№3 лекция
ТІЛДІК
ҚАТЫНАСТЫҢ АНЫҚТАМАСЫ, ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жоспар:
1. Тілдік қатынастың қоршаған орта
мен әр түрлі құбылыстардың санаға
әсер етуінен пайда болатын ақпараттардың жиынтығы
арқылы адамдардың өмірде бір - бірімен пікір алмасуы,
түсінісуі екендігі.
2. Адамдық болмыстың түп
қазығы - тілдік қатынас болуы.
3. Тілдік
қатынастың адамзатқа тән ойлау мен сөйлесім
процесінің бірлігі нәтижесінде қоғамдық -
әлеуметтік өмірде тіл арқылы жарыққа
шыққан адам санасының көрінісі екендігі.
4. Тілдік
қатынастың ой мен сананың және тілдің
тұтастығы нәтижесінде қатысымдық
тұлғалардың семантикалық бірлігі мен
байланысу қағидалары
арқылы адамдардың өзара түсінісуін қамтамасыз
ететін қоғамдық - әлеумет-тік күрделі процесс
екендігі.
5. Тіл мен сананың бірлігі.
Қарым
– қатынастың түрлері көп. Тілдік қатынас – тіл
арқылы байланыс, сөйлеу тілі арқылы адамдардың бір –
бірімен қарым – қатынасжасауы; қоғамдық,
ұлттық тіл арқылы ұғынысу, түсіну;
яғни адамзаттың тіл арқылы қатынасқа түсуі
тілдік қатынас дегенді білдіреді.
Бұл жерде сөйлеу тілі
деген тіркесті ерекше бөліп айтуға тура келеді. Өйткені ол
ауыз екі сөйлеу деген
мағынаны емес, жалпы адамзаттың сөйлесу
құралы, сөйлеу құралдарыеның қызметі,
адамның тілі, адамның тілдік
қатынас құралы деген қоғамдық –
әлеуметтік мәні бар ұғымды жеткізу тиіс.
Сондықтан осындай нақтылы ұғымды білдіру үшін,
біз сөйлесім тілі деген тіркесті қолданамыз. Себебі
"сөйлесім", '"'сөйлеу" түбірі
арқылы жасала келіп, сөйлеу
процесінің тек адамзатқа тән екенін дәледейді.
"Сөйлеу" деген сөздің өзі адамның ойын
жарыққа шығару қасиетін
біддіретіндіктен, көбінесе біржакты әрекет ретінде қабылданады.
Ал "сөйлесім" "сөйлеу" түбіріне
ортақ етістің "с" жұрнағы қосылу аркылы жасала келіп, бір-бірімен тілдік
қарым-қатынас нәтижесінде іске асатын ортақ құбылысты көрсетеді. Тік қатынас жүзеге
асу үшін, айтылған не жазылған хабардың қабылданып,
оған жауап қайтарылуы,
яғни істін ортақ
атқарылуы - басты шарт. "Сөйлесім" - осы басты
шартты және ортақ тілдік
өрекетті аңғартатын сөз.
Сөйлесім
тілі - тек адамзатқа ғана тән әрекет, тек адамдар ғана тіл арқылы сөйлей алады,
ұғыныса алады. Ал баска тірі жануарлар т.б. бәрінде дененің бір мүшесі ретінде,
анатомиялық-физиологиялық жағынан тіл болғанымен,
олар сөйлеу мүшелеріне тән қызметпен қамтамасыз
етілмеген, яғни олар тірлігі бар
құбылыс болғанымен сөйлей алмайды.
Сөйлесім
әрекеті тек сөйлеу мүшелерінің қызметіне
ғана емес, ойлау мен
пайымдаудың, сана мен мидың да ерекшелігіне қатысты.
Бұл - өз алдына бөлек, жеке мәселе.
Тілдік катынас /ТК/ - сөйлеу тілі арқылы ұғынысу,
түсінісу дегеңді нақтылай
келіп, жай ғана қарым-қатынас дегеннен гөрі тамыры
тереңге кеткен, өмірде өзіңдік орны бар,
қоғамның дамуьі үшін
ең қажетті қоғамдық-әлеуметтік
акпараттардың жиынтығы арқылы адамдардың бір-бірімен
пікір алмасуы, адамдар
қатынасның түп қызығы дегенді білдіреді.
