№ 5 Тақырыбы: Шалкиіз жырау.

                                               Жоспары:.

1.Шалкиіз жырау өмірі және шығармашылығы

2.Шалкиіздің толғауларының мәні.

3. Шығармашылығының зерттелуі.

 

                               Пайдаланылатын әдебиеттері:

1.Х.Сүйіншалиев Қазақ әдебиетінің тарихы.А.,1997,366-374 беттер.

2.Бес ғасыр жырлайды.1 том .А.,1989,107-111- беттер.

3.М.Мағауин Ғасырлар бедері. А.,1991,104-120 беттер.

4.М.Мағауин Хандық дәуіріндегі қазақ әдебиеті.А.,1994.

   

 

                         Шалкиіз поэзиясы –қазақ өлең дүниесінің баға жетпес қымбаттарының бірі.

     Жыраудың өмірбаяны жөнінде проф.Х Сүйіншалиев мынандай деректер келтіреді:Халық Шалгезді  бірнешехандар тұсында қызмет еткен ,әрі батыр,әрі жырау деп аңыздайды.Ол ноғайлы –қазақ дәіріне шығып,Жәнібекті,орақты,Мамайды,Би Темірді көрген.

 Шалгездің бізге жеткен шығармалары  негізінде жыр,толғау дәстүрінде келеді.

Х. Сүйіншәлиев әдебиет тарихында Шалкиіз  жөнінде жүйелі зертте уұсынады.Негізгі алғашқы құнды деректерді  ғалым еңбектерінен ұшыратамыз.

    М.Мағауин мәліметінше Шалкиіз шығармалары төңкеріске деін 12 рет басылыпты.М.Мағауин Шалкиіздің қазақ әдебиеті  тарихындағы,қазақ жыраулар поэзиясындағы қайталанбас орнын нақты,дәл дәйектермен,күрделі көркемдік талдаулармен  негіздей түсті.Жыраулар өнернамасында Шалкиіз поэзиясыны бергені,бұрынғы –соңғыдағы көркемдік құбылыстармен ара қатынасы  туралы кең қамтып, даусыз аса қисынды тұжырымдар жасады.

 Әсіресе, Шалкиіз поэзиясының  Бұхарға, Махамбетке әсерін талдауы,соларды салыстыра,қарастыра келе, '' Жалпы Шалкиіздің кейінгі әдебиеттегі әсері- өз алдына зерттеуге тұрарлық,қызғылықты әрі күрделі тақырып” деген тоқтам жасауы  құнды пікірлер.

       Ғалым Шалкиіз шығармаларын  көркемдік, сөздік қолданыс  жағынан талдады,оның өзіндік ерекшеліктерін айғақтады.

               Жапырағы жасыл

               Жайқалмағы жеңдеп дүр...

               Шақырмақ бұл жай тастар

               Ағытқан қойды жол бастар,

               Ақ шекпенді жол бастар,

               Шешен адам сөз бастар.

      Шалкиіздің “Алаштан байтақ озбаса” , “Жебелей желге жүгірген”, “Жапырағы жасыл бәйтерек” т. б. жырлары батырлық,жаугершілшік жайларын қозғайды.

  Жыраудың  би Темірге арнаулары  ең алдымен көркемдік құпиясын құдіретпен ауыздықтаған  үздік өлең,әлемдік деңгейдегі  поэзия.Тұнып тұрған теңеу айдарлы сөз.Шалкиіз сөзге көңілдің  бар күйін сесін де ,кегін де ,айбарын да ақыл,өсиетін де ,өзі мен өзгеге берер бағасын да ,ханына деген өксікті өкпесін де сыйғызады.

              Аспанды бұлт құрсайды

              Күн жауарға ұқсайды,

              Көлдерде қулар шулайды.

              Көкшіліден ол айуан,

              Соққы жегенге ұқсайды,

              Көп ішінде бір жалғыз.

              Көп мұңайып жылайды.

              Күйбеңдескен көп жаман,

              Сөзі тигенге ұқсайды.

