ДУАНАЕВА С.А.

 

 

 

 

«Әдебиеттануға кіріспе» пәнінен

лекциялар кешені                                   

 

 

 

Шымкент, 2008

Кіріспе. Әдебиет туралы ғылым және оның салалары

 

Қамтылатын мәселелер:

-әдебиет теориясы, әдебиет тарихы, әдебиет сыны және бұлардың бірлік-байланысы;

-әдебиеттану ғылымының тектология, историография, библиография секілді жанама тараулары;

-әдебиет туралы ғылымның өзге ғылымдармен байланысы;

-қазақ әдебиеттану ғылымы және сынының туу, даму тарихына шолу.

 

            Әдебиет (араб сөзі, қазақша-сөз, үлгілі сөз)-өнердің негізгі түрлерінің бірі, яғни сөз өнері. Сөз-адамның ой-сезімін жеткізудегі бірден-бір күшті құрал. Сөз өнері-өнер атаулының ішіндегі ең құдіреттісі, сондықтанда халқымыз «Өнер алды—қызыл тіл» деп бекер айтпаған.

            А.Байтұрсынов өзінің әйгілі «Әдебиет танытқышында» өнердің әр түрлі болатындығын, олардың өзіндік ерекшеліктерін (сәулет өнері-архитектура,, сымбат өнері-скульптура, кескін өнері-живопись, әуез өнері-музыка) айта келіп, әдебиетке: «Нәрсенің жайын, күйін, түрін, ісін сөзбен келістіріп айту өнері.  Бұл-сөз өнері.

….Алдыңғы өнердің бәрінің де қызметін шама қадырынша сөз өнері атқара аладаы. Қандай сәулетті сарайлар болсын, қандай сымбатты я кескінді суреттер болсын, қандай әдемі ән-күй болсын-сөзбен сөйлеп, суреттеп көрсетуге, танытуға болады. Бұл өзге өнердің қолынан келмейді»,-деп анықтама береді.

            Әдебиеттану-сөз өнерін, тарихи-әдеби процесті, әдебиет дамуының заңдылықтарын, көркем шығармаларды, жазушылардың шығармашылығын зерттейтін ғылым. Әдебиеттану-филология ғылымдарының бір тармағы.

            Тіл ғылымы граматика, фонетика, лексикология болып жіктелетіні секілді, әдебиетану да бірнеше салаға бөлінеді: Әдебиет тарихы, әдебиет теориясы, әдебиет сыны.

Әдебиет тарихы әр халықтың әдебиетін тарихи қалыптасу тұрғысында қарастырып, дәуірге бөліп, әдеби бағыттарды, оған үлес қосқан ірі жазушылар шығармашалығын нақтылы зерттейді.

Әдебиет теориясының негізгі мақсаты-әдебиеттің даму заңдылықтарын, көптеген шығармаларға, әдеби процеске ортақ сипат белгілерді айқындау. Сондықтан әдебиеттің қоғамдық өмірмен байланысын ашатын идеялық, танымдық, ұлттық және интернационалдық сипаттарын, көркем шығарманың құрылыс бітімін, мазмұны мен түрі, тіл ерекшеліктері, әдебиетте қолданылатын көркемдік әдістерді кең тараған жанрларды тағы басқа осындай мәселелерді зертеп білуге көбірек мән беріледі.

Әдебиет сыны көркем шығармаларға талдап баға беру, олардың идеялық мазмұнын, қоғамдық мәнін, басты көркемдік ерекшеліктерін ашып беруді мақсат етеді. Ол өз тұсындағы әдеби процеспен тығыз байланыста болады. Бұрынғы қай дәуірдің әдебиетін алсақ та, ондағы идеялық ізденіс, күрес-тартыс анық танып білу үшін сол кездегі әдебиетке көзқарасты, әдебиет жайлы ұғым-түсініктерді және сол пікірдлердің ақын-жазушыларға қандай талап қойып, қай тұрғыда айтылғанын ескерудің мәні зор.

            Әдебиеттану ғылымының жоғарыда аталған жекелеен салалары әрқайсысы өз алдына өрістеп-өркендей отырып, бір-бірімен сабақтас, тығыз байланыста болады. Әдебиет теориясы

әдебиет тарихына сүйеніп дамиды. Өткен замандардағы және бүгінгі әдеби процесті теориялық тұрғыдан қарап тану, түсіндіру—оның басты міндеттерінің бірі. Ал әдебиет тарихы  ғылым ретінде ойдағыдай өркендеуі үшін теориялық принциптерді, әдебиет теориясының жетістіктерін пайдалануы шарт. Сондай-ақ, әдебиет теориясы бүгінгі әдеби процесті талдап ғылыми топшылаулар жасау үшін оның әдеби сынмен тығыз байланыста болуы қажет.

            Әдебиеттану ғылымының бұлардан басқа текстология, библиография секілді жанама тармақтары да бар.

Библиография:

1.       Белгілі бір мәселе немесе автор шығармаларына байланысты әдебиеттердің көрсеткіші;

2.       Жарияланған, басылып шыққан басылымдар жөніндегі пікірлер жарық көрген газет, журналдардың бөлігі. Қорыта айтқанда, әр түрлі пәндер бойынша кітаптарға, зерттеулерге анықтама-малұматтар беретін, көмекші құралдар жасайтын жанама ғылым саласы.

3.       Текстология-филологияның шыағрма мәтінің анық-қанығын сақталған қолжазбасымен, түпкі нұсқасымен салыстырып тексеретін, жариялайтын саласы.

Текстология дербес ғылым ретінде 1917 жылдан кейін ғана библиографиядан бөлініп шығып, методологиялық тұрғыдан танылады. Белгілі бір көркем шығарманың тарихын анықтау үшін тексеру тәсілдерін  қарастырады, түпнұсқаны айқындау мақсатында зерттеп, екшеуден өткізеді, қосымша нұсқаларды, басылымдарды қарайды.

     Текстологияның негізгі міндеті—автор мәтінінің нағыз, дәл нұсқасын анықтап, ешбір қоспасыз, қатесіз жариялау.

     Историяграфия--әдебиет теориясының, тарихының, сынының тарихи даму туралы дәйектемелер мен деректер, мәлімдемелер жинағы.

     Әдебиеттану ғылымының пәні, зерттейтін обьектісі сөз өнері болғандықтан, ол да әдебиетке, өнерге жақын сезіледі. Әдебиет өмірді бейнелеп көрсетсе, әдебиеттану ғылымы соның мәнін, өзшелелеп айқындап көрсетуді мақсат етеді. Яғни, әдебиет ғылымында да ой бейнелілігі мен сезімталдық қажет, ол әдебиеттің қоғамдық-эстетикалық мәнін түсініп-білу қажет. Бұл жағынан алғанда, әдебиет ғылымы сөз өнерінің, жалпы көркем өнердің көп қасиет—жетістіктерін бойына сіңіріп, нәр алып, өркендейді.

     Алайда, әдебиеттанудың өз ғылым болғандықтан, ғылыми-логикалық ой-жүйесіне тән жүйелеп талдау, қорытынды-түйін жасау, қисын-байланыстарды көре білу шеберлігі, теориялық ұғым-түсініктерді айқындауға жүйріктік те қажет. Бұл ретте

әдебиеттанудың зерттеу тәсілдері философия, логика, эстетика, психология ғылымдарымен ұштасады.

     Ғалым сыры, тіршілік құпиясы, жазмыш жұмбағы-адамзат тарихының қай кезеңінде де болмасын, ақындар мен философтарды бірдей ой азабына салған мәселер

     «Философия мен поэзия қарсы біткен екі заңғардың басында тұрғанмен, бір ғана жайт төңірегінде сөз қозғайды»,-деп жазады неміс философы М.Хайдгер. Философиялық шығарма мен қадым заман ақындарының туындыларынан ежелгі дүниетаным іздері байқалса, ол-философия мен поэзия арасындағы мәңгі бірліктің, сарындастықтың айғағы.

     Әр адамның көңілінде әсемдік жайындағы өмір тәжірибесінен туған түсініктері болады. Сол түсінік оны үлкен идеяларға жетелеп, әсем сезімге бөлеп, бақытына жол сілтейді. Жүректе асыл, пәк сезімнің ұялауы оған күшті ерік, жігер береді. Ол табиғатты, өмірдегі, өнердегі әсем құбылыстарды тап басып, тани біледі. Ал сол адамдағы асыл ойды, әсем сезімді ғылым арқылы терең ашып түсіндіруге болады. Адамдардың шындықты, өмірді сезіммен танып, өмірді өнер арқылы ашуы-эстетикалық таным деп аталады.

     Әдебиеттану ғылымының шеңбер-шегі әдеби процестің дамуына байланысты кеңейіп отырады.

     Сондай-ақ әдебиеттану ғылымы қазақ әдебиетіне қоса дүниежүзі әдебиетіне қатысты ірі көркемдік құбылыстарды да талдап, олардың қорытынды түйін жасап, өмірлік қажетімізге жаратып отыруға тиіс.

 

Бақылау сұрақтары:

1.Әдебиет туралы ғылымның объектісі және оның салалары.

2. Әдебиет тарихы, оның өзіндік ерекшеліктері мен зерттеу обьектісі не?

3.Әдебиет теориясының негізгі мәселелері, әдебиет теориясының зерттелу деңгейі.

4.Әдебиет сыны және оның өзекті мәселелері не?

5.Әдебиеттану ғылымының историография, библиография, текстология секілді жанама тараулары және олардың ерекшеліктері қандай?

6. Әдебиеттану ғылымының басқа ғылымдармен (философия, эстетика, логика, психология, тіл тілі т.б.) байланысы неде?

Пайдаланатын әдебиеттер

1.      А.Байтұрсынов «Әдебиеттанытқыш» Кітапта: шығармалары. А.,1989

2.      З.Қабдолов «Сөз өнері» А., 1976, 1982, 1992

3.      Әдебиеттану. Хрестоматия құрастырған С.Мақпыров А., 1991.

4.      М.Әуезов «Әдебиет тарихы» «Ана тілі» 1991

5.      М.Горький «Әдебиет туралы» А., 1954, 1984

6.      Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Құр. З.Ахметов А., 1997

7.      Г.Абрамович «Введение в литературоведение» М. 1979

8.      Т.Кәкішев «Қазақ әдеби сынының тарихы» А., 1994ж

9.      Д.Ысқақұлы «Сын шын болсын»  А., 1993ж

10.  Д.Ысқақұлы «Сын сонар» А., 1994ж

 

Көркем әдебиет

 

Қамтылатын мәселелер:

-  әдебиет – сөз өнері, өмір мен өнер мәселесі, өнер және оның түрлері;

-  А.Байтұрсынов сөз өнері туралы;

-  әдебиеттің бейнелеу құралы–тіл;

- бейнелілік, сөзбен салынған сурет - сөз өнерінің еншісі;

 

            Қоғамдық сананың айрықша саласы-өнер; өнердің жалпы адамзат мәдениетінен алатын орны өзгеше, адамдардың парасат дүниесінде атқаратын қызметі орасан. Өнердің бірнешеу құралы-бояу, әншінің құралы-үн, бишінің құралы-қимыл болса, әдебиетішінің құлаы-тіл. Демек, әдебиет-сөз өнері.

            Өнердің ішіндегі ең бір қадірлі де қасиетті-көркем әдебиет.

            Бейнелеу, сәулет, мүсін өнерлері нақты, затты болғанымен жансыз, қимылсыз, ал әдебит кез келген шындықты қимыл, қозғалыс үстінде құбылтып, құлпыртып көрсете алады. Дәл осы тұрғыдан алғанда, сөз өнерін-бас өнердің бас, «өнер атаулының ең қиыны және күрделілісі» (Бальзак), «ең жоғары түрі» (Белинский) десек, халқымыздың «өнер алды-қызыл тіл» деген қағидасы да соны растайды.                                                                   Әдебиет адамға өмірді танытып қана қоймайды, солардың өмірге көзқарасын қалыптастырады, мінез-құлқына, тұрмыс-тіршілігіне ықпал етеді.

            Әдеби шығарма адамның бүкіл ой-қиялын, сыр-мінезін түгел баурайды: қуантады, сүйіндіреді, таңдантады, күйіндіреді, жылатады, күлдіреді…Қысқасы, адамның көңіл-күйінде сан сапа құбылыстартуғызып, із қалдырады. Бұл әдеби шығарманың, яғни көркем әдебиеттің эстетикалық әсері, оның таным, тәрбие тарапындағы мәні де осыған негізделген

            Кітап және симфония, сурет немесе, мүсін не туралы деген сұрақтың жауабы бір-ақ: адам туралы, адамның әсемдігі мен асыл қасиеттері туралы адам рухының керемет күші мен қасиеті жайлы… Өнер дүниесінің (туындысының) бәріне ортақ мазмұн-адамның ойы, арманы, құштарлығы, мұраты; өнер туындысының қай түрі болсын, әрқайсысы өз тілінде өмірдегі, қоғамдағы адам тіршілігінің мәні мен мағынасын паш етеді.

            Адам тағдыры-жазушы үшін шығарма арқауы ғана емес, өмірді тунадың өзгеше тәсілі.

            Болмыстың көркем көрінісі мен адамды нақты қимыл-әрекет үстіндегі жанды бейнелеу-тек сөз өнерүінің ғана еншісі. Бейнелеу құралы-тіл. Тіл арқылы сөзбен сурет жасалады, яғнио кез келген көркем шығарманың тілсіз өрілуі мүмкін емес.

            Көркем әдебиеті тілі-әдеби тілдің ауқымында жасалғанымен, ұғымдық аясы одан әлдеқайда кең. Бұл-оның шығармашылық қызметінен, образды бейнелеуші, кейіпкерді мінездеуші сипатынан туындайды. Өзінің осы ерекшелігіне орай көркем әдебиет тілі екінші және басты ерекшелікке-жалпы халықтық тілдің барлық қабаттарын (диалектілерді, жаргондарды, кәсіби сөздерді) керегінде қамтитын синтетикалық тұрпатқа ие болады.

            Көркем әдебиеттің тілі-тіл мәдениетінің, тілдік талғамның ғана тарихы емес, қоғамдық өзгерістердің, әлеуметтік психологияның да тарихы. Өйткені жалпы ұлттық тіл мәдениеті аясында жасалған әр кезең әдебиетінде сол әдебиетті тудырған уақыт ерекшеліктері өзіне тән сөз саптау стилі арқылы таңбаланады.

            Әдебиеттің пәні-адамның өмірі, қоғамдық қарым-қатынастар мен алуан түрлі қоғам өміріндегі құбылыстар, өз мінез-бітімімен дараланып көрінетін жеке адамдардың тағдыры. Әдебит қоғам өміріндегі сан қилы шиеленіс, тартыстарды, қақтығыс пен күресті бейнелейді. Сондай-ақ саяси, экономикалық, моральдық тағы басқа талай мәселелерді қорғайды. Алайда оларды дербес талдап кетпей, адамның тағдырын көрсету, кейіпкердің іс-әркетін, мінез-құлқын ашу қажеттілігіне орай, белгілі мөлшерде баяндайды.

            Жазушы кейіпкерлер өмір сүретін, әрекет ететін қоғамдық ортаны, жағдайды нақты бейнелейді, олардың іс-әрекетінің, мінез-

құлқының белгілі тарихи жағдаймен байланысын айқындап береді. Әдебиет өмірді көрккем образ арқылы бейнелейді, адамның дараланған характерін жасау, жеке оқиға, жағдайларды суреттеу арқылы қоғамдық өмірдегі аса маңызды заңдылықтарды ашып береді.

            Қоғамдық өмірде әдебиет қозғамайтын мәселе, назар аудармайтын жағдайлар аз-ақ, жоқтың қасы. Алайда әдебиет алдымен адамның тұтас тұлғалы бейнесін көрсететін болғандықтан, қоғамдық өмірдегі қай мәселеге болсын эстетикалық қатынас тұрғысынан қарап, оны шығармадағы көрсетілетін нақтылы өмірлік жағдайларға орай бейнелейді. Көркем шығармада өмір құбылысы, оның әр түрлі ерекшеліктері тұтас көрсетілсе де, ненің маңызды, мәнді екені айқын ажыратылып, дәл танылады. Уақиғалардың, адам бейнесінің әдебиетте нақтылы сереттеледі, оқырманға өмірдің өзін көріп отырғандай әсер беріп, шығарманың ой-сана күшті ықпал етуіне мүмкіндік береді. Әдебиетте қоғам өмірі, тарихи даму пройесі үнемі алға қарай бастайтын тура тартылған жол сияқты болып жатпайды, қайшылығы мол қиын жағдайлар, қақтығыстар, адамдардың тағдыры арқылы көрінеді. Жекелеген жағдайлар, сан түрлі адамның өмір-тағдыры арқылы жазушы қоғамдық заңдылықтардың, әлеуметтік құбылыстардың сырын ашып береді.

            Әдебиет адамның байқағыштық, сезімталдық, көркем ой-қиялдан ләззат ала білу секілді қабілеттерін күшейте түседі, эстетикалық сезімін байытады. Әдебиет адамды биік қоғамдық идеялдар, зор арман-мұратарға жетелейді. Адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, табандылыққа баулиды, адалдық үшін күресуге жігерлендіреді. Оқырман әдеби шығармадан әлеуметтік мәселелерге жауап-шешім іздейді. Ендеше, көркем әдеби шығарма өзінің үлкен қоғамдқ, тәрбиелік маңыздылығымен де эстетикалық сезімімізге әсер етіп, өмірдегі адамның бойындағы, мінезіндегі, әдемілікті, әсемдікті қалай түсіну керектігін үйретеді.

            А.Байтұрсыновтың «Әдебиеттанытқышы», ең алдымен, сөз өнерінің табиғатын, өнердің басқа түрлерінен айырмашылығын, артықшылығын сөз етеді.

…Сөзбен сымбаттаудың я кескіндеудің үлгісін көрсету үшін автор Абай өлеңдерінен мысалдар келтіреді. «Әдебиет танытқышта» ауыз әдебиетінің ең шұрайлы, ең бейнелі, мазмұны мен көркемдігі бай үлгілерін пайдаланған. Ағартушы өз айтқандай, «адамның насихатшысы» ретінде қазақ халқының көркем ойлау жүйесіндегі рухани қадір-қасиеттерге, жақсылық пен жамандық тартыстарына, ерлік пен батырлқ істерге, бірлік пен ынтымақ, сұлулық сырларын бейнелеген үлгілерген көбірек көңіл бөлген.

     …ауыз және жазба әдебиеттің әлеуметтік, қоғамдық мән-маңызын ашудан гөрі адамгершілік, эстетикалық, әсемдік әуенін талдауға көбірек көңіл бөледі.

Суреткерге тән ерекшеліктер:

1.      Сезім. Нәзік сезімталдық

2.      Бақылау. Жіті бақылағыштық

3.      Қиял. Творчестволық фантазия

4.      Интуиция. Сезімталдық

5.      Өмірбаян. Тәжірибе молдығы

6.      Парасат. Сананың саралығы

7.      Шеберлік. Өнердегі шын шеберліккеапарар жол-еңбек. Шеберлік шексіз.

8.      Шабыт. Шалқыған шабыт болмаса, шеберліктенде ештеңе шықпайды.

Суреткерлік сипаты оның азаматтық рухынан, қоғамдық бітімінен басталады. Демек, оның жеке өз басының дара асиеті, оның рухани жан дүниесі, әлеуметтік кейпі мен моральдық кескіні, дүниетанымы мен қоғамдық қызметі, білімі мен мәдениеті бір-бірімен ұштасып, бірін-бірі толықтырып, нағыз суретекердің өзіндік болмысын танытады.

      Әрбір өнер адамының бәрінен бұрын жаны сұлу, адамгершілігі мол, мінезге бай, білімі терең және мәдениеті биік болуы керек.

      Суреткер-өз дәуірінің перзенті, сондықтан ол-қоғғам қайраткері, өйткені қаламгерлік-қоғамдық іс. Әдебиеттің қоғамдық мәнін сөз еткенде, оның танымдық маңызын аттап өту мүмкін емес. Көркем шығарма адамға өмірді танытады, таныта тұра тәрбиелейді. (М.Әуезовтің «Абай жолы» шығармасы туралы камерун жазушысы Бенжамен Матиптің пікірін келтіру) көзқарасын қалыптастырады, мінез-құлқына ықпал етеді, тұрмыс-тіршілігіне әсерін тигізеді. (М.Өтемісұлынан, С.Мұқановтан, М.Мақатаевтан, Ә.Нұршайықовтан мысалдар айту)

      өркем әдебиеттің құдіретті күшін, немес, оның өмір таныту, атәрбиелеу жапйын ғана емес, күллі қоғамдық өзгертушілік қасиетін түсіну үшін, оның эстетикалық тбиғатын тану қажет. Эстетика-жан тебірентер, адамды баурап алар әсем әсер. Әдеби шығарма аамның күллі ой-қиялын, сыр-сезімін түгел баурап алар әсем әсері. Әдебиеттің әлеуметтік мәнін, оның қоғамдық-өзгертушілік күшін осы тұрғыдан түсіну шарт.

