ТИПТІК
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Жоғары кәсіптік білім
ӘДЕБИЕТТАНУҒА КІРІСПЕ
050205 – филология мамандығы
бойынша
Көлемі 2 кредит
Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым мннистрлігі
Алматы 2006
АЛҒЫСӨЗ
1.
Абай атындағы Қазақ
ұлттық
педагогикалық университетінің
қазақ
әдебиеті кафедрасында ЖАСАЛҒАН және Абай атындағы
Қазақ
ұлттық педагогикалық университетінің
Оқу-әдістемелік бірлестігі
ҚОЛДАНЫСҚА
ҰСЫНҒАН.
2.
Қазақстан Республикасы білім және ғылым
министрлігінің 22.06.2006ж., Республикалық жоғары және
жоғары оқу орнынан кейінгі білім жөніндегі Кеңес
жиналысының Хаттама шешімімен БЕКІТІЛГЕН
ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУҒА рұқсат етілген.
3. Қазақстан Республикасы Білім
және гылым министрлігінің 11.05.2005 жылғы № 289 бұйрығына сәйкес шыққан бағдарламаның ОРНЫНА ЕНГІЗІЛГЕН
4. Типтік оқу
бағдарламасы 050117 -
қазақ тілі мен
әдебиеті мамандығы
бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті
білім стандартына сәйкес
жасалған.
5. Бағдарламаны Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Қазақ филологиясы факультетінің кеңесі ұсынған. Хаттама №1,
29.09.2006 ж.
Типтік бағдарлама Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрлігінің
рұқсатынсыз
көбейтілмейді жэне таратылмайды.
ТҮСІНІК ХАТ
Бұл пән I курс студенттерін
әдебиет туралы ғылымның негізгі әсемдік,
көркемдік жайлы әдеби-теориялық түсінігін,
көркемдік-эстетикалық танымын қалыптастыру, көркем
туындыны талдау, бағалау жолдарына машықтандыру мақсатын
көздейді.
Лекциялық және семинарлық сабақтар барысында
әдебиет туралы ғылымның тарихы жайлы, өнердің
қоғамдық функциясы, өнер түрлерінің
ерекшеліктері, өнердің халықтығы, көркем
туындының тақырыбы мен идеясы, мазмұны мен пішіні,
композициясы мен сюжеті, тип, типтендіру, көркем шығарма тілі,
образдылық-бейнелілік сырлары, өлең құрылысы,
әдебиеттің тектері мен түрлері (жанрлары), көркемдік
әдістер мен бағыт, ағымдар, стиль мәселесі т.б .
жөнінде жан-жақты мәлімет беріліп, студенттердің
әдеби-теориялық ұғымының қалыптасуына
мүмкіндік жасалады.
Пәннен сабақ (лекциялық, семинарлық) жүргізу
барысында тарих, тіл білімі, философия, эстетика, халықтық
педагогика, психология т.б. ғылымдармен пәнаралық байланыс
жүзеге асырылады.
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Әдебиет туралы ғылым жэне оның салалары: әдебиет
тарихы, әдебиет сыны және әдебиет теориясы. Әдебиет
тарихы саласының мақсат-міндеттері. Әдебиет сынының
объектісі - өз тұсындағы әдеби процесс екендігі,
сынның әдеби-эстетикалық функциясы, міндеті, жанрлары. Сыншы
тұлғасы. Әдебиет
туралы ғылымның аталған үш саласының өзара
бірлік-байланысы.
Әдебиет теориясы - әдебиеттің өнер ретіндегі
ерекшеліктері мен даму заңдылықтарын, көркемдік әдіс,
стиль, жанр мәселелерін, көркем туындының құрылысын,
сюжетін, тілін т.б. қарастыратын сала.
Әдебиеттану ғылымының текстология, историография,
библиография секілді жанама тараулары, олардың ғылымдық мәні.
Әдебиет туралы ғылымның көркемөнер теориясы,
эстетика, философия, тарих, тіл білімі т.б. өзге ғылымдармен
байланысы мен өзіндік ерекшелігі.
Қазақ әдебиеттану ғылымы мен сынының туу,
даму тарихына қысқаша шолу.
Әдебиет, өнер туралы ғылымның даму тарихында
маркстік-лениндік эстетика мен әдебиет теориясының маңызы
жэне оған қазіргі көзқарас.
Көркем әдебиет
Әдебиет - сөз өнері. Өмір мен өнер.
