Ф.7.11 – 19

 

Дуанаева С.А

 

 

 

 

 

«Әдебиеттануға кіріспе» пәнінен

 практикалық сабақтар бойынша

                         

әдістемелік нұсқау

 

 

 

 

 

 

 

Шымкент, 2009

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

 

 

Қазақ әдебиеті кафедрасы

 

 

Дуанаева С.А

 

 

 

«Әдебиеттануға кіріспе» пәнінен 050205 филология және

050117 қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтарының студенттеріне практикалық сабақтар бойынша әдістемелік нұсқау

 

 

 

 

 

             Оқу түрі: күндізгі

 

 

 

 

 

 

 

Шымкент - 2009

ББК 83.3(2) я 73

 

 

Құрастырған: ф.ғ.к.  Дуанаева С.А.

 

 

 

«Әдебиеттануға кіріспе» пәнінен практикалық сабақ бойынша әдістемелік нұсқау. Шымкент: М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2009 – 20 бет 

 

 

 

 

Әдістемелік нұсқау пәннің оқу жоспары мен бағдарламасының талаптарына сәйкес құрастырылған, мұнда практикалық сабақтарға қажетті барлық мәліметтер қамтылған.

Әдістемелік нұсқау филология және қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтарының студенттеріне арналған. Әдістемелік нұсқау оқытудың несиелік жүйесіне сай студенттердің өз бетінше терең ізденіп, шығармашылықпен жұмыс жасауына негізделген.

«Әдебиеттануға кіріспе» пәні практикалық сабақ барысында көркем әдебиетті, оның халықтығын, көркем бейне және оның жасалу жолдарын, көркем шығарманың композициясы мен сюжетін, өлең құрылысын, әдебиеттің тектерімен түрлерін, көркемдік әдістерді, әдеби ағым-бағыттар мен стильді қазақ әдебиетінің көрнекті қаламгерлерінің шығармашылығына талдау жасай отырып,   түрлі әдістерді қолдану арқылы жан-жақты түсіндірумен  ерекшеленеді. 

 

 

 

 

 

Рецензент:  Н.Нұрпейісов – ф.ғ.к. М.Әуезов атындағы ОҚМУ

                    «Қазақ әдебиеті» кафедрасының доценті

                    Ш.Әділова – ф.ғ.к. Қазақстан Халықтар достығы университеті

                    «Қазақ әдебиеті» кафедрасының доценті

 

 

 

 

 

Қазақ әдебиеті кафедрасының мәжілісінде (хаттама №9,  27. 02. 2009) және филология  институтының әдістемелік комиссиясының отырысында қаралған және басуға ұсынылған (хаттама № 7    12. 03.  2009ж.)

 

 

 

 

Басуға М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің әдістемелік кеңесі ұсынған,

 хаттама №       «    »                             200    ж.

 

 

 

      ©   М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 2009        

Шығаруға жауапты: ф.ғ.к. Қ.Оразбаев.

 

 

 

 

 


Мазмұны

 

Кіріспе .............................................................................................................................4

Практикалық сабақтардың мақсаты мен міндеттері ..................................................4

Практикалық сабақтардың мазмұны .........................................................................4-5

Практикалық  сабақтардың тақырыптары ..............................................................5-20

 

 

 

Кіріспе

«Әдебиеттануға кіріспе» пәні бойынша практикалық сабақтарда көркем әдебиеттің өзіндік ерекшеліктерін, әдебиеттің халықтығын, көркем бейне және оның жасалу жолдарын, көркем шығарманың композициясы мен сюжетін, тілі мен өлең құрылысын, әдеби үрдісті, әдебиеттегі дәстүр жалғастығы мен жаңашылдық мәселелерін, эпикалық, лирикалы, драмалық тектерді және олардың түрлерін, көркемдік әдісті, әдеби ағым-бағыттарды, стиль ерекшелігін нақты көркем шығармаларды талдай отырып көз жеткізу негізгі нысан болып табылады. Көркем туындыны мазмұн мен пішіннің бірлігі  тұрғысынан қарастыру әдебиет теориясының негізгі  принципі екенін, көркем шығарманың тақырыбы  мен идеясы туралы түсініктерін нақты мысалдармен дәйектеуге үйрету практикалық сабақтың ажырамас бөлігі болып есептеледі. Халықтық мұрат, ұлттық асыл қасиет, адамдық ізгілікті бейнелеу  шығарманың озық идеялылығының белгісі екенін, көркем шығармалардың негізгі объектісі адам және адамның мақсат-мұраты, қуаныш-қайғысы, талпынысы мен талабы т.б. адами құндылықтар екенін түсіндіру –  практикалық сабақтарда жүзеге асырылатын негізгі мәселелер. Студенттердің алған теориялық білімдерін практикалық сабақтарда, өз бетінше жасаған жұмыстарында қалай жүзеге асырғандығы – оның білім деңгейін, өзіндік ізденушілігін, қабілет-қарымын байқататын көрсеткіш.

 

І. Практикалық сабақтардың мақсаты мен міндеттері

 

            Әдебиет пен эстетиканың егіз ұғымдар екенін, әдебиет тарихы, теориясы және сыны болып бөлінетіндігін, олардың  мақсат- міндеттерін түсіндіру, эстетиканың көркемдік мәнін ұғындыру. Адам тәрбиелеу құралы екендігін, халықтықтың екі жағын, көркем бейненің тәрбиелік эстетикалық маңызын ұғындыру.Мазмұн мен пішінннің ішкі бірлігін және айырмасын, тақырыптың ауқымын, идеяның түрлерін түсіндіру. Көркемдеуіш құралдардың маңызын, композиция мен сюжеттің ерекшеліктерін, сюжеттен тыс элементтердің алатын орнын ұғындыру. Тіл мен эдебиеттің байланысын, өлеңнің түрлерін. ұйқас пен ырғақ жүйесін түсіндіру. Әдебиеттің бірде өрлеп, бірде тоқырай отырып, өмір шындығын дер шағында суреттейтіндігін түсіндіру. Бейнелеудің ортақ ұстанымдарын танытуға біріге қызмет ететіндігін, эпиканың өзіндік ерекшелігін айту. Лириканың адам сезімін бейнелеудегі маңызын жэне оның түрлерін, атқаратын қызметін, драманың басқа жанрларға ұқсамайтын өзіндік ерекшелігін түсіндіру. Ақиқат өмір құбылыстарын танып-бағалау, іріктеу, бейнелеу; әдіс пен ағымның аражігін ұғындыру. Әдебиет пен өнердің кейде өрлеуіне жәрдемдесіп, кейде асыра сілтеп кейін тартатын қаулылардың әсер-ықпалын байқату.

