№7
Марғасқа жырау.
Жоспары:
1. Марғасқа жырау өмірі және
шығармашылығы
2. Марғасқаның
толғауларының мәні.
3. Шығармашылығының зерттелуі.
Пайдаланылатын
әдебиеттері:
1.Х.Сүйіншалиев Қазақ
әдебиетінің тарихы.А.,1997,366-374 беттер.
2.Бес ғасыр жырлайды.1 том .А.,1989,107-111-
беттер.
3.М.Мағауин Ғасырлар бедері.
А.,1991,104-120 беттер.
4.М.Мағауин Хандық дәуіріндегі
қазақ әдебиеті.А.,1994.
Есім
ханның жорық жырауы.1627 жылы
Тұрсын ханның бүлігін басуға
тырысқан.”Еңсегей бойлы ер Есімді”
тарихи жыр,7 мың жол
Алғаш жырлаушы деп шамаланады.
Ей Қатағанның хан
Тұрсын
Кім анамды ант ұрсын
Жазықсыз елді еңіретіп
Жыр тәңірісіп
жатырсың
Хан емессің
қасқарсың
Қас албасты
басқырсың
Алтын тақта жатсаңда
Ажалы жеткен пақырсың
Еңсегей бойлы ер Есім
Есігіңе келіп тұр
Алғалы тұр жаныңды
Шапқалы тұр
қолыңды.
Ханға қарсы сөз айту, мін
айту, сын айту, мін көрсету, айбат көрсету, кектене, сестене
сөйлеудің қазақ жыраулар поэзиясындағы
дәстүрлі,ежелгі үлгісін Марғасқа жырау
өткірлей,өтімді ете түседі.Кейін Махамбет
Жәңгірге тура осылай сөйлейді.
Аса бай, көркемдік
құдірет-күші жөнінен әлемдегі қайсы-бір әдебиет пен де терезесі тең, қазақ
көркем сөз әлемінің
үлкен бір кезеңі,өлмейтін,өшпейтін,ғажайып
туындылар қалдырған,жыраулар поэзиясының мейілінше
толықсып, түрленіп, гүлденген, дәуірі-XVIII
ғасыр.
Бұл уақытта тарихтың талай
соқпағынан
қағылып, соғылып
өте келе жатқан халық тағдырына аса
бірқысылшаң, қиын
шақтар туған еді.
Сонау, әріде Шыңғысхан заманына
апарсақ, бес
ғасырдан астам
уақытқа ,XVIII ғасыр басынан
бір жарым ғасыр уақытқа созылған қазақ –қалмақ шапқыншылықтарының дүрілдеп тұрған кезі еді.
1606 жылы Жоңғар
қалмақтары қазақ
даласына аса бір өшпенділікпен
бастаған соғыс
үздік –создық созылып келіп ,1770 жылдары ғана
аяқталды.
1718 ыжлы Әз Тәуке қайтыс
болғаннан кейін қазақ мемлекетінің саяси ахуалы
қиындай түсті. Оның
көптеген әлеуметтік экономикалық себептері болды. Ғалым М.Мағауин
өзінің «Қазақ тарихының әліппесі» еңбегінде Әз Тәуке
қайтыс болғаннан кейінгі, қазақ даласындағы
жеңілістерді , әсіресе әйгілі “ақтабан шұбырынды
алқакөл сұлама”
қасіретін Әз Тәукенің билік
құрған уақтында Қазақ мемлекетінің,
Қазақ хандығының негізгі атрибуттарының бірі әскери күштің
әлсіреп , әзірліктің
босаңдап кетуінен болған зардаптар дегенді айтты. Әз
Тәуке мықтап ұстаған, ел бірлігі, хан қайтыс
болғаннан кейін ыдырап кетіп еді,
деген себептен емес. Не дегенде ,
1723 жылы қазақ даласына бұрын соңды
болмаған ауыр қыс, жұт келді. Көктемге қарай
арып, ашып шыққан халыққа 700 мың әскермен
жоңғарлар үлкен шапқыншылық жорығын
бастайды. 1723 жылдың
қасіреті халық
тарихында мәңгі
қалды. Елдің дастаны “Елім-ай”туды . Бұл жолы халық аяусыз
қырылды , Ата мекенін- ен қуылды.
Қарындастан айрылды .
