№2 лекция
ТІЛДІК
ҚАТЫНАС МӘСЕЛЕСІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ТЕРМИНДЕР
Жоспар:
1. Тілдік қатынас мәселесіне байланысты
қолданылатын терминдер жүйесі.
2. Оқулықтар мен
бағдарламалардағы тілдік қатынас және оның басты
мәселелері туралы
терминдердің
бірізді болмауы.
3. Тілдік коммуникация мәселесі. «Коммуникация»
термині, оның қалыптасуы.
4. Терминдердің әр түрлі
сөздікте берілу үлгілері.
5. «Коммуникация» терминінің көп мағыналылығы.
«Коммуникативтік» терминінің тілдік мәні мен мағынасы. «Коммуникация»
терминінен пайда болған сөздер мен тіркестер. «Сөйлесім әрекеті»
термині. Сөйлесім әрекетінің түрлеріне қатысты
терминдер. «Оқылым». «Айтылым». «Жазылым». «Тыңдалым». «Тілдесім»
терминдері туралы түсінік.
Қарым-қатынастың
түрлері көп. Тілдік қатынас - тіл "арқылы
байланыс, сөйлеу тілі арқылы адамдардың бір-бірімен
қарым-қатынас жасауы; қоғамдық, ұлттық
тіл арқылы ұғынысу, түсінісу яғни
адамзаттың тілі арқылы сөйлесім әрекетін меңгеруі
тілдік қатынас дегенді білдіреді.
Тілдік коммуникация
туралы мәселені қарастырмастан бұрын,
"коммуникация" немесе "коммуникативтік" терминдері
қандай мағынаны білдіріп, қалай қолданылатындығы
жөнінде айта кеткен жөн.
Қазақ тіл
біліміне қатысты шыққан еңбектерде
"коммуникатив" деген сөз алпысыншы жылдардан бастап кездеседі.
Тілшілер кітаптарында бұл терминді тілдің
қоғамдық-әлеуметтік қызметіне қатысты
қолданғанмен, оның мән-мағынасына
түсініктеме беріп, зерттеу жүргізе қойған жоқ.
Тіптен баспадан
шыққан түсіндірме сөздіктердің өзінде
бұл сөздің тілдік жағынан гөрі басқа
мағыналарына түсініктеме беріліп, оның тілге қатысты
мазмұны тыс қалады.
Мәселен, 1980 жылы
"Ғылым" баспасынан жарық көрген
"Қазақ тілінің түсіндірме
сөздігінің" 5-томында осы түбірге қатысты бір
ғана сөз берілген. Ол — "коммуникация" сөзі.
Мұнда айтылған анықтаулар мен мысалдар "жол
қатынасы", "байланыс" деген ұғымды керсетеді.
Мысалы: "Коммуникация — зат, қатынас, байланыс, жол қатынасы.
1959 жылы
шыққан қазақ тілі сөздігінің бірінші
томында "коммуникация" сөзі берілмеген. Бұл
сөздікте "коммуникациялық" деген сын есім
көрсетілігі, оған қысқаша түсініктеме
айтылған. Мысалы, "Коммуникациялық" — сын,
қатынастық, қарым-қатынастық.
Қазақ
тілінің түсіндірме сөздігі мен орыс тілінің
түсіндірме сөздіктерінің арасында байланыс бар.
Әсіресе, ертеректе шыққан сөздіктерде
"коммуникация" сөзінің мағыналары бірдей болып
келеді.
Мысалы, В. Дальдін
түсіндірме сездігінде екі сөздің мағынасы
айтылған.
"Коммуникация"
сөзінің алғаш жолдық қатынас, байланыс деген
мағынаны білдіргенін көрсетеді. Оның бұл мағынасы
қазіргі кезде толығымен сақталған.
"Коммуникация"
термині бұдан басқа да бірнеше мағынаны білдіреді.
Адамдар арасындағы
тілдік қарым-қатынас деген ұғымды білдіру арқылы
бұл сөздің мағынасы әлдеқайда
кеңейеді. Сонымен қатар "коммуникация",
"коммуникативтік" термині соңғы жылдары лингвистикада
ғана емес, одан басқа да барлық ғылым салаларында
кеңінен қолданылып келеді. Бұл сөздің тілге, сөйлеуге
қатысты алғашқы, мағынасы "қарым -
қатынас", тіл арқылы түсінісу, пікірлесу дегенге саятын
болса, кейінгі кезеңдерде бұл ұғым одан
әлдеқайда тереңдей
түсті. Мәселен, тілдік коммуникация — тіл арқылы
сөйлесу, ұғынысу дегенді білдірсе, қоғамдық
коммуникация — қоғамдық байланыс, қоғамдағы
қарым-катынас дегенді аңғартады, ал саяси коммуникация —
саяси өмірдегі байланыс, саясатқа қатысты қарым-катынас
дегенді байқатады.
"Коммуникативтік"
терминіне қатысты зерттеу еңбектердің
қай-қайсысында да оның қарым-қатынас
құралы, сөйлесуге байланысты қасиеті баса айтылады.