 

ІІ. Практикалық сабақтардың мазмұны

 

Әдебиеттану ғылымы және оның салалары туралы, алғашқы эстетикалық ой-толғамдарды, яғни сөз өнерінің туып, қалыптасу тарихы жөнінде мағлұмат беру. Көркем әдебиеттің тәрбиелік, танытқыштық, эстетикалық сипаттарын таныту.  Әдебиеттің халықтығын, оның екі жағын ұғындыру. Көркем бейненің өзіндік ерекшеліктерін және оның жасалу жолдарын, көркемдік шындық пен өмірлік шындықтың ара қатынасын таныту үшін көркем шығармаларға талдау жасату. Көркем шығарманың мазмұны мен пішінін нақты мысалдарға сүйене отырып таныту. Поэтикалық фигуралардың түрлеріне көркем әдебиет мәтіндерінен үзінділер тауып келтіру. Көркем шығарманың тақырыбы жөнінде пікірсайыс өткізу. Тақырып пен идеяның арақатынасын ашу. Көркем шығарманың композициясы мен сюжетін өздері оқыған көркем әдебиеттерге сүйене отырып айтып беруге үйрету. Сюжеттен тыс элементтердің атқаратын міндетін, композицияға қатынасын айту. Көркем шығарманың тілі, өлең құрылысы поэзия мен көркем қара сөз; өлең сөздің өзіндік өлшем-ырғағы; әдеби процесс,  дәстүр мен жаңашылдық мәселесі жөнінде белгілі зерттеуші- ғалымдардың пікіріне сүйене отырып, өз ойларын ортаға салу. Әдебиеттің тектері мен түрлері, эпикалық тек. Лирикалық тек және оның түрлері. Драмалық тек, драманың негізгі жанрлары жайындағы зерттеулерді оқып, пікір айтуға үйрену. Көркемдік әдіс, әдеби ағым-бағыттар, стиль ерекшелігі туралы әңгімелеу.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                         

ІІІ. Техникалық құрал-жабдықтар

            Магнитафон, диктафон, электронды оқу құралдары т.б.

 

IV.              Сабақ өткізу тәртібі

 

            Алдын ала берілген практикалық сабақтың сұрақтары бойынша әр түрлі әдістермен студенттердің білімін, өз бетінше іздену шеберліктерін, оқыған материалдарды еске сақтау қабілетін жан-жақты бақылау.

 

Практикалық  сабақтардың тақырыптары

 

1-тақырып: Әдебиеттану ғылымы және оның салалары

Қамтылатын мәселелер:

-әдебиет теориясы, әдебиет тарихы, әдебиет сыны және бұлардың бірлік-байланысы;

-әдебиеттану ғылымының тектология, историография, библиография секілді жанама тараулары;

-әдебиет туралы ғылымның өзге ғылымдармен байланысы;

-қазақ әдебиеттану ғылымы және сынының туу, даму тарихына шолу.

Практикалық және жеке сабақтарға тапсырмалар:

-          әдебиет тарихының зерттеу объектісін анықта;

-          әдебиет сыны туралы зерттеу еңбектердің тізімін жаса;

-          әдебиет теориясын зерттеушілер жайлы мәлімет дайында.

            Бақылау сұрақтары:

1.Әдебиет туралы ғылымның объектісі және оның салалары.

2. Әдебиет тарихы, оның өзіндік ерекшеліктері мен зерттеу обьектісі не?

3.Әдебиет теориясының негізгі мәселелері, әдебиет теориясының зерттелу деңгейі.

4.Әдебиет сыны және оның өзекті мәселелері не?

5.Әдебиеттану ғылымының историография, библиография, текстология секілді жанама тараулары және олардың ерекшеліктері қандай?

6. Әдебиеттану ғылымының басқа ғылымдармен (философия, эстетика, логика, психология, тіл тілі т.б.) байланысы неде?

СӨЖ тапсырмалары:

- әдебиет теориясына арналған еңбектерді тауып, тізімін жаса;

-Қ.Жұмалиевтің "Әдебиет теориясы" атты еңбегіне сипаттама бер;

-З.Ахметов құрастырған "Әдебиеттану терминдер сөздігі" атты еңбектің жетістігі мен кемшілігін қарастыр;

-З.Ахметовтің "Өлең сөздің теориясы" атты еңбегінің мәнін аш;

- әдебиет тарихының мақсат-міндеттерін анықта;

-әдебиет тарихына арналған зерттеулерді тауып, тізімін жаса;

-әдебиет пен әдебиет тарихының арақатынасын анықта;                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                              -әдебиет сынының әдеби-эстетикалық функциясын, міндеттерін, жанрларын анықтап, сипаттама бер;

-әдеби процесс пен әдебиет сынының арақатынасына түсінік бер;

      Пайдаланатын әдебиеттер

1.      А.Байтұрсынов «Әдебиеттанытқыш» Кітапта: шығармалары. А.,1989

2.      З.Қабдолов «Сөз өнері» А., 1976, 1982, 1992

3.      Әдебиеттану. Хрестоматия құрастырған С.Мақпыров А., 1991.

