№4 лекция

ТІЛДІК ҚАТЫНАС НЕГІЗДЕРІ

Жоспар:

1. Тіл мен адамның тұтастығы, бірлігі.

2. Тілдік қатынастың басты зерттеу нысанасы - тіл мен адамның тұтас болмысы, оның   

    табиғи жаратылысы, тіл арқылы адамды тану, адам арқылы тілді тану екендігі.

3.Тілдік қатынас – қарым - қатынастың негізі болатын тілді кең ұғымда түсінумен бірге оны терең игеру.

4.Тілдік қатынас негіздерінің басты шарты адамзат тілінің басты қағидаларын меңгеріп; адамның ішкі жан дүниесіне үңілу арқылы түсініс-тікке ұмтылу екендігі.

5. Тілдік қатынас негіздерінің басты шарты

6. Тілдік қатынастың қоғамдық негізі

7. Тілдік қатынастың педагогикалық негізі

8. Тілдік қатынастың психологиялық негізі

 Тілдік қатынастың объектісі, ең алдымен, адам оның жеткізер ойы, талап –т ілегі, мақсаты, қатысымдық іс - әрекет пен қатысымдык жағдаяттар т.б. барлығын қамтитын адами қарым - қатынастар жүйесі екендігі.

Лингвистика ғылымының зерттеу материалы - тілдік бірліктер жиынты-ғы, тілдік қатынастың оған қатысы, одан айырмашылығы. Тіл арқылы ойдың, жеткізілетін информацияның түсінікті болуы. Информацияның көбінесе шағын мәтін, тиянақты ойды білдіретін сөйлем, дауыс ырғағымен ұғынықты айтылатын сөз түрінде жеткізілуі. Тілдік қатынаста қатысымдық тұлғалар -сөз, сөйлем, мәтін ерекше роль атқаратыны. Бір адамнан екінші адамға жеткізілетін информацияның (хабар, мәлімет), негізінен, мәтін арқылы әрі толық, әрі жан - жақты берілуінен, қатысымдық тұлғалардың ішінде мәтінге көбірек ден қойылатыны. Мәтінде айтылар ой, жеткізілетін ақпарат жүйелі, бір- бірімен сабақтас, тұтас болатындығы. Алғашқы сөйлемде берілетін мәліметтің, келесі сөйлемдерде жалғасуы. Содан жеткізілетін хабар туралы толық мәлімет алуға болатындығы. Тілдік қатынаста алдымен адамға, оның ой - пікіріне, жеткізейін деген ақпарат тізбегіне көңіл аударылып, содан кейін оны жеткізу кұралына - тілдік бірліктер жиынтығына - ден қойылатыны. Сондықтан тілдік қатынастағы басты мәселе: адам мен оның ойын жеткізуші қатысымдық тұлғаларды біріктіріп тұрған - информация (ақпарат, хабар) екендігі.

Адам белгілі бір пікірін басқаға жеткізу үшін тілдік бірліктердің жиынтығынан тұратын қатысымдық тұлғаларды құрал ретінде пайдала-натыны, оның мәні мен маңызы. Тілдік қатынастың негізгі шарты белгілі бір информацияны екінші біреуге дұрыс, түсінікті жеткізу қажеттігі. Информацияны (хабарды) жеткізу жолында тіл басты құрал болып саналатыны

            Тілдік қатынас қарым – қатынастың негізі болатын тілді кең ұғымда түсінумен бірге оны терең иегеру. Тілдік қатынас негіздерінің басты шарты адамзат тілінің басты қағидаларын меңгеріп, адамның ішкі жан дүниесіне үңілу арқылы түсініс тікке ұмтылу екендігі.

Тілдік қатынастың негізгі шарты белгілі бір информацияны екінші біреуге дұрыс, түсінікті жеткізу қажеттігі. Информацияны (хабарды) жеткізу жолында тіл басты құрал болып саналады.

Тілдік қатынас күрделі қоғамдық - әлеуметтік құбылыс бола келіп, көптеген ғылым салаларымен тығыз байланысты. Бұл саланың басқа ғылымдар негізінде қалыптасып, тіл білімінде жетекші орын ала бастауы — кейінгі жылдардың жемісі. Сондықтан тілдік қатынас мәселесінің түпкі тамырларын белгілей отырып, оның ғылымдағы орньш және онымен тікелей байланысты ілімдермен арақатысын айқындаған жөн.

Тілдік коммуникацияның лингвистикалық негізі қарым - қатынас құралы тілге байланысты екені анық. Лингвистика тіл туралы ілім болса, тілдік қатынас сол тілдің қарым - қатынасқа қатысты ерекшеліктерін қамтиды.

Тілдік қатынас (ТҚ) қатысымдық тұлғалар арқылы жүзеге асады. Оның қоғамда алатын орнын тілдің атқаратын қызметінен көруге болады. Қатысымдық тұлғалар тіл ғылымының салалары - лексикология, семасиоло-гия, грамматиканың зерттеу объектілерімен қатар қолданылады. Қатысым-дық тұлғалар мен тілдік тұлғалардың өзіндік арақатысы, байланысы бар.

