№-11-12 Тақырыбы: Бұқар жырау.

                                             Жоспары:.

1.Бұхар жырау өмірі және шығармашылығы

2.Бұхардың толғауларының мәні.

3.Шығармашылығының зерттелуі.   

 

                                   Пайдаланылатын әдебиеттері:

1.Х.Сүйіншалиев Қазақ әдебиетінің тарихы.А.,1997,366-374 беттер.

2.Бес ғасыр жырлайды.1 том .А.,1989,107-111- беттер.

3.М.Мағауин Ғасырлар бедері. А.,1991,104-120 беттер.

4.М.Мағауин Хандық дәуіріндегі қазақ әдебиеті.А.,1994.

 

            Қазақ жыраулар поэзиясының алыбы Бұхар жырау /1668-1781/ туралы,оның шығармаларының негізгі  сарындары,көркемдік сипаты жөнінде айту сол дәірдің поэзиясын тұтас қамтып айту.Бұхар поэзиясы бүтін бір халықтың жан-дүние,таным-талғам иірімдеріне жалғасып жатқан құбылыс.Халық тарихында Абылайдай биікпен қатар тұрған Бұхар жырау былай депті:

                   Ел бастау қиын емес,

             Қонатын жерден көл табылады.

             Қол бастау қиын емес,

             Шабатын жерден ел табылады.

             Шаршы топта сөз бастаудан

             Қиынды көргем жоқ...

    Сөздің құнын,сөздің сырын білген,сөз туғызып,сөз түлеткен ұлылық қана ашар ой.

         Бұхар шығармалары жеткізер дүние жеке адамның,көріп-біліп,көкірекке түйгеннен әлдеқайда кең жатыр.Оның шығармалары –тұтас халықтық сезім күйі,ой өрісі,тарихы мен тағдыры.

 Бұхар поэзиясында өзіне дейінгі,өзімнен тұстас жыраулар өнерінен менмұндалап тұрған ерекшелік көп. Сөзді әшекейлеп,қоюлатуға Бұхар  аса әуес  емес.Оның поэзиясында жыраулық поэзияның дәстүрлі ,бірнеше ғасырлық сөз образдары да аса көп емес.

Жырау қарапайым сөздердің  сыры  сезілмес,жымы білінбесшеберлікпен шендестіру арқылы ғаламат қуат күшін оятады.Жай ғана бір сөздердің ұйқасы мен үйлесімінің арасына жырау тіршіліктің қария даналығын орнықтырады.

         Бұхар тек XVIII ғасыр өлеңін емес ,жалпы қазақ поэзиясын түр, мән,мазмұн,көркемдік сапа жағынан тереңдеп,биіктетті.Өсірді.Бұхар өлеңі жыраулық поэзияға тән делініп келген негіздер мен сипаттардың өлшеміне сыймай,асып төгіліп жатыр.

           Бұхар тірліктің,жарық дүниенің сәулелі нұрын құштарлықпен құшақтайды.Оның ойы-аспаны биік;сезімі–теңіз терең.Жырау құйқылжыған,қайшылығы қарсылық күресі ,текетірес құбылысы  көп дүниеден  тиянақ табуға баулиды.Басу айтып сабаңа түсіреді. Аласұрған көңіл,арпалысқан сезімді  ауыздықтаудың сиқырын,сырын жеткізеді.Пенделіктен жоғары тұрар қасиеттерді сақта дейді.

Адам ғұмірі деген өлшеулі,кесімді қасқағым сәттің мәңгілікпен астасып  жатқан құдірет күш,қуатымен табыстырады. Ол жаныңды сүю.Жарыққа құштарлық.Тазалыққа іңкәрлік.Өмір дейтін тәңір сыйының-тойына тамақ ішу,жарқырап жүру,мал мен мансап қана емес ,қуат күші өзгеге жатқанын сезіну.

             Бұхар түйіндеулеріндегі тіршілік үйлесімі:биік тауға ығынан түскен панасы,терең сыйға тобылғылы саласы;келіншекке емшектегі баласы жарасады.Тіршілік шарты:ер жігіттің қадірін ағайын білмес жат білер,қалың малы арзан деп,қарадан қатын алмаңыз.Жаратылыс заңдарының себебі мен салдары:таудан аққан тас бұлақ,тасыса құяр теңізге,жақсыдан жаман,жаманнан жақсы туса да тартпай қоймас негізге.