4.      М.Әуезов «Әдебиет тарихы» «Ана тілі» 1991

5.      М.Горький «Әдебиет туралы» А., 1954, 1984

6.      Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Құр. З.Ахметов А., 1997

7.      Г.Абрамович «Введение в литературоведение» М. 1979

8.      Т.Кәкішев «Қазақ әдеби сынының тарихы» А., 1994ж

9.      Д.Ысқақұлы «Сын шын болсын»  А., 1993ж

10.  Д.Ысқақұлы «Сын сонар» А., 1994ж

 

2-тақырып: Алғашқы эстетикалық ой-толғамдар

Қамтылатын мәселелер:

- әдебиет пен эстетиканың арақатынасы туралы түсінік;

- әдемілік туралы ілімнің бастауы;

- көне грек ойшылдарының эстетика туралы ой-толғамдары;

-Аристотельдің "Поэтикасы" – барлық өнер туралы тұңғыш философиялық, эстетикалық трактат;

Практикалық және жеке сабақтарға тапсырмалар:

- көне Үнді және көне Қытайдың әлемдік эстетика тарихынан орын алатын туындыларын анықта;

- көне грек ойшылдарының әлемдік эстетика тарихындағы орнын анықтайтын еңбектерін тезис түрінде жаз;

- орыс мәдениеті және эстетикалық құндылық туралы пікіріңді айт;

- әлемдік әдебиет пен эстетика тарихындағы Әл-Фарабидің орнын анықтайтын еңбектерін тауып, конспектіле;

- Батыс Еуропадағы әдеби-эстетикалық ілім және Ояну (ренессанс) дәуірінің көрнекті өкілдері мен олардың шығармашылығын танытатын сөзжұмбақ құрастыр.    

  Бақылау сұрақтары:

1. Әдебиеттану мен эстетиканың арақатынасы қандай?

3. Гераклит толғамдарының диалектикалық мәні қандай?

4. Демокрит іліміндегі әсемдіктің көрінісі қалай?

5. Сократ ойларының өзгешелігі неде?

6.Өнер мен эстетика мәселелерін Платонның пайымдауы және Платонның көзқарасындағы қателік не?

7.  Аристотельдің эстетикалық қағидаларының түйіні неде?

8. Гораций іліміндегі ерекшелік не?

            СӨЖ тапсырмалары:

-          әлемдік эстетика ілімінің даму жолдарын көрсететін сөзжұмбақ құрастыр;

-          «Аристотельдің эстетикалық қағидалары» атты презентация дайында;

-          Қазақ әдебиеттану ғылымындағы эстетикалық көзқарастардың тарихын анықтайтын кейс жаз;

               Пайдаланатын әдебиеттер

1.      З.Қабдолов «Сөз өнері» А., 1976, 1982, 1992

2.      Әдебиеттану. Хрестоматия құрастырған С.Мақпыров А., 1991.

3.      М.Әуезов «Әдебиет тарихы» «Ана тілі» 1991

4.      В.Г.Белинский Таңдамалы шығармалар. 1947-1948

5.      М.Горький «Әдебиет туралы» А., 1954, 1984

6.      Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Құр. З.Ахметов А., 1997

7.      Г.Абрамович «Введение в литературоведение» М. 1979

8.      В.В.Виноградов «О языке хужожественной литературы» М., 1959

 

3-тақырып: Көркем әдебиет. Әдебиеттің халықтығы

Қамтылатын мәселелер:

-  әдебиет – сөз өнері, өмір мен өнер мәселесі, өнер және оның түрлері;

-  А.Байтұрсынов сөз өнері туралы;

-  әдебиеттің бейнелеу құралы–тіл;

- бейнелілік, сөзбен салынған сурет - сөз өнерінің еншісі;

- көркем әдебиет пен өнердегі шарттылық мәселесі;

- өнер және қоғамдық шындық;

- суреткердің қоғамдық өмірге қарым-қатынасы;

- өнер мен әдебиеттегі халықтық ұғым;

Практикалық және жеке сабақтарға тапсырмалар:

- «Халықтық – әдеби шығарманың терең мазмұнында жатқан түсінік» атты пікірсайысқа дайындал;

- «Сөз өнерінің негізгі өзегі-өмір шындығы, предметі-адам» деген шығарма жаз;

- «М.Әуезов Абайдың халықтығы туралы» атты кейс дайында.

Бақылау сұрақтары:

1. Өнер дегеніміз не және оның қандай түрлері бар?

2.  Әдебиет қандай өнер, оның басқа өнерден ерекшелігі неде?

3. Өнер атаулының шындық болмысты таныту жолдары және қоғамдық-әлеуметтік ортақ функциясы қандай?

4. Сөз өнерінің бейнелеу құралы не?

5. Суреткердің қоғамдық өмірге қарым-қатынасы қалай білінеді?

6. Суреткердің өнер туындысын бағалау критерийлері не?

7.Шығарманың халықтығының негізгі шарттары не?

8. М.Әуезов Абай шығармаларының халықтығы туралы?

            СӨЖ тапсырмалары:

- А.Байтұрсыновтың сөз өнері туралы пікірін жатқа айт;

-"Әдебиеттанытқыш" еңбегінің мәні анықта;

- Қазақ зиялыларының сөз өнерінің мәні туралы пікрілерін тауып, конспектіле;

- «Абай шығармаларының халықтығы» атты шығарма жаз;

Пайдаланатын әдебиеттер

1.      А.Байтұрсынов «Әдебиеттанытқыш» Кітапта: шығармалары. А.,1989

2.      З.Қабдолов «Сөз өнері» А., 1976, 1982, 1992

3.      З.Ахметов «Абайдың ақындық әлемі» А., «Ана тілі» 1995

4.      М.Әуезов «Әдебиет тарихы» «Ана тілі» 1991

5.      В.Г.Белинский Таңдамалы шығармалар. 1947-1948

6.      Ғ.Мүсірепов «Заман және әдебиет» А. 1982

7.      М.Горький «Әдебиет туралы» А., 1954, 1984

8.      Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Құр. З.Ахметов А., 1997

 

4-тақырып: Көркем бейне және оның жасалу жолдары

Қамтылатын мәселелер:

- көркем бейне туралы түсінік, оған қойылатын талаптар;

- көркем бейненің танымдық, эстетикалық мәні;

- көркем бейне және авторлық дүниетаным.