Өнердің туу себептері. Өнер және оның
түрлері: мүсін, сәулет, саз, сурет және сөз
өнерлері т.б. Бұлардың жеке өнер ретіндегі
өзіндік ерекшеліктері, шындық болмысты таныту жолдары және
қоғамдық-әлеуметтік орта функциясы. А.Байтұрсынов
сөз өнері туралы.
Сөз өнері - әдебиеттің объектісі - өмір
шындығы, предметі - адам. «Әдебиет - адамтану ғылымы»
(М.Горький). Әдебиеттің шындық болмысты суреттеу мен адам
тұлғасын таныту ерекшелігі, оның бейнелеу құралы
- тіл екендігі. Образдылық, сөздегі сурет, өмір
болмыстың көркем көрінісі мен адамды нақты қимыл-әрекет
үстінде жанды бейнелеу тек сөз өнерінің құдіреті,
еншісі болатындығы.
Керкем әдебиет пен өнердегі шарттылық мәселесі.
Әдебиеттің халықтығы
Өнер және қоғамдық шындық.
Суреткердің қоғамдық өмірге
қарым-қатынасы. Өнер туындысын бағалау критерийлері.
Өнер мен әдебиеттегі халықтық ұғымы,
оның тарихи категория екендігі. Халықтық
ұғымының әр кезеңдегі әдебиеттегі көрінісі.
Әдебиеттің халықтығы, ұлттық сипаты жайлы
ой-толғамдар. Сыншы В.Г.Белинскийдің әдебиеттің
халықтығы, ұлттық сипаты жайлы ой-тұжырымдары.
М.Әуезов Абайдың халықтығы жөнінде.
Кеңестік әдебиеттану ғылымы өнердің,
әдебиеттің халықтығы туралы. Мәселеге бүгінгі кезқарас.
Көркем
шығарма
Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні туралы
түсінік. Мазмұн мен пішін бірлігі - көркемдік шарты.
Көркем туындыны мазмұн мен пішіннін бірлігі тұрғысынан
қарастыру - әдебиет теориясының негізгі принципі екендігі.
Көркем шыгарманың тақырыбы. Тақырып
туралы түсінік. Тақырып таңдау және өмір шындығын
зерттеу. Басты және қосалқы тақырыптар, олардың
өзара бірлік-байланысы. Тақырыптың көркемдік шешімін
табуы. Тақырыптың әлеуметтік мәнділігі, проблемалылыгы.
Көркем шығарманың идеясы және оның автор
дүниетанымымен байланыстылығы. Шығарма
идеясының оқиға дамуы, кейіпкерлердің іс-әрекеті,
тартыстың шешімі арқылы танылатындығы. Идеяның
түрлері, негізгі өзекті идея және объективті идеялар.
Халықтық мұрат, ұлттық асыл
қасиет-мінездерді, адамдық ізгі арман-аңсарды бейнелеу —
шығарманың озық идеялылығының белгісі.
Көркем шығармадағы тақырып пен идея бірлігі.
Көркем бейне және оның жасалу жолдары
Көркем бейне туралы түсінік,
оған қойылатын талаптар. Көркем бейненің
танымдық, эстетикалық мәні. Көркем бейне және
авторлық дұниетаным, идеал. Көркем бейненің әдіс
тұрғысынан (реалистік образ, романтикалық образ),
тек (эпикалық образ, лирикалық образ, драмалық образ), тәсіл
(юморлық, сатиралық, трагедиялық т.б.) тұрғысынан
жіктелуі және олардың ерекшеліктері. Басты
және басқа кейіпкерлер.
Өнердегі типтілік
мәселесі, типтендіру процесі. Тип жэне прототип арақатынасы. Типтік
бейне ерекшелігі. Белинский, Горький тип туралы.
Көркем
бейненің жасалуында қолданылатын негізгі суреттеу тәсілдері, Портреттік
тәсіл және оның түрлері.
Психологиялық портрет сыры. Әдеби мінездеудің түрлері
(тура және жанама мінездеу) және олардың характерді
айқындаудағы
мэні.
Кейіпкер тілі. Ішкі
монолог пен диалог. Ішкі монолог психологиялық
талдау тәсілінің
бір түрі.
Көркем
шығарманың композициясы мен сюжеті
Композиция туралы түсінік.
Композициялық бүтіндік. Композицияның кеөкем шығармада
оқиғаларды жүйелеудегі, образдарды тұтастырудағы,
мазмұнды қиыстырудағы атқаратын рөлі.
Сюжет туралы ұғым.
Горький сюжет туралы. Сюжеттің көркем шығарма мазмұнын құрайтын оқиғалар жүйесі,
характерлердің қалыптасу
тарихыекендігі.
