сәйкес сөйлесім әрекетінің түрлері, оның меңгерудің қажеттілігі. Тілдесім әрекетінің маңызды болу себебі. Тілдік қатынас нәтижесі, оның қоғамдық-әлеуметтік жағы, адамзатқа тән ең басты фактор екендігі. Мемлекеттік тілдің қатысымдық сипатына байланысты экстралингвистикалық, интралингвистикалық факторлар.

 

Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ)

1)     Мемлекеттік тілдік қатынас деген ұғымды қалай түсінесіздер?

2)     Тілдік қатынас пен мемлекеттік тіл арасындағы өзара ықпалдастық ұстанымын қалай түсінесіздер? Осы тақырыпта диспут өткізіңдер.

3)     Мемлекеттік тілдік қатынастың басты функциялары, оны іске асыру мен игерту жолдары қандай деп ойлайсыздар?

4)     Мемлекеттік тіл дегенді қалай түсінесіздер?

Студенттер мен оқытушылардың өздік жұмысы.

1)     Мемлекеттік тілдік қатынастың жаһандану процесімен байланысты жөнінде сұхбат өткізу.

2)     Жаһандану жағдайындағы мемлекеттік тілдің маңызы, өзгеруі мен дамуы жайында сұхбат-сабақ өткізу.

 

ТІЛДІК ҚАТЫНАС ПЕН СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІ.

            Тілдік қатынастың ойды жүйелі жеткізу мен сөйлеу мәдениетіне тығыз байланысты екендігі. Тілдік қатынасқа сәйкес сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптар, оны меңгеру жолдары.

            Тілдік қатынасқа байланысты сөйлеу мәдениетінің басты ұстанымдары. Сөйлеу мәдениетін игеруде қолданылатын әдістер, оны іске асырудыі тиімді амал-тәсілдері.

            Сөйлеу мәдениетінің қоғаммен байланысы, оның әлеуметтік жағы. Сөйлеу мәдениетіне негізделген тілдік қатынастың тәрбиелік мәні мен рөлі, оның маңызы.

            Оқушылардың, студенттердің сөйлеу мәдениетін қалыптастыруды тілдік қатынастың алатын орны. Тілдік қатынаста берілетін хабарды меңгеру. Ойдың түсінікті болумен қатар нақты және тартымды болуы. Тілдік қатынас пен шешендік өнер. Ақпартты әдемі, образды тілмен жеткізудің тиімділігі.

            Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ)

1)     Тілдік қатынасқа сәйкес сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптар жөнінде реферат дайындаңыздар.

2)     «Бұқаралық ақпарат құралдарының тілі» атты тақырыпта шағын хабарлама дайындаңыздар.

 

Студенттермен оқытушылардың өзіндік жұмысы.

1)     Диктордың сөйлеу мәдениеті қандай? Орфоэпиялық заңдылықтарға сай сөйлей аламыз ба? Теледидар мен радиқабылдағыштағы журналистердің сөйлеу мәдениеті жайында пікірталас құру.

 

СӨЙЛЕСІМ ӘРЕКЕТІ, ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ.

            Сөйлесім әрекеті, оның ерекшеліктері. Сөйлесім әрекетінің түрлері.

            Айтылым әрекеті, оның меңгеру жолдары. Айтылым әрекеті мен сөйлеу мәдениетінің байланысы. Айтылым әрекетінің тілдік қатынаста басты роль атқаратыны.

            Оқылым әрекеті, анықтамасы. Негізгі компоненттері. Оқылымның түрлері, оның мағыналық ерекшеліктеріне қарай жіктелуі, формалары.

            Жазылым әрекеті. Оның графикалық таңба арқылы көрінетіндігі, бірліктері. Жазылымның лингвистикалық, психологиялық, әдістемелік, физиологиялық ерекшеліктері. Жазбаша жұмыстардың орындалу жолдары. Тыңдалым әрекеті туралы түсінік. Тыңдалымның факторлары. Тыңдалымды меңгеруге қойылатын шарттар.

            Тілдесім әрекеті, оның сөйлесім әрекетінде алатын орны, маңызы. Тілдесімді меңгеру жолдары, оған қатысты факторлар. Тілдесімнің жіктелуі, түрлері.

           

            Студентттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ).

1)     Сөйлесім әрекеті дегенді қалай түсінесіздер?

2)     Сөйлесім әрекетінің түрлеріне талдау жасап, әрқайсысына анықтама беріңіздер.

 

ТІЛДІК ҚАТЫНАСТЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ.