- көркем бейненің әдіс, тек, тәсіл тұрғысынан жіктелуі;

- өнердегі типтік мәселесі, тип және прототип;

- көркем бейненің жасалуында қолданылатын негізгі суреттеу тәсілдері.

Практикалық және жеке сабақтарға тапсырмалар:

- көркем бейненің танымдық-эстетикалық мәнін өзің оқыған көркем шығарма негізінде түсіндір;

- көркем бейненің әдіс, тек, тәсіл тұрғысынан жіктелуін жан-жақты ашатындай сөзжұмбақ құрастыр.

Бақылау сұрақтары:

1.Әдебиет туралы ғылымның ең негізгі мәселесі не?

2. Көркем әдебиеттің оқырманға әсер ету күші қандай және оның негізі не?

3. Әдебиеттегі деталь мәселесін қалай түсінесің?

4. Суреткердің адамның ішкі болмысын таныту жолдары қандай?

5. Жасалу жолдары мен тәсілдеріне қарай образ қандай түрлерге бөлінеді?

6.Тип және типтендіру дегеніміз не?

7.Әдебиетте адам образын жасаудың жолдары мен тәсілдері қандай?

8. Көркем бейненің оқырманға ықпалы жөнінде не айта аласың?

            СӨЖ тапсырмалары:

- "көркем бейнеге" анықтама бер;

- көркем бейненің адамға әсерін өзіңе ұнаған шығарма негізінде түсіндір;

- көркем бейне және авторлық дүниетаным мәселесін эссе түрінде жаз;

- «Менің сүйікті кейіпкерім» атты шығарма жаз.

Пайдаланатын әдебиеттер

1.      А.Байтұрсынов «Әдебиеттанытқыш» Кітапта: шығармалары. А.,1989

2.      З.Қабдолов «Сөз өнері» А., 1976, 1982, 1992

3.      Әдебиеттану. Хрестоматия құрастырған С.Мақпыров А., 1991.

4.      М.Әуезов «Әдебиет тарихы» «Ана тілі» 1991

5.      Ғ.Мүсірепов «Заман және әдебиет» А. 1982

6.      М.Горький «Әдебиет туралы» А., 1954, 1984

7.      Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Құр. З.Ахметов А., 1997

 

5-тақырып: Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні

Қамтылатын мәселелер:

- мазмұн мен пішін бірлігі — көркемдік шарты;

- көркем туындыны мазмұн мен пішіннің бірлігі тұрғысынан қарастыру - әдебиет теориясының негізгі принципі;

- бір мазмұнның бірнеше пішінінің болатындығы.

Практикалық және жеке сабақтарға тапсырмалар:

-          өзің оқыған көркем шығарманың мазмұнын айт, пішінін талда;

-          махаббат мазмұнды, пішіні әр басқа шығармаларға мысал келтір;

Бақылау сұрақтары:

1. Көркемдік шарты не?

2. Мазмұн мен пішін бірлігі қандай қағидаға негізделген?

3. Мазмұн дегеніміз не?

4.Көркем түрге (форма-пішін) "Әдебиеттану терминдер сөздігінде" қандай анықтама берілген?

5. Қандай бірлестік негізінде көркем түр мағыналық сипат алады?

            СӨЖ тапсырмалары:

- мазмұны бір пішіні әр басқа көркем шығармалардан мысалдар келтір;

- мазмұн мен пішіннің тарихи категория екенін нақты мысалдармен дәлелде;

- өзіңе мазмұны ерекше әсер еткен көркем туынды жөнінде эссе жаз.

Пайдаланатын әдебиеттер

1.      А.Байтұрсынов «Әдебиеттанытқыш» Кітапта: шығармалары. А.,1989

2.      З.Қабдолов «Сөз өнері» А., 1976, 1982, 1992

3.      Әдебиеттану. Хрестоматия құрастырған С.Мақпыров А., 1991.

4.      М.Әуезов «Әдебиет тарихы» «Ана тілі» 1991

5.      М.Дүйсенов «Әдебиеттегі мазмұн мен форма бірлігі» А. 1962

6.      Қ.Жұмалиев «Стиль-өнер ерекшелігі» А. 1966

7.      Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Құр. З.Ахметов А., 1997

 

6-тақырып: Көркем шығарманың тақырыбы мен идеясы

Қамтылатын мәселелер:

- тақырып туралы түсінік;

- тақырып таңдау жән өмір шындығын зерттеу;

- басты және қосалқы тақырыптар;

- тақырыптың көркемдік шешімін табу;

- идея және оның автор дүниетанымен байланыстылығы;

- идеяның түрлері; озық идеялылықтың белгісі.

Практикалық және жеке сабақтарға тапсырмалар:

- өмір шындығы мен көркем шындықтың арақатынасы туралы реферат дайында;

- идея мен тақырыптың арақатынасы жайлы тест құрастыр;

- авторлық идея мен объективті идеяның арақатынасын ашып түсіндір.

            Бақылау сұрақтары:

1. Көркем шығарманың тақырыбы дегенді қалай түсінесің?

2.  Басты және қосалқы тақырыптар, олардың өзара бірлік-байланысы жөнінде не білесің?

3. Тақырыптың көркемдік шешімін табуы қалай болады?

4.Көркем шығарманың идеясы және оның автор дүниетанымымен байланысы қандай?

5. Идеяның қандай түрлері бар?

8. Шығарманың озық идеялылығының белгісі қандай?

            СӨЖ тапсырмалары:

- көрнекті қаламгерлердің шығармашылық лабораторияларын оқып-үйрену арқылы тақырып таңдау және өмір шындығын зерттеу мәселесін түсіндір;

- тақырып таңдаудағы жазушының көзқарасы жөнінде эссе жаз.

