№9 Тақырыбы:   Тәтіқара ақын.

Жоспары:

1. Тәттіқара жырау өмірі және шығармашылығы

2. Тәттіқара толғауларының мәні.

3. Шығармашылығының зерттелуі.

 

      Пайдаланылатын әдебиеттері:

1.Х.Сүйіншәлиев Қазақ әдебиетінің тарихы.А.,1997,366-374 беттер.

2.Бес ғасыр жырлайды.1 том .А.,1989,107-111- беттер.

3.М.Мағауин Ғасырлар бедері. А.,1991,104-120 беттер.

4.М.Мағауин Хандық дәуіріндегі қазақ әдебиеті.А.,1994.

 

               XVIII ғасырда жасаған Тәттіқара туралы мынандай бір аңыз бар.

  Абылай хан кезекті бір жортуылға шығады.Бірақ қалың қолдың жолы болмай кері шегініпті.Өкшелеген жаудан құтылуға айналғанда,жолдан өткел бермес ағынды су шығады.жұрт абыржып аузын ашқан  ажалдың ортасында қалады.Сонда Тәттіқара суырылып шығып:

                       Қамыстың басы майда,түбі сайда,

             Жәнібек Шақшақұлы болат найза,

             Алдыңнан су,артыңнан жау қысқанда,

             Ержігіттің ерлігі осындайда

             Бөкейді айт,Сағырменен Дулаттағы

            Дәріп сәлі,маңдайды айт қыпшақтағы,

            Өзге батыр қайтс а да бір қайтпайтын

            Сары менен Баянды айт уақтағы

            Ағашта биікті айтсаң қарағайды айт,

            Жігіттік,ерлікті айтсақ,Бөгенбайды айт

            Найзаның ұшына жау мінгізген

         “Еменалы керейде ер Жабайды айт”,- дегенде ,аты аталған батырлар ақынның соңынан тасып жатқан өзенге түсе бастапты.Қалың қол судан аман өтіпті.Ақын Қостанай облысының Сарыкөл  маңында дүниеге келгенімен,ғұмыр бойы Абылайдың жанында болыпты дейді,ел айтатын естелік.Абылай хан жаугершілікке аттанғанда өзімен бірге Тәттіқараны алып жүреді екен.Жауға қарсы шапқан батырлығы,суырып салма ақындығы,тура мынезі аса ұнаса керек.Тәттіқара мұқалған жігерді шыңдап,мұңайған көңілді демеп жіберудің асақан  шебері болса керек.Жоғарыда талған өлең соның айғағы.Әр рудың бетке ұстар мақтанышы,абыройы болған жеке батырларын көтермелеп атап,намысына ши жүгіртіп,тәуекелге басымдыққа шақырады бұл өлең.Дәл сондай шегініс дағдарыс  сәттің қырық жыл  қырғында аз болмағаны  анық.

Тәттіқара әділ,көзге айтқан тура ,бір бетті адам екен.Ел аузында оның Абылай ханға мін айтып ,сын айтқан өлеңіне байланысты  қалған аңыз осы пікірімізді растайды. Абылайдың тұңғыш ұлы Жанбай жорықта қаза тауыпты.Бұл ханға аса ауыр тигені даусыз. Бас көтермей дүниеден баз кешіп күңіреніп жатып алған Абылайға тәттіқара батырып айтып тастайды.езілме еліңді жетім етпе,тұр деген қайрауы да бар. Батырып айтқаны:бала сенде ғана ма еді,тұңғышы қыршынынан қиылып жатқан ,адамын жоғалтып,аза жұтып жатқан  адамдар аз ба еді. Сенің соңыңда өзіңді хан көреген үш жүздің баласы тұр.Оны бір балаңдай көрмедің бе!!! Тоқтам айтады.

Тәттіқарадан сақталып жеткен мұра аз емес.Қамыстың түбі майда,басы сайда,Кебеже қарын кең құрсақ. Абылайға арналған.Кеше тоқыраулы судың бойында Абылайға Ассалаумағалейкум жақсылар мен қасқалар сияқты өлеңдері. Тәттіқара бір қарағанда қарабайыр,қарапайым сөйлейді.Бірақ сол аз ғана сөздің өзінен асылдың айшық тарын байқау қиын емес. Соған қарағанда,атының бес-алты өлеңінің төңірегінде,өшіп қалмай кейінге жетуіне қарағанда –Тәттіқара өз заманының  сөз зергерлерінің бірі Мәселен, «Найза ұшына жау мінгізген», «Болат найза Жәнібектің» батырлық кейпін ашқан,»кебеже қарын кең құрсақ артық туған Абылайды» келістіре суреттеген,соғыс үстіндегі  шегініс сәттің сабырсыз сырын,үнсіз суретін жасырын қалпын еңкейе бере жылысты  дейтін жолдарға көшірген.»ақ сұңқар құстай түледі,аузын тасқа біледі» деп ұзаққа шабар,жыр үздігін тудырар арынын,алымын байқататын аз ғана асылдардың өзі  Тәттіқараның жыр өнерінде қандай    қуат-қарымы болғаны айғақ. 

    

№-10 Тақырыбы: Үмбетей жырау.

                      Жоспары:.

1. Үмбетей жырау өмірі және шығармашылығы

2. Үмбетейдің толғауларының мәні.

3. Шығармашылығының зерттелуі.