Тілдік қатынас күрделі қоғамдық – әлеуметтік құбылыс бола келіп, көптеген ғылым салаларымен тығыз байланысты екендігі. Тілдік қатынастың педагогикамен тығыз байланыстылығы. Тілдік қатынастың адам тәрбиесіне әсері. Педагогиканың адам тәрбиесіне қатысы, оның адамдар арасындағы қарым-қатынасқа ықпалы. Тіл арқылы оқушылардың танымын кеңейту, іскерлігін арттыру, сөйлеу дағдыларын жетілдіру, әдептерін қалыптастыру. Тілдік қатынатың психологиямен байланысын жетілдіру. Тілді оқытубарысында оқушының сана-сезімін дамыту, ой-өрісін тереңдету, оның көңіл-күйіне, мінезіне, қабілетіне назар аудару.

 

ТІЛ МЕН ОЙЛАУ

Тіл мен ойлаудың ара қатысы. Ойлаудың сөйлесім әрекетіне әсері. Ойлаудың танымдық және қатысымдық қызметтері. Ойлаудың сана мен тілге қатысы. Тіл мен ойлау жөнінде ғалымдар Б.В.Беляев, В.А.Артемов, Н.И.Жинкиннің ғылыми тұжырымдары. Тіл мен ойлаудың лингвистика ғылымында алатын орны.

 

ТІЛ ЖӘНЕ ТАҢБА

 

      Көне ғасырлардағы философтар. Таңба мәселесі. Осыған байланысты екі бағыттың қалыптасуы. Тілдің XVIII ғасырда семиотиканың бір аспектісі ретінде бөлінуі. Тіл — таңбалар жүйесі екендігі. Тілдің танбалық табиғаты, сөздің дыбыстық жамылғышы, сөз семантикасының қатысымдық сипаты. Тілдін көптеген басқа таңбалар жүйесінен айырмашылығы.

 

ТІЛ ЖӘНЕ СӨЙЛЕСІМ

Тіл мен сөйлеу жөнінде лингвистердің пікірлері. Сөйлеу процесінің ойға қатысы. Тілдік амалдар. Тіл мен сөйлесім әрекетінің ортақ жүйенің екі бүтін құрамы екендігі.

Студенттердің өздік жұмысы (СӨЖ)

1) Тілдік қатынастың адам тәрбиесіне тигізетін әсері қандай деп ойлайсыз?

2) Педагогиканың адам тәрбиесіне қатысы, оның адамдар арасындағы қарым – қатынасқа ықпалы қандай деңгейде деген тақырыпта сұхбат құрыңыздар.

3) Тілдік қатынастың психологиямен байланысы жөнінде конспект дайында-ңыздар.

4) Тіл мен ойлаудың ара қатысы жөнінде реферат дайынданыздар.

5) Тілдің таңбалық табиғаты жөнінде ойларыңызды білдіріңіздер.

Студенттер мен оқытушылардың өздік жұмысы

1) Тіл мен сөйлесім, әрекетінің ортақ байланысы жөніндегі көзқарас-тарыңызды шағын мақала түрінде дайындау.

2) Тіл мен ойлаудың лингвистика ғылымында алатын орны жөнінде пікір-талас өткізу.

3) Тілдік қатынастың күрделі қоғамдық - әлеуметтік құбылыс екендігін, оның көптеген ғылым салаларымен тығыз байланыстылығын ғылыми теориялық тұрғыдан дәлелдеу. Осы тақырыпта сұхбат - дәріс өткізу.

 

ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ

Практикалық сабақтар теориялық жағынан өткен мәселелерді терең түсіну, тәжірибеде оны жан - жақты талдау, игеру мақсатында жүргізіледі.

 

ТІЛДІК ҚАТЫНАС МӘСЕЛЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ ТЕРМИНДЕР

Түсіндірме және аударма сөздіктерді қолдана отырып, тілдік қатынас проблемасына байланысты терминдерге түсініктеме. Тілші - ғалымдардың, лексикографтардың пікірлеріне шолу.

Сөздің көп мағыналылығы және оның терминдерді меңгерудегі орны. Терминдердің ғылыми айналымға енуі.

 

ТІЛДІК ҚАТЫНАС ҚАҒИДАЛАРЫ

Тілдік қатынастын анықтамасы, ерекшеліктері, белгілері, түрлері, басты шарты.

Тілдік қатынастың негізі,  басты  шарты,  мазмұны — хабар.  Хабардың (акпараттың) басты ерекшелігі, құрамы. Тілдік қатынасты іске асырушы құрылымдар. Хабарға қатысушылардың мәні мен қызметі, өзара байланысы.

Хабардың түрлері  мен өту кезеңдері.  Ауызша тілдік қатынас пен жазбаша тілдік қатынас.

