№5лекция
ТІЛДІК ҚАТЫНАС ЖӘНЕ ТІЛСІЗ
ҚАТЫНАС
2.Адамдардың белгілі бір
информацияны қабылдауы мен ұғуы.
3.Қоршаған
ортаның әсеріне сәйкес реакцияның тілдік қатынас,
тілсіз қатынас болып екі үлкен тармаққа бөлінуі.
4.Тілдік қатынас пен тілсіз
қатынастың айырмашылығы, ерекшеліктері, оларға
тән белгілер: оларды қабылдау мен түсінудің жолдары.
Жалпы
адамдардың қарым-қатынасына қатысты әрекеттер екі
үлкен тармақтан
тұрады.Оның бірі-тілдік
қатынас,екіншісі-тілсіз қатынас.
Тілдік қатынас -тіл арқылы
байланыс,сөйлеу тілі арқылы
адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас
жасауы;қоғамдық, ұлттық тіл арқылы
ұғынысу,түсінісу; яғни адамзаттың тіл
арқылы сөйлесім әрекетін меңгеруі тілдік қатынас
дегенді білдіреді.
Тілдік қатынас тіл арқылы
ұғынысу,түсінісу,қарым-қатынас жасау дегенді
білдіре келіп,адамның екінші біреуге жеткізейін деген ойын
жарыққа шығаруды көздейтін;қоғамның дамуы
үшін ең қажетті қоғамдық-әлеуметтік
ақпараттардың жиынтығы арқылы адамдардың
бір-бірімен пікір алмасуы,адамдар қатынасының түп
қазығы дегенді білдіреді.
Өмірде адамдар тек тілмен сөйлесу арқылы ғана
бір-бірімен тү- сініспейді,кейде әртүрлі жағдайларға
байланысты олар бір-бірімен тілсіз-ақ ұғып,соған
қарай іс-әрекет жасайды.Мәселен,көшеде келе
жатқан адамдар түрлі жарық көздеріне,естілген
дыбыстарға назар аударып,своған өздерінше жауап
қатады,соған сай әрекет жасайды.Ауладан естілген қатты
айқай немесе есікке берілген қоңырау,соны ести сала екінші
адамның оған қарсы әрекет жасауы (далаға
жүгіріп шығуы,не есікті ашуға ұмтылуы)бұл да
белгілі бір әрекетті,қабылдап-түсінуді қажет ететін
құбылыстар.Қарым-қатынастың жоғарыда
айтылған үлгілерінің барлығы
өмірден,қоғамнан тыс бола алмайды.Мұндай
қатынастар адам үшін қызмет етеді,адамдардың
өзара түсіністігіне жол
ашады. Сондық-тан олар да адамдардың
қарым-қатынасына,байланысына жатады. Өмірдегі мұндай
ұғынысы,түсінісу тілсіз
қарым-қатынас деп аталады.Тілсіз қатынаста
түсінудің бәрі тілдік
тұлғалардың(сөз,сөй-лем т.б)қатысынсыз
жүреді.Мұнда тіл қатына құралы ретінде
қызмет атқармайды.Дегенмен,тілсіз қатынас пен оның
түрлері қоғамда да,өмірде де өзіндік орын
алады.Бұлар адамдардың қарым-қатынасына қызмет ете
келіп,түсінудің қарапайым жолы болып табылады.
Тілдік қатынас пен тілсіз
қатынастың ұқсастықтары да,айырмшылықтары
да бар.Бұл қатынастардың сәйкес
жақтары:олардың екеуі де,біріншіден,адамдардың
бір-бірімен байланысын қамтамасыз етеді,яғни адамдар арасындағы
қатынасқа қызмет етеді.
Екіншіден,тілдік қатынаста да,тілсіз
қатынаста да белгілі бір дерек,ой, мағлұмат
хабарланады,бірақ тілсіз қатынаста хабар шартты түрде болуы
мүмкін.
Үшіншіден ,тілдік,тілсіз
қатынас та адамдардың өзара түсінісуіне жол ашады.
Тілдік
қатынас-тілсіз қатынастан әлдеқайда күделі
және бөлек.Сондықтан да тіл білімі-адамдардың
қарым-қатынас құралы тіл туралы және сол
қарым-қатынасқа негіз болатын тілдік қатынас туралы
ғылым.Лингвистикадағы тілдік қатынас мәселесін жан-жақты
қарастырып,белгілі-бір тұжырымға келген автордың бірі-Э.П.Шубин.
Э.П.Шубин тілдік қатынасты хабармен алмасудың тұтас
жиын-тығы дей келіп,негізінен,тілдің дыбыстық жүйесі
мен таңбалық
ерекшелігіне
көңіл аударады.Тілдің таңбалық қасиетімен
қатар автор хабардың берілуі мен қабылдау түрлеріне,оны
жеткізуші шарттарға ерекше көңіл бөледі.Тілдік
қатынастың осындай ерекшеліктерін атап өте келіп,Э.П.Шубин
оның тілсіз қатынастан екі түрлі айырмашылығы бар деп
есептейді.
Біріншіден,тілдік қатынас
әмбебап,яғни жан-жақты,өйткені ол адамдардың
барлық саналық және физикалық әрекеттеріне
қызмет етеді.