                Қурай болар солғанда ,

                Ақиық бүркіт төмендер

                Екі қанат талғанда

               …Асқар таудың өлгені-

               Басын мұнар шалғаны.

               Көктегі бұлттың өлгені

               Аса алмай таудан қалғаны…

          Жырау «Тілек» тоғауында ,адамның жас шамасы жайлы жырында кәдімгі жаратқан ием жасаған  пенде баласы тірліктен алсам,жетсем дейтін мұрат жөнінде сөз қозғайды.

          Бұхар толғаулары дүние шартын тізбелеген нақыл,афоризм көмбесі.

   Енді бір шығармаларында жырау дүние пәлсапасынан жерге түсіп,айнала жұрттың мінез-құлқын,іс-әрекетін ,пиғыл ниетін нысанаға алады.Ол енді өз дәуірінің «Хан жарлығын алмаған,баяғыдай болмағанә жұртына мін,сын айтады.»Ай заман-ай,заман-ай»толғауы беталысы өзөгерген,қайшылығы молайған заманға зар. Тексіздік,теңсіздік жайлаған дүниеге зар.

                   Түсті мынау тұман-ай,

               Істің бәрі күмән-ай,

            ...Арғымақтың жалы жоқ-

               Жабылар жалыменен теңелер

               Жақсылардың малы жоқ

               Жамандар малыменен теңелер.

             ...Халықтың жолын күзетпей,

              Жамандықты ұққан жұрт,

                   Бас аяғың бай болып,

              Бәсеке дәурен сүрген жұрт.

              Бай төбетің шаңқылдап

              Байсал тауып үрген жұрт.

Бұхар шығармаларын үлкенүш арнаға тоғыстырып қараған жөн.1.Жыраудың дүние-жаратылыс жайын толғаған  толғаулары. Мұнда тіршілік заңдары,өмірдің шарттары ,адам ғұмыры-өлең нысанасы.»Ай не болар күнен соң»,»Айналасын жер тұтқан»»Алла деген ар болмас»,Жақын жерден шөп жесе»Жар басына қонғанбыз»»Көкте бұлт сөгілсе»,»Қара арғымақ арыса»,»Өтермеден кетр ме «Асқар таудың өлгені»,»Әлемді түгел көрсе де»,»биік тауға жарасар»,»Құбылып тұрған бәйшешек»,Көк көгершін,көгершін»2.Абылайға арнаған жыр-толғаулары.»Ей Абылай,Абылай»,»Ханға жауап айтпасам»,Қалданменен ұрсысып»,»Басыңа біткен күніңіз»,Ей,Абылай сен он бір жасыңда»,»Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан ханым-ай»,»Күпшек санды күреңді»,Ай,айтамын,айтамын»,»Ал тілімді алмасаң»,»Бөгенбай өлімін естірту. т.б.3.Отаршылдыққа қарсы жыр-толғаулар.»Шашырап жатқан қандар көп»,»Шүршіт келем деген сөз барды»,Көкшетаудан салдырған»,»Кеше қара қалмақ бүлінді»,»Ханға жауап айтпасам»т.б.

 

 

№ 13-14 Тақырыбы: Көтеш ақын.

                                                       Жоспары:.

1.Көтеш ақынның өмірі және шығармашылығы.

2.Көтеш ақынның  өмір сүрген ортасы.

3.Ел жайын толғаған толғаулары.

4.Көтеш айтыскер ақын.

 

                                            Пайдаланылатын әдебиеттері:

1.Х.Сүйіншалиев Қазақ әдебиетінің тарихы.А.,1997,366-374 беттер.

2.Бес ғасыр жырлайды.1 том .А.,1989,107-111- беттер.

3.М.Мағауин Ғасырлар бедері. А.,1991,104-120 беттер.

4.М.Мағауин Хандық дәуіріндегі қазақ әдебиеті.А.,1994.

 

                 XVIII ғасырда өмір сүрген  ақындардың бірі-Көтеш.Повладар облысы,Баянауыл ауданында туып өскен.Оның өмірінен біркелкі мәлімет беретін өлеңдері бар. Көтеш ақындықпен жас кезінен шұғылданған.Айтыс дәстүрі бойынша танылып,арнау,өлеңдер айтып жүрген,кейін әлеуметтік мәселелерге үн қосып,елінің тарихын жауға қарсы жорықтарын,өз дәірінің келелі мәселелерн көтеріп  отырған.Халық аңызы бойынша ақын 80 жастан асқан кезінде өлген.