Мұның өзі сөздің, ең алдымен, тілдік
қарым-қатынасқа, екіншіден, адамдардың өзара
ұғынысуына, бірін-бірі түсінуге негізделетінін
дәлелдейді. Коммуникация арқылы адамдар бір-біріне ойын жеткізіп,
белгілі бір нәрсені хабарлап кана қоймайды, сонымен қатар
олар өзара түсініседі, пікір алмасады, бірінің ойын екіншісі
ұғады. Екі адамның бірінің жанын бірі ұғуы
бір топтың түсінісуіне, ал топтың пікір алмасуы
қоғамның жетілуіне әкеледі. Осыдан барып, адамзат
тілінің әрі қоғамдық, әрі әлеуметтік
функциясы көрінеді, "коммуникативтік" терминінің
әлеуметтік сипаты осыдан келіп шығады.
Сондықтан да
бұл терминдерге түсініктеме бергенде, олардың
адамдардың тілдік қарым-қатынастағы түсінісу
құралы жөніндегі өзгешелігіне басты назар
аударғанының жөні бар.
"Коммуникативтік"
терминінің тілдің қызметіне байланысты білдіретін
мағынасы I. Кеңесбаев пен Т. Жанүзақовтың
"Лингвистикалық терминдердің орысша-қазақша
сөздігінде" анық айтылған.
"Коммуникативная функция предложения —
сөйлемнің коммуникативтік функциясы" (лат. communicatio —
"қатынас", "байланыс"). (Сөйлемнің байланыстық катынастық қызметі).
Коммуникативная функция языка — тілдің
коммуникативтік функциясы. Тілдің қатынас қызметі. Тіл —
адамдардың бір-бірімен сөйлесіп,
пікір алысатын қатынас құралы.
Тілдік материалға қатысты
"коммуникация" сөзінің тағы бір мағынасы орыс
тілінің анықтама-сөздігінде көрсетілген:
Терминнің тілге байланысты мағыналық
ерекшелігі лингвистикалық энциклопедиялық сөздікте одан әрі нақтылана түседі:
"Коммуникация - (лат. communicatio от - communico
— делаю общим,
связываю, общаюсь) — общение, обмен мыслями, сведениями, идеями и т.д.
специфическая форма взаимодействия людей в процессе их познавательно-трудовой
деятельности" (79,233).
Сол сияқты Р. А. Абузяров пен 3. И. Туеваның орыс тілін оқытуға арналған
еңбектерінің басында берілген лингвистикалық және
методикалық терминдердің қысқаша сөздігінде:
"Коммуникация - сообщение, общение".
Коммуникативный принцип заключается в обучении русской
речи как средство общения в наиболее типичных коммуникативных ситуациях.
Коммуникативные ситуации — ситуации общения — деген
түсініктемелер жазылған (1,8).
"Коммуникативтік" термит
қоғамдық-әлеуметтіқ
мәні бар тілдік қатынас деген ұғымды білдіреді. Қоғамнан тыс адам
болмайтыны сияқты, адамнан тыс тіл де болмайды. Бірақ ол тіл — жеке
адамның тілі емес, белгілі бір қоғамда өмір
сүруші адамдардың өзара түсінісу, сөйлесу құралы. Сондықтан тіл әрі
қоғамдық, әрі коммуникативтік қасиетке ие болады.
"Коммуникация" сөзінің негізгі
мазмұны жалпы қарым-қатынас,
араласу, хабарласу, байланыс деген сияқты
мағыналарды білдіре келіп, адамдардың тіл арқылы
сөйлесу процесін, тілдесу ерекшеліктерін, тілдің әлеуметтік
мәні мен қоғамдық қызметін, адамдар
арасындағы қарым-қатынасты,
өзара түсінушілікті көрсетеді.
Осыдан барып "коммуникабельді" - тез тіл табысатын, түсінісуге, сөйлесуге бейім, "коммуникабельдік" —
түсінушілік т.б. деген сияқты сөздер пайда бола бастады.
Сонымен, "коммуникация"—
қарым-қатынас, өзара байланыс деген ұғымды білдіреді.
Қолданылған
әдебиеттер:
1.Ғабитов Т. Мәдениеттану:
оқулық / Раритет, 2006.-63 б.
2.Уәлиұлы Н. Тілемісұлы Н.
Сөз мәдениеті: оқулық / Алматы, 2002.
3.«Қазақ
тілін үйренейік» №3, 2008 жыл, 3 бет
4.Ф.Ш. Оразбаева, «Тілдік
қатынас теориясы және әдістемесі», 2005, 272 бет
5.Ә.
Әлметова, «Сөйлеу әрекеттері түрлеріне оқыту», А.
Арыс, 2007
6.«12-жылдық білім
беру журналы», №8, 2006, 4 бет
7.Ж. Аймауытов, бес
томдық шығармалар жинағы «Ғылым», 1998, 30 бет
8.М. Жұмабаев
«Педагогика» А. «Рауан», 102 бет.