Екіншіден,тілдік қатынас бірінші
пайда болады,яғни алғашқы кезеңде
тұрады,өйткені оған адамның ойлау қабілеті негіз
болады.
Тілдік қатынас-адамдарға тән ойлау мен сөйлесу
үрдісінің белгілі бір қоғамдық қатынаста
тіл арқылы жарыққа шыққан көрінісі.Тілдік
қатынастың дыбыс арқылы айтылуы және әріп
арқылы таңбалануы лингвистикада ауызша және жазбаша тілдік
қат ынастар деп те айтылады.Тілдік таңбалар жазылу арқылы
көзге көрінеді,ал дыбысталу арқылы естіледі.Ауызша
қатынас-ойдың тіл арқылы сыртқа шығуы,ол тілдік
тұлғалардың сөзге,сөйлемге айналып,дыбысталуы
арқасында жүзеге асады.Жазбаша қатынас тілдік
тұлғалардың таңбалық қасиетімен байланысты
бола келіп,адамдардың бір-бірімен тікелей араласуын қажет етпейді.
Жазбаша тілдік қатынаста басты рөл атқаратын-тілдік
тұлғалардың таңбалық
көрінісі.Сонымен,ауызша тілдік қатынас дыбыстала келіп сөйлеу
арқылы іске асады және тыңдалады.Жазбаша тілдік қатынас
таңбалана келіп,жазбаша жүзеге асады және оқылады.Осы
айтылғандарды өрнек түрінде берсек,төмендегідей болады:
Тілдік
қатынас- адамдарға тән ойлау мен сөйлесім
үрдісінің белгілі бір қоғамдық қатынаста
тіл арқылы жарыққа шыққан көрінісі. Тілдік
қатынастың басты ерекшелігі:
ол үздіксіз қозғалыста болатын қатынас
құралы тілдің санамен бірлігі арқасында жүзеге
асады және тек адамзатқа ғана тән болып табылады.
Қандай болсын тілдік қатынасқа кем дегенде екі
байланысшы қатысады. Олардың біреуі хабарлайды, екіншісі
қабылдайды, немесе біреуі хабарды айтып, не жазып жібереді, екіншісі
хабарды алады. Бұл екі процестің екеуі де сөйлесім
әрекеті арқылы болады; есту мүшесінің актив
қызметі арқылы жүзеге асады; көзбен көру
арқылы қабылданады.
Екіншіден, тілдік қатынас
адамдардың қарым-қатынас құралы тіл арқылы
жүзеге аса келіп, бір адамға ғана емес, жалпы
адамзатқа, қоғамға қызмет етеді. Яғни,
ол-қоғамның өзі туғызған, оның
әлеуметтік қажеттігін өтейтін күрделі
құбылыс.
Үшіншіден,тілдік қатынас
адамның қоғамдағы орн.ын бекітеді.
Төртіншіден,тілдік
қарым-қатынас адамзатпен қатар пайда болған
табиғи процесс.
Бесіншіден,тіл-бүкіл
қоғамдық әлеуметтік құбылыстардың
ең күрделісі,ол-кішіден бастап үлкенге
дейін,ұсақтан бастап іріге дейінгі әрекеттердің
жүзеге асуын қамтамасыз ететін құрал.
Алтыншыдан,тілдік қатынас
әлеуметтік идеялардың жүзеге асуына әсер ете
келіп,бүтіндей қоғамның қалыптасуына қызмет
етеді.
Қорыта келгенде,тілдік
қатынас –ойлау мен сөйлеудің қатысы
арқылы тілдік тұлғалардың таңбалық
жүйесі мен дыбысталу қасиеті нәтижесінде жүзеге асатын,қатысымдық
тұлғалардың сементикалық бірлігімен байланысу
заңдылықтары арқылы берілетін,адамдардың өзара
түсінісуін қамтамасыз ететін,тек адамзатқа ғана
тән күрделі тілдік қоғамдық-әлеуметтік
процесс.
Тілдік
қатынас ең кем дагенде екі адамның қатысы арқылы
жүзеге асады деген пікір жоғарыда айтылған.Оны тілдік
қатынасты зерттеуші ғалымдардың көпшілігі атап
өтеді.
Қолданылған
әдебиеттер:
1.Ғабитов Т. Мәдениеттану:
оқулық / Раритет, 2006.-63 б.
2.Уәлиұлы Н. Тілемісұлы Н.
Сөз мәдениеті: оқулық / Алматы, 2002.
3.«Қазақ
тілін үйренейік» №3, 2008 жыл, 3 бет
4.Ф.Ш. Оразбаева, «Тілдік
қатынас теориясы және әдістемесі», 2005, 272 бет
5.Ә.
Әлметова, «Сөйлеу әрекеттері түрлеріне оқыту», А.
Арыс, 2007
6.«12-жылдық білім
беру журналы», №8, 2006, 4 бет
7.Ж. Аймауытов, бес
томдық шығармалар жинағы «Ғылым», 1998, 30 бет
8.М. Жұмабаев
«Педагогика» А. «Рауан», 102 бет.