Сюжеттік элементтер
немесе сюжетке арқау болған оқиғалардың даму
кезеңдері: экспозиция, сюжеттік байланыс, ситуациялық жағдай,
оқиғаның (тартыстың) шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімі.
Булардың сюжет дамуы мен тартыстың ербуіндегі, шешіміндегд,
характерді танытудағы маңызы.
Композицияның
сюжетген тыс элементтері: пролог, эпилог, бұлардың шығарма
идеясына қатыстылығы.
Композиция мен
сюжетгің бірлігі мен айырмашылығы.
Көркем
шығарманың тілі
Тіл - адамдар арасындағы қарым-қатынас
құралы. Тілдің жалпы халықтық қасиеті.
«Әдебиетгің .бірінші элементі-тіл» (Горький) екендігі, оның
мәнісі. Ауызекі тіл мен әдеби тіл. Көркем әдебиет
тілінің, яки поэтикалық тілдің ерекшеліктері, оған
қойылатын талаптар. Л.Толстой, М.Шолохов, Ғ.Мүсірепов т.б.
жазушы тілі туралы.
Жазушының тіл байлығын игеру жолдары.
Поэтикалық тілдің көркем шығармада кейіпкер тілі
жэне автор (баяндаушы) тілі үлгісінде қолданылуы. Шығарманың
жанрлық ерекшелігі және тілі.
Тілдің тура және ауыспалы мағынада қолданылуы. Тропалар. Оның
эпитет, теңеу, метафора, символ т.б. түрлері. Бұлардың
жасалу жолдары мен көркемдік қызметі.
Поэтикалық
фигуралар: инверсия, арнаулар мен қайталаулар. Бұл тәсілдердің
идеялық-көркемдік қызметі, түрлері.
Өлең
құрылысы
Поэзия мен көркем қара сөз. Өлең
сездің өзіндік өлшем-ырғағы. Абай
өлең туралы. Өлең жүйелері, олардың
халықтың тілдік жүйесімен байланыстылығы.
Метрикалық, силлабикалық, силлабо-тоникалық, тоникалық
өлең жүйелері.
Метрикалық өлең жүйесі, ерекшелігі.
Силлабо-тоникалық өлең жүйесі, өзіне тән
ерекшеліктері мен кейбір үлгілері.
Тоникалық өлең жүйесі.
Силлабикалық өлең жүйесі, бұған
түркі халықтары поэзиясы мен қазақ
өлеңінің жататындығы. Буындық өлшем.
Өлең құрылысын талдау жолдары. Қазақ өлеңіндегі
шумақ пен тармақ, бунақ және буындық өлшем
түрлері. Қазіргі қазақ өлеңіндегі соны
ізденіс-өрнектер.
Ұйқас және оның шумақта атқаратын
рөлі. Қазақ өлеңіндегі дәстүрлі ұйқас
түрлері: шұбыртпалы ұйкас, қара өлең ұйқасы,
шалыс ұйқас, кезекті ұйқас, ерікті ұйқас
т.б. Бұлардың өзіндік ерекшелігі. Ішкі ұйқас.
Әдебиеттің
тектері мен түрлері
Әдебиеттің үш текке (эпос, лирика, драма) бөлінуі,
мұның өмір шындығын бейнелеу тәсілінің
ерекшелігіне байланысты екендігі.
«Тек», «түр», «жанр» терминдерінің мағына-мәні.
Жанрлық жіктеудің шарттылығы. Эпостық
шығармалардағы лиризм, лирикада сюжет болу мүмкіндігі,
драмадағы лирикалық және эпикалық сипаттардың
қатар көрінуі т.б.
Аристотель, Гегель, Белинский, Байтұрсынов әдебиеттің
текке, түрлерге (жанрларға) бөлінуі жайлы. Эпикалық
тектің жанрлық түрлері: ертегі, мысал, әңгіме,
новелла, поэма, повесть, дастан, батырлар жыры, роман, роман-эпопея.
Қазақ әдебиетіндегі роман жанры.
Роман-эпопеяның жанрлық ерекшеліктері.
Лирикалық тек. Лирикалық бейнелеу
тәсілінің ерекшелігі. Белинский, Байтұрсынов лирика туралы.
Лирикалық қаьарман сыры.
Лирикалық тектің кейбір жанрлық түрлері: ода (мадақ),
элегия, сонет, сатиралық лирика, ән өлеңі, мадригал
т.б. Бұлардың тақырыптық-идеялық, жанрлық
ерекшеліктері. Лирикалық шығармаларды тақырыпқа
қарай бөлудің шарттылығы.