      Сөз өнері-қоғамдық сананың әрі күрделі, әрі орасан маңызды саласы. Қоғамдық сана (идеология)-белгілі бір таптың мақсат-        

мүддесіне сәйкес көзқарастар жүйесі. Демек әдебиет-қондырма,

яғни қоғамның белгілі бір дәуіріндегі экономикалық құрылысына, базиске негізделеді. Әр дәуірдің әдеиетінде сол дәуірдің ізі сайрап жатады, онда қоғамдық құрылыстағы іс-әрекеттерді даттау не жақтау болады; олардың дамуына ықпал жасайды, я құлдырауына әсер етеді. Демек, әдебиет-тіл сияқты бірнеше дәуірдің жемісі, емес, бір ғана дәуірдің жемісі. Тіл-бәріне ортақ және бейтарап.

      Әдебиет-мәдениеттің бір бөлігі, ал мәдениет-қондырма.

      Әдебиет-ақиқат өмірдің сырлы суреті, халықтың көркем тарихы; көркем шығарма өзегі-шындық. Жазушы өмірдегі сан-салалы шындықтан зінің суреткерлік мақсатына керегін ғана таңдап, шығармасына арқау етеді. Ол өмір құбылыстарын өзінің дүниетанымы мен әлеуметтік көзқарасы тұрғысынан саралайды. Ал суреткердің бл қасиеттерін ол өмір сүріп отырған қоғамдық орта белгілейді. Ол өзі қаласын-бәрі-бір, белгілі бір «таптың көзі, құлағы мен үні» (Горький) болмақ. Демек-әдебиет таптық. Әдебиеттің таптығының жоғары түрі-әдебиеттің халықтығы.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Өнер дегеніміз не және оның қандай түрлері бар?

2.  Әдебиет қандай өнер, оның басқа өнерден ерекшелігі неде?

3. Өнер атаулының шындық болмысты таныту жолдары және қоғамдық-әлеуметтік ортақ функциясы қандай?

4. Сөз өнерінің бейнелеу құралы не?

Пайдаланатын әдебиеттер

1.      А.Байтұрсынов «Әдебиеттанытқыш» Кітапта: шығармалары. А.,1989

2.      З.Қабдолов «Сөз өнері» А., 1976, 1982, 1992

3.      З.Ахметов «Абайдың ақындық әлемі» А., «Ана тілі» 1995

4.      М.Әуезов «Әдебиет тарихы» «Ана тілі» 1991

5.      В.Г.Белинский Таңдамалы шығармалар. 1947-1948

6.      Ғ.Мүсірепов «Заман және әдебиет» А. 1982

7.      М.Горький «Әдебиет туралы» А., 1954, 1984

8.      Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Құр. З.Ахметов А., 1997

 

Әдебиеттің халықтығы

Қамтылатын мәселелер:

- көркем әдебиет пен өнердегі шарттылық мәселесі;

- өнер және қоғамдық шындық;

- суреткердің қоғамдық өмірге қарым-қатынасы;

- өнер мен әдебиеттегі халықтық ұғым;

      Әдебиет-ақиқат өмірдің сырлы суреті, халықтың көркем тарихы; шығарма арқауы-шындық. Жазушы өмір құбылыстарын өзінің дүниетанымы мен әлеуметтік көзқарасы тұрғысынан саралайды, оны өмір сүріп отырған қоғамдық орта белгілейді. Ол өзі қаласын, қаламасын-бәрі бір белгілі бір «таптың көзі, құлағы мен үні» (М.Горький). Демек, әдебиет-таптық.

      Әдебиеттің таптығы әдеби шығармадағы шындықтың шынайылығына, қаламгердің шеберлігіне тікелей байланысты.

      Әдебиеттің таптығының жоғары түрі-әдебиеттің халықтығы.

      Әр ұлттың тарихи тағдырына сай, туған топырағына, өсіп-өркендеген табиғи ортасына лайық мінез-құлқы, әдет-ғұрпы, салт-санасы қалыптасатыны мәлім. Мұны бәрі әр ұлттың зіне тән өзгешеліктерін-сыртқы түріндегі ғана емес, ішкі сырындағы айрықша сипаттарын белгілейтіні хақ. Дегенмен, ұлттық сипат халықтық сипатқа нық байланысты бола тұра оған дәлме-дәл келе бермейді, оған балама бола алмайды, оның орнын

 ауыстыра алмайды. Ұлттықтың ең таңдаулы сипаттары ғана-халықтық мәнге ие болады.

      Ілгерішіл әдебиет пен өнер-әрқашан өмірдің мектебі; шындықтың шежресі, сәулетті болашақтың болжаушысы.

      Өнердің кәусар туындысы халық мірінің терең және мөлдір қайнарынан шымрлап шығады да, сол халықтың өзінің рухани сусынына айналады.

      Халықтық-әдеби шығарманың терең мазмұнында жатқан түсінік. Халықтық шығарманың тақырыбынан, белгілі бір тақырып арқылы автордың алға қойған мақсатынан дамып, көркемдк шешімге дейін баратын, геройдың мінезін, дүниетанымын, іс-әрекетін қамти келе автордың тілі мен стиліне, бағыты мен әдісіне, эстетикалық идеалына көшетін ұғым.

      Халықтық сипат ең алдымен белгілі бір көркем шығармада бүкіл халықтық мәні бар мәселенің сөз болуында жатады. Мысалы, Абай өзінің бүкіл ақындық өнерінің өн бойында туған халқы үшін заманның ең келелі мәселелерін көтеріп отырды. Ұлы ақын биік эстетикалық идеал тұрғысынан өзі өмір сүрген қоғамдқ ортадағы керенаулық пен кеселді, оспадарлық пен опасыздықты сынау арқылы қазақ даласындағы феодализмнің дағдарысын көрсетуі-бүкілхалықтығының бір жағы.

      Халық не үшін маңызды мәселені көтеру бар да, оны халық тұрғысынан шешу не шешпеу бар. Демек, халықтықтың екінші шарты-көркем шығармада суреттелегн шындық алға тартқан келелі мәселені халықтың мақсаты мен мүддесіне сай шешу. Ұлы ақын өзінің барлық көркем туындылары арқылы оқушы алға, арманға бастады, жарқын келешекке шақырды. Жамандықтан жирендіріп, жақсылыққа сүйіндіре отырып биік мұратқа жетелейді. Абай халықтығының екінші жағы осында жатыр.

      Нағыз халықтыққ шығарма халыққа жетімді, түсінікті болуы шарт. Талант неғұрлым ірі болса, соғұрлым қарапайым болатыны, көркем  шығарма неғұрлым шебер жазылса, соғұрлым ұғымды болатыны мәлім. Абай шығармалары қарапайым халыққа да, ойшыл ғалымға да бірдей ұғынықты, екеуіне де әсерлі.

      Сонымен, әдебиеттің халықтығы-оның халықтық ірі мәселелерді халыққа түсінікті түрде, халық мүддесіне сай көркем шешуі болып табылады.

      Осындай көркем шешімі өте сәтті шыққан бірегей туынды-М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы.

      Мұндағы Абай образының осылай саңлақ шығуының басты себебі-оны халық өмірімен байланысты, халықтың жақсы дәстүр, қасиеттерін бойына сіңірген және заманның озат, жаңашыл

 идеясы тұрғысынан еңбекші бұқараның «жоғын іздеген» қайраткер етіп бейнелеуінде.

      Абай жолы-халық жолы, халық жолы-Абай жолы. Осы тамаша бірлікті тарихи шындыққа сай және асқан көркемдік шеберлікпен көрсету М.Әуезовтің ұлы творчестволық жеңісі болып табылады.

      Романның бірінші бетінен соңғы бетіне шейін алдымен терең ақындық сыр шертіледі, ақындық үн, әуен естіледі, ырғақ сезіледі-…ақынның барлық бастан кешкен арман-мүддесі, қуаныш-сүйініші, қайғы-қасіреті, тоғаныс-тебіренісі өз басыңнан өткендей әсер аласың. Оның сыры, үні, лебізі жүрек пен құлақтан мәңгі үзілмейтін тәрізді…

      Абай образының тағы бір маңызды ерекшелігі-оның интеллектілік қасиеті. М.Әуезовтің көрсетуінде есейген Абай-ақындығымен бірге білімді, парасатты философ адам. Ұлы ақынның бұл қабілеті оның әрбір қадамынан көрінеді. Не нәрсенің терең сырын, мағынасын, себебін түсінуге тырысу, не істесе де сол істің байыбына барып, пайымдап, топшылап алып іске кірісу, айтыс-таластарға логиканы қару ету, халқының қадірі және болашақ тағдыры туралы шексіз толғану, өлеңдерін ұдайы философиялық, даналық ой-пікірлерге негіздеу-осының бәрі Әуезовтің шебер суреттеуінде ұлы Абайдың бойына жарасқан.

      Романның жан толқытарлық, керемет көркемдік қасиеттері, шындықты суреттеу шеберлігі, өмір құбылыстарын аам характері арқылы терең де толық бейнелеуі оның шынайы халықтық шығарма екендігінің айғағы.

      «Абай жолы»мынандай бір түйінді пікірдің дұрыстығына айғақ бола алады: нағыз ұлттық, шынайы халықтық шығарма екендігінің айғағы.

      «Абай жолы» мынандай бір түйінді пікірдің дұрыстығына айғақ бола алады: нағыз ұлттық, шынайы халықтық шығармаға ұлттық шағындық, үстірттік сықылды ұғымдар мүлдем жат. Нағыз ұлттық шығарма өзінің идеялық және эстетикалық ықпал,әсерімен жалпы интернационалдық рухта қызмет ететіні ақиқат.

      Сол себепті қазақ халқының ұлттық топырағында туған және халық рухынан нәр алған көркем эпопеясы дүние жүзінің барлық халықтарына бірдей ұғымды да түсінікті.

      Қысқасы, эпопея әдебиеттің барлық жанрынан да жетілген жазушының серпінін танытқандай. Біресе лирик ақынның риясыз таза көңілінен ақтарылған нәзік жүрек сырын, біресе эпик әңгімешінің шымырлаған дария ағысындай шалқи толқыған сабырлы хикаясын, біресе, жалынды драматургтің от шашып түтіккен өткір де уытты диалогын кездестіресіз, біресе туған дала табиғатының әр мезгілдегі құлпырған көп бояулы көріністерін суреттейтін тамаша пейжаз картиналарды көресіз, біресе эпопеядағы есебі жоқ көп, ала-құла адамдардың әрқилы характерлерін, аз сөзбен қысқа қайырып, шебер түйетін дәлме-дәл мінездемелерді табасыз. Байқағыштық, көрегендік, сол байқап көргендерінің ішінен ең маңыздысын, түйіндісін тауып, саралап ала білушілік суреткерге ең қажет қабілет. Дүниетанымы терең, өмір шындығын кеңінен білетін, олданған әдеби әдісі, таланты, шеберлігі бірін-бірі толықтырып тұратын М.Әуезовтей саңлақ суреткер ғана «Абай жолы» секілді халықтық шығарма жаза алады.

      К.Симоновтың сөзімен айтқанда: «Қазақтың ұлы ағартушысы Абай образын романның негізгі өзегі ете отырып, автор сонымен бірге халық өмірінің картинасын және мейлінше жомарт көрсетеді. Абайдың көрегендікпен ұға білуінде жатыр».

Бақылау сұрақтары:

1. Суреткердің қоғамдық өмірге қарым-қатынасы қалай білінеді?

2. Суреткердің өнер туындысын бағалау критерийлері не?

3.Шығарманың халықтығының негізгі шарттары не?

4. М.Әуезов Абай шығармаларының халықтығы туралы?

 

Пайдаланатын әдебиеттер

1.      А.Байтұрсынов «Әдебиеттанытқыш» Кітапта: шығармалары. А.,1989

2.      З.Қабдолов «Сөз өнері» А., 1976, 1982, 1992

3.      З.Ахметов «Абайдың ақындық әлемі» А., «Ана тілі» 1995

4.      М.Әуезов «Әдебиет тарихы» «Ана тілі» 1991

5.      В.Г.Белинский Таңдамалы шығармалар. 1947-1948

6.      Ғ.Мүсірепов «Заман және әдебиет» А. 1982

7.      М.Горький «Әдебиет туралы» А., 1954, 1984

8.      Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Құр. З.Ахметов А., 1997

 

Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні

Қамтылатын мәселелер:

- мазмұн мен пішін бірлігі — көркемдік шарты;

- көркем туындыны мазмұн мен пішіннің бірлігі тұрғысынан қарастыру - әдебиет теориясының негізгі принципі;

- бір мазмұнның бірнеше пішінінің болатындығы.

 

Мазмұн мен пішін бірлігі-көркемдік арты. Мазмұн мен пішін-іргелі философиялық ұғым. Бұл екеуі бір-бірінен айрылмас байланыста, бірлікте болады. Көркем шығарманың күллі құны мен қасиеті оның мазмұны мен пішінінің бірлігінде жатыр.

      Мазмұн мен пішін жайын сөз еткенде, ескеретн бір нәрсе-бір мамұнының бірнеше пішіні болатыны. Мысыла, Ұлы Отан соғысының сөз өнерінде әр түрлі пішінде суреттелгенін Қ.Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз», Б.Момышұлының «Москва үшін шайқас», Ә.Әбішевтің «Намыс гвардиясы» атты шығармаларынан аңғаруға болады. (поэзия, проза, драматургия).

Шығарма мазмұнының ұтымдылығы да, оқырманға жетімділігі де оның пішініне байланысты.

Мазмұнға қарағанда, пішін өзгерімпаз болады. Мысалы, махаббат. Бұл-өмірде тұрақты шындық, өнерге мәңгілік тақырып. Бірақ өмірдің осы шындығының өнердег пішіні әр дәуірде әр алуан. Бір мазмұнның өзі әр дәуірде әр түрлі пішінге көшіп отырады. (Қазіргі махаббаты Қыз Жібек пен Төлегеннің сезімдеріндей суретесе, осы дәуірдегі сай келмес еді). Мазмұн мен пішін жайын сөз еткенде ескеретін тағы бір ерекшелік-мазмұнын мен пішіннің тарихи категория екендігі. Әрбір жаңа дәуірде көне мазмұн тың пішін тауып, жаңғырып, жасарып қана қоймайды, әр дәуір өз шындығын, демек, өз мамұнын ала келеді.

Сонымен, әдебиеттегі мазмұн мен пішіннің бірлігі дегеніміз-өнер туындысының көркемдігі үшін ауадай қажет жағдай. Көркем шығармадағы мазмұн мен пішіннің бірлігі-оның етене бүтіндігі, эстетикалық бағалылығы.

Қорыта айтқанда, шығарманың мазмұны-оның ақиқат шындыққа негізделген тақырыбы мен идеясы да, пішіні-әдеби қаһармандардың өзара қарым-қатынасына, тағдыр тартысын негізделген сюжеті, композициясы және жазушының өмірі өнерге айналдырған ең құралы-суретті сөз, яки көркем шығарманың тілі.

Мазмұн дегеніміз шығарманың өмір шындығын, құбылыстарын бейнелі түрде көрсетіп, ой-сезімге әсер беретін мағыналылығы деуге болады. Шығарманың мазмұны-баяндалған, көрсетілген уақиға, жағдай, өмір құбылыстарының тікелей өзі емес, соның көркемдік крінісі, сөзбен мүсіндеп берілген суреті.

Өмір шындығы әдебиет шығармасындағы көркем шындыққа айналғанда оған жазушының дүниетанымы, көркем ой-сезімі, адамгершілік, азаматтық мұрат-идеалдары келіп қосылады. Шығарманың көркемдік тұлға-пішініне, өрнек-кестесіне, өн бойына қан жүгіртіп, жан беретін, өң нұр беретін идеалық мазмұн-жазушының биік қоғамдық мақсаттарының көрінісі. Әдеби шығарманың көркем түрін (пішінін) оның мазмұн-мағынасынан бөліп қарауға еш болмайды. Шығарманың көркемік сапасы алдымен идеялық мазмұнның тереңдігіне байланыс.

Әдебиеттегі мазмұн мен пішінді белгілі бір көркем шығармадағы затты деректерге көшірсек былай болар еді: шығарманың мазмұны-оның ақиқат шындыққа негізделген тақырыбы мен идеясы да, пішіні-әдеби қаһармандардың өзара қарым-қатынасына, тағдыр тартысына негізделген сюжеті, композициясы және жазушның өмірді өнерге айналдырған ең негізгі құралы-суретті сөз, яки көркем шығарманың тілі.

Бақылау сұрақтары:

1. Көркемдік шарты не?

2. Мазмұн мен пішін бірлігі қандай қағидаға негізделген?

3. Мазмұн дегеніміз не?

4.Көркем түрге (форма-пішін) "Әдебиеттану терминдер сөздігінде" қандай анықтама берілген?

5. Қандай бірлестік негізінде көркем түр мағыналық сипат алады?

 

Пайдаланатын әдебиеттер

1.      А.Байтұрсынов «Әдебиеттанытқыш» Кітапта: шығармалары. А.,1989

2.      З.Қабдолов «Сөз өнері» А., 1976, 1982, 1992

3.      Әдебиеттану. Хрестоматия құрастырған С.Мақпыров А., 1991.

4.      М.Әуезов «Әдебиет тарихы» «Ана тілі» 1991

5.      М.Дүйсенов «Әдебиеттегі мазмұн мен форма бірлігі» А. 1962

6.      Қ.Жұмалиев «Стиль-өнер ерекшелігі» А. 1966

7.      Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Құр. З.Ахметов А., 1997

 

Тақырып пен идея

 

Қамтылатын мәселелер:

- тақырып туралы түсінік;

- тақырып таңдау жән өмір шындығын зерттеу;

- басты және қосалқы тақырыптар;

- тақырыптың көркемдік шешімін табу;

- идея және оның автор дүниетанымен байланыстылығы;

- идеяның түрлері; озық идеялылықтың белгісі.

               

            Мазмұн мен пішіннің байланысы секілді тақырып пен идея да әрқашан бірлікте болады. Идеясыз, тақырыпсыз идея болуы мүмкін емес.

            Тақырып-жазушы суреттеп отырған өмір құбылысы болса, идея-жазушының сол өзі суретеп отырған өмір құбылысы туралы айтқыс келген ойы, сол өмір құбылысына берген бағасы.

Шартты түрде шығарманың тақырыбы-сауал десек, идеясы-жауап деуге болады. Сонда бір сауалдың  бірнеше жауабы болатыны секілді, бір тақырыптан бірнеше идея тууы мүмкін.

Әрбір әдеби шығармада көркем шешімін тапқан идеяның терең тамыры сол шығарманы жазған суреткердің дүниетанымында әлеуметтік көзқарасында жатады. Сондықтан, бір тақырыптың өзінен дүниетанымы әр түрлі суреткерлердің әрқайсысы әр түрлі идея туғызады. Әр жазушы бір тақырыпты әр қырынан жарқыратып ашып, оған әрқашан жаңа мазмұн мен пішін бере білген.

Бір әдби шығармада бір ғана тақырып пен идея болуы шарт емес. Шағын көлемді шығармаларда солай болуы мүмкін, ал көлемді кесек шығармаларда, әсіресе, эпикалық туындыларда негізінің күрделілігі, яки көп проблемалылығы деген осы. Мысалы: «Абай жолының» бас жағында оқудан елге оралған шәкірт Абайды суреттеген эпизодтарды еске түсірейік. Осы эпизодтарда тақырыбы (туған жер), идеясы (сағыныш); тақырыбы (ана), идеясы (мейірім), тақырыбы (әке), идеясы (қаталдық) т.б. осылайша әрқайсысы бір тақырып пен бір идея құрап, өзара тұтасып, өрби береді,

Алайда көркем шығармадағы тақырыптар мен идеялар қанша көп болғанмен, олардың бәріне ортақ желі, бәріне дәнекер бірлік болады. Ол-идеялық бірлік.

Бір шығармадағы бірнеше және әр алуан жеке тақырыптар мен идеялардың басын қосып, бір арнамен өрбітіп тұрған бірегей, өзекті мәселені негізгі идея дейміз. Демек, шығарманың негізгі идеясына айналған өзекті мәселе ондағы өз бетімен жеке-жеке өрбіген өзге мәселелерді жоққа шығармайды, қайта өзі солардан тұтасып құралады, керісінш, жеке мәселелер өзекті мәселені әлсіретпейді, қайта толықтырады.

Таланттың күші, талантты шығарманың оқырманды баурап әкететін құдіреті негізгі идеяда жатады. Бұл-көркем шығармадағы негізгі идея арқылы оқырманға ықпал еткен жазушының тенденциясы.

            Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,

            Дарқандықты қазаққа дала берген секілді.

            Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді,

            Мыңқ етпейтін мінезді жоннан алған секілді,

            Мың бұралған тағдырд жолдан алған секілді,

            Мейірбанды күлкіні күннен алған секілді. (Қ.Мырзалиев)

Осы өлеңде халықтың тамаша қасиетін, табиғаттың өзіндей табиғи мінезін танытатын ірі идеяны автор жалаң уағызбен емес, өзінің шындықты суреттеу тенденциясымен ұқтырып отыр. Демек, жақсы шығарманың тақырыбы жақсы идеядан туады.

Жазушының ойы әрқашан өзгеріссіз көркем идеяға айнала қоймайды. Осыдан барып әр шығармадағы авторлық және обьективтік идеяла туралы ұғым туады. Авторлық идея-суреткердің о бастағы ой өзегі; обьекивтік идея-нақты шағырмадан туатын мақсатты нәтиже.

Тақырып пен идея-әдеби шығарманың мазмұнды болу қажет. Әрбір қалам иесі шығармаларының тақырыбын байыту үшін, алдымен, өзінің өмір тәжірибесін байыта түсуге тиіс.

Автордың өмір құбылыстарын, жекелеген оқиға, жағдайларды қалай іріктеп, реттеп көрсетуінен халын қалай сезінуден, соларды бейнелеу қалпынан жазушының сөз болып отырған мәселелерге қатынасы көзқарасы аңғарылады. Идея дайын күйінде, өзінен-өзі бадырайып көрініп тұрған қорытынды пікір деп түсінуге болмайды. Өйткені шығармада айтылатын идеяны оның бүкіл өн-бойынан, бүкіл мазмұн-мағынасынан, ондағы уақиғалардан немесе кейіпкер тағдырынан, барлық бейнелілік, суреткерлік қасиетінен танимыз. Шығарманың идеясы тек дәлдеп сөзбен айтып берелік түйін-пікір емес, әдеби туындының барлық мазмұн-байлығы, көркемдік қасиеті арқылы бізге күшті әсер ететін идеялдық қуаттылығы. Шығарманың негізгі идеялық бағыты бөлшек-бөлшектерінен де, сипат-өзгешеліктерінен де, бейнелік қасиеттерінен де сезіліп тұрады. Бірақ шығармаға тән идеялық, мағыналық өзгешелік жекеленген сөз, көркемдік құрал, суреттеу тәсілінің аясында бір қырынан ғана аңғарылады да, көркемдік құрал, суреттеу тәсілінің аясында бір қырынан ғана аңғарылады да, көркем туындының тұтас тұлғасын көптеген бейнелеу амал-тәсілдерінің, бедер-бояуларының өзара жүйелі жалғастығы арқылы мейлінше толық көрінеді.

Тағы бір ескеретін жағдай-баяндалп отырған уақиғаларға, суреттелген кейіпкерлерге өзінің көзқарасына, беретін бағасын автор кейде туралап айтып, айқын білдірсе, кейде шығармада әр түрлі күрделі оқиға, жағдайлар баяндалып, бірақ ешқандай дайын шешім, кесіп айтылған түйін болмауы мүмкін. Бірақ осының өзі оның пікір айту немесе айқын жауап беруден бас тартуы емес, өзінше көркемдік тәсіл деп түсінген дұрыс. Мұндай тәсіл кейде оқырмандарды толғандырып, оның өмірдегі күрделі мәселеге өз тарапынан жауап іздеуіне түрткі болу мақсатынан туады.

Идея көркем туындының өн бойына, бар бітім-болмысына ажар беріп тұрады. Идеясы терең, өткір ой-сезімге толы шығармада әр бейне, әр сөз идеяның, ой-сезімнің қуатымен нәрленіп тұрады.

Айтатын ой-пікірі құнсыз, солғын, сезімге әсер етер күші әлсіз шығармада көркемдік түр, көркемдік қасиет болуы мүмкін емес. Өйткені, оның шығарманың құрылысы, сыртқы түрі, олардың жеке бедер-белгілері-бәрі де өңсіз, әсерсіз сезіледі. Шығармада бастан-аяқ үзілмей, тұтасып тұрған жарастық-гармония, мазмұн мен түрдің, ой-сезім мен сөз кестесінің білігі жетімсіз болған соң, тіпті жекелей алғанда ұтымды айтылған сөздер, қисынды суреттелген бейнелер әр жерде бөлек қалады

 

Бақылау сұрақтары:

1. Көркем шығарманың тақырыбы дегенді қалай түсінесің?

2.  Басты және қосалқы тақырыптар, олардың өзара бірлік-байланысы жөнінде не білесің?

3. Тақырыптың көркемдік шешімін табуы қалай болады?

4.Көркем шығарманың идеясы және оның автор дүниетанымымен байланысы қандай?

5. Идеяның қандай түрлері бар?

6. Шығарманың озық идеялылығының белгісі қандай?

 

Пайдаланатын әдебиеттер

1.      Байтұрсынов «Әдебиеттанытқыш» Кітапта: шығармалары. А.,1989

2.      М.Атымов «Идея және композиция» А., 1970

3.      З.Қабдолов «Сөз өнері» А., 1976, 1982, 1992

4.      М.Атымов «Көркем шығарманың композициясы туралы» А., 1969

5.      М.Әуезов «Әдебиет тарихы» «Ана тілі» 1991

6.      Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Құр. З.Ахметов А., 1997

 

 

Көркем бейне және оның жасалу жолдары

 

Қамтылатын мәселелер:

- көркем бейне туралы түсінік, оған қойылатын талаптар;

- көркем бейненің танымдық, эстетикалық мәні;

- көркем бейне және авторлық дүниетаным.

- көркем бейненің әдіс, тек, тәсіл тұрғысынан жіктелуі;

- өнердегі типтік мәселесі, тип және прототип;

- көркем бейненің жасалуында қолданылатын негізгі суреттеу тәсілдері.

 

      Баяғы Аристотель заманынан күні бүгінге дейін адамнан және оның өмірінен тыс ешқандай сөз өнерінің де, өнер туындысының да болмайтыны дәлелденуде, бұл-дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқат. Өйткені, өнер туындысының бәріне ортақ мазмұн-адамның ойы, арманы, мұраты, құштарлығы; өнер туындысының қай түрі болсын, әрқайсысы өз мүмкіндігінше өмірдегі, қоғамдағы адам тіршілігінің мәні мен маңызын суреттейді.

      Әдебиет туралы жалпы түсініктердің бәрінің келіп құйылар арнасы, әдебиет туралы ғылымының ең басты және негізгі мәселесі-образ және образдылық.

      Әдебиеттегі адам бейнесін жасаудың шешуші шарты-ойдан шығару.

      Ойдан шығару-образға апаратын жол; суреткердің өмірде көрген білгенін ойша өңдеудің, қорытудың, жинақтаудың тәсілі.

Ойдан шығару арқылы жазушы болашақ көркем бейненің эстизін алдымен өзі ойша жасап, көз алдына ойша елестетеді. Суреткердің (көз алдына) өз ойында нақты түрде мүсінделмеген, көз алдына затты түрде елес бермеген бейне оның шығармасында тірі қаһарманға айналуы мүмкін емес. Көркем таланттың айрықша құпиясы мен күйі суреткердің өз жасамақ болған көркем бейненің кескін-кейпін түр-тұлғасын өзінше көре білу қабілетіне осыған орай қиял құпиясына ойдан шығара білу күшіне байланысты.

      Сонымен творчестволық фантазия яғни ойдан шығару

шығармада суреттелр шындықтан шалғай жатқан оқыс нәрсе емес сол шындықты сұрыптау саралау тәсілі: шындыққа

 суарылған адам тұлғасын әрі жинақтау әрі даралау тәсілі образға апарар жол осылай басталады.

Образдың қазақшасы-көркем бейне ең қарапайым мағынасында образ-суреттеу сөз.

      Көркем әдебиеттің оқыған адамды баурап алар, оның жан дүниесіне әсер етер құдіретті күші оның образдылығына байланысты. Мысалы:

                             Күлімсіреп аспан тұр,

                             Жерге ойлатып әр нені. (Абай)

Елсіз жер…еңіреген інген інгенде күй.

Селеулер жел оятқан билеген би.

Аулақта қорқақ қоян зар тыңдаған,

Тұқырып қала берген шеңгел мен ши. (І.Жансүгіров)

Суреткердің шеберлігінің арқасында жансыз табиғатқа жат бітіп тұрғандай!

            Түп төркіні бейнеден, суреттен шыққан әр сөз өзара қатар түзеп, тіркес құрағанда осылай қиял жетпес қызық айнаға ұқсап, оның бетіне ақиқат ындықтың өзгеше айшық өрнегі, сурет-сәулесі түскендей болады.

                                   ҚызЖібектің ақтығы,

                                   Наурыздың ақша қарындай.

                                   Ақ бетінің қызылы, Ақ тауықтың қанындай.

                                   Екі беттің ажары,

                                   Жазға түскен сағымдай.

                                   Білегінің шырайы,

                                   Ақ балтаның сабындай

                                   …Оймақ ауыз,құйма көз,

                                   Іздеген ерге табылды-ай!

Мұндай жан тебірентетін әсерлі бейне ауыз әдебиетіне жарасып тұр. Ал қазіргі жазушы өзі суреттеп отырған әйелдің бейнесін жоғарыдағыдай бейнелесе күлкі болар еді.

            Сөз өнеріндегі сұлу нәрсе-қайталанбайтын нәрсе. Бейненің сұлулығы оның жаңалығында болса керек. Мұндай сұлулыққа деталь арқылы жетеді.

            …Әдебиеттегі деталь-суреткердің шабытты еңбегінің нәтижесі, аса сирек ұшырасатын сәтті табысы. Мұнда аз ғана сөз айқын суретке айналады да, шалқар шындықты танытады, көл-көсір мағынаға ие болады, сол арқылы оқырманды қызық сезімге бөлеп, қызықтыра жжетелеп әкетеді.

            Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер» романында мынадай бір штрих бар: «Ауылына келген кісіге баласын бұрын итін мақтайтын Абыралы әулетінің ежелгі бір әдеті бар еді» Осы сөйлемге бүтін бір рулы бай ауылдың парықсыз, даңғаза мінезі сыйып кеткен.

            Детальдың басты бағалылығы-дәлдігінде. Дәлдік дегеніміз-шындыққа жанасымдылық. Демек, сөзбен суреттеліп отырған бейне тура тірі жандай әсер етіп, оқып отырған шығарма енжар қалдырмай еліктіріп алса, детальдың дәлдігі дегеніміз оыс.

            Мыс: «Ақбала ұйып тыңдады. Ырза болғаны соншалық, бір рет, тіпті күйеуінің көзінше қонақ ігітің қолынан кесені алып жатып, оған көзін тоқтатып анықтап қарады. Кесеге созған қолы да дастархан үстінде асылған қалпы іркіліп тұр. Оны өзі де әбестеу сезді. Және күйеуінің шытына қалған түрін байқады ма, кенет қызарып кетті». (Ә.Нұрпейісов «Қан мен тер»)

            Осы үзіндіде бір үйдегі үш адам, үш адамдағы үш түрлі сезім:  «Тәңірбергенде құмарлық, Еламанда қызғаныш, Ақбалада қызығу» сезімдері, яғни адам жанының жай көзге байқала бермейтін нәзік иірімдері әсем әрі әсерлі аңғартылып отыр.

            Қағаз бетіндегі қарапайым сөздерді сырлы суретке айналдырар, сол арқылы суреттеліп отырған құбылысқа эмоциялық жылылық, эстетикалық күш дарытар деталь дегеніміз осындай болады.

            Адамның ішкі тұңғиық тереңін, адам психологиясының көзге ілінбес нәзік қалтарыстарын, адамға тән құштарлық қиын құпиясын жарқ еткізіп ашып, көз алдыңа елестету-кез келген суреткердің қолынан келмейді.

            Әдебиеттегі адамның ішкі болмысы тек мінездеу, я болмаса күйініш-сүйінішін суреттеу жолымен ғана жасалмайды, оның өзін сөйлету арқылы да танытуға болады. Өйткені, әркімнің сөйлеген сөзінен оның бүкіл ішкі жан сарайы, өзіне тән психологиялық өзгешелігі-ақылы, ойы, сезімі, ұғымы, нанымы, танымы, білімі, мәдениеті т.б. анық байқалады.

            Образдың жасалу тәсілдеріне лайық образдаудың түрлері туады. Образдаың жасалу тәсілдерінің әр алуандығы сияқты, оның түрлері де әр алуан. Көркемдік әдіс тұрғысынан келгенде, образ екі түрлі: роматикалық образ, реалистік образ. Әдеби тек тұрғысынан келгенде, образ үш түрлі: эпикалық образ, драмалық образ. Ал жалпы жасалу тәсілдеріне бақсақ, образ тағы да бірнеше түрді болады: юморлық образ, сатиралық образ, фантастикалық образ, трагедиялық образ. Геройлық образ т.б.

            Әдебиеттегі көркемдік әдістер мен ағымдарға кейін тоқталамыз, сондықтан сол әдістерге орай романтикалық және реалистік бейнелер жөнінде кейін сөз етеміз.

            Эпикалық образ-әрі нақты, әрі затты тұлға, кәдімгі тірі кісідей сөзін құлақпен естуге, мінезін ұғуға, қимылын бақылауға болатын, бүкіл өмір жолын бар бұралаңымен байққауға, өскен ортасын барлық ойы-қырымен байыптауға болатын күрделі, кесек қаһарман.

            Лирикалық образ-сыршыл өлең-жырлардағы ақынның өз бейнесі; оның ішкі бітімі; ақынның мың иірім көңіл-күйінен нәзік сыры мен салқын сезімін өріліп жасалған өзгеше кейіпкер.

            Эпикалық образ нақты болса, лирикалық образ-шартты.

            Драмалық образ-өмірдің өз аясында-сахнада көзбе-көз, қолма-қол жасалатын көркем бейне. Драмалық образдың эстетикалық және тәрбиелік мәні орасан үлкен, әрі күшті. Драмалық образдың эстетикалық және тәрбиелік мәні орасан үлкен, әрі күшті. Драмалық образ оймен қатар іске, сезіммен бірге қимылға құрылады.

            Юморлық образ-күлкілі кейіпкер, юмор-өмірдегі кісі күлерлік құбылыстардың өнердегі сәулесі. Күлкі-өмірдегі ескі мен жаңаның арасында болып жатқан күрестің жауынгерлік құралы. Юморда күлкілі құбылыстардың ең бір зілсіз, зиянсыз түрлері алынады, мұндағы күлкі-әзіл; ал әзіл келемежге айналса-ирония, келемеж ащы мысқылға айналып, сын үдей түссе-сарказм болғаны.

            Қазақ әдебиетінің тарихына үңілсек, баяғы Қожанасырдың күні кешегі Мырқымбайға дейін талай юморлық тамаша образдарды атауға болады. Мұндай образдар арқылы суреттеп отырған өмір шындығын жинақтайды, адам мінезін ашады, әдеби бейнені даралайды. Сонымен қатар мұндай жағдайда күлкі оқырманға айрықша әдемі әсер етеді, көркем шығармаға өзгеше эмоциялық жылылық әкеледі, жайдары шырай береді.

            Сатиралық образ-ұнамсыз тип. Сатира өмірдегі кеселді, келеңсіздікті, кері кеткендікті қаза қопарып, көптің алдында қағып сілкілейді, мысқылмен түйрейді, сықақ етеді, көпті одан түңілтеді. Өмірдегі келеңсіз құбылыстарды аяусыз сынап, адамдарды ілгері басыуға, кедергіні жоқ етуге жұмылдырады. Сатира да күлкіге құрылады, бірақ мұндағы күлкі жай әзіл, әжуа емес, ызалы күлкі. Юморда түзеу мақсаты жатса, сатира да жою, жоқ қылу мақсаты жатады.

            Адам өмірінен күлкіні бөлуге болмайтыны секілді, әдебиет пен өнерден юмор мен сатираны да бөлуге болмайды.

            Сатира-халықтың рухани күші мен қуатының кепілі.

            Фантастикалық образ-қиялдан туған қаһарман, адамның ақиқатқа ұқсас арманында бедерленген бейне: әдебиеттегі адам образының бағзы замандардан күні бүгінге дейін келе жатқан көне түрлерінің бірі.

            Сөз өнерінің ең байырғы түрінің бірі ертегі десек, оның қиялға негізделетіні, ертегідегі адам бейнелерінің көбінде қиял-ғажайып сипат болатыны мәлім. Бұл фантастикалық образдың көнелігіне дәлел. Трагедиялық образ-әдебиетте тым әріден келе жатқан бейнелерді. Трагедия қатерлі нәрселер қайғы, қорқыныш, қаза түрінде көрінеді. Трагедиялық қаһарманның өмірі көбіне өліммен аяқталып отырады. Өйткені, оның айқасқан жауы өзінен күшті, әлеуметтік қиянат адам еркінен тыс үлкен. Сондықтан да қаһарман-халықтың алыс арманы, асыл мұраттарынан туған тарихи тұлға

Әдебиеттегі геройлық дегеннің өзі-қоғамдық, адамдық биік мақсат жолындағы өрлікпен ерлікті, қайсарлық пен қаһармандықты жырлау. Адам рухының ұлылылығын қастерлейтін әдебиеттегі  геройлық образ суреткердің ең биік идеалының, яки асыл мұратының көркем жинақталуы.

Геройлық образ-еңбек пен күрес адамының көркем әдебиеттегі ең көрнекті типі, ұлағатты түрі, биік үлгісі.

Типтік бейне ерекшелігі

Суреткердің өмір шындығын өз дүниетанымы тұрғысынан белгілі бір уақыт пен кеңістікке, әлеуметтік орта мен дәуірге сай талғап-тану, таңдап іріктеуі және жинақтауы, сол арқылы өзі жасап отырған көркем бейнені сомдауы, тұлғаландыруы, даралуы типтендіру болып табылады.

Демек, типтендіру-мөлшерлі «сфераға» енетін, өлшеулі «формулаға» көнетін әрекет емес, ақиқат өмірдегі тірі кісілерден әдеби шығармадағы жанды бейнелер туғызудың аса қиын, күрделі және әрқашан тың, тынымсыз харекеті. Суреткер өзі жасаған көркем бейненің құны мен қасиетін оның өмірдегі жанды дерегіне қарап белгілейді. Жазушының тип жасау үстіндегі көңіл аударатыны-типтілік туралы «қисын» емес, тірі мүсін-прототип. Суреткер бір типті бірнеше прототиптен жинақтап жасайды.

Шындық құбылыстарды типтендіре жинақтау арқылы суреткер болашақ образдың немесе типтің жалпы бітімін, тұлғасын қалыптастырумен қатар оның ішкі ерекшелігін ашып, мінезін даралайды. Әрбір әдеби тұлғаны өз ортасынан адам ретінде бөлек, оқшау танытып тұратын, тек оның өзіне ғана тән, өзгелерде жоқ және қайталанбайтын психикалық ерекшеліктері болуы шарт. Суреткердің өмір шындығын жинақтау әрекеті әрқашан оның адам мінезін даралау әрекетімен ұласып, ұштасып жату себебі де сондықтан деп түсіну керек.

Мінез-адамның ішкі болмысы. Белгілі қоғамдық жағдай қалыптастырған қоғамдық құлқы, барлық психологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы.

…Нағыз суреткердің қолынан шыққан әрбір әдеби тип әрі әбден жинақталған, сондықтан өзінен өзге ешкімге ұқсамайтын жалқы тұлға. Демек, типтің түрі мен мазмұнында «жалпы» мен «жалқының» бірлігі жатыр.

«талантты жазушының әр образы-тип» дейді Белинксий.

Көркем әдебиеттегі типтік образдарға қарап отырып белгілі бір уақыт пен кеңістіктегі қоғамдық дамудың негізгі және шешуші тенденциясын байқауға болады. Мысал, қазақ қоғамының өткен ғасырдағы ұнамды қасиеттерінің бір алуанын М.Әуезов Абай тұлғасына жинақтап, тұтастыра танытқан десек, осындай С.Мұқанов Асқар образы арқылы көрсетті, Ғ.Мұстафиннің мейрамы-адамдардың елімізді индустрияландыру кезіндегі елеулі ерекшеліктерін тұтастырылған тұлға болса, Ғ.Мүсіреповтің Қайрошы-адам рухының соғыс жылдарындағы лап еткен айрықша бір көрінісі секілді.

Бұлардың әрқайсысы әр тұстың типтік тұлғасы, өзгеге ұқсамайтын тек өздеріне ғана тән өзгеше мінез-құлық, іс-әрекет, болмыс-бітім бар. Десек те осыларда рухани ұқсастық, парасат тұтастығы бар. Бұл-адамдық рух тұтастығы, қоғамдық, даму толассыздығы.