Өмірде
адамдар тек тілмен сөйлесу аркылы
ғана бір-бірімен түсініспейді,
кейде әр түрлі жағдайларға байланысты олар бір-бірін
тілсіз-ақ ұғып, соған
қарай іс-әрекет жасайды. Мә-
селен, көшеде келе жатқанда, адамдар түрлі жарық
көздеріне, естілген дыбыстарға
назар аударып, соған өздерінше жауап қайтады,
соған сай әрекет жасайды. Сол сияқты жол белгілерінің
әр түрлі үлгілері немесе таңбалары адамға белгілі
бір жайдан хабар береді де, адам оны
қабылдап, түсініп, осыған байланысты козғалады.
Кейде адамдар белгілі бір шартты
келісімдер немесе белгілер аркылы
тілсіз-ақ ұғынысады. Бұл да - адамдыр араарасындағы қарым-қатынастың бір түрі. Осыдан баска
да адамдар бірін-бірі түсінудің көптеген жолдары бар.
«Білім – тұл,
тілден шығып есілмесе», - дейді Жүсіп Баласағұн. Тілдік
білім оқушының саналы әрекетін дамытатын, өмірлік
қажеттілігін ақтайтын тегеурінді тетікке айналдыру үшін сол
білімнің өзегінде, біріншіден, өзіндік көзқарас,
дүниетаным мен сенім қалыптастыратын, екіншіден, ортаға тез
бейімделу, жаңа ақпаратты түсіну, қабылдау,
өзгелермен қарым-қатынас жасай алу қабілеттерін
дамытатын компоненттердің қатары қамтылуына назар аударыла
бастады. Өзінің бастауын сан ғасырлық тарих кезінен
өткен тілдік әдеп негіздері мен ұлттық
құндылықтардан алатын сөйлеу талаптарын жалпы
адамзаттық мәдениетпен ұштастыра отырып жас ұрпақтың
бойына сіңіру, олардың мәдени әлеуметін арттыру
сөз мәдениетіне баулу арқылы жүзеге асары даусыз.
Өйткені тіл – адам санасында
шындықты бейнелеу мен жинақтау құралы болса, сөйлеу – адамның
интеллектуалдық әрекетінің ерекше түрі. Бұл да
оқушының тілдік, әлеуметтік, этикалық дағдыларын
дара тұлға мәдениетімен бірлікте дамытудың
маңыздылығын көрсетеді. Сондықтан бастауыш
сыныптың білім мазмұнында сөз мәдениетіне
басымдылық беріп, оны оқытуды біртұтас әдістемелік
жүйе ретінде қарастыру қажеттігі туындап отыр.
Білім беруді демократияландырудың,
ізгілендірудің, гуманитарландырудың тетігі – оқушыны өз
әрекетінің иесі деп тану,. Сабақта оқушының
сөз бостандығын, ой еркіндігін сезінуіне, өз пікірлерін
ашық та айқын айта алуына жағдай жасау арқылы олардың сөз мәдениеті
дағдыларын қажетті дәрежеде меңгеретініне кепілдік
етуге болады. Өйткені сөз мәдениеті –
оқушының эстетикалық
қабілетін, адами қасиеттерін тәрбиелеуге жол ашатын тілдік
білім мен сөйлеу білігінің бірлігінен туатын интеллект дамытудың
бірден-бір қайнар көзі. Сондықтан білім беру
саласындағы жаңа педагогикалық парадигмалар тоғысының
нәтижесі ретінде сөз мәдениетін меңгертудің
құрылымдық жүйесін зерттеудің өзектілігі
артып келеді.«Коммуникативтік құзыреттілік» (латынның
«соmpetere» -қол жеткізу, сәйкес келу, сөзінен
шыққан) –оқушылар және қоғам үшін
күнделікті оқуда, қатысымдық міндеттердің
тіл арқылы шеше білу
қабілеттілігі; қатысымдық мақсатты іске асыруда оқушының тіл және сөз
құралдарын пайдалана алуы. Егер оқушы сол тілде
сөйлеушілермен тікелей немесе аралық қарым-қатынас
барысында сол тілдің нормалары мен
мәдени дәстүріне сәйкес өзара түсінісе
алса, коммуникативтік құзыреттілікті меңгергені.