        Жыр арнаулар тұтастай троптпрдан тұрады десе де болады.Жыраулар поэзиясының барша көркемдік кездері,шарты мен салты көрініс беріп жатқанөлең.Арабы,торым,алдаспаным,қағбамсың,алтынсың,жібексің,сұлтансың,сұңқарсың.

      “Ағынды сулар ,аймақ көл”, “Жақсының жақсылығы сол болар”,”Асқар,асқар ,асқар тау ”,”Жалп-жалп ұшқан жапалақ,”Туырлықсыз қара үйге”,”Жауынды күні көп жүрме, шығармақ бұлт жай тастар”,”Жайыңды білген қарындас”,”Айғырдан туған жампоз бар”,”Қатынасы биік көлдерден”,т.б. жырларында Шалкиіз дүние шарттарын,тіршілік заңдарын алға тартады. Сол жаратылыспен үйлесіп ғұмыр кешудің жолдарын үйретеді.Өнеге,өсиет сөзін нақылға айналдырады.

   Жыраудың көпшілік шығармасы  жаугершілік заман күйін шертеді.Оның ішінде батырға мадақ та,жауынгер мұраты да,ауыр жеңіліс сәттің  азалы күйге бөккен  мұнар күні де: жеңіс қуанышы да жүреді.Шалкиіз батырының қимылы кесек,ісі ірі.Жаны жадағай,  сезімі ұшқыр тұнық.Шалкиіздің батырына шаң жұқпас  қайқы қара болат өтпейді. Бір ойында алпыс ала балта сындырады. Атаның батыр туған ұлы,ойда жатуды мін көреді.

      Бұл жыр тоғыз түйдекке бөлінген 133 жол өлең.Жыр жодасымды айтайын деп басталады. Жырау өңшең батыр арыстан  атанған ерлер –Қоянақ ұлы Қожақ,Кәрік ұлы Шора,Көкшенің ұлы Қосай,Естерек ұлы торғын,Мұсаным ұлы Мамай сияқты жалпақ қазаққа  мәшһүр батырлар. Халық эпосының кейіпкерлеріне айналған тарихи тұлғалар. Жыр айдынында  Димас,Бекімұлы Жомай,Қара ұлы Сидақ сияқты батырлар да айтылады. Жыр осы ерлерге мадақ. Қазтуғанда кездесетін батырлар  жырларындағы кездесетін дәстүрлі  теңеулер мұнда аз емес. Жырда, Мұрат қосқан сөздердің болуы да даусыз. Соғыс сәтіндегі суреттер,қимыл қозғалыс шақ қосқабат өріліп отырады,бірінен-бірі асқан әр тұлғаларға  масаттану,марқаю.Батырлар жырының кең көсілген, алысқа шапқан,ұдайы үдете отырып,үздіксіз түскен жыр түйдектері. Суырыла шапқан,жорық сәтіндегі батыр бұл жырда мынандай суреттермен  әр қырынан,әр қалыпта ашылады.

                    Алдынан қара кетпеген.

                 Артынан адам жетпеген

                 Ту сыртынан қарасаң,

                 Дөнен бұқа шүйделі.

                 Қарт бурадай қабақты,

                 Жауды көрсе жайнаған

                 Жай атасындай қайнаған...

                 Жаурыны жазық мойыны ұзын,

                 Оң тартқанда қолы ұзын,

                 Маңдайының арасы

                 Екі қарыс екі елі,

                 Дуынға сыймас шекелі...

                Адырнасын ала өгіздей мөңіретпек,

                Дұшпанын саулы інгендей еңіреткен...

                Құйқылжыған құла жирен ат мінген,

                Бұз үстінде от жағып,

                Бұзмай булап пісіреді.

       Х.Досмұхамедұлы  Мұрат ақынға арнаған зерттеуінде “Шалгез” жыраудың  Шалкиіздің айтқаны деп Шалгез атты жыр текстін береді.