Көркем әдебиеттегі жинақтау типке әкелсе, даралау-мінезге әкеледі. Образ осылай туады. Демек, мінез—адамның ішкі бітімі болса, тип-сом тұлғасы.

Көркем бейне жасаудағы негізгі тәсілдер

Әдебиетте адам образын жасаудың жолдары мен тәсілдері көп және әр алуан. Жазушы шын мәніндегі шебер, зергер болса, сонда ол қолданған әрбір амал адам образын ашуға қызмет етеді.

Оқырман өзі оқыған белгілі бір көркем шығармадағы  геройлардың мінезінбіліп, сөзін ести тұра оның сырт пішінін, кескін кейпін де көргісі келеді. Міне, осыдан барып портреттік тәсілдің қажеттілігі пайда болады.

Бейнелеу өнеріндегі портрет өзгермейді де қозғалмайды, қашан көрсең де бір қалыпта тұрады.

Ал сөз өнеріндегі портрет, керісінше, бір қалыпта тұрып қалмайтын, өзгеретін, қозғалатын жанды келбет, тірі кескін. Сонымен, тпортрет дегеніміз-(франц. Рогtrait-бейнеленген)-кейіпкердің сырт көрінісін, кескін-кейпін, бой-тұлғасын суреттеу. Кейіпкердің мінез-бітімін, характерін неғұрлым толық ашып көрсету үшін оның портретін мүсіндеудің де үлкен мәні бар. Сондықтан кейіпкердің характерін әр түрлі жағдайда, күрес тартыс үстінде оның басқа адамдармен қарым-қатынасы, өзінің әрекет-қимылдары, істеген істері арқылы айқындай отырып, жазушы портреттік сипаттауға да көңіл бөледі. Жазушы негізгі қаһармандардың келбетін, бой-тұлғасын, жүріс-тұрысын, сөйлеу мәнерін есте қаларлықтай етіп, әсерлі бейнелеуге мән береді. Мыс: «Абай жолы» романында Тоғжанның портреті былай суреттеледі: «сылдырлаған шолпысы әлдеқандай былдырлаған тілменен Тоғжанның келері мен кететепін паш етеді. Құлақтағы әшекей сырғасы, бастағы кәмшәт бөрік, білек толы неше білезіктері-баршасы да бұл өңірден Абайдың көрмеген бір сәні сияқты. Толықша келген, аппақ жүзді, қырлы мұрын, қара көз қыздың жіп-жіңішке қасы да айдай боп қиылып тұр. Қарлығаш қанатының ұшындай үп-үшкір боп, самайға қарай тартылған қас жүрекке шабатын жетдеттей.

Тоғжан үйдегі сөзге құлақ салып, не күліп, не қымсына, сұлу қастары бір түйіле түсіп, бір жазылып толқып қояды. Елбіреп барып дір еткен қанат лебіндей. Самғап ұшар жанның жеңіл әсем қанатындай. Биікке, алысқа мегзейді. Абай көпке шейін Тоғжан жүзінен көзін ала алмай, телміре қарап қояды».

Жазушы іс жүзінде кейіпкер мінезін әр түрлі тәсілмен жасайды. Соның бірі тура мінездеу. Мысалы: Ә.Нұршайықовтың «Қан мен терінде» Ақбаланың әкесі Сүйеуді былай суреттейді: «Сүйеу-ел ішіне сыйымсыз, тікбақай, тентек шал. Өз үйінде да жыландай ысқырып отырады… Бір ғажабы, осы қытымыр, қатал шал дегенде Еламанның жаны жоқ. Еламанға Сүйеу қарттың да ықыласы басқа. Күйеу баласын «балықшы» деп атап, оған айтқан бар сөзін әзілге шаптырып, осқырынып күліп отырады. Жақсы көріп, әлде шыныменен жек көріп, кекетіп отырғанын айту қиын». Бұл-тура мінездеу, Сүйеудің осы мінез-құлқы шығарманың өн-бойында бұлжымай, айрқша сипатта қалады.

Тағы бір тәсіл-жанама мінездеу. Мұнда жоғарыдағыдай төтеден сипаттау болмайды. Жазушы мінез-құлқын, әдет-ғұрпын анықтағысы келген жеке адамның немесе бір топ адамның өзі емес, соның қатысы бар өзге заттарды суреттеу арқылы әлнігің өз құлқын не ғұрпын айқындайды. Мысалы: Ғ.Мүсіреповтің «Этнографиялық әңгімесінде» ең қадірлі қонақ қабылдайтын үлкен үйінің сиқын суреттеу арқылы Жаңбыршы аулындағы бір рудың мінезін аңғартады. Мұндай мінездеу жанама мінездеу деп аталады. Әдебиетте адамның көркем бейнесін суреттегенде, жазушы оның кескін-тұлғасын, іс-әрекетін, мінезін сол ортаның, дәуірдің өзгешеліктерін танытатын типтік сипаттармен қатар өзінің басына ғана тән ерекшеліктерді анық байқалатындай етіп көрсетеді. Бұған суреткер кейіпкерді сөйлету арқылы қол жеткізеді. Кейіпкер тілі арқылы оның психологиялық ерекшелігі, өзіндік бет-бейнесі ашылады. Оның сөйлеген сөзінен өзінің қандай екені байқалып тұрады.

Көркем бейнені жасауда психологиялық параллелизм тәсілі де жиі қолданылады. Мұнда адамның жан дүниесін, ішкі сезімін терең ашып көрсетуге айрықша мән беріледі, екі нәрсені қатарластыра, жанастыра алып бейнелейді. Екі түрлі ұғыды білдіретін тіл элементтері бір-біріне әсер етіп, тұтас поэтикалық бейне тудырады.

                       Көкала бұлт сөгіліп,

                       Күн жауады кей шақта

                       Өне бойың егіліп,

                       Жас ағады аулақта.

                       Жауған күнмен жаңғыртып,

                       Жер көгеріп, күш алар.

                       Аққан жасқа қаңғырып

                       Бас ауырып, іш жанар. (Абай)

Ақынның адамның көз жасы мен жаңбырды айта отырып ой түйген. Өлеңдегі егіз суреттемелердің әсері күшті.

Диалог-(грекше-dialogos)-әдеби шығармада екi кейiпкердiң, немесе бiрнеше түгелдей дерлiк диалогқа сөйлестiруге құралады.

            Диалог кейіпкерді жай бірінен кейін бірін сөйлете беру емес, ол сөйлесетін адамдардың қарым-қатынасының қалай шиеленісіп, қалай өзгеріп, өрістеп отыранытына сәйкес беріледі. Және бір кейіпкердің айтатын сөзі түрткі болып, келесі сөйлеуші жауап қайыра сөйлейді. Әрбір мағынасы жағынан тиянақты диалог кейіпкердің мінез-құлқын тағы да бір қырынан ашып көрсетіп, олардың қарым-қатынасының бұрынғы қалпынан өзгеріп, жаңа сатыға бір көтерілгенін танытады. Сөйлескен кейіпкерлердің сөздері шығармадағы тартыс-қақтығыстардың шиеленісіп-өрістеумен осылай тығыз ьайланысты болып келмесе, онда диалог ширақ, тартымды болмайды. Әсіресе кейіпкердің қиын, қысталаң жағдайда, қандай әрекет жасайтынын көрету үшін диалогтың, яғни олардың қайсысын қалай сөйлетудің мәні зор. Диалог арқылы кейіпкерлердің ішкі сыры аңғарылады. Яғни, әр кейіпкердің сөз саптауынан, оның ой-толғанысынан, сөйлеу өзгешелігінен жан дүнеисі айқын елес береді. Жазушының шеберлігі де оның әр кейіпкерді мінез-бітіміне, ой-өрісіне орай сөйлетуінен көрінеді. Сондықтан мағыналы диалог, кейіпкерлерді сөйлестіре білу шеберлігі әдеби шығармада халықтың тіл байлығын мол пайдаланып, орнымен қолданудың ұтымды тәсілдерінің бірі Б.Майлиннің «Ыбыраймыз, Ыбыраймын» өлеңі сұрақ-жауап түріндегі диалогқа құрылған.

            Осы шағын диалогтан қоғамдық өмірдің үлкен шындығын, әлеуметтік жағдайдың, адам тіршілігінің зор өзгерісін анық байқауға болады. Сонымен бірге өлеңдегі кейіпкердің әр кезеңдегі хал-ахуалын, жай-күйін, бай кезіндегі бұрынғы астамшылығы мен бүніггі жаңа өмір орнағанда басынан дәурені өткенін, яғни мүсәпір халін көреміз.

       Монолог-(грекше-monologos, mono-,сөз logos-бір) драмалық шығармадағы, сондай-ақ басқа әдеби шығармадағы кейіпкердің ішкі көңіл-күйін білдіретін толғау сөзі: кейіпкерді сөйлету тәсілі.

            Монолог кейіпкердің өзімен-өзі сырласқандай, ойланып-толғанғандай болып айтатын сөзі. Басқа біреу ол сөзді естімейтіндей болса, жауап қайыру деген болмайды, бірыңғай бір кейіпкердің сөзі ғана беріледі. Монологтың мағыналылығы-сол адамның ішкі сырын, көңіл-күйін, психологиясын терең ашып көрсетуге өте ыңғайлы. Монологта кейіпкердің түйінді ой-тұжырымдары айтылып, оның тағдырына бай маңызды кезеңдегі жай-күйі, айқын аңғаылады. Мысалы: А.С.Пушкиннің «Борис Годунов» атты трагедиясындағы Годуновтың монологтары осындай.

            Лирикалық шығармадағы монологтың тамаша үлгісі ретінде Абайдың «Болыс болдым, мінеки» атты өлеңін арнайы айтуға болады. Ал көркем қара сөзден М.О.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы Абайдың монологтары ауыз толтырып айтарлықтай.

Адамның әлдебір күйініш-сүйінішін, кескін-кейпін, қимыл-әрекетін суреттеу оның өз сөзін немесе өзгемен сөйлесуін келтіру, тіпті түрліше табиғат көріністерін суреттеу..-осылардың бәрі, сайып келгенде, әдебиеттегі адамның сыртқы түрін анықтап, ішкі сырын ашу үшін, яғни көркем бейнені жан-жақты сомдау үшін керек тәсілдер .

 

Бақылау сұрақтары:

1.Әдебиет туралы ғылымның ең негізгі мәселесі не?

2. Көркем әдебиеттің оқырманға әсер ету күші қандай және оның негізі не?

3. Әдебиеттегі деталь мәселесін қалай түсінесің?

4. Суреткердің адамның ішкі болмысын таныту жолдары қандай?

5. Жасалу жолдары мен тәсілдеріне қарай образ қандай түрлерге бөлінеді?

6.Тип және типтендіру дегеніміз не?

7.Әдебиетте адам образын жасаудың жолдары мен тәсілдері қандай?

8. Көркем бейненің оқырманға ықпалы жөнінде не айта аласың?

 

Пайдаланатын әдебиеттер

1.      А.Байтұрсынов «Әдебиеттанытқыш» Кітапта: шығармалары. А.,1989

2.      З.Қабдолов «Сөз өнері» А., 1976, 1982, 1992

3.      Әдебиеттану. Хрестоматия құрастырған С.Мақпыров А., 1991.

4.      М.Әуезов «Әдебиет тарихы» «Ана тілі» 1991

5.      Ғ.Мүсірепов «Заман және әдебиет» А. 1982

6.      М.Горький «Әдебиет туралы» А., 1954, 1984

7.      Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Құр. З.Ахметов А., 1997

 

Көркем шығарманың композициясы мен сюжеті

 

Қаралатын мәселелер:

- композиция туралы түсінік;

- композициялық бүтіндік;

- идеяларды жүйелеуде, образдарды тұтастыруда, мазмұнын қиыстыруда композицияның атқаратын ролі;

- сюжет туралы ұғым, сюжет және тартыс;

- сюжет-көркем шығарма мазмұнын құрайтын оқиғалар жүйесі;

- эпилог пен прологтың көркем шығармада алатын орны.

 

      Композиция (латынша сomposito-құрастыру, қиыстыру)-көркем шығарманың құрылысы.

Композиция, сөз жоқ, сюжетпен тығыз байланысты: сюжет те, композиция да әдеби шығарманың мазмұнын көркем жинақтап, мазмұнды пішінге көшірудің құралы. Сюжет-сюжет болу үшін оның барлық кезең-кезеңі түп-түгел белгілі бір композициялық жүйеге түсіп, бірлік табуы қажет.

      Сюжет композицияның осындай өзара бола тұра олардың бір-бірінен өзгешелігі де болады.

      Екіншіден, композиция сюжеттің өрбу кезеңдерін жүйеге түсіріп қана қоймайды, сюжеттен тыс нәрселерді де өзара қиюластырып, белгілі бір арнаға салады.

      Сюжетті шығармадағы оқиға желісін, адамдардың арақатынасын, образдар жүйесін қалыптастыруда сірескен қағида жоқ. Әр суреткер өз шығарманың сюжетін өз қалауынша құрады. Демек; сюжеттің композициялық бітімі әр шығармада әр түрлі болуы мүмкін. Қалай болғанда да кез келген шығармада сюжеттің табиғи басталу (экспозициясы), байланысы (заявка), дамуы (ситуация), шарықтауы (кульминация), шешімі (развязка) болады.

      Сюжеттің басталуы (латынша-дәйектеме) оның кіріспесі іспетті; мұнда әдеби қаһармандар өзара қарым-қатынасқа көшпас бұрынғы хал-жағдай, тіршілік, қоғамдық орта, болашақ

қақтығыстар алаңы, оқиғалар орны суреттеледі. Экспозицияның бір ерекшелігі-ол шығарманың сюжеттік желісіндегі өмірлік тартысқа тәікелей ықпал жасамайды, тек мезгіл мен мекенге меңзеу, дерек, дәйек түрінде ғана қалды.

      Сюжеттік байланыс-адамдар арасындағы әрекеттің басы; тартыстың басталуы іспетті, шығарма арқауындағы негізгі оқиғаның әуелгі туындау себебі секілді. Демек, байланыс экспозициясындай емес, шығарманың сюжеттік желісіндегі өмірлік тартысқа тікелей ықпал жасайды, оқиғаны өрбу жолына салады.

      Сюжеттік даму адамдардың өзара қарым-қатынасынан, қимыл-әркетінен туған түрліше жағдайларға, шиеленістіре байланысты. Шебер суреткердің қолынан шыққан ширыққан, шиыршық атқан серіппелі шиеленістер шарықтау шегіне жетеді.

      Шарықтау шегі (латншы-шың)-сюжеттік дамудың ең жоғарғы сатысы; адамдар арасындағы қимыл-әркеттің мейлінше күшейіп, өрбіп жеткен жері, шығармалардағы драмалық тартыстың өрістеп шыққан биігі. Шығарма сюжетін күллі кезең-кезеңімен тұтастырып, белгілі біл бүтіндікке, үндестікке әкеліп тұрған композицияның ең жауапты тұсы осы. Сайып келгенде, сюжеттік шарықтау-шығармада суреттелген барлық шындық құбылыстар мен өзекті оқиғалардың шоғырлану шоқтығы.

      Шешім-суреткердің өзі суреттеп отырған өмір шындығына шығарған «үкімі»,адамдар арасындағы қарама-қарсы тайталастардың, күрделі күрестердің бітуі; түрліше тағдырлар тартысынан туған нақты көріністердің соңғы сахнасы.

      Шығарма сюжетінің шешімі-оның идеялық-көркемдік шешімі. Шығармада қақтығыстар неғұрлым күшті болған сайын, сюжеттік шешім де соғұрлым мықты болады.

      Сонымен, сюжеттік дамудың жоғарыда айтылған кезең-кезеңдерін тәртіпке салып, реттеп, қиыннан қиыстырып тұратын нәрсе-шығарманың композициясы.

      Сонымен, сюжеттік дамудың жоғарыда айтылған кезең-кезеңдерін тәртіпке салып, реттеп, қиыннан қиыстырып тұратын нәрсе-шығарманың композициясы.

      Композиция-әдеби шығарманың құрылыс, оның үлкен-кішілі бқлім-бөлшектерінің бір-бірімен қисынды түрде қиюластырып, әр түрлі тәсілмен байланыстырылған тұтастық-бірлігі. Шығарманың құрылысы шымыр болуы, бас-аяғы жеке тараулары жнақы келуі жекелеген бөлімбөлшектердің орынды жалғасуына байланысты.

      Әдеби шығарманың композицялық құрылысының ұтымдылығы сөз болатын мәселелерді, суреттелетін жағдайларды, кейіпкерлердің іс-әрекетін талғап таңдай білу, оларды екшеп, сұрыптап алу, қисынын тауып қиюластыра білу шеберлігіне байланысты болады және бұл-жазушының қандай шиеленіскен

 жағдай болса да түйінін тауып, ақ пен қараны ажыратып, не нәрсенің мәніді, маңызды екенін түсінетін көрегендігіне байланысты болады.

      Композицияның көркемдік қуатылығы--әдеби шығармада не айтылғандығы қандай маңызды болса, нені қай (кезде) айту, әртүрлі жағдай, уақиғаның, іс-әрекеттің қайсысын кейінірек баяндау-бұлардың да мәні үлкен. Айталық, басты кейіпкер шығарманың өн бойында үлкен жігерлілік, алғырлық танытып келіп, ал енді ең соңында өмірден торығып, түңілгендей болса, бұдан туатын әсер бір түрлі де, егер осындай торығу, өзін әлісз сезіну шығарманың орта тұсында болып, кейіпкер қайта сергіп, серпіліп, өзінің ширақ, күрескер қалпына келген болса, шығарманың соңында ол осындай күйде болса, мұның оқырманға әсері мүлде басқаша болатыны түсінікті.

      Әдеби шығармадағы жеке бөлім, тараулар оқиғалардың астас, жалғастығы, кейіпкердің ортақтығы арқылы бірігіп, тұтасып жатады. Композициялық тәсілдер алуан түрлі. Солардың іінде екі нәрсені салыстыра суреттеу немесе қарама-қарсы қойып суреттеу жиі кездеседі. Бұларға қоса, шығарманың композициялық құрылысын белгілеуде елеулі орын алатын ерекшеліктер: уақиға автордың, автордан басқа бандаушының атынан айтылуы немесе кейбір тұстарда болған жағдайлар шығармадағы кейіпкерлердің көзімен көрген қалпында алынып, соның ұғым-түсінігі арқылы берілуі.

Тақырып-өнер туындысының іргетасы, сондықтан әдеби шығарма туралы сөзді тақырыптан бастаған жөн.

Тақырып-әдеби шығармада сөз болатын негізгі арқауы, айтылатын жай-жағдайлрдың бағыт-бағдары. Шығарманың тақырыбын, яғни не жайында айтылатынын, яки нендей мәселелерді қозғайтынын анықтау сырттай қарағанда оңай секілді. Алайда шығарма тақырыбын айқындауға жеңіл, үстірт қарау дұрыс болмайды. Шығарманы жазудағы автордың ой-ниеті тұрғысынан алғанда, тақырып-алдымен болашақ туындыға арқау болатын мәселелер, қамтитын жағдай, оқиғаладрың, суреттелетін өмір құбылысытарын шеңбер-шегі. Ал шығарманы талдау тұрғысынан қарасақ, тақырып-шығарма мазмұнынының негізгі бір құрамды бөлшегі, айтылғн, суреттелген жағдайлрдың қоғамдқ өмірдегі маңызды мәселелер дәрежесіне көтеріліп, көркемдік шындыққа айналған қалпы. Яғни әдеби шығарманың тақырыптық аясына енген жағдайлар өмірдегі алғашқы өз қалпында қалмайды, жазушының түсінігіне сәйкес тиісті мән беріліп, көркемдік шешімін тапқан сурет-бейнелер, маңызды мәселелер болып шығады. Сондықан тақырыпты анықтағанда тек өмірдегі бар жағдайларды санамалап шығуымен немесе жеке мәселелердің маңыздылығын крсетумен іс бітпейді. Өйткені сол өмір құбылыстарының қай қырынан алынып, қалай бейнеленгенін, қаншалықты ұғымды, әсерлі көркемдік шешім тапқанын айқындаудың мәні зор. Тақырыпты шығарманың тұтас мазмұндық жүйесінен бөліп алып, жекелеп, оқшаулап қарау шартты түрде ғана мүмкін, өйткені шығармада белгілі бір жағдайлар, кейіпкерлер таңдап алынуы, соларға ерекше назар аударылуының өз-ақ жазушның мақсат-нысанасы мен бағыт-бағдарын аңғартады. Осыдан келіп тақырып пен идея деген ұғымдардың жалғастығы көрінеді. Олар бір-бірімен кірігіп, бірін-бірі реңк беріп, қабысып жатады. Тақырыптың қандай көркемдік шешім табатыны шығарманың идеясымен тығыз байланысты.