Көтеш ақындар поэзиясының бастапқы  өкілі,аты мәлім ақындық өнердің тұңғышы саналады. Себебі Бұған көркем сөз өкілдерінің не шешен,не жырау аталғандығы және сол аттарына сай шығармалар қалдырғаны белгілі.Көтештің нағыз ақпа ақындарға  тән қасиеттерімен танылған,сол ақындар поэзиясы  үлгісін ұстаған,қара өлең,қайым өлең жанр түрлерін байытқан. Мазмұн жағынан  әлеуметік,қоғамдық тұрмыстық мәселелерді кеңінен көтеріп,әр түрлі лирикалық өлеңдер шығарған.Ақындарша айтысып ,арнау,ойнақы терме, сынай арнауларда айтып жүрген.

  Қалмақтан қазақтың жерін босату күресіне белсене араласқан  әрі батыр,,әрі ақын саналады. Жасыбай батырдың қабірі алдында  өлең шығарып,жауынгерлерді кек алуға дәріптейді.Олжабай батыр атынан шығарған Көтеш сөзі «Жасыбайдың өлімі»-қайғылы шығарма /көлемі 35 жол/Осы жоқтау өлеңінде  нағыз елін,жерін сүйген  ер-азаматтың қадыр-қасиеттері ардақталады.

             Дүниенің өткіншілігін,бай да ,батыр да өлетінін,ешкімнің өлімге ара тұра алмайтынын айта келіп,бірақ ел үшін еңбек еткен адам  боқа кетпейді,оны халық мәңгі қадірлеп есінде сақтайды дей келіп ер болып туған ұлдың  елді қорғауы ,сол үшін жанын пида етуі парыз деп кейінгіге үлгі етеді.

          Көтеш-өлеңді көп шығарған төкпе ақын.»Жасыбай батырдың әйелін жұбату» деген толғауы  халықтық көңіл айту стиліндегі  шығарма. Ә.Жиреншиннің болжауынша,ел арасына кеңінен танылған»Қаратаудың басынан көш келеді «өлеңін шығарған осы Көтеш болатын.

Көтештің,Бөгенбай,Қазыбек,Олжабай, бастаған топпен бірге Абылайдың зорлық-зомбылығын әшекерлейді. Ақын ел адамдарына қаратып арнау өлеңдерін шығарған. /Шоң,Шорман,Тінәлі,Тынышбай,қапанға/ арнаулары.» Жарқынбайға өлеңінде ақын өзінің тымағының тысын байдан сұрап алғанын ескертеді.

            Көтеш айтысқа да түсіп жүрген.Қыпшақтың ақын қызымен айтысы,Күнікей,Зағипа Қания,деген қыздармен қағысқан диалогтары бізге жеткен.

      Көтештің  тұспалап,мәтелдеп сөйлеуге сынап-мінеп не мадақтап сөйлеуге де шебер болған заман ділмарі Көтешке Тәттіқара, Үмбетей, Шал, Қобылан, Тоқаұлы, Өшке, Балабек, Ысқақбай, батыста Абыл, Есет, Ақтан, оңтүстікте Жанкісі  сияқты қатарлары болған.

              Өткен дәурдегі қазақ әдебиетінің беделді өкілдерінің бірі-Шал.ол негізінен  бұқара халық идеясын жырлаған,өмір қайшылықтарын көре білген,еңбекші халық арасынан шыққан,ауыз әдебиеті үлгісін ұстанған суырып салма ақын. Шоқан уалихановтың Шал деген ақынның болғандығын,оның өз елінің тарихи шындығын көтерген эпик  жыраулардың бірі деп санайтынын айтады.

                1929 жылы «Жаңа әдебиет» журналының бесінші санында Шалдың өз өмірі туралы «Он бес деген жасым-ай»деп аталатын 19 жолды өлеңі басылады.1958 жылы Ғ.Малдыбаев»Қазақ әдебиеті» газетіне ақынның бір топ өлеңдері  мен өмірбаянынан  қықаша   мәлімет береді.1962 жылы XVIII ғасыр-XIX ғасырлардағы қазақ ақындарының  шығармалар жинағына ,1967 жылы»Ертедегі әдебиет нұсқалары» хрестоматясына,кейін»Алдаспан»,Үш ғасыр жырлайды»,»Бес ғасыр жырлайды жинақтарына Шал ақын өлеңдері енеді.1960 жылдан бастап Шалдың шығармашылығы арнайы зерттеледі.