  Ер шобан-қазақ батырының қайталанбас  қырлары түрленіп түскен  оқиғалы жыр.Үздік өлең.Жырдағы Жұмай,Сұлтан,Қоян,Жылым сынды батырлар  бірінен –бірі өткен кереметтер

                ... Ол тырысқан ,тырысқан.

               Күніне мың кісімен  ұрысқан

              Жауырынына қанды көбе сыймаған

              Жағасына адам қолы тимеген

              Үйсінне Бозторғайұлы  баубек бар...

   Шалкиіз суреттеген жеңілістің  ауыр күні кейінгі қазақ поэзиясында жаңғырып отырған сарын.Шалкиіздің аза күні-Махамбеттің мұнар күні...

          Балпаң,балпаң басқан күн

          Бай ұлынан асқан күн,

          Орманбет би өлген күн.

          Он сан ноғай бүлген күн,

          Ораздының он ұлы.

          Ойын салып жүргенде.

          Жиырлының жалғызы,

          Атқан оғын таба алмай,

          Жер сабалап қалған күн.

 

 

 

 

№ 6 Тақырыбы: XVIII ғасырдағы қазақ әдебиеті. Жиембет жырау.

                                           Жоспары:.

1.Жиембет  жырау өмірі және шығармашылығы

2. Жиембеттің толғауларының мәні.

3. Шығармашылығының зерттелуі.

 

                             Пайдаланылатын әдебиеттері:

1.Х.Сүйіншалиев Қазақ әдебиетінің тарихы.А.,1997,366-374 беттер.

2.Бес ғасыр жырлайды.1 том .А.,1989,107-111- беттер.

3.М.Мағауин Ғасырлар бедері. А.,1991,104-120 беттер.

4.М.Мағауин Хандық дәуіріндегі қазақ әдебиеті.А.,1994.

   

 

                  Жиембет жырау Еңсегей бойлы Ер Есімнің Кіші жүздегі ел басқарушысы ,биі,әскер басы,батыры.Ол ханның көрші хандықтармен арадағы соғыстарына қатысады. Жырау өмір сүрген дәірде қазақ халқының ең басты дұшпаны жоңғар қалмақтар  еді.

       М.Мағауиннің айтуынша,Жиембеттің арғы атасы –Ноғайлыдан шыққан атақты  Алау батыр; тарихта аты белгілі тұлға.Жиембет-“ Еңсегей бойлы Ер Есім” жырының басты кейіпкерінің бірі.Сырым батыр жауға шапқанда, өз атасы Жиембеттің атын атап, шапқан екен.Жырау өмірбаянынан нақты детектер жоқ. Жиембеттің  кейінге жеткен үзік,үзік жыр толғаулары,сөз жоқ жыраудың жанын ашып, тұлғасын тірілте түсер  бірден бір айғақ.

     Сырт жауларға қарсы күрес,  жырау өмірнамасының  түп қазық негізі болғаны даусыз.Қазақ жыраулар поэзиясының дәстүрлі үлгілері –ханға қаратып сөйлеу,мін айту ,мадақ,Жиембет толғауларына да тән. “Әмірің қатты Есім хан’’ жырында жырау,Жолымбет батырды  арашалап сөйлейді.

Еңсегейлі бойлы ер Есім  ханның отырықшылдыққа көшкенін білдіреді.

              Қаз мойында ханыша

              Қалада тұрып жылаған...

              Тал шарбаққа мал сақтап,

              Тасқан екен мына хан!

                   ...Қайратым қанша қайтса да ,

              Мұныңа ханым, шыдаман!

              Арқаға қарай көшермін,

              Алашыма ұран десермін,

              Ат құйрығын кесермін.

   Жырау ханға өз өкпесін,осал емес екенін білдіреді.Ежелгі жыраулар өнернамасындағы  мекенінен айырылу азасы Жиембетте де бар.

               ...Қол – аяғым бұлауда,

              Тарылды байтақ ке,ң жерім!

               ...Ақ ісімді жасырмай,

              Атқа мінген ер едім,

              Қашырды бүйтіп елімнен...