Лекциялық кешен

(лекция тезисі, қолданылған әдебиеттердің тізімі)

№1 лекция

ТІЛДІК ҚАТЫНАСТЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ

Жоспар:

1.Қазақ  тіл  біліміндегі   ертеректе   шыққан  оқулықтардан   бастап,   қазіргі кезеңдегі еңбектерге дейінгі тілдік қатынас мәселесінің ғалымдар тарапынан практикалық жағынан сөз болуы.

2.Әр кезеңде баспадан шыққан еңбектердегі тілдік қатынас мәселесі туралы пікірлер.

3.Қазақ лингвистикасындағы тілдік қатынас мәселесінің зерттелу тарихы тіл білімінің жеке салаларын оқытуды сөз ете келіп, ғылыми-теориялық жағынан емес, тілдік единицалар мен тіл білімінің сапаларын    практикалық-әдістемелік тұрғыдан меңгертуді көздегендігі.

4.Қазақ тілін практикалық қатысымдық жағынан оқыту мәселесінің зерттелу тарихы.

Қазақ лингвистикасындағы тілдік қатынас пен қатысым әлісін зерттеу баспадан шыққан әдістемелік еңбектерге шолу жасауды қажет етеді. Қазақ тілінің әдістемесіне байланысты жарық көрген оқулықтар, еңбектер тіл білімінің барлық салаларын қамтып келіп, қазақ тілі ғылымында елеулі орын алады.

Қазақ тілінің оқыту әдістемесінің тарихи қалыптасу жолында XX ғасырдың бас кезі, әсіресе осы кезеңнін алғашқы он – жылдық уақыты, ерекше атап өтуді қажет етеді. Себебі, бұл жылдары көрнекті ғалым ұстаздардың, қоғам қайраткерлерінің, жазушылардың ұлттық тілдің ерекше-лігіне, оның қоғамдағы орны мен әлеуметтік мәніне көңіл аударып, қалам тартпағаны кемде кем. Мұның өзі, біріншіден, қазақ тілінің қоғамдық өмірде маңызды орын ала бастауына байланыеты оның келешектегі рөлін ойлаудан туған терендікті танытса, екіншіден, ұлтымыздың сол кездегі көрнекті өкілдерінің ғұламалығын аңғартатын болса керек.

XX ғасырдың бас кезіндегі тілдік құжаттар мен құралдар қаншама мол және маңызды болғанымен, тіл біліміне, әдістеме іліміне қатысты зерттеу еңбектердің әрқайсысында сол тұстағы ғалым - ағартушы, әдістемеші – тілшілердің аты - жөні, еңбехтері көрсетілмегендігі көпшілікке аян.

1922 – 1931 жылдардың көлемінде қазақ тілін оқыту, үйрету әдістемесіне байланысты көптеген пікірлер мен көзқарастар сол кезендегі «Айқап», «Қазақ», «Қазақ тілі», «Мұғалім», «Шора», «Шолпан», «Сана», «Жаңа мектеп», «Еңбекші қазақ», «Кызыл Қазақстан сияқты басылымдарда көптеген жарияланды.

Қазақ тілі проблемалары мен оларды оқыту үлгілеріне ерекше мән бepiп көп еңбек сіңірген тілші –ғ алымдардың ең көрнектісі - Ахмет Байтұрсынов. Ахмет Байтұрсынов – қазақ тіл білімінің қай саласында болсын өз ізін қалдырған, оқулықтар жазған, тілдік проблемалар жөнінде өзіндік пікір айтып қана қоймай, көп жаңалықтар ашқан әйгілі ғалым - тілші. А.Байтұр-сыновты ұлт тілін оқыту әдістемесінін іргетасын қалаушы, негізін салушы деп танысақ артық айтқандық емес.

Көрнекті ғалымның қазақ тілін оқыту, оның әдіс - тәсілдерін меңгеру, оқу жүйесінде әдістеменің алатын орны туралы жазған мақалалары, шығар-ған оқулықтары, ұлағат пікірлері мен тағылымдық көзқарастары үшан - теңіз.

Тіл білімінің әр саласына қатысты нақтылы мәселелерді сөз ететін А.Байтұрсыновтың зертгеу еңбектерін былай қойғанда, «Оқу құралы», «Сауат ашқыш», «Тіл – құрал» сияқты оқулықтарда қолданылатын әдіс - тәсілдердің ерекшелігі - өз алдына арнайы қарастыруды қажет ететін өзекгі мәселе. Кез келген әдіскер мұғалім - тілшінің еңбектерін оқу арқылы тілдік материалдармен ғана танысып қоймайды, сонымен қатар оқулықтарда беріл-ген тақырыптарды оқытудың әдістемелерін де оқыл, үйренеді.