Коммуникативтік
құзыреттілік - екінші тілді
үйренуші оқушыларға тілдің заңдылықтарын
жаттанды үйретпей, сол тілді тілдік және қатысымдық тәсілдерді
орынды қолданумен байланыстыру.
Оқушылардың
қазақша коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі
тілдің қатысымдық және когнитивтік салаларының
өзара ортақ бағыттары мен ұстанымдарынан туындаған жаңа бағыт.
Екінші тілді үйренуде сөз мағынасын қабылдауда,
пайымдауда, түсінуде танымдық ерекшеліктерін ескеру, олардың
түрлі өмірлік ситуацияларда өз ойын, пікірін жеткізу,
коммуникативтік міндеттерді шешу, қатысымдық мақсатты іске
асыруда тілдің заңдылықтары мен нормаларын орынды пайдалана
білу дағдыларын қалыптастыру мәселелері алдыңғы
орынға шығады. Ғалым Ф.Ш. Оразбаева «коммуникация»
термині туралы былай тұжырымдайды:
«коммуникация» сөзінің негізгі мазмұны жалпы
қарым-қатынас, араласу, хабарласу, байланыс деген сияқты
мағыналарды білдіре келіп, адамдардың тіл арқылы
сөйлесу процесін, тілдесу ерекшеліктерін, тілдік әлеуметтік
мәні мен қоғамдық қызметін, адамдар
арасындағы қарым-қатынасты, өзара түсінушілікті
көрсетеді.
Осыдан барып, «комуникабельді»
-тез тіл табысады, түсінуге бейім, «комуникабельдік»-түсінушілік
т.б. деген сөздер пайда бола бастады.
Ғалым «коммуникация»
сөзін «қатысым» деп танып, қазақ тілін оқыту
әдістемесінде жаңадан «тілдік қатынас», «тілдік қарым-қатынас», «тілдесім», «жазылым» және т.б.терминдерді енгізді. [«Тілдік
қатынас», оқулық, Алматы 1, 39 бет.]
Өз іс-тәжірибемде
коммуникативтік құзыреттілігі қалыптасқан оқушы
екінші адаммен, сыныптасымен белгілі бір ақпаратты жеткізіп қана
қоймай, өз ойын түсіндіре, олардың пікірін
ұға, түсіне білетініне көз жеткізіп жүрмін.
Коммуникативтік
құзыреттілікті дамытуда диалогтік тіл- оқу үрдісіндегі
қарым-қатынаста алдыңғы орын алады: ол
оқытудың негізгі мақсаттарының бірі және
оның маңызды құралы деп санаймын. тіл –
халықтың қатынас құралы, бұл -
әлеуметтік құбылыс («Русский язык и культура речи»,
В.Я.Гольдин, О.Б.Сиропотина, М.А.Ягубова, 2003г);
тіл – адам қауымында
стихиялы түрде туындаған, қатынас мақсаттарына
арналған және адамның әлем туралы білімдері мен
ұғымдарының барлық жиынтығын бейнелеп жеткізуге қабылетті
дискретті (жіктелмелі) дыбыстық таңбалардың дамымалы
жүйесі (Үлкен кеңес енсиклопедиясы).
Бізге керегі де және
бұл ұғымға тиісті тиянақты тоқтам да
анықтамалардың соңғы нұсқасы деп ойлаймыз.