Жазушы өз шығармасына тақырып етіп өмір құбылыстарын  таңдап алғанда, оларға өзінің бағасын береді; онда жазушының дүниеге көзқарасы, таптық идеялы жатады. Себебі, «Әдебетші-таптың көзі, құлағы мен үні. Өз табының көңіл-күйін, тілегін, қамын, үмітін, құштарлығын, мүддесін, қасиетін қабылдайды, қалыптастырады, суреттейді» (М.Горький). Жазузшы өз шығармасымен өмірге күш қосады, әрине өз табының мақсаты-мүддесіне сай үн қосады. Міне, осыдан келіп әр жазушының әр шығармасының идеясы тумақ.

Қорыта айтқанда, тақырып-жазушы суреттеп отырған өмір құбылысы болса, идея-жазушының сол өзі суреттеп отырған өмір құбылысы туралы айтқысы келген ойы, сол өмір құбылысына берген бағасы дер едік. 

  Сюжеттен тыс элементтер

 

Композицияның құрамына сюжеттің кезең-кезеңдері ғана емес, сюжеттен тыс нәрселер де кіреді. Солардың бірі пролог (грек сөзі-алғы сөз)-көркем шығармаға кіріспенің бір түрі. Мұнда кейде негзгі сюжетке дейінгі бірнеше оқиға баяндалады, кейде бас кейіпкердің өткен өмірінен бірер көрініс беріледі, кейде автордың көңіліндегі аздаған сыр айтылады. Мысалы: «Шұғаның белгісіндегі» І тарау, бір жағынан прологтың да қызметін атқарып тұр. Екі салт атты бірі-автор да, екінші-әңгімеші Қасымжан. Жол үстінде бірін-бірі ел, жер жайын әңгімелеп келе жатады да, енбі бірде Қасыжанның: «Сол сүрлеумен барып, Шұғаның белгісінен қара жолды қиып аламыз»-деген сөзі автор елең ете қалады.

-         «Шұғаның белгісі» дегеніңіз не нәрсе, тау ма?-дедім.

-         Жоқ, әншейін бір обашық,-деді. Кейін қалып бара жатқан соң, тағы бірр тебініп қатарласып:

-         Шұғаның белгісін сіз білмейтін шығарсыз-ау,-деді.

-         Мен қайдан білейін, бұл жаққа бірінші келуім,-дедім.

-         Білмессіз…сіздер жассыздар ғой,-деді. Маған қрағанда өзі едәуір көпті көрген үлкен адам болып көтеріліп қойды.

-         Сіз білмейтін шығарсыз, жассыз ғой, уақытысында Нұғаның әңгімесін бұл өлкенің баласына шейін біліп болып еді…Өйб шіркін, өзі де Шұға десе Шұға еді-ау!-деді.

Жолдасымның бұл сөзінен мен де Шұғаға ынтықтым. Анығын сұрап білгім келді.

-         Шұғаның әңгімесін айтсаңыз қайтеді, жол қысқарсын,-дедім.

-         Айтайын,-деді

Қара керді тағы тебініп тағы тебініп қатарласты. Жалпылдатып жайылып келе жатқан етегін жинай тақырымына асып, ерніндегі насыбайын ьстап, бір-екі түкірініп алып, ыңғайланып:

-    Бұл қызық әңгіме, тыңдаңыз,-деді.

Пролог, біріншіден, шығармаға әншейін кіріспе ғана емес, шығармадағы көркем шындықты қабылдауға дайындық, оқырманды соған үйіре тартып, баурап алатын суреткерлік тамаша тәсіл; екіншіден, шебер жасалған пролог сюжеттен тыс тұрғанмен, композицияға орнымен орайласатын, жіксіз жымдасатын беташар екенін аңғарамыз.

Пролог әр тұста әр сипатта болған. Мысл, Көне грек трагедияларында көрермен көңілін сахнаға аудару үшін арнау, жарлау түрінде қолданған. Бұл тәсіл қазіргі пьесаларда бастаушы, диктор, ақын сөзімен беріледі.

Пролог секілді сюжеттен тыс элементтердің бірі-эпилог (грекше-соңғы сөз)-көркем шығарманы қорытудың бір түрі: тартыс аяқталып, өзекті оқиғалар біткеннен соң, сюжеттік шешімнен кейін тұрып, басты қаһармандардың одан арғ хал-күйінен қысқаша мәлімет береді де, сол арқылы автордың негізгі идеясын толықтыра, кейде тіпті тереңдете түседі.

Бұған да мысалды «Шұғаның белгісінен» келтірелік:

«Шұғаның өлген орнын көру Әбдрахманға мақсұт болды. Жұрттың «өлді» дегеніне нанбаған секілді. Бәріміз келдік.

Есімбектің үйі қым-қуыт екен. Келе жатқан көп адамды көрген соң, келіндері далаға шықты. Көздері қып-қызыл!..Зәйкүл ымдап шақырады. Қалтасынан алып бір қағаз ұсынды. Хат екенін білдім. Жүрегім елжіреп, жылап жібердім. Әбдірахман да сезіп тұр екен, оңашарақ шығып оқыдық. Әбдрахманның көз жасы сорғалап хатқа тамумен болды. Сондағы Шұғаның өлерде жазған хаты:…Хаты деген артық жазған ғашық жардың,

Есіңе ал, дұғаңа мен ынтызармен

Қош, сау бол, ойнап-күліп жолығармыз,

Астында ақ туының пайғамбардың!…»

Сюжет пен тартыс

Сюжет (француз сөзі-зат)-көркем шығарманың   мазмұнын ашып, мазмұнды пішінге көшірудің негізгі жолы. Көркем шығарманың мазмұнындағы түрліше мінездер мен типтендірудің өзара қарым-қатынасынан туған шындық, оқиғалар тізбегі сюжетте адамдар мен заттардың тұтасқан ішкі-сыртқы әрекеті ретінде, қозғалыс, ждаму үстінде көрінеді. Сондықтан болса керек, «сюжет дегеніміз,-дейді Горький,-жалпы алғанда, адамдардың өзара қарым-қатынасы, байланысы, қайшылықтары, жек көру, әр характердің, типтің өсу, жасалу тарихы» Сюжет өзара жалғасқан оқиғалардың тізбегі, біртұтас желісі. Сюжеттің негізі-өмірлік тартыс, конфликт, кейіпкерлердің қарым-қатынасындағы қақтығыс. Ол тартыс-әр түрлі адамдардың іс-әрекетіндегі немесе ой-сана, көзқарасындағы қарама-қайшылық. Кейіпкерлердің қақтығысы қалайда қоғамдық өмірдегі күрес-тартыспен абысып жатады, жеке адамдардың іс-әрекетінен, тағдырынан оқырмандар заманның, дәуірдің шындығын көріп, әлеуметтік қайшылықтардың сырын ұғады. Шығармадағы тартыстың өрістеп дамуы үстінде кейіпкерлердің қимыл-әрекеттері, ой-сезімері, сөздері арқылы олардың характері ашылып, айқындала түседі. Көркем шығармадағы қақтығыстар, жеке суреттеулер арқылы толысып, мағынасы кеңейе түсетін оқиға тізбегі бара-бара логикалық тиянақтылық тауып, негізгі шиеленіс-тартыстың түйіндері әбден шешіліп, бәрі бір арнаға құйылып барып тынуы, сол арқылы шығарманың негізгі идеясы толық ашылуы аса қажет.

Қалай десек те сюжет пен кейіпкерлер, олардың характерлері арасында тығыз байланы, сабақтастық бар. Өткені, оқиға дегеніміз-адамның басынан кешетін жағдайы, немесе бірнеше адамдардың қарым-қатынасының көрінісі. Ал адам мінез өзгешелігі, характері оның істеген ісінен, қимыл-әрекетінен айқын танылатыны дау тудырмаса керек.

Сюжет-бірнеше адамдардың қарым-қатынасындағы белгілі бір кезең, әлеуметтік тартыстың бір көрінісі, сюжеттің аяқталуы-баяндалып отырған оқиғалардың бір арнаға сайып, өз шешімін табуы. Жазушы бір не бірнеше оқиғаны суреттеу арқылы кейіпкердің характерін, мінез-бітімін айқын айтып көрсетуі ықтимал. Мәселе кейіпкерлердің іс-әрекетін бейнелеу арқылы мінез-сипатын нанымды түрде көрсетуде. Неғұрлым кейіпкерлердің характерлері, бейне-тұлғасы дараланып, әсерлі көрінсе, соғұрлым шығарманың сюжеті тиянақты аяқталғандай сезіледі.

Бір-бірімен қарым-қатынасындағы адамдар өзекті оқиғалар арнасында, тұтасқан түрлі қимыл-әрекет үстінде, шиеленіскен шытырман күрес, қақтығыс, қарама-қарсылық ішінде қалыптасады. Сюжетті шығармалардың мазмұнында көбіне күрделі қайшылықтар, өмірлік тартыстар желі тартып жату себебі де соған байланысты.

Тартыс (латын сөзі-қақтығыс, айқас)-өмірдегі қайшылықтардың өнердегі көрінісі, адам тіршілігіндегі түрліше қарама-қарсылықтардың, адамғатән әр алуан көзқарастағы, идеядағы, сезімдегі, нанымдағы, іс-әрекеттегі, мақсат-мүддедегі кереғар құбылыстардың нер туындысындағы жинақталуы, суреттеледі. Өнердегі өмірлік тартыс-көркем шығарманың идеялық мазмұнындағы үзілмес желі, өнер туындысына тіршілік беріп тұрғн жұлын. Олай болса, әдеби шығармадағы табиғи тартыс-оның сюжет мен композициясын өрбітер өзгеше құрал, қозғаушы күші. Өнер туындысын өмірлік тартысқа құру деген сөз-шығарма сюжетін шиыршық атқан шымырлыққа, коомпозициясын ширақ та шынайы сұлулыққа жеткізу. Әдеби шығарманың оқырманды баурап әкетер тартымдылығы да осында жатады. Сюжеттің, оған өзек болған өмірлік тартыстың әрбір иінінде, бұрылысында оқырманға керегі-дәлел, оқиға үшін логикалық дәлел (мотивировка): образ үшін психологиялық дәлел, оқиға үшін логикалық дәлел. Ол жоқ жерде образ да жасанды, оқиға да жалған.

Сюжеттің жаны мен жүрегі тартыс. Ал тартыстан сюжет құрап, қалыптастыратын-композиция.

Тартыс-(латынша-қақтығыс)-көркем шығармадағы сюжет желісінде арқау болатын,айрықша шиеленіскен түрде көрініс беретін қақтығыс, қайшылық, күрес. Конфликт драмалық шығармаларда ширақ, шиеленіскен түрде кездеседі. Ондағы характер*кейіпкер мінезі-қайшылығы мол әрекеттер арқылы ашылып отырады. Горький: «Егер характерлер мықты болса, олардың қақтығыспауы мүмкін емес»,-деген. Көркем шығарма қаһармандарының арасындағы қайшылық, тарты олардың қарым-қатынасынан, іс-әрекеттерінен, әр қилы көзқарастарынан да көрінеді. Әсіресе, драмалқ жанрда мұның екі түрі де анық байқалады. Сахнадағы  кейіпкерлердің іс-әрекет тартысы болуымен бірге, іштей өзіндік психологиялық тартыстар да орын алмақ. Эпикалық прозадағы тартыс көбінесе қиншылығы мол оқиғалардың шиеленісі.

М.Әуезов «Абай жолы» эпопеясындағы негізгі қайшылық, шығармаға арқау болған күрес-артыс туралы айта келіп: «Үлкен қоғамдық шындықты ескі мен жаңаның диалектикалық қарама-қарсылығы күрес нәтижесінде ескіні жаңаның жеңуін ашуға тиіс болады»,-дейді. Міне, осыдан байқағанымыздай, адам, мен адам тартысы ғана емес, өтіп бара жатқан дәуір мен жаңа заман арасындаңы қарама-қайшылық та үлкен шығармалардың арқауына айналмақ. Өміре ескі мен жаңаның, жақсылық пен жамандықтың күресі бітпек емес. Әр түрлі қайшылық, қарама-қарсылық қақтығытар өмірде үнемі туып отырады.

Бүкіл дүниежүзілік әдебиеттер тарихына қарап отырсақ, ең таңдаулы шығармалардың бәрі әрқашан терең тартысқа құрылған. Келелі, қиын дәуірлік шындықтың сан иірім сыры тек қана тартыс арқылы ашылады. Қай дәуірде болсын заман болмысы дегенді жай ғана емес, күрелі әрі кесек адам бітіміне жинақтап көрсетеді.

М.Әуезовтің сөзімен айтқанда:

«Абай кезіндегі қазақ даласында күні өтіп бара жатқан, бірақ тамыры әлі де тереңдегі ескіні мен Құнанбай образына жинадым. Ал оның баласы Абай бойында енді туып келе жатқан жаңа бар.

      Сондықтан ақын Абайдың қалыптасуын көрсету арқылы мен үлкен қоғамдық шындықты-ескі мен жаңаның диалектикалық қарама-қарсылығын, күрес нәтижесінде ескіні жаңаның жеңуін ашуға тисболдым. Демек, Құнанбай образы идеялық жағынан алып қарағанда, сол дәуірде қазақ даласына орыс халқының мәдениеті арқылы еніп келе жатқан, келешегі зор жаңаның жолындағы кедергіні-ескіні көрсету нәтижесінде туды».

 

 

Бақылау сұрақтары:

1. Композиция деген не?

2.  Композицияның көркемдік қуаттылығы дегеніміз не?

3. Композициялық тәсіл туралы не білесің?

4. Сюжет деген не? Қай елдің сөзі, терминге анықтама бер.

5. Сюжеттің негізі не?

6. Сюжеттік элементтерге нелер жатады?

7. Сюжеттен тыс элементтерге не жатады?                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                            

8. Сюжеттен тыс элементтердің шығарма идеясына қатысы қандай?

 

Пайдаланатын әдебиеттер

1.      З.Қабдолов «Сөз өнері» А., 1976, 1982, 1992

2.      М.Атымов «Көркем шығарманың композициясы туралы» А., 1969

3.      М.Атымов «Идея және композиция» А., 1970

4.      М.Әуезов «Әдебиет тарихы» «Ана тілі» 1991

5.      М.Дүйсенов «Әдебиеттегі мазмұн мен форма бірлігі» А. 1962

6.      Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Құр. З.Ахметов А., 1997

 

Көркем шығарманың тілі

           

Қаралатын мәселелер:

- ауызекі және әдеби тіл;

- көркем әдебиет тілінің, яғни поэтикалық тілдің ерекшеліктері;

- поэтикалық тілдің кейіпкер тілі және автор тілі үлгісінде көркем шығармада қолданылуы;

- тілдің тура және ауыспалы мағынада қолданылуы;

           

            Көркем тіл-әдебиет туралы ғылымның ең өзекті мәселерінің бірі. Тіл, сөз туралы ғылым үш түрлі: тіл білімі, стилистика және көркем сөз теориясы. Әрқайсысы әр тұрғыдан қарастырады.

            Тілдің жеке адамдардың еркінен тыс туу, қалыптасу, даму заңы бар. Бір кездегі ым, одан кейінгі үн адамдардың еңбек процесінде туған, адамдардың ойын өрбітетін қозғаушы күш болатын…адам баласының тілі адам қоғамы дамыған сайын дамып, байыған сайын байып келе жатыр.

            Жазушының тілі көркем, сөздік қоры бай болуы керек. Тілі бай ұшан-теңіз мүмкіндігін шамасы жеткенше терең игеруі, оның сан-салалы құбылыстарын жете түсінуі, әр сөздің мәні мен мағынасындағы ұланғайыр өзгерулерді, алмастыруларды, құбылуларды дәл аңғара білуі керек. Сонда жазушы әр сөзді таңдап, талғап тауып, ойды анық, сезімді нәзік жеткізетін тартымды суреттеулер жасай алады. Бұл жазушы тілінің үш түрлі ұтымдылығына-дәлдікке, ықшамдылыққа, сұлулыққа-негізделуі шарт.

            …Тіл көркемдігі, сөз сұлулығы жасанды қызыл сөзде емес, сөздің табиғилығы мен қарапайымдылығында, нақтылығы мен тазалығында жатады.

            Әдеби тіл-жалпы халықтық тілдің аясында түзілген, екшелген, қалыпққа түскен, сөздік құрамы, емлелік бітімі, граматикалық тұлғалары айқындалған, халықтың сан-салалы мәдени қажеттілік өтеуге қабілетті тіл. Әдеби тілдің шарты-жалпыға бірдей түсініктілік. Тілдік қарым-қатынастың мақсат-міндетіне, бағыт-бағдарына қарай әдеби тілдің әр алуан арналары болады. Әдеби тілдің екі түрі бар: жазба тіл және сөйлеу тілі.

            Әдеби тіл-үнемі түрленіп, толығып отыратын, қолдану ыңғайына, қоғамдық қажеттілікке сай сараланып отыратын, үздіксіз даму үстіндегі құбылыс. Халықтың нешеме сан ұрпағы жүздеген жылдар бедерінде жасаған ұлттық мәдениеттің айнасы ретінде тіл-баға жетпес құндылық.

            Әдеби тіл мен әдебиет тілі (көркем әдебиет тілі) жиі топтастырылады. Бұл екеуі-екі басқа ұғым. Көркем әдебиет тілі-өмір шындығын бейнелеуші, мінездеуші. Сөз құдіретімен көркемдік шындыққа айналдыратын, ұлт тілінің эстетикалық қызметін үздіксіз жүзеге асырып, шығармашылық мүмкіндігін көрсететін, стилдің, сюжеттік, жанрлық ерекшеліктерден қайталанып отыратын, ортақ сипат, белгілерден құралатын тілдік жүйе, кейде бұл поэтикалық тіл деп аталады.

            Көркем әдебиет тілі-әдеби тілдің ауқымында жасалғанымен, ұғымдық аясы одан әлдеқайда кең тіл. Бұл оның шығармашылық қызметінен, образды бейнелеуші, ойды әйгілеуші, кейіпекрдің мінездеуші сипатынан туындайтын ерекшелік. Өзінің осы ерекшелігіне орай көркем әдебиет тілі екінші және басты ерекшелікке-жалпыхалықтың тілдің барлық қабаттарын (әдеби тіл нормасынан тысқары элементтерді, диалектілерді, жаргондарды, кәсіби сөздерді т.б.) керегінде қамтитын синтетикалық тұрпатқа ие болады.

            Көркем әдебиет тілінің тарихы-тіл мәдениетінің, тілдік талғамның ғана тарихы емес, қоғамдық өзгерістердің, әлеуметтік психологияның да тарихы. Өйткені, жалпы алғанда, ұлттық тіл мәдениеті аясында жасаған әр кезең стилі арқылы таңбаланады.

Тілдің (сөздің) тура және ауыспалы мағынада қолданылуы

Тіл байлығының қайнар көздері сан салалы. Солардың бірі-сөздердің көпмағыналылығы (посемия). Егер суреткер әр сөздің әр сипаттағы тура немес, ауыспалы мағыналарын жіті танып, әрқайсысын тек өз орнына ғана ұтымды қолдана алса, сөзбен жасалған суреттегі ой мен ұғым, сыр мен сезім дәлдігіне жетеді де, осы арқылы шығармаға әсерлі эмоциялық күш дарытады. Жазушы шеберлігін танытатын ұтымлыдықтың бірі-баяндау мен суреттеудегі дәлдік болса, полисемия осы жағдайды ерекше қажет болады.

            … «миллион сөз ойлап, соның тек біреуін ғана таңдау қандау азап» (л. Тостой) шынында, қаншама сөз ішінен бір сөзді таңдап тауып, дәл орнына дір еткізіп қою-азаптан туған рақат.

            Айтқысы келген сырын, танытқысы келген өмір шындығын жан тебірентер әсерлі суретке айналдырып, қағаз бетіне көңілдегі ойын қалпынан айнытпай түсіру үшін ең қажетті деген сөзді дөп басып таба білу-шебер суреткердің қасиетті парызы. Мұндай жағдайда жәрдемге келетін сөздер тобына синонимдер жатады. Синоним (грек сөз-заттас): күлу, жымию, езу тарту, мырс ету, күлімдеу, күлімсіреу т.б. Синонимдерде көп сыр бар. Бұл толассыз қозғалыста болатын, яғни әрқашан толығып, дамып, тазарып, жаңарып, өзгеріп отыратын құбылыс.

            Бір емес, бірнеше синонимдердің, бір-бірін үстемелей, қабаттаса қатал қолданылуы арқылы жасалған сөз тіркесі (плеоназм) да көркем шығармада орнымен қолданса, ой мен образға айрықша әсер, күш дарытады.

                                               Орынды іске жүріп, ой таппаған

                                               Не болмаса, жұмыс қып, мал таппаған.