А.Байтұрсыновтың әсіресе, әдістеме жөніндегі пікірлері мен жазғандары  - арнайы талдауды,  саралап зерттеуді қажет етеді.

А.Байтұрсыновтың құнды пікірлері тілдегі әдістеме мәселесіне ғана қатысты айтылып қойған жоқ. Сонымен қатар тілдін теориясына, оқу, жазу, сөйлеу жүйесіне байланысты ойлары да, сөйлемнің құрылысы мен ерекше-ліктерін тұжырымдайтын көзқарастары да  қазіргі тіл білімінде ерекше орын алады.

Қазақ тілінің сөйлем жүйесін, оның сөйлеу әрекетінің түрлеріне қатысын тілші - ғалымның бірнеше еңбектерінен кездестіруге болады. Әсіресе, сөйлеу әрекетінің түрлері - оқу, жазу туралы нақтылы берілген қысқа тұжырымдар басқа оқу құралдарыңда айтылмаған. Тіптен ол анықтамаларды ертеректе шыққан еңбектерден емес, соңғы жылдарда жарық көрген оқулықтардан да ұшырастыру қиын. Мұның себебі, біріншіден, осы мәселелер төңірегінде /оқылым, жазылым, тыңдалым т.б./ бұрын - сонды қазақ тіліңде арнайы зерттеулердің аздығынан болса, екіншіден, тілдік қатынас құбылысына қатысты қазақша термиңдерге әлі де болса, толық мән бере қоймауымыздың салларынан деп есептеу керек.

Тілдік қатынас мәселесін зерттеуші ғалымдарды көпшілігінің пікірінше, тілдік қарым – қатынасты қамтамасыз ететін сөйлеу әрекеті төрт түрге бөлінеді: сөйлеу, оқу, жазу, тыңдау. Бұл ұғымдарға қазақ тілінде берілген нақтылы анықтама жоқтың қасы. Тіптек орыс тілі мен шет тілін оқыту мәселелеріне байланысты зерттеу еңбектерінің өзінде де сөйлеу, оқу, жазу, тыңдауға қатысты жазылған мағлұмат аз.

А.Байтұрсыновтың «Тіл – құрал» еңбегінің Ш – ші тін даштқыш кітабында сөз болатын сөйлем жүйесі мен түрлерін оқып отырғанда, мұңда айтылған пікірлердің сөйлеу әрекеті мен оның түрлеріне де қатысты екенін байқауға болады:

Мысалы, тілші - ғалым жалпы сөйлем жүйесі туралы мәселені сөз ете отырып, тілдік қарым – қатынасқа сай сөйлеу процесін де анықтайды. Мысалы: Сөйлем дегеніміз – сөздердің басын құрастырып, біреу айтқан ой.

Сөйлегенде, жазғанда кім де бөлса, ойын айтады /46, 1925, 3/ дегенде жалпы адамзаттың сөйлеу әрекеті сөйлемді айта білуге, ойды басқаға жеткізе білуге қатысты екенін ескертеді. Бұл - әрі

Басқа әрі нұсқа пікір. Ал кім болсақ өзінің айтар ойын сөздердің басын құрастырып, сөздерді тіркестіре білу арқылы ғана жеткізе алады. Сөйлей білудің ең қажетті шарты - сол сөздерді дұрыс құрастыру. Мұны да ғалым нақты айтып кеткен: ...ауыздан шыққан сөздің бәрі сөйлем бола бермейді, айтушының ойын тындаушы ұғарлық дәрежеде түсінікті болыл айтылған сөздер ғана сөйлем болады. Сондықтан сөйлемнің жаны -  сөздердің басы мағыналы болып құралуы қысқа айтқаңда сөйлемнің мағынасы. Олай болмаса, құр сөздердің басын құрап айтқанмен, сөйлем болмайды.