Пайдаланатын әдебиеттер

1.      А.Байтұрсынов «Әдебиеттанытқыш» Кітапта: шығармалары. А.,1989

2.      М.Атымов «Идея және композиция» А., 1970

3.      З.Қабдолов «Сөз өнері» А., 1976, 1982, 1992

4.      М.Атымов «Көркем шығарманың композициясы туралы» А., 1969

5.      М.Әуезов «Әдебиет тарихы» «Ана тілі» 1991

6.      Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Құр. З.Ахметов А., 1997

 

7-тақырып: Көркем шығарманың композициясы мен сюжеті. Сюжеттен тыс элементтер

            Қаралатын мәселелер:

- композиция туралы түсінік;

- композициялық бүтіндік;

- идеяларды жүйелеуде, образдарды тұтастыруда, мазмұнын қиыстыруда композицияның атқаратын ролі;

- сюжет туралы ұғым, сюжет және тартыс;

- сюжет-көркем шығарма мазмұнын құрайтын оқиғалар жүйесі;

- эпилог пен прологтың көркем шығармада алатын орны.

Практикалық және жеке сабақтарға тапсырмалар:

- әр түрлі әдеби шығарманың композициялық құрылысын талда;

- сюжет пен тартыстың арақатынасын түсіндір;

- сюжеттен тыс элементтердің шығарма композициясына қатысын нақты мысалдармен әңгімеле.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                           

Бақылау сұрақтары:

1. Композиция деген не?

2.  Композицияның көркемдік қуаттылығы дегеніміз не?

3. Композициялық тәсіл туралы не білесің?

4. Сюжет деген не? Қай елдің сөзі, терминге анықтама бер.

5. Сюжеттің негізі не?

6. Сюжеттік элементтерге нелер жатады?

7. Сюжеттен тыс элементтерге не жатады?                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                            

8. Сюжеттен тыс элементтердің шығарма идеясына қатысы қандай?

            СӨЖ тапсырмалары:

- композициялық бүтіндік туралы эссе жаз;

- композицияның көркем шығармада атқаратын орнын анықта;

- оның образдарды тұтастыруда атқаратын қызметін түсіндір;

- сюжет және тартыс мәселесіне нақты мысалдар келтір;

- тартыстың характерлерді танытудағы мәнін түсіндір;

Пайдаланатын әдебиеттер

1.      З.Қабдолов «Сөз өнері» А., 1976, 1982, 1992

2.      М.Атымов «Көркем шығарманың композициясы туралы» А., 1969

3.      М.Атымов «Идея және композиция» А., 1970

4.      М.Әуезов «Әдебиет тарихы» «Ана тілі» 1991

5.      М.Дүйсенов «Әдебиеттегі мазмұн мен форма бірлігі» А. 1962

6.      Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Құр. З.Ахметов А., 1997

 

8-тақырып: Поэтикалық фигуралар.

Қаралатын мәселелер:

- поэтикалық фигуралардың өзіндік ерекшеліктері;

- айшықтаудың (фигураның) түрлері;

- арнаудың табиғаты және түрлері;

- қайталау және оның түрлері;

- антитеза (шендестіру);

- градация (дамыту) және оның түрлері;

- инверсия (сөз орнын ауыстыру);

- эллипсис (сөз тастап кету);

- аллитерация мен ассонанс.

Практикалық және жеке сабақтарға тапсырмалар:

-          көрнекті ақындардың шығармаларынан арнауға мысалдар келтір;

-          қайталауды көрнекті ақындардың шығармалары арқылы дәлелде;

-          шендестіруге нақты мысалдар келтір;

-          градацияның алатын орнын айқында;

-          аллитерация мен ассонансты көрсететін өлеңдерді жатқа айт.

Бақылау сұрақтары:

1. Поэтикалық фигура деген не?

2. Айшықтаудың (фигураның) қандай түрлері бар?

3. Арнаудың өзіндік ерекшелігі және қандай түрлері бар?

4. Қайталау деген не, оның қандай түрлері бар?

5. Шендестіру қандай міндет атқарады?

6. Градация (дамыту) деген не, оның қандай түрлерін білесің?

7. Троптың қандай түрлері бар және анықтамалары?

            СӨЖ тапсырмалары:

- арнаудың түрлерін қатыстыра отырып эссе жаз;

- қайталаудың көркем шығармада атқаратын міндетін ашатын өзіндік жұмыс жаз;

- шендестірудің анықтамасын айтып, оған мысал келтір;

- инверсияға сөзжұмбақ құрастыр;

- эллипсиске көркем шығармалардан мысалдар келтір.

Пайдаланатын әдебиеттер

1.      А.Байтұрсынов «Әдебиеттанытқыш» Кітапта: шығармалары. А.,1989

2.      З.Қабдолов «Сөз өнері» А., 1976, 1982, 1992

3.      М.Базарбаев «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» А., 1973ж

4.      З.Ахметов «Абайдың ақындық әлемі» А., «Ана тілі» 1995

5.      А.П.Квятковский «Поэтический словарь» М., 1966ж

6.      Ә.Тәжібаев «Өмір және поэзия» А., 1960ж

7.      Б.Кенжебаев «Қазақ өлеңінің құрылысы» А., 1955

8.      Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Құр. З.Ахметов А., 1997

 

9- тақырып: Көркем шығарманың тілі

Қаралатын мәселелер:

- ауызекі және әдеби тіл;

- көркем әдебиет тілінің, яғни поэтикалық тілдің ерекшеліктері;

- поэтикалық тілдің кейіпкер тілі және автор тілі үлгісінде көркем шығармада қолданылуы;

- тілдің тура және ауыспалы мағынада қолданылуы;

Практикалық және жеке сабақтарға тапсырмалар:

- кейіпкер тілі және автор тілі туралы көркем шығармалардан үзінді келтір;

- поэтикалық тілдің ерекшеліктерін дәлелде;

- тілдегі поэтикалық айшықтаулардың атқаратын міндетін айқында;

- тілдің арнайы бейнелеуші құралдарына мысалдар келтір;

- шығарманың жанрлық ерекшелігі және тілі туралы пікірталасқа дайындал.