Драмалық тек. Драмалық бейнелеу тәсілдерінің
ерекшеліктері. Драматургия және театр. Белинский драмалық поэзия жайлы.
А.Байтұрсынов,
М.Әуезов драма ерекшелігі хақында.
Драмалық жанрлар:
трагедия, комедия, драма. Бұлардың өнер тарихындағы
туу, қалыптасу жайы және езіндік ерекшелігі.
Драмалық
туындыдағы тартыс және кейіпкер. Трагедиядағы қасірет,
комедиядағы күлкі, драмадағы тартыс сыры.
Қазақ
драматургиясында бүл жанрлардың туу, қалыптасу тарихы. Аралас
жанрлар ерекшелігі.
Әдеби процесс
Өнер дамуының
қоғамдық өмірмен байланыстылығы. Әдеби
дамудың тарихи сипаты. Әдеби процестің үздіксіздігі
және ұлттық ерекшелігі.
Әдеби процестегі
көрнекті жазушы мен талантты сыншының рөлі.
Әдеби даму
заңдылықтары. Өнердегі дәстүр жалғастыгы,
оның үш салада: идея мен тақырып, образ, көркемдік
шеберлік тұрғысынан
дамытылуы.
Дәстүр және
жаңашылдық мәселесі. Әлем және орыс әдебиеттеріндегі
озық дәстүрлердің қазақ әдебиетіне
ықпал-әсері. Қазақ әдебиетіндегі дәстүр
жалғастығы.
Көркемдік әдіс. Әдеби бағыт, ағымдар
Көркемдік әдіс
туралы ұғым. Көркемдік әдістің негізі -
дүниетаным екендігі. Аристотель, Белинский көркемдік әдіс
жайлы. Өнер дамуының әр кезеңдерінде туып,
қалыптасқан керкемдік әдістер және олардың
арасындағы сабақтастықтар мен айырмашылықтар.
Классицизм ағымының тууы
(ХҮІІ ғ.)- Өзіне тән ерекшеліктері. Шектеулілігі.
Сентиментализм
ағымы
(ХҮІІ ғ II жартысы XX ғ. басы), гуманистік, бұқаралық
сипаты, классицизм ағымын сынауы т.б.
Романтизм эдісі. Оны туғызған
қоғамдық-әлеуметтік
жағдайлар. Романтизмнің өмір шындығы мен адамды
бейнелеуде ұстанған өзіндік көркемдік
принциптері.
Энгельс, Горький
романтизм туралы. Қазақ әдебиетіндегі романтизм.
Реализм әдісі. Энгельс
реализм жайлы. Реализмнің өмір шындығын
бейнелеудегі ерекшеліктері. Реализм әдісінің тарихи
формалары.
XIX ғасыр
әдебиетіндегі сыншыл реализм әдісі. Оның гуманистік,
халықтық-демократтық, шынайылық сипаттары мен
буржуазиялық қоғам болмысын айыптап-әшкерелейтін
сыншылдық пафосы. Абай реализмінің ерекшеліктері.
Социалистік реализм әдісі
және оған қазіргі көзқарас. Әдеби
бағыт -ағымдар ерекшелігі. Орыс және қазақ
әдебиеттері тарихындағы әдеби бағыт -
ағымдар мен мектептер, олардың әдеби процестегі маңызы.
Әдеби стиль жайлы
ұғым. Стиль жеке жазушыға тән шығармашылық
ерекшелік екендігі. Стильдік ерекшеліктің композиция мен сюжеттен, адам
тұлғасын
даралау мен өмір шындығын жинақтаудан, тіл мен суреттеуден
танылатындығы. Қ.Жұмалиев стиль туралы.
Гете стильдің
қалылтасу кезеңдері жайлы. Стиль мен әдістің бірлігі мен өзгешелігі.
Әдістің өзгеруінің стильге әсер-ықпалы.
Әрбір
көркемдік әдістің, бағыт,
ағымның езіне тән стилі болатындығы. Стиль эволюциясы
және шеберлік.
Студенттің
оқытушымен бірлесіп атқаратын жұмысының(СОБЖ)
тақырыптары
1. Лирикадағы
сюжет мәселесі. (Пікірталастар).
2. Аралас жанрлар ерекшелігі.
3. Көркем бейне түрлері.
4. Қазіргі қазақ өлеңің
бағдары.
5. Қазақ әдебиеті
тарихындағы "зар заман" ағымы.
6. Социалистік реализм әдісі жайлы
сыни көзқарас.