Бұл алапат опаттың шежіресін кейінге қалдырып , айтып
кеткен ең әуелгі жыраулар
. Соның бірі емес , бірегейі Қожаберген жырау еді. Оның ел дастанына, халықтың
қаралы күндері туған әр өлеңіне
айналған “Елім-ай” дастаны сол күндері
туды да, тарихта халы халыққа, ел қасіретінің
зармұңы болып қалды. Енді қазақ елдігіне аса қауіпті шақ туған
еді.Бас араздықты, басқаны қойып халықты қайтадан
бір тудың түбіне жинау
қажет болды.Көреген
саясатшылар былайғы тарихқа барлау,бағдар жасады.Соның
нәтижесінде айдаһардай аузын ашқан, жеті басты
жалмауыздай жалаңдаған екі
алып империяның арасында жатқан қазақ еліне
мүлдем жаңа саясат керек болды.Жанашырың кім,қайтсе
бостандығымызды
басқаға бодау етпейміз деген сұрақты
қазақ тарихы көлденең тосады.Осыдан кейін қазақ
елінің Ресей құрамына кіруі басталады. Кіші жүз 1731
жылы қосылды.1740 жылы орта жүз.1742 жылы Ұлы
жүздің бір бөлігі енді.Қазақстанның
оңтүстік өлкесі Жетісу өңірі, сыр бойының
бір бөлігі XIX ғаысрдың екінші жартысына дейін өзге билікте өзге тепкіде
қалды. 1750 жағынан қытайдың ықпалы,бір
жағынан он жылдарға созылған
соғыс зардабы жоңғар қалмақтарының біржола жеңілуіне себеп
болды.Жоңғар мемелекеті жойылды. XVIII
ғасыр-қазақ тарихындағы бетбұрыс кезең
болды. Бұл ғасырдың бойында бірнеше ғасырдербес
мемлекет ретінде жасап келе жатқан қазақ халқы ата
жауды жойғанымен ,былайды тарихында
мүлдем жаңа бет,бағдар ұсынған саяси
актілер басталды. Қазақ мемлекетінің іргесі шайқала
бастады. XVIII ғасырда қазақ елінің дербестігін
сақтаймын,бір тудың астындағы туыстығын
нығайтамын деп ат үсті ғұмыр кешкен батыр аз
болған жоқ. Соның басы хан Абылай болды.Щар тарапқа
шарт ұрып,шайқала бастаған шаңырақтың
айбынын қайта орнықтыру жолында ,халқының тағдыр
тарихында Абылай атқарған ұлы істер қазақ
мемелекетінің XVIII ғасырдың соңына шейін сақтап қалды. 1781 жылы хан
Аббылай қайтыс болғаннан кейін,дербес қазақ мемлекеті
болды деп айту тарих шындығын
бұрмалау. Сол бір қилы
кезең,қиын тағдырдың көз
көргені,халықтың дәл сол тұстағы саяси
ахуалын,әскери әзірлігін,мекені мен
тұрағын,қызығы мен қуанышын,жақсысы мен
жайсаңын тізіп айтып тірі шежіре жасап кеткен жыраулар мұрасына үңілген сайын
ақиқатты арши түсеріміз даусыз.
№8
Тақырыбы: XVIII ғасырдағы қазақ әдебиеті.
Ақтамберді жырау.
Жоспары:.
1. Ақтамберді жырау өмірі және
шығармашылығы
2. Ақтамберді толғауларының
мәні.
3. Шығармашылығының зерттелуі.
Пайдаланылатын әдебиеттері:
1.Х.Сүйіншалиев Қазақ
әдебиетінің тарихы.А.,1997,366-374 беттер.
2.Бес ғасыр жырлайды.1 том .А.,1989,107-111-
беттер.
3.М.Мағауин Ғасырлар бедері.
А.,1991,104-120 беттер.
4.М.Мағауин Хандық дәуіріндегі
қазақ әдебиеті.А.,1994.
Әйгілі жырау
Ақтамберді(1675-1768)
толғауларының
қыры да, сыры да көп , оның ертеректегі
“Жағалбай деген ел болар” , “Жағама қолдың тигенін”
,”Жел,жел өсер жел өсер”
сияқты шағын өлеңдерінің негізгі
сарыны-жалғыздық мұңы ,жетімдік зары, мен ер жетіп ат тізгінін ұстар шақ туар деген көксеу,үміт.
Атадан тудым жалқы боп,
Жақынан көрдім талды
көп ,
Жалғыздық сені қайтейін.
-деп аһ ұрған
Ақтамберді атадан алтау туғанның жүрегінің басы алтын мен бу
боларын,көңілі көтеріңкі есебінің түгел
,еңсесі түспей шалқақ жүрерін ,атадан
жалғыз туғанның жүрегінің басы сары жалқын су боларын –сары уайым
басып жалтақтап өсерін
толғайды. Жалпы көңіл күй ,арпалысқан
тіршілік сезімдерін беріп отыру, өз менін аша отырып сөйлеу жыраулар мұрасында
бұрыннан бар.Өзінің көзқарасы,
қатысы,бағасы мен сыны ,сынық көңілі мен
қуаныш шағы сонау Асаннан бар.Ақын ішкі қуатын,сезім
селін қосақтамай шығарған дүние- өлең
емес,құр ұйқас қой.Лирикалық
сарын,нақыштар жыраулар поэзиясында әу бастан бар.Асан, Шалкиіз,Би
Темірге арнау,Жиембеттің Есім ханға,Досмамбеттің
өлердегі сөзі т.б.
Жырау жырларындағы келесі сарын –үлкен толғаныстар
өмірдің тірліктің
мәні,күнкөріс қамы,жан иесі жасар әрекеттің
апарып жеткізер мұраты жайлы.