            Бақылау сұрақтары:

1. Көркем (поэтикалық тілдің) өзіндік ерекшелігі неде?

2. Тіл байлығының қандай қайнар көздерін білесің?

3. Тіл көркемдігі, сөз сұлулығы дегенді қалай түсінесің?

4. Тілдің көркем образ жасау құралы ретіндегі мәнін қалай түсінесің?

5. Кейіпкер тілінің түрлі сипаттарының көркем шығармада алатын орнын түсіндір.

6. Тілдің лексикалық қорына нелер жатады?

7. Қаламгердің поэтикалық синтаксисі дегенді қалай түсінесің?

            Сөж тапсырмалары:

- сөздің тура және ауыспалы мағынада қолданылуын жан-жақты ашатын сөзжұмбақ құрастыр;

- «Тіл – әдебиет туындыларындағы көркем образ жасау құралы» атты эссе жаз.

- «Кейіпкер тілі – көркемдік бейнелеудің ерекше нысаны» атты өзіндік жұмыс жаз.

Пайдаланатын әдебиеттер

1.      А.Байтұрсынов «Әдебиеттанытқыш» Кітапта: шығармалары. А.,1989

2.      З.Қабдолов «Сөз өнері» А., 1976, 1982, 1992

3.      М.Әуезов «Әдебиет тарихы» «Ана тілі» 1991

4.      Ғ.Мүсірепов «Заман және әдебиет» А. 1982

5.      М.Горький «Әдебиет туралы» А., 1954, 1984

6.      Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Құр. З.Ахметов А., 1997

 

10-тақырып: Өлең құрылысы. Поэзия мен көркем қара сөз.

Қаралатын мәселелер:

- Абай өлең туралы;

- метрикалық өлең жүйесі, ерекшелігі;

- силлабо-тоникалық өлең жүйесі;

- тоникалық өлең жүйесі, оның өзіне тән ерекшеліктері;

- силлабикалық өлең жүйесі, бұған қазақ өлеңдерінің жататындығы;

- ұйқас және шумақ, буын және бунақ.

Практикалық және жеке сабақтарға тапсырмалар:

- метрикалық өлең жүйесінің өзіндік ерекшелігін дәлелде;

- силлабо-тоникалық өлең үлгілеріне мысалдар келтір;

- силлабо- тоникалық өлеңдердің құрылысын аш;

- тоникалық өлеңдегі ұйқас мәселесін айқында;

- силлабикалық өлең жүйесінің өзіндік ерекшелігін түсіндір;

- қазақтың көрнекті ақындарының өлеңдерін жатқа айт;

- қазақ өлеңдерінің осы өлең жүйесіне жататындығын нақты мысалдармен дәлелде.

            Бақылау сұрақтары:

1. Поэзия дегеніміз не?

2. Көркем қара сөздің өзіндік ерекшеліктері.

3 Өлең жүйелерінің қандай түрлері бар?

4. Метрикалық өлең жүйесі қандай болады?

5. Силлабо-тоникалық өлең жүйелерінің қандай ерекшелігі бар?

6. Тоникалық өлең жүйесі.

7. Силлабикалық өлең жүйесі және оған қазақ өлеңдерінің қатысы.

8. Өлеңдер құрылысына қарай қалай жіктеледі?

9. Қандай ұйқас түрлері бар?

            СӨЖ тапсырмалары:

- өлең сөздің өзіндік өлшем-ырғағын анықтайтын мысалдар әзірле;

- Абай өлеңдерінің тақырыбын ашатын презентация дайында;

-Абай өлеңдерінің эстетикалық, философиялық мәнін аш;

- поэзия мен көркем қара сөздің арақатынасын дәлелде;

- поэзияның түрлері мен өзіндік ерекшеліктері;

- өлең жүйелерін түсіндіретін глоссарий жаз;

      Пайдаланатын әдебиеттер

1.      А.Байтұрсынов «Әдебиеттанытқыш» Кітапта: шығармалары. А.,1989

2.      З.Ахметов «Қазақ өлеңінің құрылысы» А., 1964ж

3.      З.Ахметов «Өлең сөздің теориясы» А., 1973

4.      З.Қабдолов «Сөз өнері» А., 1976, 1982, 1992

5.      З.Ахметов «Абайдың ақындық әлемі» А., «Ана тілі» 1995

6.      М.Әуезов «Әдебиет тарихы» «Ана тілі» 1991

7.      Б.Кенжебаев «Қазақ өлеңінің құрылысы» А., 1955

8.      С.Негимов «Өлең өрімі» А., 1970,

9.      С.Негимов «Ақын-жыраулар поэзиясының бейнелілігі» А., 1991

10.  М.Х.Хамраев «Основы тюркского стихосложения» 1963

 

11-тақырып: Әдеби процесс. Дәстүр мен жаңашылдық

Қаралатын мәселелер:

- әдеби дамудың тарихи сипаты; 

- әдеби даму-әдеби процесс;

- әдеби процестің үздіксіздігі және ұлттық ерекшелігі;

- әдеби даму заңдылықтары;

- дәстүр және жаңашылдық, өнердегі дәстүр жалғастығы.

Практикалық және жеке сабақтарға тапсырмалар:

- М.Әуезовтің әдеби дәстүр және жаңашылдық туралы пікірін конспектіле;

- «Р.Бердібаев әдеби дәстүр және жаңашылдық туралы» атты эссе жаз;

- А.Нұрқатовтың әдеби дәстүр және жаңашылдық туралы пікірі қай еңбегінде сөз болатынын тауып, өзіндік жұмыс жаз;

- М.Қаратаевтың әдеби дәстүр және жаңашылдық туралы пікірі қай зерттеу еңбегінде айтылатынын іздеп, тезис дайында.

Бақылау сұрақтары:

1. Өнер дамуы мен қоғамдық өмір байланысын қалай түсінесің?

2.  Әдеби дамудың тарихи сипаты қандай?

3. Әдеби процесс қандай құбылыс?