Демек, сөйлей білу үшін, сөйлемді айта білу керек; сөйлемді айту үшін, оның құрамындағы сөздерді дұрыс құрастыра, ойластыра білу керек; сөздерді дұрыс құрастыру үшін, оның зандылығын білу керек. Бұл туралы тілші былай дейді; Сөйлем ішіндегі сөздердің басын түсінікті етіп құрастыру, сөйлемдерді түсінікті етіп жасау туралы сөз табиғатынан шыққан түрлі заңдар, тәртіптер бар - қысқасын айтқанда, өз аядына білерлік толып жатқан білімдер бap. Сол сөйлеу процесі мен сөйлемнің жекедара бөлшектердің бөлек - бөлек тізбегі емес, белгілі заңдар мен білімге сүйенген жиынтық ұғымдар екенін танып, еңбегін «Сөйлем жүйесі» деп атайды. Ғалымның бірінеше, сөйлем - көптеген білімдер жиынтығынан тұратын, бүтіндік қасиетке ие болатын жүйе. Сол себепті ұстаз - ғалым: ...қысқасын айтқанда, өз алдына білерлік толып жатқан білімдер бар. Ол білімдер сөйлем жүйесі деп аталады - деп, тұжырымдайды.

А.Байтұрсынов тілдің қатысымдық табиғатын өте қарапайым сөзбен түсіңдіреді. Тілшінін, айтуынша, дүниеде өзгермейтін нәрсе жоқ. Ғылым да, тіл де, табиғат та дамиды. Дүниенің өзгеруін «эволюция» дей келіп, ғалым оны «табиғат тағдыры» деп атайды.

Осындай дамуды, өзгерісті басынан еткеретін күрделі құбылыс - тіл. А.Байтұрсынов тілді «Тіл - адамдык белгісінің зоры, жұмсайтын қаруынын бірі» - дей келіп, сол тілдік қарумен қарым - қатынас екі түрлі болады деп көрсетеді: жазумен сөйлесу, ауызбен сөйлесу.

Ғалым сөйлесудің әрқайсысының мәнін ескере келіп, олардың өмірдегі алатын орнын атап өтеді. Тілдік қарым - қатынасты, сөйлесуді меңгерудің нақты жолын айтады.

Мысалы: Біздің заманымыз - жазу заманы: жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артык дәрежеге жеткен заман. Алыстан ауыз­бен сөйлесуге болмайды, жазумен дүниенің бір шетіндегі адам екінші шетіндегі адаммен сөйлеседі. Сондықтан сөйлей білу қаңдай керек болса, жаза білудің керектігі онан да артық. Сөйлегенде, сөздің жүйесін, қисынын келтіріп сөйлеу қаңдай керек болса, жазғанда да, сөздің кестесін келтіріп жазу соңдай керек. Сөздің жүйесін, қисынын келтіріп жаза білуге: қай сөз қаңдай орында қалай өзгеріп, қалайша біріне - бірі қиындасып, жалғасатын дағдысын білу керекдей отырып, сөйлеудің күрделі екенін айтады.

Байтұрсынов тілді үйренудегі сауаттылық оқумен ғана шектеліп қалмай, жазумен қатар жүргенде ғана, іске асатындығым ашып айтады. Ол сауатты-лықтың негізі оқу емес, жазу деп атал өте келіп, жазуға үйрету әдісіне ерекше мән беру қажеттігін ескертеді. Бұл мәселенің бәрі автордың «Қай әдіс жақсы?» атты мақаласында сөз болады. Мәселен: «жаза білдіруге қолайлы әдіс - оқи білдіруге де қолайлы болады. Өйткені негіздік нәрсе - жазу, оқу жаза білумен бірге қосымша біліп кететін қосалқы күйдегі нәрсе.

Қазақ тілі мәселелері мен әдістемесіне байланысты зерттеу еңбектер жазып, құнды пікір айтқан педагог - ғалымның бірі - Ж.Аймауытов.

Ж.Аймауытов 1922 жылдан 1924 жылға дейін Қарқаралықа мұғалім болып істейді. 1926 - 1929 жыл Шымшкенттегі педагогикалық техникумның директоры қызметін атқарады. Осы кезеңдегі жұмыс тәжірибелерін ол бірне-ше ғылыми мақалалары мен оқу құраддарына арқау еткен.

Сабакты жүйелі оқытуға қатысты ұстаздың жарияланған табы: «Комплектен оқыту жолдары», Қызылорда, Қаз.баспасы, 1929; мақаласы: «Комплекс жүйемен сабақ беру тәжірибеміз», «Жаңа мектеп», 1928, N1.