Тілдік қатынасқа тән ерекшеліктерге сипаттама. Әр ерекшеліктің мазмұны мен мәні, олардың дамуы, өзгеруі. Тілдік қатынастың басты белгілерін талдау. Қоғамдық, әлеуметтік ортаға сәйкес нақтылы мысалдар.

 

ТІЛДІК ҚАТЫНАСТЫҢ ҚҰРАМЫ

Тілдік қатынасты іс жүзіне асырушылардың бірлігі. Тілдік қатынасқа түсушілердің қызметі. Қатысымдық, байланыстырушылық, экспрессивтік қызмет түрлері.

Сөйлеу мүшелерінің тұтас қимыл - әрекеті мен олардың маңызы. Қатысымдық тұлғалардың жиынтыгы мен біртұтастығы.

 

ТІЛДІК ҚАТЫНАСҚА ҚАТЫСУШЫЛАР

Тілдік қатынасты жүзеге асырушылар жөніндегі терминдер. «Баяншы» -трансмиссор. «Қабылдаушы» - «Реципиент». Хабардың басты ролі, тілдік қатынастың басты шарты жеткізілетін хабардың дұрыс болуы, оған қажетті факторлар. Хабарды жеткізуде қатысымдық тұлғалардың алатын орны, қызметі, маңызы.

 

ҚАТЫСЫМДЫҚ ТҰЛҒАЛАР

Сөз, оның ерекшелігі, белгілері, қызметі. Сөздің тілдік қатынастағы орны. Сөздің басқа  қатысымдық тұлғаларға ұйытқы болуы. Қатысымдылық  тұлға ретінде сөзге қойылатын талаптар мен критерийлер.

Фразеологиялық оралымның қатысымдық мәні мен қызметі. Қатысымдық тұлға ретінде фразеологиялық оралымның белгілері мен ерекшеліктері, оның маңызы.

Сөйлем және оның қатысымдық ерекшеліктері мен белгілері, атқаратын функциясы. Сөйлемнің баска қатысымдық тұлғалардан өзгешелігі мен маңызы. Қатысымдық тұлғаның ең маңызды түрі ретінде сөйлемнің алатын орны, оның тілдік қатынасты іске асырудағы рөлі.

Мәтін, оның өзіндік ерекшелігі мен түрлері. Мәтіннің қатысымдық белгілері, басты ұстанымдары. Мәтіннің жүйелілік сипаты. Оның тілдік қатынастағы маңызы. Мәтін арқылы пікірлесу, әңгімелесу, ой бөлісу, тіл дамыту.

 

ТІЛДІК ҚАТЫНАСТЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ

 

Тілдік қатынастың лингвистикалық негізі. Тілдік қатынастың педагогикалық негізі мен тәрбиелілік мәні. Тілдік қатынастың психологиялық негізі. Тіл мен ойлау. Тіл мен сейлеу. Тілдік қатынастың қоғамдық - әлеуметтік негізі.

 

ТІЛДІК ҚАТЫНАС МӘСЕЛЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ СӨЙЛЕСІМ

ӘРЕКЕТІ

Сөйлесім әрекеті туралы түсінік. Сөйлесім әрекетінің түрлері. Сөйлесім әрекетіне байланысты терминдер және оларға қойылатын талаптар. Сөйлесім әрекетінің басты қағидалары мен тілдік қатынаста алатын орны. Сөйлесім әрекеті түрлерінің бір - бірімен байланысы.

 

Оқылым

Оқылымның анытамасы, басты белгілері. Оқылымның түрлері, олардың тілдік қатынастағы рөлі, маңызы. Оқылымның баска сөйлесім әрекетінің түрлерімен ара қатынасы. Оқылым әрекетінің орфоэпиямен байланысы.

Айтылым

Айтылым туралы түсінік. Айтылымға тән белгілер. Айтылымның тілдік қатынаста алатын орны, мәні мен маңызы. Айтылым және сөйлесім әрекеті. Айтылым әрекетін іске асырудың жолдары.

Тыңдалым

Тыңдалым туралы түсінік. Оның басқа сөйлесім әрекетінің түрлерімен байланысы және комплекстік бағыт. Тыңдалымпың мәні, маңызы, қызметі. Оның тілдік қатынастағы ерекшелігі мен алатын орны. Тыңдалымға қойылатын талаптар. Тынлалымның түрлері.

Тыңдалым.

Тыңдалым туралы түсінік. Оның басқа сөйлесім әрекетінің түрлерімен байланысы және комплекстік бағыт. Тыңдалымның мәні, маңызы, қызметі. Онын тілдік қатынастағы ерекшелігі мен алатын орны. Тыңдалымға қойылатын талаптар. Тыңдалымның түрлері.