4.   Көрнекті жазушы мен талантты сыншының әдеби процесте алатын орны қандай?

5. Әдеби дамудың қандай заңдылықтары болады?

6.  Дәстүр дегеніміз не?

7. Дәстүрдің әдеби дамуға тигізетін ықпалы қандай?

            СӨЖ тапсырмалары:

- дәстүр мен жаңашылдықтың арақатынасын жан-жақты түсіндіретін презентация дайында;

- «Дәстүр және жаңашылдық» атты сөзжұмбақ құрастыр;

- «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» атты баяндама жаз.

            Пайдаланатын әдебиеттер:

1. Қ.Бекхожин «Дәстүр және жаңашылдық» Алматы – 1979ж

2. Р.Бердібай «Дәстүр тағлымы» Алматы – 1974ж

3.      А.Байтұрсынов «Әдебиеттанытқыш» Кітапта: шығармалары. А.,1989

4.      З.Қабдолов «Сөз өнері» А., 1976, 1982, 1992

5.      М.Әуезов «Әдебиет тарихы» «Ана тілі» 1991

6.      Ғ.Мүсірепов «Заман және әдебиет» А. 1982

7.      М.Горький «Әдебиет туралы» А., 1954, 1984

8.      Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Құр. З.Ахметов А., 1997

9.      Н.Ғабдуллин «Замандас келбеті» А., 1972ж

10.  Ж.Дәдебаев «Өмір шындығы және көркемдік шешім» А., 1991

 

12-тақырып: Әдебиеттің тектері мен түрлері, эпикалық тек

Қаралатын мәселелер:

- әдебиеттің үш текке (эпос, лирика, драма) бөлінуі;

- тек, түр, жанр терминдерінің мән-мағынасы;

- жанрлық жіктеудің шарттылығы;

-эпикалық бейнелеу тәсілінің ерекшелігі;                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                 - эпикалық   тектің  жанрлық  түрлері;

- Белинский, Байтұрсынов  эпикалық жанр туралы;

Практикалық және жеке сабақтарға тапсырмалар:

- әдеби  тектер мен түрлерді қамтитын глоссарий жаса;

- кең көлемді эпикалық шығармаларға мысалдар келтір;

- орта көлемді эпикалық шығармаларды ата;

- шағын көлемді эпикалық шығармаларды қамтитын сөзжұмбақ құрастыр;

Бақылау сұрақтары:

1. Әдебиетті қандай ерекшелігіне байланысты текке бөлеміз?

2. Әдебиеттің қандай тектері бар?

3. "Тек", "түр", "жанр" терминдеріне анықтама бер.

4. Эпос, лирика,  драманың өзіндік ерекшеліктері.

5. Роман-эпопеяның жанрлық ерекшелігі қандай?

            СӨЖ тапсырмалары:

- «Қазақ әдебиетіндегі роман жанры» атты презентация дайында;

- «М.Әуезовтің «Абай жолы» - тұңғыш роман-эпопея» атты шығарма жаз;

- «Махаббат – мәңгілік тақырып» атты сөзжұмбақ құрастыр(қазақ ақын-жазушыларының шығармалары негізінде);

- Ә.Нұршайықов шығармашылығы жөнінде конференцияға материалдар дайында.

Пайдаланатын әдебиеттер

1.      А.Байтұрсынов «Әдебиеттанытқыш» Кітапта: шығармалары. А.,1989

2.      З.Қабдолов «Сөз өнері» А., 1976, 1982, 1992

3.      Р.Бердібаев «Роман және заман» А., 1967ж

4.      Әдебиеттану. Хрестоматия құрастырған С.Мақпыров А., 1991.

5.      М.Әуезов «Әдебиет тарихы» «Ана тілі» 1991

6.      В.Г.Белинский Таңдамалы шығармалар. 1947-1948

7.      Ғ.Мүсірепов «Заман және әдебиет» А. 1982

8.      С.Мақпыров «Әдебиеттің тектері мен түрлері» А., 1994

9.      Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Құр. З.Ахметов А., 1997

 

13-тақырып: Лирикалық тек және оның түрлері

Қаралатын мәселелер:

-  Лирикалық бейнелеу тәсілінің ерекшелігі;

-  Белинский, Байтұрсынов лирика туралы

-  Лирикалық қаһарман сыры;

- Лирикалық тектің жанрлық түрлері: ода, элегия, мадақ, сонет, сатиралық лирика,          

   мадригал т.б. ;

- Лиро-эпостық шығармалар (поэма, баллада т.б.) ;

 

Практикалық және жеке сабақтарға тапсырмалар:

-          махаббат лирикаларын жатта;

-          көңіл-күй лирикаларына мысалдар келтір;

-          табиғат лирикаларын жатқа айт;

-          философиялық лирикаларға дәлелдер келтір.

Бақылау сұрақтары:

1. Лирикалық тектің қандай жанрлық түрлері болады?

2. Лирикалық бейнелеу тәсілінің ерекшелігі неде?

3. Лирикалық қаһарман сыры деген не?

4. Лирикалық шығармалар және тақырып мәселесі.

5. Лиро-эпостық шығармалардың ерекшелігі неде?

6. А.Байтұрсыновтың лирика туралы пікірін білесің бе?

            СӨЖ тапсырмалары:

- «Қазақ ақындары және махаббат лирикасы» атты эссе жаз;

- «Табиғат ақын көзімен» атты  шығарма жаз;

- Көңіл-күй лирикаларына сөзжұмбақ құрастыр;

Пайдаланатын әдебиеттер

1.      А.Байтұрсынов «Әдебиет танытқыш» Кітапта: шығармалары. А.,1989

2.      З.Ахметов «Өлең сөздің теориясы» А., 1973

3.      З.Қабдолов «Сөз өнері» А., 1976, 1982, 1992

4.      З.Ахметов «Абайдың ақындық әлемі» А., «Ана тілі» 1995

5.      М.Әуезов «Әдебиет тарихы» «Ана тілі» 1991

6.      Б.Кенжебаев «Қазақ өлеңінің құрылысы» А., 1955

7.      С.Негимов «Өлең өрімі» А., 1970,

8.      С.Негимов «Ақын-жыраулар поэзиясының бейнелілігі» А., 1991

 

14-тақырып: Драмалық тек және оның жанрлары

Қаралатын мәселелер:

- драмалық бейнелеу тәсілдерінің өзіндік ерекшеліктері;

- драмалық туындының синтетикалық сипаты;                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                     

- драматургия және театр;

- А.Байтұрсынов, М.Әуезов драма ерекшелігі хақында;

- драмалық негізгі жанрлар: трагедия, комедия және драма;

- қазақ драматургиясында бұл жанрлардың туу, қалыптасу тарихы.