Ж.Аймауытов қандай мәселені сөз етсе де, қай пәнді педа­гогика, дидактика, психология т.б. зерттесе де, ең маңызды орынға тіл, оның тазалығы мен дұрыс қолданылуы туралы мәселені қозды. Өйткені, автордың айтуынша, тіл - адам /бала/ өмірінің ең алғашқы баспалдағы. Дүниедегі барлық тірлік ең алдымен тілден көрініс табады да басқалары содан кейін іске асырады.

М.Дулатов  - қазақ тілінің сауаттылығы, дамуы үшін күрескен, оқу – ағарту мәселелерін жоғары қойған ұлттық тілдің жанашыры, қамқоры. Ол, әсіресе, қазақ мектебіндегі оқу ерекшеліктеріне, тілді оқыту үлгілеріне, жазу ережелері мен оларды қолдану заңдылықтарына аса мән берген.

М.Дулатов жаңаша жазу үлгілеріне қатысты мақалалар жазған, өз пікірін ұсынған. Автордың Ахмет Байтұрсынұлының «Тіл – құрал» кітабы туралы айтқан ойлары оның тілдің жанашы­ры ғана емес, білімді педагог, көреген мұғалім екендігін де аңғартады.

Міржақып Дулатовтың қазақ тіліне арнап жазған оқу құралдары мен мақалаларының арасынан мыналарды атап өтуге болады:

«Кім оқытады?» /»Еңбекші қазақ», 1923, 27 февр./; «Газет тілі онды болсын» /»Еңбекші қазақ», 1927, 26 янв./; «Мектеп-медреселер мәселесі», Қаз., 1913., «Оқшау сөз» / «Қазақ», 1916, 18 янв/; «Үлгілі іс»/ «Қазақ», 1914, 9 июль/; «Читаю-писаю» / «Қазақ», 1916,   18 янв/;  «Жаңа хазу ережелері»  Қазақстан, 1923.

Мағжан Жұмабаев - балаларды оқыту проблемаларын көтерген, осы мәселелерге арнап оқулықтар, зерттеу еңбектер, мақалалар жазған көрнекгі қазақ қайраткерлерінің бірі. Оның «Жазылашақ оқу құралдары һәм мектебіміз»  /І14, 1921, февраль/ атты мақаласы мектептер мен оқу құралдары қандай болу керек деген сауалға жауап іздейді. Автор оқыту ісіне байланысты кедергілердің түрлерін атап айта келіп, болашақ ұрпақты оқыту мәселесіне ерекше деп қою керек екендігін баса айтадығның нақты жолдарын көрсетеді.

Қазақ тілінің материалдарын қарастыратын М.Жұмабаевтың оқулықтары мен мақалалары мыналар: «Ана тілі: Бастауыш мектепте», Ташкент. 1923; «Қызыл әскер әліплесі», :.924.s «Сауатты бол». М., 1928, 1929, 1930 ж. /бірнеша басыдан/; «Жазылашақ оқу құраддары һәм мектебіміз» /»Бостандық туы» газеті, 1921, ноябрь/; Қазақстандағы оқу жұмысының құрылысы» / «Еңбекші қаза».

Т.Шонанов 1915 жылы ұстаз болып  қызмет  істейді. Кейін 1922-1937 ж.   аралығында көптеген зерттеу еңбекгерін жазады.

Т.Шонановтың жазған кітаптары, оқулықтары мекгеттегі білім беру жүйесіне, әдістемелерге, тіл мәселелеріне арналған. Т.Шонанов әр салада         100 - ден астам еңбек жаза келісімі тіл білімін зерттеуші ғалым, әдістер, педагог, тарихшы, аудармашы Г.Шонанов сөйлеуге үйретуді мақсат ете отырып, оқу мен жазуға да айырықша назар аударады.

Қолданылған әдебиеттер:

1.Ғабитов Т. Мәдениеттану: оқулық / Раритет, 2006.-63 б.

2.Уәлиұлы Н. Тілемісұлы Н. Сөз мәдениеті: оқулық / Алматы, 2002.

3.«Қазақ тілін үйренейік» №3, 2008 жыл, 3 бет

4.Ф.Ш. Оразбаева, «Тілдік қатынас теориясы және әдістемесі», 2005, 272 бет

5.Ә. Әлметова, «Сөйлеу әрекеттері түрлеріне оқыту», А. Арыс, 2007

6.«12-жылдық білім беру журналы», №8, 2006, 4 бет

7.Ж. Аймауытов, бес томдық шығармалар жинағы «Ғылым», 1998, 30 бет

8.М. Жұмабаев «Педагогика» А. «Рауан», 102 бет.