                                               Қасиетті болмайды онжай жігіт,

                                               Әншейін құр бекерге бұлғақтаған. (Абай)

            Соңғы жолда бір тп синонимді әдейі еселеп, ойын шегелей жеткізген.

            Қысқасы, синонимдер, сөзді байытып, ойымызды айқындап, түрлендіреді. Бір сөзді қайталап, оқырманды безер етуден құтқарады.                                                                               

Тілімізде заттас (синоним) сөздермен қатар аттас (грекше-омоним)

сөздер де жиі қолданылады. Бірақ, бұл байлықты абайлап пайдаланған дұрыс. Әйтпесе ұғымды бұлдыратып, көмескі, түсініксіз, кейде, екі жақты мағынаны білдіруі мүмкін. Мұндай жағдайда ойдың дәлдігіне нұқсан келеді.

            Тілдің кез келген құбылысы әдебиетте өз ізін қалдырады. Мысалы, антоним сөздер нақты жеткізуге таптырмас құрал болады.

                                               Күлемін де жылаймын,

                                               Жылаймын да күлемін.

                                               …Дәл осыны түсінбес

                                               Адамдар бар не шара! (Қ.Аманжолов)

Контрась сөз арқылы ақын адам баласын тұңғиық психологизмге жетектейді, бұл адамның жан дүниесіндегі нөсер мен дауыл, жаз бен қыс.

                                               Туған тілім тіршілігімнің айғағы,

                                               Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

                                               Өссе тілім, мен бірге өсемін

                                               Өшсе тілі, мен де бірге өшемін! (Ә.Тәжібаев)

            Сондай-ақ суреткердің сөздік қоры архаизм, неологизм (интернационалдық сөздер, терминдер), диалектизмдердің есебінен де байып отырады, әрине керекті жерінде орнымен қолдана білсе.

            Терминдерде ұлттық бояу болмаған соң, эмоциялық жылу, көңіл ұйытар әсер бола бермейді. Интернационалдық сөздер де, терминдер де бар халыққа ортақ бола береді.

            Әдеби шығармаларда идиомалар жиі ұшырасады

 Грек сөзі-айрықша айшық   . Терминдер бір тілден екінші тілге оп-оңай көше салатын болса, идиомаларды өзге тілге аудару өте қиын, кейде мүмкін емес. Мысалы: түйе үстінен сирақ үйіткен т.б.

            Идиомалар-әр тілдің айрықша айшығы ғана емес, сол тілдің бағаланбас байлығы, інжу-маржаны, көркі!

            Әдебиет тілі-жай тіл емес, көркем тіл, сұлу сөз. Сондықтан ондағы сөздер мың сан құбылған асрлы мағынада қолданыла береді. Мысалы, айқындау, (эпитет)-заттың, құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөз.

                                               Қолыма от сиялы қалам алдым

Жалтақтап айналама қарамадым (Х.Ерғалиев)

Бейбіт күннің өзі де күрес мылтықсыз

Онда да жұрт жатады атып мүлтіксіз. (Қ.Мырзалиев)

Тентек үн кетіп еді дауылдап бір,-

Аңқиып әр жерде бір ауыз қапты. (Қ.Нәжімеденов)

            Бұлар қолданған эпитеттер өлеңге көне емес-жаңа, көмескі емес-айқын мағына бітірген, сөздегі суретті дәлелдеп, ойдың ықпалын күшейткен. Қадыр айтқан майдан мылтықсыз, атыс мүлтіксіз;                                                                                                           

            Жұмекең дауылдаған күйі үнін-тентек үн деп, оны ұйып тыңдаған залды жаппай аңқиып ашық қалған аңыздар арқылы оқырманның көз алдына елестетеді.

            Әдеби тілге үстеме мағына беріп, сол арқылы әдеби шығарманың мазмұнын құнарландырып, пішінін ажарландыратын көркемдеу құралдарының бірі-теңеу.

                                   Қайыңдар күмістің сом бақандай

                                   Жиі терек әскердің қатарындай.

                                   Бұтақтар жапырағы сылдыраған,

                                   Өзбектің батсайы шапаныдай. (С.Мұқанов)

Белгісіз хатты белгілі затқа айналдырып, шығармадағы авторлық идеяға көркемдік шешім дарытып, тұрғандай.

            Айқындай (эпитет) секілді, теңеудің де құны-сонылығында, ойламаған жерден өзгеше өрнектер жасап, құлпырып, ойнап тұруында, орнымен қолдануында.

            Әдеби тілдің әсемдігі ғана емес, әсерлілігі үшін де орасан қажет тәсіл-құбылту, яки троп (грек сөзі-иін, иірім)-сөздерді тура мағынасында қолдану, шындықты бейнелеп, ке!де тіпті перделеп таныту, ойды өзгертіп, кейде өңін айналдырып айту. Суреткер қолындағы сөз суретшінің қолындағы бояу секілді, иінін мың құбылтуға болады. Құбылтудың түрлері көп, соның бірі-ауыстыру, яки метафора (грек сөзі-көшіру)-сөз мәнін өңідендіре өзгертіп айту, суреттеліп отырған затты не құбылысты айқындай, ажарландыра түсу үшін оларды өздеріне ұқсас өзге затқа не құбылысқөа балай; сөйтіп суретеліп отырған затың не құбылыстың мағынасын үстеу, мамұнын тереңдетіп, әсерін күшейту. Мысалы:

                              Гималай-көктің кіндігі,

                                   Гималай-жердің түндігі. (І.Жансүгіров)

                                   Қар төсінде мөлдір айдын-ақ сынап,

                                   Жиегінде жасыл кірпік-жас ұрпақ (Ә.Сәрсенбаев)

Бірінші мысалдағы метафоралар әншейін тау атын қолма-қол заттандырып, тауға көл-көсір мағына бере, екінші мысалға ауытырулар қырдағы айдын көл мен бала құаққа айрықша сұлу сымбат бітірген.

            Құбылтудың кейіптеу, пернелеу (Аллегория), астарлау (символ), алмастыру (метонимия), мегзеу (синекжоха), ұлғайту (гипербола), кекесін (ирония), әсірелеу (гротеск), табу, перифраз, эфимизм тәрізді сан түрі бар.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Көркем (поэтикалық тілдің) өзіндік ерекшелігі неде?

2. Тіл байлығының қандай қайнар көздерін білесің?

3. Тіл көркемдігі, сөз сұлулығы дегенді қалай түсінесің?

4. Тілдің көркем образ жасау құралы ретіндегі мәнін қалай түсінесің?

5. Кейіпкер тілінің түрлі сипаттарының көркем шығармада алатын орнын түсіндір.

6. Тілдің лексикалық қорына нелер жатады?

7. Қаламгердің поэтикалық синтаксисі дегенді қалай түсінесің?

 

Пайдаланатын әдебиеттер

1.      А.Байтұрсынов «Әдебиеттанытқыш» Кітапта: шығармалары. А.,1989

2.      З.Қабдолов «Сөз өнері» А., 1976, 1982, 1992

3.      М.Әуезов «Әдебиет тарихы» «Ана тілі» 1991

4.      Ғ.Мүсірепов «Заман және әдебиет» А. 1982

5.      М.Горький «Әдебиет туралы» А., 1954, 1984

6.      Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Құр. З.Ахметов А., 1997

 

Поэтикалық фигуралар

 

Қаралатын мәселелер:

- поэтикалық фигуралардың өзіндік ерекшеліктері;

- айшықтаудың (фигураның) түрлері;

- арнаудың табиғаты және түрлері;

- қайталау және оның түрлері;

- антитеза (шендестіру);

- градация (дамыту) және оның түрлері;

- инверсия (сөз орнын ауыстыру);

- эллипсис (сөз тастап кету);

- аллитерация мен ассонанс.

 

            Әдеби тілді ажарлаумен, құбылтумен қатар, керек болғанда айшықтай да білу керек. Айшықтау, яки фигура (латын сөзі-келбет, бейне)-сөз тіркестерін дағдылы синтексистік қалыптан гөрі өзгешелеу ораммен, айрықша айшықпен құру. Мұндағы мақсат-сөздерге ерекше леп, екпін беру, сөйтіп олардың әсерін күшейту.

            Айшықтаудың (фигураның) бірнеше түрі бар. Олар: арнау, қайталау, шендестіру, дамыту, сөз орнын ауыстыру, сөз тастып кету, егіздеу т.б. Енді осылардың өзіндік ерекшеліктеріне шолу жасайық.

            Арнау-ақынның немесе жазушының өзіне не өзгеге, кеде тіпті жалпы жұртқа арнайы тіл қатуы, көпшілікке бағыштап сөйлеуі, олармен іштей кеңесуі. Арнауды Қ.Жұмалиев те, З.Қабдолов та жарлай арнау, сұрай арнау, арлай арнау деп үш түрге бөледі.

  Жарлай арнауға мысал:

                                   Қалың елім қазағым, қайран жұртым,

                                   Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.

                                   Жақсы менен жаманды айырмадың,

                                   Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың…(Абай)

Сұрай арнауға мысал:

                                   -Шырағым-ау, шашың неге ағарды?

                                   Әлде біреу кемітті ме бағаңды?

                                   Сенің қара тұлымыңнан сипаған,

                                   Сарғайдың ба ойлап мендей ағаңды

                                   -тентегім-ау мұртың неге қыраулы?

                                   Көрдің бе әлде көп бейнетті, сынауды?..(Қ.Бекхожин)

            Автор бұл сауалдарға жауап күтеді. Ал, мына мысалда арнауда қойылған сұрақтарға автор жауап күтпейді, өйткені олар ешқандай жауапсыз-ақ түсінікті. Сұрай арнаудың мұндай түрлерін шешендік, яғни риторикалық (грек-ділмар)айшық деп атады.

                                   Азаны шертер іштегі,

                                   Аузыма сөз түспеді.

                                   Жұртым-ау, кімнен айырылдық,

                                   Ажал сұм неткен күшті еді. (Д.Әбілев)

Ұлы ғалым Қ.Сәтбаев қайтыс болғанда, аза тұтып айтқан өлеңі-зарлай арнаудың үлгісі.                                                                                      

Айшықтаудың (фигура) бір түрі-қайталау-сөз әсерін күшейте отырып, оқырман назарын айрықша аударғысы келген ойды немесе құбылысты бірнеше рет қайталап, ұғымға мұқият сіңіру, қайталаудың өзі жай қайталау, еспе қайталау, әдепкі қайталау (анафора-грек сөзі, биікке шығару), кезекті қайталау (Эпифора-грек сөзі, соңынан алып жүру) бірнеше түрге бөлінеді.

            Фигураның енді бір түрі-шендестіру, яки антитеза (грек сөзі қарама-қарсылық)-бір-біріне кереғар құбылыстарды, мән-мағынасына әр  тарап ұғымдарды, түр-түсі әр бөлек нәрселерді өзара қарсы қою арқылы сипатын, кескін-кейпін анықтау, аңғарту, елесту. Мысалы:

                                   Біреуі көк, біреуі жер тағысы

                                   Адам үшін батысып, қызыл қанға.

                                   Қар аппақ, бүркіт қара, түлкі қызыл,

                                   Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға… (Абай)

Фигураның тағы бірі-дамыту, градация, (латын сөзі бірден-бірге күшейте беру)-алдыңғы сөзден соңғы сөзді, алдыңғы ойдан, соңғы ойды, ілгергі құбылыстан, кейінгі құбылысты асыра асқақтата түсу. Мысалы:

                                   Қиқу салып құзға ұшқан,

                                   Құзан суып, мұзға ұшқан,

                                   Мұздан биік бұлтқа ұшқан,

                                   Бұлттан биік көкке ұшқан,

                                   Қарулы қыран кім еді? (Т.Жароков)

Қазақ поэзиясында қолданылу сипаттарына қарай градацияны шартты түрде Е.Ысмайылов та, Қабдолов та екіге бөледі: Түйдектеу, баялату. Айшықтаудың келесі түрі-сөз орнын ауыстыру яғни инверсия (латын сөзі-орнын өзгерту)-прозалық, әсіресе поэзиялық шығармаларда сөздердің әдеттегі грамматикалық түзілу тәртібінен тыс, орындарын ауыстырып, өзгеше тіркестер құру. Мысалы, прозалық шығармаларды инверсияға көбірек баратын-Ғ.Мұстафин мына өлеңді алайық.

                                   Сен құрметте оны!

                                   Түсіндің бе қарағым?

                                   Ол ақшаға сатқан жоқ,

                                   Тізеден кесіп аяғын,

                                   Еріккеннен ұстап жүрген жоқ,

                                   Қолтықтағы ұзын таяғын (Ә.Сәрсенбаев)

Фигураның тағы бір түрі-сөз тастап кету, яки элипсис (грекше-түсіріп тастау, аттап айту)-сөйлем ішінде немесе өлең шімағында атап айтпаса да түсінікті кейбір сөздерді әдейі жазбай тастап кету.

            Кейде былапыт сөздерді, бүкпелей жұмсартып жатпай-ақ, тастап кетсе де түсінуге болады:

            Шап, әкеңнің… дедім мен оған ақырып.

            Элипсис кейде адамның ішкі көңілін, шым-шытырық оқшау сөздерімен ұғымдарын, шытырман психологиялық иірімдерін аңғарту үшін де жұмсалады. Ала-құла ой, қиыр-шиыр қиял, әрі-сәрі түс, кейбір қияли кісінің күйініш-сүйініші. Осылардың бәрін элипсис арқылы ұқтыруға болады. Мысалы: М.Әуезовтің «Қарагөз» трагедиясындағы Қарагөздің сөздерін алайық: «Жығылып барам: ұйықтайын ба? өлсем бе?… құлап кетем, тау басынан ұшып келем… Жерде тоғай…көп тоғай! Шақырады…»

            Айшықтаудың келесі түрі-егіздеу яки паралелизм (грекше-қатар жүру, қатарласу)-екі ұдай құбылысты, сезімді, ұғымды қатар қойып, жұптап суреттеу.

Адамның көңіл-күйін табиғат құбылыстарымен салыстыра егіздеу, яки психологиялық паралеллизм; ақиқат өмірдегі жақсылық пен жамандықты солар қалыптастырған екі түрлі бітімді, осылардан туатын адамдық пен зұлымдық туралы екі түрлі ұғымды жарыстыра егіздеу тәрізді өмірдің өзінен туатын әр түрлі шындықты қатар қойып суреттеу тәсілі ақынның және жазушының тілімен стиліне айтарлықтай ажар береді.        Аллитерация-(латын сөз дыбыстас)-шығармаларда бірыңғай дауыссыз дыбыстардың қайталануы. Бүкіл әлем поэзиясында ертеден қалыптасып келе жатқан стилистикалық айшық (фигура); әдеби тілді ажарлап, сөздің реңін келтіре түсетін көркемдік тәсіл.

Аллитерация-қазақ мақал-мәтелдерімен жұмбақтарында жиі кездеседі. Мысалы. Бейнет-бейт түбі зейнет; әуеден күбі түсті, күбінің түбі түсті (күннің күркіреуі). Осының бәрі сайып келгенде мазмұнды көркемдеу.

Ассонанс (латын сөзі-үйлесім)-өлең сөзде дауысты дыбыстардың үндесе қайталануы.

Ол сөздің интонациялық-музикалық мәнін, экспрессивтік-эмоциялық бояуын күшйтіп, ерекше елеулі тұстарды дыбыстындырып,, ой-сезімнің әсерлілігін арттырады. Орнымен үндескен сөздер әдеби тілдің өрнек кестесіне әдемі ажар, айшық қосады.

                       Еңсесі биік, ақ орда.

                       Еңкейіп сәлем бер сана

                       Ернеулі жұқа сарайы,

                       Ер сарқытын бер сана (Ер Едіге жырынан)

Әдеби шығарма белгілі бір қалыптасқан қалыптан шықпайтын дүние емес, сондықтан оның тілі де сірескен қағидаға бағынбайды.

Әдебиетте баяндау бар, суреттеу бар. Баяндау шындықты әншейін хабарлап, ауыз екі айтып қана тынса, суреттеу құбылысты көзге елестетеді, жай сөйлемейді, сөзбен өрнек төгеді. Бұл үшін тілдің көріктеу құралдары қолданылады. Олардың бәрі-бір-бірімен өзара тығыз байланыстағы қарым-қатынастағы, аралас-құралас жатқан және жарыса қолданылып бірін-бірі ажарландырып, толықтырып жатқан сөздер жүйесі.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Поэтикалық фигура деген не?

2. Айшықтаудың (фигураның) қандай түрлері бар?

3. Арнаудың өзіндік ерекшелігі және қандай түрлері бар?

4. Қайталау деген не, оның қандай түрлері бар?

5. Шендестіру қандай міндет атқарады?

6. Градация (дамыту) деген не, оның қандай түрлерін білесің?

7. Троптың қандай түрлері бар және анықтамалары?

 

Пайдаланатын әдебиеттер

1.      А.Байтұрсынов «Әдебиеттанытқыш» Кітапта: шығармалары. А.,1989

2.      З.Қабдолов «Сөз өнері» А., 1976, 1982, 1992

3.      М.Базарбаев «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» А., 1973ж

4.      З.Ахметов «Абайдың ақындық әлемі» А., «Ана тілі» 1995

5.      А.П.Квятковский «Поэтический словарь» М., 1966ж

6.      Ә.Тәжібаев «Өмір және поэзия» А., 1960ж

7.      Б.Кенжебаев «Қазақ өлеңінің құрылысы» А., 1955

8.      Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Құр. З.Ахметов А., 1997

 

 

 

 

                                                    Өлең құрылысы

(Поэзия мен көркем қара сөз)

 

Қаралатын мәселелер:

- Абай өлең туралы;

- метрикалық өлең жүйесі, ерекшелігі;

- силлабо-тоникалық өлең жүйесі;

- тоникалық өлең жүйесі, оның өзіне тән ерекшеліктері;

- силлабикалық өлең жүйесі, бұған қазақ өлеңдерінің жататындығы;

- ұйқас және шумақ, буын және бунақ.

           

            Көркем әдебиеттің тілі екі түрлі болатыны белгілі: а) еркін қолданыстағы тіл, яки проза (латынша-тікелей, тура айтылған сөз); б) белгілі бір тәртіпке бағынған, тізбекке түскен сөз, яки поэзия (грекше-творчество).                                                                                                            Поэзия-көркем әдебиеттің ертеден қалыптасқан бір саласы; өлең, жыр түрінде шығарылған ұғым қазіргі кезде өлеңмен жазылған шығармаларды көркем прозадан, қара сөзбен жазылған әдеби шығармалардан ажырату үшін қолданылады, соған қарап айырмасы тек сырт белгісінде секілді көрінеді. Ал шындығында поэзия мен көркем прозаның сапасында, ішкі сипатында өзіндік ерекшелік бар екені сөзсіз. Тұтас алып қарағанда поэзиялық шығармаға сезім-әсер байлығы ерекше тән болады да, ал прозалық шығармаларда баяндау, бейнелеу жағы басымырақ келеді. Поэзиялық шығармаларға, өлең-жырларға, дастан-поэмаларға айрықша тән-қасиет-өмір құбылыстарын терең эмоциялдық, сезімталдықпен қабылдап, соған сәйкес әсерлі, тартымды, көркем етіп бейнелеу.

            Поэзия деген ұғым тарихи жағынан алып қарағанда ерте қалыптасқан, өйткені, қай халықтың әдебиетін алсақ та, поэзия ерте заманнан бастап дамып-өркендеген. Халық ауыз әдебиетіндегі ертегі, аңыздар да қара сөз түрінде туғанмен поэзиямен жақын, жалғас болады. Ал көркем проза кейін дамып қалыптасты.

            Қазақ әдебиеті Қазан төңкерісіне дейін негізінен поэзия түрінде дамып, өркендеді. Сондықтан халық поэзиясы деген ұғым мен ауыз әдебиеті деген бір-біріне өте жақын, халық поэзиясы әр түрлі жанрларды қамтиды: өлең-жырлар, халық эпосы, яғни эпостық жырлар, дастан, поэмалар. Қазақ әдебиеттерінде аттары белгілі ақындардың шығармашылығы (творчество) үлкен орын алады, ақындық поэзияның бірнеше ғасырлық тарихы бар.

     Поэзия да, проза да тарихи-әдеби процестің дамуына орай өркендеп-өсіп, жаңа сипат-қасиеттермен толығып отырады. Сонымен, әдеби шығарма атаулының бәрі осынау екі жүйеде-не көркем қара сөз (проза) түрінде, не өлең (поэзия) түрінде жазылады.