Жазылым

Жазылымның маңызы, оның сөйлесім әрекетінің басқа түрлерінен айырмашылығы. Жазылымның тілдік қатынаста алатын орны. Жазылым әрекетін іске асырудың жолдары, түрлері, амал – тәсілдері. Жазылым әрекетінің графикамен, орфографиямен байланысы. Жазылым әрекетін тілдік қатынаста дұрыс қолданудың маңызы.

Тілдесім

Тілдесімнің тілдік қатынасты жүзеге асырудағы мәні мен маңызы. Тілдесімнің пікір алмасуға қатысы. Тілдесімнің ерекшелігі мен қызметі. Тілдесімнің түрлері және олардың жіктелуі. Бұл әрекетке тән басты критерийлер.

 

Негізгі әдебиеттер

 

1) Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатынас негіздері. Алматы, Print-s, 2005, 147 6.

2) Бейсенбекова Г.Т. Оқылым процесі: теориясы мен әдістемесі. Алматы, Мария ЖШС, 2003, 105 6.

3) Нұрғали С. Заң факультеті студенттеріне айтылым әрекеті арқылы үстеуді қатысымдык тұрғыдан оқыту. Ал-ты, Қазақ университеті, 2004 101 б.

4) Маслыко Е.А., Бабинская П.К. и др.  Настольная  книга  препода-вателя иностранного языка. Минск, Вышэйшая школа, 2001, 522 с.

5) Батаршев А.В. Диагностика способности к общению. СПб: Питер, 2006,  176 с.

6) Обучение иностранным языкам (отв. Ред. М.К.Колкова). Спб: Каро, 2003, 320 с.

7) Гальская Н.Д., Никитенко З.Н. Теория и практика обучения иностранным языкам. М, Айрис Пресс, 2004, 240 с.

8) Галльская     Н.Д.     Современная     методика     обучения     иностран-ным языкам. М.:АРКТИ, 2004, 192 с.

9) Арапов М.В. квантативная лингвистика. М., 1988.

10) Артемов В.А. Психология обучения иностранным языкам. М., 1969.

11) Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы, Ғылым, 1989.

12) Беляев Б.В. О взаимопонимании мышления, языка и речи // Вопросы психологии, 1958.

13) Даль В. Толковый словарь. М., 1935.

14) Дейк Ван Т.А. Язык. Познание. Коммуникация. М., 1989.

15) Дулатов М.. Жаңа жазу ережелері // Қазақстан, 1923.

16) Жиенбаев С. Қазақтілі методикасы. Алматы, 1941 жыл.

17) Жинкин Н.И. Коммуникативная система человека и развития речи в школе. М., 1969.

18) Жинкин Н.И. Речь как проводник информация. М., 1982.

19) Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы,. «Ғылым», 1999.

20) Жұмабаев М. Педагогика. Алматы, «Ана тілі», 1992.

21. Кеңесбаев С. Жанузаков Т. Русско - казахский словарь лингвистических терминов Алматы. 1966.

22. Новое в зарубежной лингвистике. Выл. XVII. М, 1986.

23. Колшанский Г.В. Коммуникативная функция и структура языка. М., 1984.

24. «Коммуникативные единицы языка и принципы их описания».

Вып. 312. М, 1988.

25. Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі. Алматы, 2000.

26. Оразбаева Ф.Ш. Тілдік коммуникация негіздері. Алматы., РБК., 1995.

27. Пассов Е.И. Основы методики обучения иностранным языкам. М, 1977.

28. Фоменко Ю.В. Язык и речь. Новосибирск, 1990.

29. Шонанов Т. Қазақ тіліні оқу құралы. Алматы, 1933.

30. Шубин Э.П. Языковая коммуникация и обучение иностранным языкам. М., 1972.

 

Қосымша әдебиеттер

 

1. Аймауытов Ж. Комплекспен оқыту жолдары. 1929.

2. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы, 1978.

3. Әлімжанов Д., Маманов Ы. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы, 1965.

4. Байтұрсынов А. Тіл кұрал. I, II, III. - тіл танытқыш, Қызылорда, 1925.

5. Дулатов М. Жаңа жазу ережелері // Қазақстан, 1923.

6. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 1999.

7. Исследования в области коммуникативного обучения иностранным язы-кам. Сб. статей. Владимир. 1971.

8. Коммуникативный аспекты лингвистики и методики преподавания иностранных языков, (отв. ред. Е.И.Морозов). Харьков, 1991.

9. Коммуникативные единицы и система языка и речи. Межвуз. сб. науч. тр. Ижевск. 1989.

10. Қазақ тілінің түсіндірме сөздіктері. 1 - 10 томдар. Алматы, 1980.