Қысқасы, тіл – адамаралық қатынастың белгілі бір
жүйесі. Бұл жағынан қарағанда, жүйе ретінде
тіл өлуі де, қайта тірілуі де, тіпті, жасалуы да әбден
мүмкін. Мұның мысалдары жеткілікті. Мысалы, қайта
тірілген ебрит тілі шын мәнінде тілдік жүйе ретінде өлген
емес, оның заңдылықтары мен жүйелік сыйпаттары сақтаулы
болатын. Алайда, сол «өлген» тілдің қолданысқа
түсуі шын мәнінде тілдің қайта туылуы емес,
лингвистикалық ғылым саласында «речке» айналуы болатын.
Қарапайым ұғымдағы тілдің «өлуі» дегеніміз
– ғылымша айтқанда, тілдің қолданыстан шығуы
ғана. Егер де әлгі тілдік жүйеге қажетті жағдай
жасалса, ол қолданысқа түсіп, «речке» айналады, яғни
тіл «тіріледі».
Өкінішке орай, әлі
күнге тілдік қолданымның термині болып саналатын «речь»
ұғымының қазақша баламасы
болмағандықтан, бұл пәнсөз (термин) біздің
ұғымымызда қолданыста болмай келе жатқаны өз
алдына, тілдік ғылымның тұтас бір пәнінің дамуына
кедергі келтіріп келеді. Өйткені, терминнің өзі ғылыми
бірлік екені рас.Бірліктің өзі болмаса, нысанның дамуы да
мүмкін емес. Кәзіргі күні «культура речи» пәні
қазақша «тіл мәдениеті», «сөз мәдениеті» деген
тиянақсыз сөздермен берілгенімен, пәннің мәні
түсініксіз қалуда. Ғылымда «языковая культура», «речевая
культура» деген салалар бар, ал бұлар қазақ тілінде «тіл
мәдениеті» ретінде бір ғана саланы қамтып
ұғынылып отыр. Оның үстіне қазақ тілінде
«жазбаша речь» (письменная речь), «ауызша речь» (устная речь) мәселелері
де өз деңгейінде ашылмай келеді.
Жоғарыда «тіл»
ұғымына тоқталдық, ал «сөздің»
лексикалық бірлік екенін ескерсек, оны бүтін бір ғылыми
пәннің жүгін көтеретіндей термин ретінде қолдану
ғылымды да, ұғымды да тұйыққа тірейді. Речь
дегеніміз – тілдің қолданым сыйпаты, ал біз оны сөз,
сөйлеу, тіл секілді сөздерді жамыратып, қалай атауды білмей
жүрміз.
Тілімізде «речке» балама
болатындай лексикалық бірлік бар, ол – «сөй» сөзі. Бұл,
тіпті, архаистік сөз де емес, кәдімгі кәзіргі
қолданыстағы, соншалық мән берілмей келе жатқан
бірегей лексикалық материал. «Сөй» сөзі қазақ
тілінде тілдік қолданыс сыйпатын білдіретін бірден бір ұғым,
сол сыйпатты беретін көптеген сөздердің түбірі
және ежелгі бірбуынды әмбебап ұғымның
нұсқасы: сөйлеу, сөй деу, сөйлем т.т.
Мұның ағылшын тіліндегі нұсқасы «сей» (say)
түрінде сақталған. «Сөй» сөзі термин болуға
әбден лайық және «жазбаша сөй» мен «ауызша сөй»
түрінде тілдің алуан қолданыстық сыйпатын бере алады.
Қолданылған
әдебиеттер:
1.Ғабитов Т. Мәдениеттану:
оқулық / Раритет, 2006.-63 б.
2.Уәлиұлы Н. Тілемісұлы Н.
Сөз мәдениеті: оқулық / Алматы, 2002.
3.«Қазақ
тілін үйренейік» №3, 2008 жыл, 3 бет
4.Ф.Ш. Оразбаева, «Тілдік
қатынас теориясы және әдістемесі», 2005, 272 бет
5.Ә.
Әлметова, «Сөйлеу әрекеттері түрлеріне оқыту», А.
Арыс, 2007
6.«12-жылдық білім
беру журналы», №8, 2006, 4 бет
7.Ж. Аймауытов, бес
томдық шығармалар жинағы «Ғылым», 1998, 30 бет
8.М. Жұмабаев
«Педагогика» А. «Рауан», 102 бет.