            Сөйтіп, өлең-еркін сөйленетін жай сөздер тіркесі емес, ырғағы мен ұйқасы белгілі қалыпқа түскен, шумағы мен буғанына дейін белгілі бір тәртіпке бағынған нақышты сөздер тізбегі, Абай айтқандай, «сөз патшасы, сөз сарасы». Өлеңдегі әрбір сөз адамның жан дүниесімен, көңіл күйімен, сезім толқындарымен өзекті байланыста; ұйқас пен ырғақ та, шумақ пен бунақ та-бәі осыдан туған. Өлеңдегі әрбір тыныс, үн, үзіліс адам жанын тебірентпей тынбайды. Өйткені өлеңдегі әрбір «дыбыс мәні сөз мәнін әрі толықтырады, әрі ауыстырады» (Лермонтов). Нағыз ақынның құдірет күші сондай, ол өзі жазған өлеңдегі «бір ғана образбен, бір ғана сөзбен, қаласа, тіпті бір ғана дыбыспен… өмірді өзгеше құбылыс қалпында, қозғалыс үстінде әркімнің көз алдына әкеле алады» (Некрасов). Өлең туралы Абайдан асып айтқан кім бар:

                                   Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы,

                                   Қиыннан қиыстырар ер данасы.

                                   Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

                                   Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

Адам атаулының туғаннан өлгенге дейінгі өмірі өлең екенін де Абай былай тұжырымдайды:

                                   Туғанда дүние есігін ашады өлең,

                                   Өлеңмен қара жерге кірер денең.

Дүниеге келген сәби жылап келеді. Үнінде ырғақ бар. «Ырғақ бар жерде, өлең бар» (Маяковский).

            Әлдилеу-ән, қыз ұзату-ән, келін түсіру-ән. Бірі бесік жыры болса, бірі жар-жар, бірі-беташар т.б. тіпті адамның өлімі де өлең: жоқтау-ән.

 

 

 

Бақылау сұрақтары:

1. Поэзия дегеніміз не?

2. Көркем қара сөздің өзіндік ерекшеліктері.

3 Өлең жүйелерінің қандай түрлері бар?

4. Метрикалық өлең жүйесі қандай болады?

5. Силлабо-тоникалық өлең жүйелерінің қандай ерекшелігі бар?

6. Тоникалық өлең жүйесі.

7. Силлабикалық өлең жүйесі және оған қазақ өлеңдерінің қатысы.

8. Өлеңдер құрылысына қарай қалай жіктеледі?

9. Қандай ұйқас түрлері бар?

 

Пайдаланатын әдебиеттер

1.      А.Байтұрсынов «Әдебиеттанытқыш» Кітапта: шығармалары. А.,1989

2.      З.Ахметов «Қазақ өлеңінің құрылысы» А., 1964ж

3.      З.Ахметов «Өлең сөздің теориясы» А., 1973

4.      З.Қабдолов «Сөз өнері» А., 1976, 1982, 1992

5.      З.Ахметов «Абайдың ақындық әлемі» А., «Ана тілі» 1995

6.      М.Әуезов «Әдебиет тарихы» «Ана тілі» 1991

7.      Б.Кенжебаев «Қазақ өлеңінің құрылысы» А., 1955

8.      С.Негимов «Өлең өрімі» А., 1970,

9.      С.Негимов «Ақын-жыраулар поэзиясының бейнелілігі» А., 1991

10.  М.Х.Хамраев «Основы тюркского стихосложения» 1963

 

Әдебиеттің тектері мен түрлері

Эпикалық тек

 

Қаралатын мәселелер:

- әдебиеттің үш текке (эпос, лирика, драма) бөлінуі;

- тек, түр, жанр терминдерінің мән-мағынасы;

- жанрлық жіктеудің шарттылығы;

-эпикалық бейнелеу тәсілінің ерекшелігі;                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                 - эпикалық   тектің  жанрлық  түрлері;

- Белинский, Байтұрсынов  эпикалық жанр туралы;

 

            Әдеби жанр (французша-тек, түр) шартты түрде екі мағынада қолданылады. Дұрысында, жанр әдебиеттің тегі емес, тегінен тарайтын ішкі тармақтар.

Шығарманы белгілі бір жанрға жатқызудың бірінші сипаты қай текке қатысты екендігі болса, екінші сипаты қандай сарынмен жазылғандығы, ал үшінші сипаты қандай көлемде, қалай құрылғандығы деуге болады.

Әрбір әдеби туындының жанрлық табиғаты әр алуан: көлемді эпикалық шығармада өмірдің күрделі шындығы нақты көркем тұлғаларға жинақталып, олардың өзара қарым-қатынастарынан туған қат-қабат оқиғалар арқылы ашылса, лирикада адамның жек басына тән көңіл-күйі, нәзік және терең психологиялық тебіреністері суретеледі.

      Ал драмалық шығармаларда көбіне адамдардың қимыл-әрекетіне, қақтығыстарына-түрліше тағдырлар тартысына-құрылатыны мәлім.

      Жанр-тарихи категория. Сондықтан ол барлық заманға бірдей қатып-семген дүние емес. Ол-заман талабына сай өзгеріп, жаңғырып отыратын құбылыс. Кез келген жанр кез келген әдебиетте өніп, өркендей бермейл-ді. Оған қолайлы жағдай қажет, тиісті дәстүр керек. Екінші сөзбен айтқанда, белгілі өсімдіктің тек белгілі бір топырақта ғана, белгілі жыл мерзімінде ғана өсіп-өнетіні секілді, белгілі әдебиет жанры да белгілі бір тарихи –қоғамдық,мәдени-ұлттық жағдайда өсіп, өнеді.

Францияда ХҮІІІ ғасырда классицизммен бірге өріс алған ода жанры сол классицизммен бірге ХІХ ғасырда бүкіл Европа әдебиетінің сахнасынан түсіп қалды. Кей жанр үздіксіз ұзақ өмір сүрсе (мысал), кей жанр кейде сөніп, кейде лап етіп жанады. (сонета).Әдебиеттегі тегі бейнелеу тәсілінің үш түріне қарай жіктеледі: бірі автордың өз атынан баяндау (эпика), екіншісі-геройдың толғанысы (лирика), үшіншісі-геройлардың өзара қақтығысып сөйлеуі (драма).

Әр жанрдың әдеби түр ретінде тууы мен қалыптасуының, жамуының негізінде мазмұнның ұланғайыр құбылулары-пайда болуы, өзгеруі, өсуі, өшуі жатыр. Жанр жасайтын байыптауға әншейін пішін тұрғысынан емес, мазмұн тұрғысынан келіп, оның ішкі даму заңдылығының тарихын талдап, тексеру керек, яғни историзм принципі тұрғысынан келу керек.

Әрбір адам шығарма-белгілі бір дәуірдегі қоғамдық шындықтың сәулесі. Әр дәуірдің өз шындығы болатындықтан, бұлар бірін-бірі қайталамайды: тектері мен түрлері ұқсас болғанмен Шекспир трагедиясы Мүсірепов жазған трагедиядан, Бальзак романы Әуезов романынан, Абай поэзиясы Жансүгіров поэзиясынан өзге екені сөзсіз. Жанр даму үстінде болатындықтан, жанрлық дамудың өзі-тірі процесс.  Шығарманың жанры, яғни кейпі дегеніміз бірыңғай және біркелкі қиысқан өзгеше сипаттардың ерекше образ жүйесінің, айрықша композиция құрылысының, лайық тіл оралымының, белгілі интонацияның т.б. нақты бірлігі деп білу керек.

Көркем творчество жанрларға бөлінбей тұрған көне дәуірде әдеби туындыға тән бірден-бір сипат поэтикалқ синкретизм болғаны мәлім.      Синкретизмде жанрлық сипаттар жапа-тармағай қосылып жатты. Мәселен, бір топ адам қосыла әндететін баяғы хорлардың мазмұнында кейде бастарындағы күйініш-сүйініштер (лирикаға тән сипат)-араласып, кейде ән бастаушы мен қлстаушылар арасындағы диалогтар (драмаға тән сипат) кездесіп отырады.

      Осылардың бәріне қоса, хорға адамдардың дене қимылдары, бет құбылыстары, билері араласатын да, өнерге қолма-қол сахналық сипат беретін. Қоғамның даму барысында синкретизм жойылды да, өнердің жеке дара түрлері пайда болды. Бір поэзияның өзі талай түрге бөлінді. Ол түрлер ғасырдан-ғасырға өзгеріп, ескісі жоғалып, жаңасы туып отырды. Бұл-жанр табиғатындағы бұрыннан болған, бар және бола беретін заңдылық.

Эпос (грек сөзі-баяндау, әңгімелеу,тарихтап айту)-көркем әдебиеттің байырғы, негізгі тектерінің бірі, дәлірек айтқанда, өмір шындығын мейлінше мол қамтып, кең суреттейтін, адам мінезін мүмкіндігінше терең ашып, жан-жақты танытатын іргелі, күрделі жанр.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Әдебиетті қандай ерекшелігіне байланысты текке бөлеміз?

2. Әдебиеттің қандай тектері бар?

3. "Тек", "түр", "жанр" терминдеріне анықтама бер.

4. Эпос, лирика,  драманың өзіндік ерекшеліктері.

5. Роман-эпопеяның жанрлық ерекшелігі қандай?

 

Пайдаланатын әдебиеттер

1.      А.Байтұрсынов «Әдебиеттанытқыш» Кітапта: шығармалары. А.,1989

2.      З.Қабдолов «Сөз өнері» А., 1976, 1982, 1992

3.      Р.Бердібаев «Роман және заман» А., 1967ж

4.      Әдебиеттану. Хрестоматия құрастырған С.Мақпыров А., 1991.

5.      М.Әуезов «Әдебиет тарихы» «Ана тілі» 1991

6.      В.Г.Белинский Таңдамалы шығармалар. 1947-1948

7.      Ғ.Мүсірепов «Заман және әдебиет» А. 1982

8.      С.Мақпыров «Әдебиеттің тектері мен түрлері» А., 1994

9.      Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Құр. З.Ахметов А., 1997

 

Лирикалық тек және оның түрлері

 

Қаралатын мәселелер:

-  Лирикалық бейнелеу тәсілінің ерекшелігі;

-  Белинский, Байтұрсынов лирика туралы

-  Лирикалық қаһарман сыры;

- Лирикалық тектің жанрлық түрлері: ода, элегия, мадақ, сонет, сатиралық лирика,          

   мадригал т.б. ;

- Лиро-эпостық шығармалар (поэма, баллада т.б.) ;

 

Лирика (грек сөзі-ежелгі үніне қосылып ән салған музыка аспабы)-әдебиеттің аристотель заманынан бері келе жатқан дәстүрлі үш тегінің бірі; басты ерекшелігі-адамның көңіл-күйін, сезім дүниесін бейнелеп көрсетуі.

Лирикадағы тартыс әдебиеттің басқа жанрларындағыдай сюжеттік ситуация арқылы көрінбейді, лирикалық геройдың күйініш-сүйніші, ой-сезімі арқылы суретеледі.

…Ақынның көңіл-күйі әрқашан өзі өмір сүрген қоғамдық ортаның хал-жайына байланысты, өін қоршаған шындықтың саяси-әлеуметтік сырымен сабақтас. Ол қуана шалқыса да, жабырқай толғанса да лирикада сөз кезеңнің отты нәзіктігі. Лириканың басқа жанрлардан, айталық, сан алуан адамдардың қарым-қатынасын, қоғамдық тартыс-шиеленісті баяндайтын көлемді, оқиғалы шығармалардан айырмасы да, артықшылығы да осында.

Егер эпикалық жанрдың ең басты ерекшелігі уақиғаның қалай баяндалып, суреттелуінде болса, лирикалық шығарманың күші, қуаттылығы алдымен адамның көңіл-күйін, өмірден алған әсерін бейнелеп жеткізу шеберлігімен ұштасып жатады. Адамның жан сезімін, көңіл-күйін тікелей, лирикаға тән ерекше сыршылдықпен айтып жеткізудің ұтымдылығы өмір құбылыстарын, табиғатты айрықша сергектік, сезімталдықпен қабылдаудан, сезім-әсер байлығынан туады.

Әр халықтың лирикалық өлеңдері оның ауыз әдебиетінен бсталады. Мысалы, қазақ лирикасының басы баяғы тұрмыс-салт өлеңдерінде-тойбастар мен жар-жарда, сыңсу мен беташарда немесе қоштасу мен көңіл айтуда, естірту мен жоқтауда жатыр. Солардан өрбіген лирикалық сарын толассыз дамып әр түрлі ән өлеңдеріне, толғау, жырларға тоғысқан да, одан лиро-эпосқа сіңген.

  Адам, адамның қоғамда атқаратын қызметі, оның моралдық, мінез-құлықтық сипаты, өмір, уақыт, Отан туралы поэткалық байыптауларға, философиялық тұжырымдарға бара алатын әр кезең өзінің лирикалық герой характерін анық танытарлық ой, пікір, болжам айтады. Ол әрі жасампаз, әрі қажетсізді қирата да алады. Ол сүйінеді, күйінеді. Ол жақсыны дәріптеуден, жаманды сынаудан шегінбейді.

Отты сезім, ойға бай түйіндеулер арқылы лирикалық геройдың заманға лайықты ірі, сом тұлғасын жасай алуының сыры-оның ең алдымен, ақындарымыздың қоғам өмірінің  әр саласына ой жіберуіне, әлеуметтік қайшылықтардың сырын ашуға қоғамдық көзқарас тұрғысынан келуіне байланысты.

Лириканы сөз еткенде, лирикалық қаһарман туралы айтпай мүмкін емес. Лириканы сөз еткенде, лирикалық қаһарманның басты ерекшелігін айқындайтын қасиеттер-ақынның қоғамдық, эстетикалық мұраттары, идеалдары, өмір құбылыстарын, дәуірді, халық тағдырын өзінше түсініп-сезінуі. Сонда лирикалық қаһарман деген ұғым ақынның көптеген шығармаларындағы ой-сезім дүниесінің, мақсат-мұраттардың бірлік-тұтастығн танытады. Жекелеген шығармада лирикалық қаһарман бейнесі бір қырынан ғана көрінетіні табиғат лирикасының кейбір үлгілері мысал бола алады. Лирикалық шығармада көбіне-көп қоғамдық күрделі ой-пікірлер, ақынның жеке адамға деген ыстық сезімі, не болмаса сезімін қозғаған табиғаттың бір көрінісі-бәрі тығыз байланысып жатады. Мәселе тек қай шығармада қай жағы басым келетінін ескеруде. Қорыта айтқанда, қаһарманның бейнесі мейлінше толық, жан-жақты қалпында ақынның бір ғана емес, көптеген туындылары арылы танылатынын есте ұстау керек.

Нағыз лирикалық шығармалар жеке адамның жан дүниесін, толғанысын, тағдырын бейнелеп, сол арқылы бүкіл бір ортаны, қоғамды, заманды сипаттап береді. В.Г.Белинскийдің «ұлы ақын өзі туралы, өзінің жеке басы туралы айтса да, көптің тағдырын, адамзат жайын сөз етеді»,-деуі сондықтан лирикалық қаһарманның терең байланыста суреттелсе, соғұрлым ол тптік қасиеттері мол, сомдап жасалған ірі тұлғаға айналып, дәуірдің көрнекті өкілі болып шығады.

Лирикалық өлеңдерінің бүкіл әлем әдебиетіндегі дамуы тұрғысынан сөз етсек, оның мынандай түрлері болғанын білген жөн: баллада, идиллия, мадригал, ода, сонет, элегия, эпиталама, эпитафия, эпиграмма т.б.

Әдебиет зерттеушілері шартты түрде лириканы мынандай түрлерге бөледі:саяси лирика, философиялық лирика, табиғат лирикасы, махаббат лирикасы.

         Лириканы бұлай саралаудың бірқатар мәні бар: оның әр түрінен ақынның әр қырын тануға болады. Мысалы, Абайдың махаббат лирикаларынан оның сұлулыққа көзқарасынан бастап терең гуманизміне дейінгі талай қырын аңғаруға болады.                                                              

 Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы,

                       Аласы аз қара көзі нұр жайнаған.

                       Жіңішке қара қасы сызып қойған

                       Бір жанды ұқсатамын туған айға

                       Сөзбен салынған суреттей-сұлу бейне.

                       Қызарып, сұрланып,

                       Лүпілдеп жүрегі.

                       Өзгеден ұрланып,

                       Өзді өзі керегі.

Мұнда адамның сырт құбылысының өзінен-ақ ішкі сезімі көрініп тұр.

Пушкин аудармасына:

                       Шеш көңілімнің жұмбағын,

                       Әлде бәрі-алданыс

                       Жас жүрек жайып саусағын

                       Талпынған шығар айға алыс,-

дейді. Ақын кемелденген, есейген.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Лирикалық тектің қандай жанрлық түрлері болады?

2. Лирикалық бейнелеу тәсілінің ерекшелігі неде?

3. Лирикалық қаһарман сыры деген не?

4. Лирикалық шығармалар және тақырып мәселесі.

5. Лиро-эпостық шығармалардың ерекшелігі неде?

6. А.Байтұрсыновтың лирика туралы пікірін білесің бе?

 

Пайдаланатын әдебиеттер

1.      А.Байтұрсынов «Әдебиет танытқыш» Кітапта: шығармалары. А.,1989

2.      З.Ахметов «Өлең сөздің теориясы» А., 1973

3.      З.Қабдолов «Сөз өнері» А., 1976, 1982, 1992

4.      З.Ахметов «Абайдың ақындық әлемі» А., «Ана тілі» 1995

5.      М.Әуезов «Әдебиет тарихы» «Ана тілі» 1991

6.      Б.Кенжебаев «Қазақ өлеңінің құрылысы» А., 1955

7.      С.Негимов «Өлең өрімі» А., 1970,

8.      С.Негимов «Ақын-жыраулар поэзиясының бейнелілігі» А., 1991

 

                           Драмалық тек және негізгі жанрлары

 

Қаралатын мәселелер:

- драмалық бейнелеу тәсілдерінің өзіндік ерекшеліктері;

- драмалық туындының синтетикалық сипаты;                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                     

- драматургия және театр;

- А.Байтұрсынов, М.Әуезов драма ерекшелігі хақында;

- драмалық негізгі жанрлар: трагедия, комедия және драма;

- қазақ драматургиясында бұл жанрлардың туу, қалыптасу тарихы.

 

Драма (грек сөзі-қимыл,әрекет)-шындықта айрықша тәсілдермен синтез қалпына келтіріп, шиеленіскен тартыстар үстінде жинақтап, оқиғаға қатысатын адамдардың сөзі мен ісі арқылы көрерменнің көз алдында «әдебиеттің ең қиын түрі». Себебі, драматургияда шарттылық басым.

Біріншіден, драмалық шығармаға көлемі жағынан шек ойылады, 70-80 беттен аспауы шарт.

Екіншіден, драмалық шығарма тек қатысушылардың сөздерінен құралады. Шындық пен образ диалог пен монологқа негізделеді, авто сахна сыртында қалады. Сондықтан, драмадағы ең негізгі нәрсе-тіл. Пьесадағы әр сөз мірдің оғындай өткір, көкейге қона түсетіндей таза, санаға әсер ететіндей мағыналы да мәнді болуы керек. Драма тілі тұжырымды да түйінді болады.

Үшіншіден, қимыл-әрекет жоқ жерде драмалық шығарма да жоқ. Демек, драмаға шымыр шиеленіс, шиыршық атқан тартыс керек.

Төртіншіден, драмадағы шындық көркемдік шешімін тек сахнада табады, драмадағы образ тек сахнаа жасалады. Гогольдің сөзімен айтсақ: «Драма сахнада ғана тіршілік етеді; сахнасыз драма-денесіз дем». Пьесаны сахнаға шығару жолында режиссердің, актердің, суретшінің композитордың, түрлі саладағы жұмысшылардың еңбегі жұмсалады. Сөйтіп сахналық шешімін тапқан драматургиялық шығарма көрермен көңілінен шыға ма, жоқ па?! Бұл негізгіқиындық.

Біздегі театр өнерінің ұлттық негізгі халықтың өзінде жатқанеді: ел ішінде ежелден келе жатқан ойын-сауық, ән мен күй, жар-жар мен беташар, естірту мен жоқтау, айтыстар мен шешендік сөздер, түрлі             толғаулар мен күлдіргі әңгімелер.

Драмадағы ең шешуші нәрсе-тартыс.

Көлемді эпикалық шығарманың сюжеті секілді, драмадағы тартыстың да кезең-кезеңді басталуы мен байланысы, шиеленісі мен шешімі болады; драмалық шығармалардың классикалық үлгілерінде бұл кезеңдер композициялық жағынан шебер қиыстырылып, оқиғаны өрбітуі тәртібі жазылмаған заң ретінде қатал сақталады.

Эпос пен лирика секілді, драманың да бірнеше жанрлық түрлері бар. Соның бірі-трагедия (грек сөзі-текенің әні)-құдіретті күш иесі, ғаламат қайсар, ер де өр тұлғалардың жаратылыстағы, жалпы өмір-тіршіліктегі адам жеңіп болмас асқақ кедергілермен кескілесуіне, оның жан дүниесіндегі терең тебіреністерге, өзімен өзінің іштей арпалыстарына құрылған күрделі сахналық шығарма. Трагедиядағы оқиғалар әдетте қатерлі, қайғылы халден туындап, бас қаһрманның қазасымен-мұңмен, зармен бітіп отырады.