Сонымен қатар тілдік қатынастың негізі - сөйлеу, адамдардың сөйлеу процесі. Осы сөйлесу, ұғынысу тікелей тілдік бірліктердің қатысымен іске аса келіп, қатысымдық тұлғалардың қызметі нәтижесінде болады.

Сөйлеу процесінде басты орын алатын - сөз бен сөздің байланысы, грамматикалық формалар мен мағыналар, сөздің тіркесі, сөзжасам — осының бәрі тіл білімінің салаларында қарастырыла келіп, грамматиканың дамуына қанша әсер етсе, тілдік қарым - қатынасқа, сөйлеуге де сонша ықпал етеді.

Лингвистикалық заңдылықтар мен грамматикалық ережелерді үйренбей тұрып, адам өз ойын дұрыс жеткізе алмайды, сол тілде сөйлей алмайды. Бір – бірімен байланысқа түспесе, белгілі бір сөздердің тобы қаншама көп болғанымен, ой түсініксіз болады. Айтайын деген ой ұғынықсыз болса, оны екінші адам түсінбесе, тіддік коммуникация да жүзеге аспайды.

Адамдар арасындағы тілдік қарым - қатынас сөздік құрам мен сөздік қордың мол болуына қарай еркін жүзеге асады, түсінісу тез жүреді. Лексикалық қор тілдің өсуімен бірге тілдік қатынастың мүмкіндігін арттырады.

Лингвистиканың қай саласындағы қағидалар мен заңдар болсын тілдік қатынастың қағидаларымен тығыз бірлікте дамиды және оған әсер етеді.

Тілдік қатынастың қоғамдық негізі қарым - қатынас құралы тілдің қоғамдағы рөлі мен мөніне байланысты.

Қазақ тілінің қатысымдық ерекшелігін зерттеуде оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың, қазақ тілінің қоғамдық мәнін жете түсіндірудің ерекше маңызы бар. Бұл — біріншіден, жалпы дүниеге деген танымдық көзқарастың негізінде танылса, екіншіден, қазақ тілінің қоғамдық - әлеуметтік қатынас құралы ретінде алатын орнына байланысты қарастырылады.

Кез келген тіл, сол сияқты қазақ тілі — адам қатынасының аса маңызды құралы бола келіп, адамзаттың бір - бірімен түсінісу, пікір алысу, сөйлесуіне жол ашып қана қоймайды. Сонымен қатар ішкі, сыртқы қоғамдық жағдай-ларға әсер етеді, халыққа қажетті әлеуметтік, экономикалық істерді аңғаруға мүмкіндік жасайды; бірлесіп еңбек етуге дәнекер болады; қоғамдық - саяси күштердің өз мақсаттары үшін күресуіне қызмет ететін саяси құралы болады. Сөйтіп, жалпы көпшілік қауым мен саяси топтар арасындағы көпір болып табылады.

Қоғам мен табиғаттағы ең күрделі құбылыс адамзаттың ой - санасы мен тілі болғандықтан, адамның ойлау жүйесі де, сөйлесе білу қабілеті де — ерекше қоғамдық мәні бар үрдістер.

Адамның ойы мен санасы қаншама күрделі болғанымен, тілсіз ой жүзеге аспайды. Сондықтан да тіл — қоғамдық объективті шындықты танудың, оны өмірде пайдаланудың құралы болып табылады.

Қазіргі қазақ тілі қандай қоғамдық - әлеуметтік ерекшеліктерді басынан өткізбеді? Қоғамдық - әлеуметтік кезендердің қай - қайсысында болсын қазақ тілі қазақ халқының ана тіліне тән әлеуметтік мәнінен айырылмауға тырысады. Басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқыту, үйрету барысында, бірін-шіден, оның қазақ ұлтының, қазақ халқының ана тілі екенін, оның ертеден дамыған тарихы барын, әдеби тіл дәрежесіне көтерілген салаларын, жазба тілге тән т.б. басты қасиеттерін түсіндіру қажет.

Екіншіден, қазақ тілінің сол халықтың өзіндік қатынас құралы болуымен қатар, басқа ұлт өкілдерімен қарым – қатынас жасауға негіз болатын, ұғынысуға, пікірлесуге жол ашатын ұлтаралық қатынас құралы екеніне баса назар аудару керек.

Үшіншіден, қазақ тілінің қатысымдық сипаты оның ел аралық қатынаста қолданылатын қоғамдық мәнінен және ресми іс –қ ағаздарда жұмсалатын әлеуметтік қызметінен көрінеді.

Төртіншіден, қазақ тілі — қоғамдағы барлық салаларда пайдаланылатын мемлекеттік дәрежеге жеткен қарым - қатынас құралы.

Бесіншіден, ол — рухани мәдениет пен өркениет, өнер жолында қолданылатын, адамның сезімі мен көңіл - күйін т.б. жеткізетін құрал.