7. Кеңестік дәуірдегі
әдебиет пен өнер туралы қаулы-қарарлар:
қазіргі көзқарас.
8. А.Байтұрсыновтың төл әдебиеттану терминдерін
қалыптастырудағы еңбегі ("Әдебіет
танытқыш" бойынша).
Студенттің өздік жұмыстарының тақырыптары
1. Көркем
шыгарма тілі. Тропалар, поэтикалық фигура түрлері.
2. Қазақ өлеңінің
кұрылыс-жүйесі.
3. Лирикалық жанрлар
түрлері.
4. Көркем бейне жасау
жолдары.
5. Композицияның сюжеттік
элементгері.
Студентгерге қыркүйек айының соңында тапсырма
беріледі. Аталған такырыптар бойынша студенттер көркем
әдебиет туындыларынан мысал іздеп, арнайы "Мысал дәптерге"
жазуы керек. Мысал дәптер желтоқсанның аяғында - сессия
қарсаңында тексеріледі.
Пайдалануға ұсынылатын әдебиет 1.
Оқулықтар мен оқу құралдары
1. Ахметов 3. Өлең сөздің
теориясы. — Алматы, Мектеп, 1973.
2. Байтұрсынов А. Әдебиет
танытқыш. Кіт: Шығармалары. - Алматы, 1989.
3. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы.
- Алматы, 1969.
4. Қабдолов 3. Сөз өнері. -
Алматы, 1992; 2002.
5.
Әдебиеттануға кіріспе. Хрестоматия. Құрастырған:
С.Мақпыров А., 1991.
6. Джунышбеков Н. Введение
в литературоведение. А., КазНУ им. Аль-Фараби,
2005.
2.
Қосымша әдебиет
7.АхметовЗ.
Абайдың ақындық әлемі. - Алматы, Ана тілі, 1995.
8. Ахметов 3. Казахское
стихосложение. - Алматы, 1964.
9. Атымов М. Көркем
шығарма композициясы туралы. - Алматы, 1969.
10. Белинский В.Г.
Шығармалары. Сын мақалалары. - Алматы, 1987.
11. Добролюбов Н.А.
Әдебиет туралы мақалалары. - Алматы, 1955.
12. Дәстүр
және жаңашылдық. Екі томдық. - Алматы, Ғылым,
1980-1981.
13. Жұмалиев Қ.
Стиль - өнер ерекшелігі. — Алматы, 1966.
14. Горький М.
Әдебиет туралы. Алматы, 1954; 1984.
15. Қабдолов 3. Көзқарас.
Талдаулар мен толғаныстар. - Алматы,1996.
16. Кенжебаев Б.
Қазақ өлеңінің құрылысы. - Алматы, 1955.
17. Майтанов Б. Суреттеу
мен мінездеу. -Алматы, 1991.
18. Мақпыров С.
Әдебиетгің тектері мен түрлері. -Алматы, РБК, 1994.
19. Мәшьүр -
Жүсіпов Қ. Өлең - сөздің патшасы. -Алматы,
1991. 20.Негимов С.
Өлең өрімі. Ғылым, 1970; Ақын-жыраулар
поэзиясының бейнелілігі. -Алматы, Ғылым, 1991.
21. Нұрғалиев Р. Трагедия
табиғаты. -Алматы, 1972.
22. Пірәлиева Г. Ішкі
монолог. -Алматы, Ер - Дәулет, 1994.
23. Стиль сыры.
Жинақ. - Алматы, Ғылым, 1991.
24.
Ысқақұлы. Сын жанрлары. - Алматы, Санат, 1999.
25. Әдебиеттану.
Терминдер сөздігі. - Алматы, Ана тілі. 1998;2006.
26. Әдебиеттану.
Сөз өнерінің сырлары. Мектеп оқушыларына
әдебиетті тереңдеп оқытуға арналған көмекші
құрал (құраст. Ә.Дайырова,
Қ.Бітібаева, С.Мақпырұлы, Г.Құрманбаева).
- Алматы, Мектеп, 2003.
27. Волков И.Ф. Творческие методы и
художественные системы. Изд. 2-е. -Москва, 1978.
28. Виноградов В.В. О языке художественной прозы.
- Москва, 1980.
29. Словарь
литературоведческих терминов. Сост. Л.Тимофеев, С.Тураев. -Москва, 1974.
Багдарлама авторы Серік
Мақпырұлы,
Филология ғылымдарының кандидаты,
Абай
атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық
университеті
қазақ әдебиеті кафедрасының
профессоры.