Драматургияның келесі бір түрі-комедия  (грек сөзі-күлкілі, қызық ән)-өмірдегі келеңсіздікті, жағымсыз құбылыстарды, адам бойындағы оспадарлықты, мінезіндегі ерсілікті сықақпен сынап, келекеге айналдыратын күлдіргі пьеса.

Трагедия ежелгі Эллада елінде, көне гректерге көктем сайын жүзім мен шарап шаттығын сыйға тартып тұрытын тек тұрпатты Дионис құдайдың құдіретіне бас ию сауығы мен сналатынынан туған. Сайранды ұйымдастырушы топ хормен жамырап, Дионис туралы аңыз-трагедия (трагодс-теке, ода-ән) яки текенің әнін орындайтын болса, комедияның басы да осы Дионис мейрамында жатыр: өлген «текенің» қайта тірлуін көне гректер енді комедиямен (комиос-көңілді топ, одэ-ән) яки көңілді әнмен, күлдіргі ойындармен, қызықты бимен құттықтаған.

Комедияның күші-күлкіде, күлкінің күші-шыншылдық пен табиғилықта. Шыншыл әрі табиғи күлкі терең мазмұнды тартыстан туып, толыққанды юморлық, не сатиралық образдарға көркем жинақталып, парасатты, биік идеяға шебер бағындырғанда, ғана бұл жанрдың шын мәніндегі шынайы шығармасына айнала алады.

Қорыта айтқанда, драма-сахнаға арналған, оқиғаны, оған қатысушы кейіпекрлердің іс-әрекетін, көңіл-күйін көрсету арқылы баяндайтын әдеби шығармалар.

Драмалық шығармада кейіпкер өздерінің айтатын сө арқылы, сонымен бірге сахнадағы қимыл-әрекеті, жүріс-тұрысы, сонда байқалатын жай-күйі арқылы бейнеленеді. Кейіпкердің жеке қалып айтатын сөз (монолог), бір-бірімен өзара сөйлесуі (диалог)-бұлар оның характерін, қоғамдық мәселелерге көзқарасын сипаттаудың басты тәсілі. Біз болып жатқан, өткен жағдайларды кейіпкерлердің айтуынан біліп, солардың көзімен көріп, қуаныш-қайғыға берілуінен, ойлау-сезінуін терең көрсететін лирикалық тәсіл мен тұтас бір шиеленіскен оқиғаны баяндайтын эпкалық жанрға тән көркемдік тәсіл ұштасып жатады.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Драма деген не? Оның қандай түрлері бар?

2. Драманың бейнелеу тәсілдерінің ерекшелігі неде?

3. Драмалық туыңды қандай сипатта болады?

4. Трагедия және оның өзіндік ерекшелігі.

5. Комедия және ондағы өмір көрінісі.

6. Драмалық туындыдағы тартыс және кейіпкер.

 

Пайдаланатын әдебиеттер

1.      А.Байтұрсынов «Әдебиеттанытқыш» Кітапта: шығармалары. А.,1989ж

2.      З.Қабдолов «Сөз өнері» А., 1976, 1982, 1992ж

3.      М.Әуезов «Әдебиет тарихы» «Ана тілі» 1991ж

4.      М.Горький «Әдебиет туралы» А., 1954, 1984ж

5.      С.Мақпыров «Әдебиеттің тектері мен түрлері» А., 1994ж

6.      Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Құр. З.Ахметов А., 1997ж

7.      Р.Нұрғалиев «Трагедия табиғаты» Алматы 1968ж

8.      Р.Нұрғалиев «Күретамыр» А., 1973ж

9.      Р.Нұрғалиев «Айдын» А., 1985ж

10.  Р.Нұрғалиев «Телағыс» А., 1986ж

 

                                                   Әдеби процесс

 

Қаралатын мәселелер:

- әдеби дамудың тарихи сипаты; 

- әдеби даму-әдеби процесс;

- әдеби процестің үздіксіздігі және ұлттық ерекшелігі;

- әдеби даму заңдылықтары;

- дәстүр және жаңашылдық, өнердегі дәстүр жалғастығы.

 

Бұл белгілі бір дәуірде, сонымен қатар, ұлттар мен елдердің, аймақтардың, әлемнің күллі тарихи кезеңдерінде өмір сүріп жатқан әдебиеттің тарихи-заңды қозғалысы. Әдеби процесс әрбір тарихи кезеңде әлеуметтік, идеологиялық және эстетикалық тұрғыдан жазылған әр алуан сападағы кесек образдар мен қарапайым бейнелер кескінделген қара дүрсін шығармалардан-көпшілікке арналған әдебиеттерге дейін өз бойына үздіксіз сіңіріп отарыд. Мұның қатарына олардың жиі жарық көретін жарияланымдар мен басылымдарды, әдеби сын, естеліктер, әдеби эпистолярлық жанрларда жазлығна оқырмандардың үн қатысуы да жатады.

Әдеби процесс термині ХХ ғасырдың 20-30 жылы пайда болып, 60 жылдары кеңінен қолданыла бастады.

Әдеби процесс әдебиет тарихын тарихи-әдеби тұрғыдан қарастыру барысында маңызды пролеманың бірінен саналады. Егер өмірбаяндық методтың жақтаушылары классикалық және романтикалық эстетиканың ізінше бірыңғай кемеңгерлердің туындылары мен ұзақ үлгілеріне ғана ден қоятын болса, онда ХІх ғасырдың екінші жартысындағы ғылыми әдебиеттану әдебиетті зертеу ісіндегі әсіресе талғампаздықтан бой тарта отырып, жазушы туындыларының көркемдік деңгейіне, иделогиялық бағыт-бағдарына қарамастан, мұны зерттеу пәні ретінде қарастырады.

Әдеби процесс-адамзатың эстетикалық, рухани құндылықтарының толығуының тарихы. Әдеби процесс-жеке тұлғалар өзінің әкелген айрықша көркемдік ашалымдарымен, өзіне дейінгі құндылықтармен қайшылыққа түсе отырып, оны қозғалысқа келтіре отырып, әдеби процесстің құрамында кезеңдік, жалғастырушы, өзгертуші қызмет атқарады.

Алайда, техниканың даму заңдылықтарындағыдай әдебиет пен өнерде жаңа көркемдік ашылымдар өзіне дейінгі бар көркемдік құндылықтарды жою арқылы дамымайды қайта ондағы қайсібір дәуір мен кезеңдердегі көркемдік  ашылымдарға әр беріп, үндесіп отырады. (мысалы: М.Әуезовтің «Абай жолындағы» фольклор, этнография дәстүрлері, Ш.Айтматов шығармаларындағы «мифтік» бастаулар т.б.)

Әдеби процесс-эстетика мен әдебиеттанудың, өнердің теориясы мен тарихының, сондай-ақ поэтикасының ортақ көркемдік категориясы. Ғаламда бәрі өзгереді, қозғалысқа түседі. Әдеби процесс-көркемдік дүниенің қозғалысы мен дамуын зерттейтін методологиялық әдіс.

Бақылау сұрақтары:

1. Өнер дамуы мен қоғамдық өмір байланысын қалай түсінесің?

2.  Әдеби дамудың тарихи сипаты қандай?

3. Әдеби процесс қандай құбылыс?

4.   Көрнекті жазушы мен талантты сыншының әдеби процесте алатын орны қандай?

5. Әдеби дамудың қандай заңдылықтары болады?

6.  Дәстүр дегеніміз не?

7. Дәстүрдің әдеби дамуға тигізетін ықпалы қандай?

 

Пайдаланатын әдебиеттер:

1. Қ.Бекхожин «Дәстүр және жаңашылдық» Алматы – 1979ж

2. Р.Бердібай «Дәстүр тағлымы» Алматы – 1974ж

3.      А.Байтұрсынов «Әдебиеттанытқыш» Кітапта: шығармалары. А.,1989

4.      З.Қабдолов «Сөз өнері» А., 1976, 1982, 1992

5.      М.Әуезов «Әдебиет тарихы» «Ана тілі» 1991

6.      Ғ.Мүсірепов «Заман және әдебиет» А. 1982

7.      М.Горький «Әдебиет туралы» А., 1954, 1984

8.      Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Құр. З.Ахметов А., 1997

9.      Н.Ғабдуллин «Замандас келбеті» А., 1972ж

10.  Ж.Дәдебаев «Өмір шындығы және көркемдік шешім» А., 1991

 

Көркемдік әдіс.

Әдеби ағым-бағыттар. Стиль

 

Қаралатын мәселелер:

-  көркемдік әдіс негізі - дүниетаным;

- өнер дамуының әр кезеңдеріңде туып, қалыптасқан көркемдік әдістер;

- бұлардың арасындағы сабақтастықтар мен айырмашылықтар;

- романтизм әдісі, оны туғызған қоғамдық-әлеуметтік жағдайлар;

- реализм әдісі, оның пайда болуы және қалыптасу тарихы;

- социалистік реализм және оған қазіргі көзқарас;                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                        

- әдеби ағым-бағыттар ерекшелігі;

- орыс және қазақ әдебиеті тарихындағы әдеби ағым-бағыттар мен мектептер;

- әдеби стиль жайлы ұғым;

 

Көркемдік әдістің негізі-дүниетаным. Өйткені көркем шығарма жазушының өмір тарихымен тікелей байланысты. Жазушының творчествоы оның адамдық болмысымен, азаматтық бітімімен өзгеден бөлек өз өмір тәжірибесімен, білімімен, мәдениетімен, дүниетанымымен біте қайнасып жатады. Әрбір жазушның бүкіл шығармашылығының өн бойынан идеялық-көркемдік негіздің (идея-тақырып-мінез-тіл) тек сол жазушыға тән осындай шығармашылық ерекшелік.

Стиль деген терминнің мағынасы әр түрлі: байырғы римдіктер сырлы тақтаға сөз жазатын бір ұшы қалақша, бір ұлы сүйір таяқшаны стиль деген болса, кейін әркімнің қолтаңбасы, жазу өрнегі, сөз мәнері, сөйлеу машығы, ақыр аяғында әр суреткерге тән өнер ерекшелігі стиль атанған. «Тмінез қандай болса, стиль де сондай» деген Платоннан бастап, «Адамның барлық қасиеті стильде тұрады» деген Стендальға дейін талайлар стиль туралы өз пікірлерін айтқан.

Стиль деген-ұғым ғылым мен өнер атаулының бәріне қатысты және олардың әр саласындағы сипаты әр түрлі. Ғылым мен өнер ғана емес, бұл ұғым өмірде де жиі кездеседі: жұмыс стилі, кеңсе стилі, газет стилі, киім стилі т.б.

Әдеби стиль - эволюция үстіндегі, диалектикалық даму үстіндегі құбылыс.

    …шын мәніндегі ірі жазушының стилін оның суреткерлік бітімінен бөліп қарауға, оның әдеби беті мен бағытын, бүкіл творчествосының мазмұны мен рухын белгілеген ағымнан не әдісін ажыратып әкетуге тіпті болмайды. Стиль-өнер ерекшелігі. Осындай өнер ерекшелігі бір емес, бір топ суреткерге тән болуы мүмкін.

…бір топ жазушының бүкіл суреткерлік өнеріндегі белгілі бір уақыт пен кеңістікке сай идеялық-көркемдік бірлікке оларды ұқсас сипаттар мен ортақ сырлар алып келеді. Дәл осы бірлік-әдеби ағым. Демек, стиль-бір жазушыға тән творчестволық ерекшелік болса, ағым бірнеше жазушыға тән творчестволықбірлік; стиль-әр жазушының дара қасиеті болса, ағым-әр алуан жазушының ортақ сипаты; стиль-жалқыға тән ұғым болса, ағым-жалпыға тән ұғым; стиль-әр жазушының әдеби беті болса, ағым-әр жазушының әдеби бағыты.

Әрбір әдеби ағымды әр қоғамдағы таптық жағдай туғызады. Әрбір әдеби ағым-әр дәуірдегі идеологиялық күрестің әдебиетегі көрінісі.

Әдеби ағым-тарихи категория: жалпы қоғамдық дамудың белгілі кезеңінде белгілі саяси-әлеуметтік сипатына сәйкес туады да, сонымен бірге дамып, бірге жоғалып отырады. ХҮІІ ғасырдың аяқ жағында туып, ХҮІІІ ғасырдың орта тұсына дейін өнер атаулының бәрінде, әсіресе Европа әдебиетінде кең өріс алған ағым-классицизм (латынша-үлгілі, өнегелі бағыт).

Классицистер қалмынан туған көркем шығармалар «өнердің табиғилығы мен еркіндігін талақ етті; шындыққа болған адамдар орнынан ешбір елде, ешбір жерде болмаған дерексіз елестер қаптап кетті» (Белинский).

Осы тұстағы (ХҮІІІ ғасырдың ортасы) өмірдегі абсалютизммен күрес идеясынан туған сентиментализм (француз сөз-сезімталдық) өнерде классицизмді ауыстырар тың ағым болып қалыптасты. Сентиментализм әуелі Англиядан ағылшын жазушысы Стерннің «Сентиментальдық саяхатынан» басталды да кейін Францияға, Германияға, Россияға ауысты.

Сентиментальдық шығармаларда сезімге табыну әбден шарықтау шегіне жеті: кітап беті ашылса-ақ болғаны, көңілдегі кірбің, көздегі жас, көкейдегі мұң-шер ағытыла жөнелетін, сондықтан бұл ағымның да ұзаққа созылмады. Жалпы дүниежүзі әдебиеттің даму тарихына көз жүгіртсек классицизм мен сентиментализмнен басқа да, өмірде ірі мақсат та, асыл мұраттар да жоқ, тіршілік ұсақ түйектен ғана тұрады деген кертарпа ұғымға негізделген натурализм, әдебиеттегі мазмұн дегенді біржола ұмытып, жалаң пішінді ғана қуалаған жат сарынды формализм, оның асқынған түрі-абстракционизм, бұлардың «бел балалары»-әсіре қызыл экспрессионизм, бет алды лаққан футуризм, дарашыл, күйрек импрессионализм, күңіренген символизм, діни мистикалық акментизм, қылтың-сылтыңға толы имажинизм, күллі кертартпа ағым атаулының бүгінгі буржуазиялық өнердегі қырық құрау қосындысы-өңі айналдырып, қайта тысталған түрі модернизм секілді ағымдар болды.

Әдеби творчестволық процесте стиль мен ағымнан гөрі әлдеқайда тұрақты әдіс деген ұғым бар.

Стиль мен ағым тарихи категориялар болса, әдіс олай емес; стиль мен ағым қайталанбайтын құбылыстар болса, әдіс-қайталанып отыратын құбылыс; стильмен ағым-құбылмалы нәрселер болса, әдіс-тұрақты нәрсе.

М.Қаратаев «Социалистік реализмнің қазақ прозасында қалыптасуы» атты еңбегінде: «Творчестволық әдіс-өмірді образбен бейнелеп, көркем шындық жасау жолы. Екінші сөзбен айтқанда, өмірдегі болмыс дүниесінен өнер дүниесін, яғни тұтас бір шығарма көлемінде көркем образдар жүйесін жасау жолы. «жолы» деген сөзді кең мағынасында алып, оған біз акт, процесс, тәсіл деген ұғымдарды сыйғызып отырмыз, өйткені әдіс іс жүзінде осы ұғымдардығ қызметін қоса атқарады»-дейді.

Көркемдік әдіс-бір адамға ғана тән стильде емес, бір қоғамға сай ағым да емес, мұның екеуінен де әлдеқайда кең ұғым, барлық адамдар мен қоғамдарға тән, өнер атаулының бәріне ортақ, тұрлаулы әрі тұрақты нәрсе және заты көркемдік әдіс деген атымен бірге емес, өнердің өзімен бірге туып, өнер арқауы-өмірдің өзімен бірге дамып, жетіліп келе жатқан табиғи, тұтас құбылыс.

Көркемдік әдіс-өмір шындығын өнер шындығына айналдыра отырып саралап, белгілі бір қоғамдық идеал тұрғысынан қайта туғызудың айрықша типі.

Сонымен, көркем творчестволық әдіс екеу-романтизм және реализм. Романтизмнің өзіне тән ерекшелігі: суреткер шындық қиялға негізделеді; шығарманың идеялық көркемдік арқауында асқақ арман, көтеріңкі пафос жатады, автордың тілі де тым бояулы, мейлінше лепті, ерекше әсерлі келеді.

Қай кезде жасамасын өзге ел жазушылары да өз шығамаларында реализм мен роматизм араласып жатады; осылардың әрқайсысы роматизмнен реализмге келе жатады; әдеби дамудың обьективті заңы,әдеби әдістің эволюциясы осылай жылжуға тиіс. Әдебиеттегу реализм өзінің даму тарихында өзіне қарсы түрліше кертартпа ағымдармен күресе отырып нығайды.

            Реализм (латынша-заттылық, шындық)-әдебиет пен өнердегі кең қанат жайған, өмір құбылыстарын бар қалпында, нақты сипат-белгілерін сақтай отырып, жинақтап, тұжырымдап, шыншылдықпен бейнелеудегі мақсат ететін. Көркемдік әдіс.

Бақылау сұрақтары:

1. Әдеби ағым – бағыт деген не?

2. Олардың ерекшелігі қандай?

3. Қазақ әдебиеті тарихындағы қандай ағым-бағыттарды білесің?

4. Әдеби ағым-бағыттардың әдеби процесте алатын орны қандай?

5. Стиль және әдеби стиль деген не?

6. Стильдік ерекшеліктердің танылу ауқымы қандай?

7. Әрбір көркемдік әдістің, ағым-бағыттың стильге қатысы қандай?

Пайдалануға ұсынылатын әдебиет                                                                                              

1.  Ахметов 3. Өлең сөздің теориясы. — Алматы, Мектеп, 1973.

2.  Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. Кіт: Шығармалары. - Алматы, 1989.

3.  Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. - Алматы, 1969.

4.  Қабдолов 3. Сөз өнері. - Алматы, 1992; 2002.

5. Әдебиеттануға кіріспе. Хрестоматия. Құрастырған: С.Мақпыров А., 1991.

6. Джунышбеков Н. Введение в литературоведение. А., КазНУ им. Аль-Фараби, 2005.

7.АхметовЗ. Абайдың ақындық әлемі. - Алматы, Ана тілі, 1995.                          8. Ахметов 3. Казахское стихосложение. - Алматы, 1964.

9. Атымов М. Көркем шығарма композициясы туралы. - Алматы, 1969.

10. Белинский В.Г. Шығармалары. Сын мақалалары. - Алматы, 1987.

11. Добролюбов Н.А. Әдебиет туралы мақалалары. - Алматы, 1955.

12. Дәстүр және жаңашылдық. Екі томдық. - Алматы, Ғылым, 1980-1981.

13. Жұмалиев Қ. Стиль - өнер ерекшелігі. — Алматы, 1966.

14. Горький М. Әдебиет туралы. Алматы, 1954; 1984.

15. Қабдолов 3. Көзқарас. Талдаулар мен толғаныстар. - Алматы,1996.

16. Кенжебаев Б. Қазақ өлеңінің құрылысы. - Алматы, 1955.

17. Майтанов Б. Суреттеу мен мінездеу. -Алматы, 1991.

18. Мақпыров С. Әдебиетгің тектері мен түрлері. -Алматы, РБК, 1994.

19. Мәшьүр - Жүсіпов Қ. Өлең - сөздің патшасы. -Алматы, 1991.      20.Негимов С. Өлең өрімі. Ғылым, 1970; Ақын-жыраулар поэзиясының бейнелілігі. -Алматы, Ғылым, 1991.

21. Нұрғалиев Р. Трагедия табиғаты. -Алматы, 1972.

22. Пірәлиева Г. Ішкі монолог. -Алматы, Ер - Дәулет, 1994.

23. Стиль сыры. Жинақ. - Алматы, Ғылым, 1991.

24. Ысқақұлы. Сын жанрлары. - Алматы, Санат, 1999.

25. Әдебиеттану. Терминдер сөздігі. - Алматы, Ана тілі. 1998;2006.

26. Әдебиеттану. Сөз өнерінің сырлары. Мектеп оқушыларына әдебиетті тереңдеп оқытуға арналған көмекші құрал (құраст. Ә.Дайырова, Қ.Бітібаева, С.Мақпырұлы, Г.Құрманбаева). - Алматы, Мектеп, 2003.

27.  Волков И.Ф. Творческие методы и художественные системы. Изд.        2-е. -Москва, 1978.

28.  Виноградов В.В. О языке художественной прозы. - Москва, 1980.

29. Словарь литературоведческих терминов. Сост. Л.Тимофеев, С.Тураев. -Москва, 1974.