Сол сияқты қазақ тілінің ең басты қатысымдық қасиеті — адам мен адамның, үлкен мен кішінің, жеке тұлға мен топтың, т.б. өзара түсінісуіне, ұғынысуына жол ашу, қарым - қатынас құралы ретінде бүтіндей қоғамға қызмет ету. Қазақша тілдік қатынас пен оқыту әдістемесі тіл ғылымының қоғамдық мәні мен тәрбиелік маңызын қатар меңгертуге тырысады.

Тілдік қатынастың педагогикалық негізі — табиғат пен қоғамдағы ерекше құбылыс адамға, оның өмірдегі орнына, тілдік қарым - қатынасына байланысты.

Көптеген әдебиеттерде белгілі бір ғылымның не процестің педагогика-лық негіздеріне оқытуға қатысты білім жүйесі, оның сандық көлемі (сағаты), білімнің мазмұны мен сабақтың әдіс - тәсілдері жатқызылып жүр.

Ғылымның дамуы мен оқыту жүйесінде бұл айтылғандардың атқаратын маңызы зор. Білім жүйесі, көлемі, мазмұны, әдістер әр процестің ілгері басуына ыкдал ететін нақтылы мәселелер бола келіп, істің мәнін анықтайды. Олардың тілдік қатынасты меңгеруде де алатын орны ерекше.                                                               

Педагогика адам тәрбиесіне тікелей қатысты болғандықтан, оның адамдар арасындағы қарым - қатынасқа да әсері мол. Тілдік коммуникация адамдардың тіл арқылы түсінуін қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қатар жалпы адамға тән қасиеттерді меңгеруге көмектеседі. Өлар (адамдар) бір - бірімен сөйлесумен, пікірлесумен шектелмейді, тілдесудің нәтижесінде бірінің жанын бірі ұғады, бірінің сезіміне, мінезіне екіншісі әсер етеді. Сөйтіп, жалпы адамзаттың тәрбиелік жүйесі қалыптасады.

Тілдік кдтынас тілді меңгерумен бірге адамды тәрбиелеуді қатар алып жүреді. Белгілі бір тілді ұлт өкілдеріне үйрету арқылы біз тілдік қарым - қатынасты да жолға қоямыз. Тілді меңгерумен қатар сол елдің мәдениетін, тарихын, әдебиетін, өркениетті жақтарын да үйретуге тырысамыз. Немесе тілді үйрету барысында оның тәрбиелік менін де естен шығармаймыз.

Тіл арқылы оқушылардың іскерлігін, сөйлеу дағдыларын, әдептерін қалыптастырамыз.

Осы тұрғыдан келгенде, тілді үйретуге бөлінген білім көлемі неғұрлым көп болса, мазмұны қаншалықты сапалы болса, әдіс - тәсілдері неғұрлым тиімді болса, адамдар арасындағы тілдік қарым - қатынас соғұрлым жан – жақты болып, тілді үйренудің нәтижесі терең болады.

Тілдік қатынастың психологаялық негізі тіл арқылы ойды айту, жеткізу, қабылдау, сезіну құбылыстарымен байланысты.

Сыртқы объективтік шындықтың әсерінен адамның есту, көру сезімдері дамып, адамның ойлау қабілеті артады. Ойлау тіл арқылы сыртқа шығып, тіл адамның ойын жеткізуші құралдың рөлін атқарады.

Белгілі бір тілде сөйлеу үшін адам тілдік құралдарды саналы, дұрыс пайдалана білу керек. Оны дұрыс қолданудың ережелері көзбен көру, құлақпен есту, мимен ойлау арқылы іске асады.

Адамның ойлау жүйесіне байланысты болғандықтан, тілдік коммуника-цияның психологиялық негізі күрделі болады.

Ойлау жүйесінің нәтижесінде тілдік және қатысымдық тұлғалар дұрыс қолданылып, тілдегі сөйлесім әрекеті маңызды рөл атқарады. Сондықтан тілді үйрету барысында әрбір оқушының жеке қабілеті, саналығы еске алынып, жан - дүниесі ескеріледі, оңың ойлау дағдысын бекітуге күш салынады.

Тілдік қатынастың психологиялық негізі — тілді оқыту барысында оқушының сана – сезіміне әсер етіп, оның қажеттігі және маңызын түсіндіріп, пәнге деген дұрыс көзқарасты қалыптастыру. Сонымен, тілдік қатынастың ең басты психологиялық негізі тіл, ойлау және сөйлесім құбылыстарына келіп тіреледі.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.      Ф.Ш. Оразбаева, «Тілдік  қатынас», Алматы, 2005 жыл

2.      Бейсенбекова «Оқылым процесі теориясы мен әдістемесі» Алматы 2003

3.      Оразбаев Ф.Ш. «Тілдік комуникация негіздері» Алматы 1995 ж.

4.      Байтурсынов А. «Тіл тағлымы» Алматы 1989 ж.

5.      Аханов К. «Тіл білімі негіздері» Алматы 1978 ж.