 

                           Пайдаланылатын әдебиеттері:

1.Х.Сүйіншәлиев Қазақ әдебиетінің тарихы.А.,1997,366-374 беттер.

2.Бес ғасыр жырлайды.1 том .А.,1989,107-111- беттер.

3.М.Мағауин Ғасырлар бедері. А.,1991,104-120 беттер.

4.М.Мағауин Хандық дәуіріндегі қазақ әдебиеті.А.,1994.

 

            Қазіргі Ақмола төңірегінде дүниеге келген. Ақтамберді мен Бұхар,Тәттіқара мен Қожаберген бастан өткерген XVIII ғасырдың аласапыран уақиғаларының ішінде Үмбетей де болды. Жыраудың  мұрасынан біз Абылайхан дәурін; ел ісін атқарған үлкен тұлғалардың  сұлбасын көреміз.Үмбетей, және VIII ғасыр батырлары жайындағы  жырларды туғызушылырдың бірі.Қазақ әдебиетінде Қанжығалы Бөгенбай батыр. Туралы жыр дастандар аз емес.Соның ішінде Үмбетейдің  батыр тұлғасын сомдауы  алабөтен.Оның есімі қазақ әдебиетінің тарихында,әсіресе Қанжығалы Бөгенбайға арнаған жоқтау,естірту толғаулары үшін айырықша аталады.Өмірдің үзын ырғасынан  тәлім алып мәнді ғұмыр кешуге шақырар үгіт-өнеге.Әділетсіздік,білімсіздік,қараулықпен аярлыққа мін.Бас бұзар оспадарлыққа,тоқтам.Опасыздыққа,үкім,кесім.                                                      Бәкеге,Жауқашарға,Бұхарға,Ей Ақтамберді ,Қабанбай,Бекболат биге  арнауларынан біз осы сарындарды табамыз.

 «Бөгенбай өлімін Абылай ханға естірту» Қазақта, қазаны естірту өте-үлкен өнер.Жырау бұл естіртуінде арғы бергіден ой толғап,опасыз жалған дүниенің  тиянақ –тірек тұлғаларын көлденең тартып Абылай ханды тәубаға,тоқтамға шақырады. Әуелі, “жастайыңнан  көрмегенің жоқ еді” ғой,деп бекітіп алады. Өмір тарихының  елеулі сәттерін  еске түсіреді. Айтып-айтып келіп, «Ұмыттың ба соны Абылай» деп, қайырып тастап отырады.

      Керей,Жәнібек батыр,Қаз дауысты Қазыбек ,Қу дауысты Құттыбай,Қаракерей  Қабанбай,Қанжығалы Бөгенбай сынды батыр,мен би  жанында болды.Ол құдайдың берген сыйы.

     “Ел аңсаған Сарыарқаны  жайладың.Елің жалпақ бай болды,қыс қыстауың тау болды,жаз айлауың көл балды ,салқын сары бел болды.Жаныңда жанын берер  жақының жүрді дегендерді айтып-айтып келіп,дүние кезек,енді орныңды балаң басар,оның айналасында  басқа би,өзге батыр келер  деген пәлсапаның шетін шығарады.” “Орта жүзде қатын көп ,туатын кейін батыр көп” деп келіп  Бөгенбай батыр  қазасын естіртеді.

                  Жасыңнан сырлас болған,

                 Үлкен де болса құрдас болған.

                 Батыр өлді –Бөгенбай!

          Үмбетей жырау поэзиясы небір айшықты теңеуге,нақыл сөзге,жанды суретке толы.»Бәкеге» деген өлеңде тоқымы кеппейтоптанып жатқан барымташы ұрылар кейпін керемет жеткізеді. «Бұхарға»,»Бекболат биге арнауларындағы мына бір тіркестер әлдеқашан халық тілінің сөз мәйегіне айналып кеткен қанатты оралымдар:

                  Кетеген болса түйең жау,

                  Тебеген болса,биең жау

                  Ұрысқақ болса ұлың жау...

                  Үйдегі ұлың жаман болса,

                   Есіктегі құлмен тең,

                   Қойныңдағы қатының жау болса

                   Қаңтардағы мұзбен тең...

                ...Жылға-сай батпақ болса,өте алмассың,

                   Жастан шыққан жүйрікке жете алмассың

                ...Бай,болмаған бай болса-

                   Жайламаған сай қоймас,

                 Би болмаған би болса,-

                  Айтылмаған сөз  қалмас.

                  Қинамаған ел болмас,

            Жыраудың Бөгенбай бейнесін сомдау  үлгісіндегі  көпшілік қолданыстардың батырлар жырының үдете,асыра сөйлеу сарынымен үндестік аса айқын.жырда Қазтуған,Доспанбет сынды жеке жыраулардың да батыр бейнесін ашқан көркемдік құйтылары жарасым тапқаны сөзсіз.

  Бөгенбай-Алатаудай Ақшадан асып туған,болмашыдай анадан болат туған,құбыла көшкен байтақтың ордасындай,темір жұмсап оқ атқан қорғасындай батыр.

   Жырау толғауларынан ел тарихын,жер тарихын аша түсер көп дерек,көп құбылыс табамыз.Жалпы жыраулар –жазылмай кеткен  тарихымыздың Бас иесі сақтаушысы.Бұл ерекшелік жыраудың әлеуметтік тұлғасын тұлғаландыра түсер басты сипатының бірі.