Көк
көгершін,көгершін
Көк құтан
ұшар жем үшін
Көк шекпенін көтеріп
Ерлер
жортар мал үшін
Тұтам емшек би үшін
Қатын бала қамы
үшін
Әркім өзі
талпынбақ
Басына бітер бағы үшін
Ақын өмір ағысында бір
мұратқа жетем деген жан әрекет,қозғалыста
болмақтығын;тірліктің бітпес күрес,рахаты мен мехнаты
алма кезек ауыс-түйіс,жатқан арпалыс әлем екенін бар
шығармасында құлаққағыс етіп
отырады.Ақтамбердінің түйіндеуінде адам тірлігінің
мұраты –жатқа жақыныңды талатпай,ағайын-туған
арасында береке-бірлікте ғұмыр кешу.
“Балпаң,балпаң кім баспас” ,”Жауға шаптым ту байлап”,”От
басар орны отаудай”, “Ей азаматтар шоралар”,”Салпаң да, салпаң
жортамын” толғаулары сияқты.Жырау шығармаларының аса
басым бөлігі,негізгі сарын –жорық,жортуыл жырлары.Соғыс
суреті.Жорық сәтінде өзіңді былай да ,былай ұста
деген кеңес.
Ақтамберді ауыр
жеңілістерді көзімен көріп,жанын көп
жылатты.Жеңістің ұлы қуанышын да бастан аз кешкен
жоқ.
Қынаптан қылыш
суырмай,
Қырысқан жау
бүлк етпес,
Жуылмай қыстың
қанымен.
Намықа тиген кір
кетпес!-дейді жаужүрек ақын.
Ақтамберді өр
рухтың ақыны, Намысы ел намысы .Мені елдің, мені
Қазақта бағынашты болғанша,басым итетсін дейтін батыр
ұл көп.Жырау солардың атынан сөйлейді.
Салпаң да
салпаң жортамын
Сары азбанға
қасымда артамын
Торлаусыз өскен
құланмын,
Айтқанға
көніп,айдағанға жүрмеймін деген өр рух!Ол
Ақтамберді өрлігі ғана емес-елінің ерлік рухы.
Ақтамберді
толғауларының ең негізгі сарындарының бірі-бостандықты
, бейбіт өмірді аңсау.Ұлт-азаттық сарыны.Жырау еліме
құт,жеріме береке орнаған сәтті көзіммен
көрсем дейді.Өзі сол жолда жан
берген,күресте.Уақиғалы жыр,ұзақ дастанның
мәнін сыйғызып жатқан, “Күлдір,күлдір
кісінетіп,күреңді мінер күн қайда!”-жырында ақын өз жырларындағы бар
мұратын,барша қасиетті түйіндей,топтастыра
толғаған.Опасыз жалған иірімдерінен,мұң мен
уайымнан үміт пен сенімді,күрескер бостандық сүйгіш
рухты дін аман алып
шыққан.Ұлы арманның шуағына шомылып отырып
толғаған.Ақтамбердінің Күмбір,күмбір
кісінетіп... толғауы барша жаугершілік заман,жауынгерлік мұрат
поэзиясының түйіні,тұтас түскен поэтикалық
жыр тұлғасы! Ақтамберді күнделікті
ғұмырда опасыз, баянсыз жалған дүниенің етектен тартар тұстарын да,
көлденең тастап отырды.
Түйе мойын тұз кесер,
...Бұлаңдап
жүрген жігіттің
Жомарт қолын жоқ кесер.
Ақтамберді
толғауларының көркемдік ерекшеліктері жайына келсек, жырау
өзіне дейін дәстүрлі жыр үлгісінде
сөйлейді.Сөйлегенде өзгеде жоқ,өзіндік қана
қайталанбас ғажайып сурет,теңеу,қанатты сөздер ,
тіркестер тудырады.Жырау аттың
сынын келістіре келтіреді.
От басар орны отаудай,
Омырауы есіктей,
Ойынды еті бесіктей.
...Ор қояндай жүгінтіп
,
Аш күзендей
бүгілтіп.
Тұмар мойын
тұлпар,қиған қамыс
құлақты.Көшке ілескен боз інгеннің кейпі:”жаралы
қудай ыңырантып,жазылған мұздай күңірентіп.”Дәстүрлі
троптар:
Жағасы алтын,жеңі
жез,
Шығыршығы торғай
көз,
...Бұлттан шыққын ай
бетті.
Мұнардан шыққан күн
бетті.
Ақтамберді поэзиясында жыраулар
өнернамасына тән терме,тақпақ түрінде келетін
афоризм,нақыл сөз айшықтары аз емес.
Кәрі ақсайды ақылдан,
Ер ақсайды жақынан,
...Бұлаңдап
жүрген жігіттің,
Жомарт
қолын жоқ кесер.
...Білімді туған жақсылар,
Аз да
болса көппен тең.
Сары аяз да қатар ма,.
Қап түбінде жатама,
Болаттың асыл
сынығы.
Жырау
поэзиясында соғыс сәтінің жанды
қимыл-қозғалыс,суретінде көп түсірген.