Практикалық және жеке сабақтарға тапсырмалар:

-          қазақ драматургиясының тарихы туралы эссе жаз;

-          трагедия табиғатын түсіндір;

-          қазақ драматургиясындағы комедия жанрының тарихы жайлы айт.

Бақылау сұрақтары:

1. Драма деген не? Оның қандай түрлері бар?

2. Драманың бейнелеу тәсілдерінің ерекшелігі неде?

3. Драмалық туыңды қандай сипатта болады?

4. Трагедия және оның өзіндік ерекшелігі.

5. Комедия және ондағы өмір көрінісі.

6. Драмалық туындыдағы тартыс және кейіпкер.

СӨЖ тапсырмалары:

- трагедиялық эпизод көрсетуге әзірлен (топтық жоба);

- комедиялық қойылымнан көрініс (рөлдік ойын);

- студенттердің қалауы бойынша қазақ драматургтерінің шығармаларынан үзінді оқу.

Пайдаланатын әдебиеттер

1.      А.Байтұрсынов «Әдебиеттанытқыш» Кітапта: шығармалары. А.,1989ж

2.      З.Қабдолов «Сөз өнері» А., 1976, 1982, 1992ж

3.      М.Әуезов «Әдебиет тарихы» «Ана тілі» 1991ж

4.      М.Горький «Әдебиет туралы» А., 1954, 1984ж

5.      С.Мақпыров «Әдебиеттің тектері мен түрлері» А., 1994ж

6.      Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Құр. З.Ахметов А., 1997ж

7.      Р.Нұрғалиев «Трагедия табиғаты» Алматы 1968ж

8.      Р.Нұрғалиев «Күретамыр» А., 1973ж

9.      Р.Нұрғалиев «Айдын» А., 1985ж

10.  Р.Нұрғалиев «Телағыс» А., 1986ж

 

15-тақырып: Көркемдік әдіс. Әдеби ағым-бағыттар. Стиль

Қаралатын мәселелер:

-  көркемдік әдіс негізі - дүниетаным;

- өнер дамуының әр кезеңдеріңде туып, қалыптасқан көркемдік әдістер;

- бұлардың арасындағы сабақтастықтар мен айырмашылықтар;

- романтизм әдісі, оны туғызған қоғамдық-әлеуметтік жағдайлар;

- реализм әдісі, оның пайда болуы және қалыптасу тарихы;

- социалистік реализм және оған қазіргі көзқарас;                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                        

- әдеби ағым-бағыттар ерекшелігі;

- орыс және қазақ әдебиеті тарихындағы әдеби ағым-бағыттар мен мектептер;

- әдеби стиль жайлы ұғым;

Практикалық және жеке сабақтарға тапсырмалар:

- стиль-жеке жазушыға тән творчестволық ерекшелік екенін дәлеледе;

- XIX ғ әдебиетіндегі сыншыл реализм туралы пікір айт;                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                         

- Абай реализмінің ерекшеліктерін аш;

- «Қ.Жұмалиев стиль туралы» атты реферат дайында;

- «З.Қабдолов және стиль мәселесі» атты эссе жаз;

 

Бақылау сұрақтары:

1. Әдеби ағым – бағыт деген не?

2. Олардың ерекшелігі қандай?

3. Қазақ әдебиеті тарихындағы қандай ағым-бағыттарды білесің?

4. Әдеби ағым-бағыттардың әдеби процесте алатын орны қандай?

5. Стиль және әдеби стиль деген не?

6. Стильдік ерекшеліктердің танылу ауқымы қандай?

7. Әрбір көркемдік әдістің, ағым-бағыттың стильге қатысы қандай?

 

 

СӨЖ тапсырмалары:

- қазақ әдебиеті тарихындағы стиль мәселесі туралы зерттеу еңбектерді іздестір;

- әрбір көркемдік әдістің, ағым-бағыттың өзіне тән стилін ашатын сөзжұмбақ құрастыр;

- «Стиль эволюциясы және шеберлік» атты шығарма дайында.

 

Пайдаланатын әдебиеттер

 

1.      А.Байтұрсынов «Әдебиеттанытқыш» Кітапта: шығармалары. А.,1989

2.      З.Қабдолов «Сөз өнері» А., 1976, 1982, 1992

3.      Әдебиеттану. Хрестоматия құрастырған С.Мақпыров А., 1991.

4.      В.Г.Белинский Таңдамалы шығармалар. 1947-1948

5.      Ғ.Мүсірепов «Заман және әдебиет» А. 1982

6.      Қ.Жұмалиев «Стиль-өнер ерекшелігі» А. 1966

С.Дуанаева

 

 

 

 

 

 

«Әдебиеттануға кіріспе»  пәні  бойынша

практикалық сабақтар  жүргізуге арналған

әдістемелік нұсқау

 

 

                                  

 

 

 

 

                           

Баспаға ұсынылды  15.05.2009ж

                              Қағаз форматы Х  Ү 1/6

                                   Баспа  қағазы. Көлемі  1,25 б.т.

                                    Дана  50  Тапсырыс №1447

 

 

 

 

 

 

 

 

© М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 2009.

 

 

 

 

 

М.Әуезов  атындағы  Оңтүстік  Қазақстан  мемлекеттік     университетінің баспахана орталығы.

Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5.